Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 10:29, курсовая работа

Краткое описание

Акционердің басты пайдасы бұл — алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ашық типтегі акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражаттарды алады, егер сол немесе басқа да компания акцияларды орналастыру нәтижесіне байланысты оның акцияларын көп инвесторлар иеленсе, онда бұл олардың қор нарығындағы нақты рейтинг материалдық жағынан куәландыруды білдіреді.

Оглавление

КІРІСПЕ....................................................................................................................
I бөлім Стратегиялық жоспарлаудың теоретикалық аспектілері

Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы......................................
Стратегиялық болжамдадың және жоспарлаудың негізгі қезендері.........
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының құрылымы

IІ бөлім ҚР-ғы кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлаудың талдау және бағалау («Арман» БҚ -нің мысалында)
2.1. «Арман» БҚ -нің жалпы сиппатамасы
2.2 «Арман» БҚ стратегиялық жоспарлаудың бағалау
2.3 Компанияның стратегияның тиімділігін бағалау
IІІ бөлім Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның функционалдық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары...................................................................................................................
3. 2 Шаруашылық механизмін жетілдіру стратегиясы ...................................
Қорытынды .............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................

Файлы: 1 файл

стратегиялық жоспарлау+ план.doc

— 662.50 Кб (Скачать)

    Инвестициялық ахуал туралы айтқанда, Қазақстан  Республикасының белгілі бір экономикалық сыртқы тәуелділігін есепке ала отырып оны қалыптастыру керектігін атап өтеміз. Осыған байланысты, үкіметтің күші ұлттық және шетелдік мүдделерді максималды теңестіруге бағытталған. Осыдан инвестициялық саясат ауданында мемлекеттің әрекет етуінің келесі механизмі шығады. Біріншіден, ұлттық мүддені және экономика дамуындағы басымдылықтарды нақты анықтау. Екіншіден, Қазақстан мен оның аймақтарындағы шетелдік геосаяси қызығушылықты қарастырып және әрдайым оқып-үйрену. Үшіншіден, Қазақстанның шетел инвесторларымен мүдделері қиылысатын ұлттық экономиканың сфераларын анықтау. Төртіншіден, ұлттық экономиканың елдің геосаями жағдайларына адаптациялау, яғни Қазақстан экономикасының дамуында шетелдік капиталдың технология, тәжірибе, ақша, қызығушылығы ретінде жұмыс істеуі үшін мүмкіндік беретін шаралар кешенін құру.

    Осыған  байланысты, «инвестициялық ахуал» және «инвестициялық режим» сияқты түсініктер ерекше мәнге ие болады.

    Әлемдік тәжірибеде инвестициялық ахуалдй  белгілі бір елге капитал салуы  үшін қаншалықты жағымды жағдайлар жасалғанын бағалайтын инвестор есебіндегі капитал салу кезіндегі нақты қалыптасқан жағдайлардың жиынтығы деп түсінуге болады. Инвестициялық ахуал, бірінші кезекте, елдегі саяси және макроэкономикалық жағдайлармен анықталады. Сәйкесінше, егер де елдегі инвестициялық ахуал жағымсыз болса, онда инвестор өзінің кәсіпкерлік тәуекелін жоғары деп есептейді, ол өз алдына шетел инвестициясын тарту бойынша қабылдаушы елдің шығындарынының өсуіне алып келеді.

      Толығымен алғанда инвестициялық ахуал түсінігі сыйымды және инвестициялық тәуекел деңгейі туралы шешімдер жасауға мүмкіндік беретін, өзіне идеология, саясат, экономикалық жағдай, мәдениет, әлеуметті-экономикалық тұрақтылық және басқа да аспектілерді енгізеді. Инвестициялық ахуалға маңызды әсерді елдің халықаралық келісімдерге қатысуы, мемлекеттік басқару органдарының тұрақтылығы мен бірмәнділік қызметтері, экономикалық қызметке олардың араласу әдістері мен дәрежесі, мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы, шешімдерді қабылдау жылдамдылығы, экономикалық саясат жүргізудегі біртінділігі және т.с.с. факторлар әсерін тигізеді.

    Инвестициялық ахуалдың негізгі компоненттері  жұмысшы күшінің құны,  жерді  қолдану құқығы және тарихи ресурстарды  қолдану мүмкіндігі, өндірістік және әлеуметті-тұрмыстық инфрақұрылымдық даму деңгейі, салық салу жүйесі, валюталық заңданамалар болып табылады.

      Осыған орай, инвестициялық ахуал  келесідей факторлардың салыстырмалы  бағаларымен негізделеді:

  • елге капитал ағымын реттейтін, соның ішінде біріккен кәсіпкерлік сұрақтары бойынша заңдардың мінезі:
  • табиғи шикізаттар қорының саны және оларды біріккен және шетел кәсіпорындарының қызметтерінде қолдану;
  • өндірістік инфрақұрылымның даму дәрежесі, квалификациялық жұмыс күшінің саны;
  • энергетикалық қамтамасыз етілуі және экономикалық резервтердің саны;
  • ішкі шаруашылық мехенищм мәнезі, жергілікті тауар өндірушілермен еркін нарықтық қатынастардың мүмкіндігі;
  • жергілікті валютаның айналымдылығы, тапқан пайданы елден қатты валютада шығаруға кепілдік.

    Осыған  сәйкес инвесторларға шетелдік инвестиция режимдерінің әр түрлері беріледі.

    Өзара түсінушілік режиміне сәйкес,  инвестордың қабылдаушы елден, сол елдің азаматтары мен компанияларына инвестордың өз отанында берілетін жеңілдіктер мен құқықтарын  алуы.

    Неғұрлым  жағымдылық режимі әртүрлі елдердің инвесторлары арасында алалаусыз құқықтар мен міндеттерді бірдей көрсетуді қарастырады.

    Преференциалдық режим белгілі бір инвесторлар тобына әртүрлі жеңілдіктерді көрсетеді.

    Ұлттық  режим ұлттық және шетелдік инвесторлар қызметіндегі жағдайларды теңестіру.

    Халықаралық-құқықтық ғылым, шетелдік инвесторларға жағымды  қатынастарына үш элементті енгізуге болады деп есептейді:

  • шетелдіктерге қатынасында алалаушылықтың болмауы;
  • шетелдіктер үшін режимде халықаралық талаптардың минимумын сақтау;
  • қабылдаушы елдің барлық территориясында шетел меншігін қорғау міндеті.

    Қабылдаушы  мемлекет пен инвесторлар мүдделерінің сәйкестендіріді оптимизациялау мақсатында әртүрлі режимдер элементтерін сәйкестендіру  мақсаттылығы. Қабылдаушы елдің заңданамасында инвесторға берілетін артықшылықтар мен жеңілдіктерді беру, оны қолдану құқығымен байланысты мезеттерді нақты қалыптастыру қажет.

    Жоғарыда  көрсетілген инвестициялық ахуал  факторлары мен иныестициялық режим  түрлерін талдай келе, шетел инвесторларын  осы немесе басқа елге тартатын басты фактор саяси және макроэкономикалық тұрақтылық болып табылады.

    Әлемдік тәжірибеде, инвестициялық ахуалдың тартымдылығы жүз баллдық шкаламен өлшенетін инвестициялаудың интеграциялық  сенімділігі көрсеткіші бойынша  бағаланады. Ол тоғыз әртүрлі көрсеткіштерден тұрады: экономикалық тиімділік, саси тәуекел, қарыздары, қарыздарды өтеу, несиеқабілеттілігі, банктік несиеге қол жеткізуі, қысқамерзімді қаржыландыруға қол жеткізушілік,  ұзақмерзімді ссудалық капиталға қол жеткізушілік, форс-мажорлық жағдайлардың туу ықтималдылығы.

    Елдің инвестициялық ахуалын бағалаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері  бар. Олардың ішіндегі неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі потенциалды инвесторлардың кең аумағында, сақтандыру компаниялары мен коммерциялық банктердің үлкен  авторитетіне ие тәуелсіз халықаралық несие-рейтингтік агенттіктердің зерттеуімен елдің несиелік рейтингке ие болуы болып табылады.

    Несиелік  рейтинг қарыз алушының жалпы  несиеқабілеттілігі туралы және ұлттық және шетелдік валютада несие бойынша  міндеттемелерін өз уақытында төлеуге дайындығы туралы рейтингтік агенттіктердің ойларын көрсетеді. Рейтинг болжамы жақындағы екі-үш жылдағы оның қозғалысының мүмкіндікті бағыттарын көрсетеді. «Тұрақты» - өзгерістердің болу ықтималдылығы аз, «позитивті» - өзгерістер болу ықтималдылығы жоғарылайды.

    Несиеқабілеттілігін бағалау кезінде А,В,С,D шкалалары  қолданылады, ең жоғары көрсеткіш «ААА». Бұл көрсеткіш салынған қаражаттардың  төмен тәуекелділігі кезінде  несиеқабілеттілігі мен сенімділік деңгейі өте жоғары елдерге  (АҚШ, Англия, Жапония)беріледі. Ең төмен көрсеткіш D-ны инвесторлар мен несиелендірушілер үшін тәуекелдің жоғарғы деңгейімен мінезделетін (Куба) экономикалық жағдайы мен сенімділікке ие бола алмайтын елдер алады.

    1996 жылдың күзінде үш әйгілі Standard & Poor's, Moody's & IBCA халықаралық агенттіктерімен жүргізілген несиелі-рейтингтік зерттеулердің қортысында Қазақстанға бірінші рет халықарлық қаржылық нарыққа шығу үшін шетелдік валютада «ВВ-» деңгейінде ұзақмерзімді несиелік рейтинг қойылды. Бұдан басқа Standard & Poor'sамерикандық агенттілігімен ұлттық валютадағы елдің ұзақмерзімді егеменділік рейтінгісі «ВВ+» және «В» белгісінде анықталды. 1998 жылдың басында бұл рейтингтер құпталды (кесте 13). 

    Кесте 13. Қазақстан Республикасының несиелік рейтингілері 

Көрсеткіштер  Standard & Poor's Moody & IBCA
Шетелдік  валютадағы ұзақмерзімді несиелік рейтинг ВВ- ВВ-
Қысқамерзімді валюталық рейтинг  
В
 
В 
 
Теңгелік  деноминациядағы Қазақстан қарызының  ұзақмерзімді рейтингісі  
ВВ+
 

-

Теңгелік  деноминациядағы Қазақстан қарызының ұзақмерзімді рейтингісі  
 
В
 

-


 

     «Euromoney»  журналындағы инвестициялық тартымдылығынң рейтінгісі бойынша Қазақстан 129-шы орында тұр. ТМД және Балтық жағалауы елдерінің ішінде: Эстония – 122, Литва  – 130, Латвия – 132, Ресей – 137 орында. Осы деңгейге жақын келетін басқа елдерге Арген-тина, Мексика, Филиппины, Түркия, Пакистан және Бразидия жатады.

     1996 жылы Қазақстан Республикасының  инвестициялық ахуалын бағалауда  жекелеген шетел инвестицияларын  тартуға байланысты Салықтар  мен инвестициялар бойынша халықаралық орталығы (ITIC) жүргізді. ITIC шетелдік инвесторлар үшін экономиканы неғұрлым тартымды қылуда Қазақстан үкіметі қандай реформалар жүргізу керектігін анықтау үшін ірі батыс компанияларында сауалнама жүргізді.

     Сауалнаманың  нәтижесінде, шетел инвесторлары Қазақстанда инвестициялық ахуал тұрақсыз деп есептеді. Көптеген шетел инвесторлары Қазақстанды инвестициядан пайданың жағымды коэффициентінің перспективасы бар деп есептеді. Бірақта шетел инвесторларының негізгі саны Қазақстанда инвестициялық ахуал  мәнді жақсарған жоқ деп шешті. Инвестициялық ахуалдағы жалпы өзгерістерді қарастырған респонденттер арасында эксперттік бағаның айырмашылығы, жалпы алғанда оңды (40%), теріс (35%), мәнді емес (25%) деп бөлінуі Қазақстанның инвестициялық ахуалында мәнді оңды тенденцияларды тіркеген жоқ.

     Оңды  және теріс көзқарастар барлық кәсіпкерлік  секторды қамтыды, олар нақты салалық  өзгерістерге негізделмеді.

     1997 жылы ITIC екінші сауалнаманы жүргізді, салыстырмалы потенциалды шетел  инвесторлары жағынан әлі де  қауіп туғызуы мүмкін көрсеткіштердегі өзгерістерді анықтау үшін. Сауалнама көрсеткендей, шетел инвесторлары Қазақстанды келесідей негізгі себептер бойынша тартымды нарық ретінде қарастыруларын жалғастырғанын көрсетті: табиғи ресурстарға жиынтық мүмкіндік, басқа ұқсас нарықтарға қарағанда неғұрлым жоғары потенциалды пайданы көрсететін кәсіпкерлік үшін Қазақстанның стратегиялық орналасуы және нарық деңгейі.

     2002 жылы Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егеменділік рейтингісінің болжамы «тұрақтыдан» «позитивтіге» ауыстырды. Қазақстанның рейтингісі шетелдік валютада «ВВ» деңгейінде және ұлттық валютада «ВВ+» деңгейінде құпталды. Бұл шешім мемлекеттік сектордан таза инвестициялық активтердің біртіндеп өсуімен байланысты.

     Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде ең жоғары ұзақмерзімді несиелік рейтингке ие. Солай, «Fitch Rating Ltd» халықаралық рейтингтік агенттігінің Қазақстанға берген ұзақмерзімді несиелік рейтингісі 2001-2002 жылдары шетелдік валютада «ВВ»деңгейін, ал ұлттық валютада «ВВ+»деңгейін құрады.

     Осы рейтингтік көрсеткіштер Қазақстанның ұзақмерзімді құралдарының ликвидтілігін  дәлелдейді және ішкі қаржылық нарықта  республиканың бағалы қағаздарымен мәмілесіне қатысуда шетел инвесторларының  қызығушылықтарын көтеруге мүмкіндік  береді.

     2002 жылдың қыркүйек-қараша айларында  Саяси зерттеудің Орталық-Азия  агенттігі (APR) Қазақстан Республикасында  инвестициялық ахуалдың деңгейін  бағалау мақсатымен эксперттер  арасында сауалнама жүргізді. Эксперттер  ретінде мемлекеттік және банк  қызметкерлері, экономистер, саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер қарастырылды.

     Елде  инвестициалдық ахуалды қалыптастыруға неғұрлым жоғары деңгейлі әсер ететін факторларды анықтау мақсатымен, бағалау үшін эксперттерге Қазақстан  экономикасына шетелдік және отандық  капиталдың қандай да бір көлемде әсер ететін 36 факторы ұсынылды.

      14-ші  кестеден көруге болады, сауалнаманың  қортындысы бойынша, мемлекеттің  жағымды имиджін қалыптастыратын  қазақстандық инвестициялық ахуалдың  неғұрлым маңызды факторлары: ішкі  саяси тұрақтылық, геосаяси фактор, келісімді іске асыру мүмкіндіктері және шетелдік инвестицияларды заңданамалық қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген факторлардың барлығы бірге елдің экономикасына шетел инвестицияларын тарту үшін қатаң саяси және құқықтық негізді құрайды. 

Кесте 14. Қазақстанның инвестициялық ахуалына неғұрлым жоғары деңгейде әсер ететін факторлардың рейтингісі 

Факторлар Әсер ету  бағасы

(7 баллдық шкала бойынша)

«-1-ден 1-ге  дейін» әсер  ету белгісімен бағалар
1. Ішкі саяси  тұрақтылық 5,82 0,64
2. Геосаяси фактор 5,75 0,27
3. Келісімдерді іске асыру мүмкіндіктері 5,58 0,8
4. Шетелдік инвестицияларды заңданамалық қамтамасыз ету 5,58 0,6
5. Мемлекеттік аппараттың бюрократиялық дережесі 5,33 -1
6. Салықтық заңдаманы қоса алғандағы салықтық жүйе 5,17 -0,45
7. Парақорлық деңгейі 5,07 -1
8. Мемлекет жағынан шетел инвесторларына қатынасы 5,08 0,27
9. Көліктік коммуникацияның даму деңгейі 5 0,17
10. Заңдардың тұрақсыздығы 5 -1
11. Экономикалық сфералардың монополиясы 4,92 -1
12. Лоббизм 4,83 0,09
13. Соттық жүйенің тиімділігі 4,75 -0,83
14. Экономикалық өсу дережесі 4,42 1
15. Президенттік билік ету формасы 4,18 1
16. Ұлттық валютаның айналымдылығы 4,17 0,27
17. Сыртқы қарыз 4,17 -0,6
18. Кәсіби дайындық дәрежесі 4 0,09
19. Инфляция деңгейі 4 0,09
20. Қылмыстылық деңгейі 3,92 -1
21. Инфрақұрылымның дамуы 3,83 0,09
22. Ұлттандыру деңгейі 3,83 -0,6
23. Жұмыс күшінің құны 3,75 0,8
24.Ұзақмерзімді несиелердің саны 3,67 0,6
25. Төлемдік баланс жағдайы 3,55 0,8
26. Елдің қорғану мүмкіндігінің жағдайы 3,5 0,4
27. Орталық пен аймақтар арасындағы қайшылықтар 3,25 -0,82
28. Оппозицияның белсенділігі 3,18 -0,11
29. Қысқамерзімді несиелердің саны 3,17 0,6
30. Әлеуметтік инфрақұрылым жағдайы 3 -0,45
31. Жалпыламы ақпарат беру құралдарының әсерлілігі 2,83 0,27
32. Экологиялық ситуация 2,58 -0,78
33. Партиялық жүйенің жағдайы            2,27 0,25
34. Қоғамдық поляризация, әлеуметтік теңсіздік 2,18 -1
35. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі 1,82 0,04
36. Діндік және этникалық қатынастар 1,8 0,14

Информация о работе Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары