Кәсіпорын қаржысын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 10:30, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ СИПАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ.................................................................................................................7
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары.........7
1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі........................................................18
1.3 Төлем қабілеттілік кәсіпорын тұрақтылығының белгісі ретінде....................29
2. «ҚМГ-АСТАНА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ 2006-2008 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНА ТАЛДАУ....................................................................................................................40
2.1 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалыптасуы мен қаржылық сипаты......................................................................................................40
2.2 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006-2008 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын талдау......................................................42
2.3 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері.................................................................................51
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ.............................54
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы жақсарту.....................................................................................................................54
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту.......................................55
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................61
ҚОСЫМША...............................................................................................................62

Файлы: 1 файл

моля диплом не удалять.docx

— 130.38 Кб (Скачать)

Сонымен несиеге қабілеттігін талдау кезінде  тек өтімділік көрсеткіштері  мен табыстылық деңгейі емес, сонымен  бірге айналым қаражаттырының айналымдылығы, қолда бар меншікті айналым қаражаттары, өткізудің өсу қарқынының қатынасы, несиелер бойынша уақыты өткен қарыздың сомалары мен мерзімдері, операциялар  санымен анықталатын есептік  шотты жүргізудің оперативтілігі сияқты экономикалық көрсеткіштері зерттеледі.

Банк  кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға  бөледі: сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несие қабілеттіліг шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін. Егер қарыз алушы тұрақсыз клиент болса, онда несие шартын жасау кезінде қарыз алушының қызметін және несиенің қайтарылуын бақылау нормалары қарастырылады (кепілдік, кепілдеме, қамтамасыз етуін ай сайын тексеру, кепіл құқығының шарттары, мөлшерлеме пайызын көтеру т.б.). Егер қарыз алушы сенімсіз клиент болса, онда оны несиелеуді жүзеге асыру орынды болмайды. Банк тек несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірісітік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.

Осылайша  біз осы бөлімде қаржылық жағдайды талдаудың және төлем қабілеттілік түсінігінің теориялық негіздерін қарастырдық, кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерінің есептелуін көрсеттік.

2. «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің қаржылық  жағдайының сипаты, қаржылық тұрақтылығы  және төлем қабілеттілігінің 2006-2008 жылдар аралығына талдау

 

Дипломдық жұмыстың екінші тарауы бірінші тарауда қарастырылған  теориялық негіздемелерге сүйене отырып, «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің мысалында  талдау жүргізілген. Тараудың басында  «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің қызметіне  қысқаша сипаттама беріліп, содан  соң оның қаржылық көрсеткіштеріне  есептеу мен талдау жүргізілген.

 

2.1 «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң  қалыптасуы мен қаржылық сипаты

 

Құрылу уақыты: 10 қыркүйек 2003 ж.

Жарғылық  қор: 15 246 291 тг.

Қызметкерлер  саны: 598 адам.

Құрылтайшылыр: «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі» АҚ.

Заңды мекені: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 61А.

Нақты мекені: Астана қаласы, Ақ-Бұлақ-2 шағын ауданы 3.

Құрылу  тарихы

«ҚМГ-Астана»  ЖШС, бұрын «Алматы-Астана-Бурабай» ЖШС «ҚазМұнайГаз»СҮ» ЖАҚ жалғыз қатысушының филиалдық желісін  қайта құру жайлы шешімі бойынша  №123 бұйрығымен 11.08.2003 ж. бастап атын өзгертті.

«ҚМГ-Астана»  ЖШС Астана қаласының Заң Басқармасында  мемлекеттік тіркеуден өтіп 10.09.2003 ж. бастап №10107-1901-ЖШС куәлігін алды.

«ҚМГ-Астана»  ЖШС негізгі іс-әрекет түрлері

  • Мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы;
  • Өзіне ЖҚС-н, көлік жуу және кемпингтерді қосатын жанармай құю кешендері мен мұнай базаларын қолданысқа енгізу бойынша құрылыс-монтажды жұмыстары;
  • ЖҚС-рын және мұнай базаларын қолданысқа енгізу мен жөндеу;
  • Мұнай өнімдерін экспортқа өткізу.

Мақсаттары

  • «ҚазМұнайГаз»СҮ» АҚ құрылымы шегінде тиімді сауда компаниясын құру;
  • Бұрын делдалдармен алынатын табысты қайта бөлу және өнімді жылжыту кезеңдерінен делдалдарды шығару жолымен соңғы тұтынушыларды мұнай өнімдерімен қамсыздандыру.
  • Делдалдарды шығару арқасында қосымша табысты алу және серіктестіктің өзін-өзі өтеушілікке шығуы.
  • Қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру әдісімен жоғары білікті өндірістік және басқару персоналын қалыптастыру.
  • Тұтынушыларды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде бәсекелестікпен қамтылмаған аудандарда «бірінші қадам» артықшылығын пайдалану.

Даму бағыттары

  • ЖҚС сатып алу және салу жолымен мұнай өнімдерін өткізудің бөлшек сауда желісін кеңейту.
  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру және оны серіктестікті басқару процесіне енгізу.

Бөлшек сауда желісін кеңейту  бағдарламасы

  • Жұмыс істеп тұрған ЖҚС-рын сатып алу мен жаңаларын салу жолымен ЖҚС желісін құру.
  • Мұнай өнімдері нарығының үлесін арттыру
  • Өзінің сапалы мұнай өнімдерімен және қызмет көрсетудің жоғары мәдениетімен әйгілі компания ретінде бәсекелестер мен клиенттердің алдында танылуына қол жеткізу.

Кәсіпорынның  құрамына келетін болсақ, серіктестік  бас директор, оның екі орынбасары, екі атқарушы директоры, тоғыз бөлімнен және өндірістік персоналдан құралады.

 

 

2-кесте     «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң несиелері

Мың тг.

Қазақстан Халық Банкі көрсеткіштері

Қарыз сомасы

Негізгі қарыздың өтелуі

Сыйақылардың өтелуі

Негізгі қарыз қалдығы

Сыйақы қалдығы

440 000,0

90 000,0

26 400,0

350 000,0

23 476,7

АТФ Банк көрсеткіштері

Қарыз сомасы

Негізгі қарыздың өтелуі

Сыйақылардың өтелуі

Негізгі қарыз қалдығы

Сыйақы қалдығы

500 000,0

0

27 000,0

500 000,0

33 166,7


*Ақпарат  көзі: «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің 2007 жылдың  басындағы қаржылық есептемесі.

 

№7//54-2007, 27.01.2007 ж. Бастап Қазақстан Халық Банкімен кредиттік келісім және оған №1 қосымша келісім бойынша 1 жылға 440 000 000 тг сомасына кредиттік желісі ашылды.

Берілген кредиттік желісі шегінде 2007 жылдың қаңтарынан маусымына дейін мұнай өнімдерін сатып алуға арналған айналым құралдарын арттыруға жалпы сомасы 440 000 000 тг алынды. 90 000 000 тг мерзімінен бұрын өтелді.

Қазіргі уақытта банктік сыйақылар 49 876 666,67 тенге 68 тиын құрайды. Негізгі қарыз сомасы 350 000 000 тг құрайды.

№К026-2008 13.01.2008 ж. Бастап банктік қарыздың келісімі бойынша «АТФ Банк» АҚ-мен жаңартылатын кредиттік желісі ашылды.

Берілген кредиттік желісі шегінде 2008 жылдың қаңтарынан маусымына дейін мұнай өнімдерін сатып алуға арналған айналым құралдарын арттыруға жалпы сомасы 500 000 000 тг алынды,

Банктік сыйақы 60 166 666,68 тг құрайды, оның ішінде 27 000 000 тг өтелді.

2008 ж. Басында «ҚазМұнайГаз»СҮ» АҚ сомасы 800 000 000 тг 1 жыл мерзімге пайызсыз қаржылық көрсетілді.

Кәсіпорынның  таза табысы 2006 жылы 73 650 мың теңгені, 2007 жылы 96 381 мың теңгені құраған, яғни 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда  ол 22 731 мың теңгеге өскен. Ал 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда ол 975 826 мың  теңгеге өсіп, 1 072 207 мың тіңгені  құрап отыр. 

 

2.2 «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң  баланс активтерінің құрамы мен  құрылымын талдау

 

Баланс  активтерінің құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген  түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің  жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы  дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы  кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін  сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу  себептерін талдағанда, жоғары деңгейі  баланстық есептің номиналды  көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден  айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық  тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек  негізгі құралдардың баланстық  құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан  да олардың құнының өсуі, инфляциялық  фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс  мәліметтері бойынша активтердің  құрамы мен олардың таратылуына  талдау жасау үшін келесі аналитикалық 3-кесте құрылады.

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 686 161 мың теңгеге немесе 234,1 %-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірісітік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірісітік қорлардың, аяқталмаған өндірісітің құндары қосылады.

Екінші  әдістеме кәсіпорынның өндірісітк потенциалын  анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған  күрделі қаржылар және жабдықтар  құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда  дәл сипаттайды. «Шаруашылық тәжірибесінің  мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің  келесі шегі, яғни Кп≥0,5 қалыпты болып есептеледі» -

деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің  мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі  қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен

толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірісітік  мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан  жөн.

 

3-кесте  2006 жылдың басы мен соңындағы «ҚМГ-Астана» ЖШС-дегі баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

 

Көрсеткіштер

Жыл басында

 

Жыл соңында

Жыл бойындағы өзгеріс

Құрылымының өзгеруі

(4т-2т)

сомасы, мың тг

үлес салмағы, %

сомасы,

мың тг.

үлес салмағы, %

мың тг.

(3т-1т)

%

(5т:1тх100)

1.

Активтер құны, барлығы, соның ішінде:

    1. Ұзақ мерзімді активтер:

а) негізгі  құралдар;

ә) қаржылық салымдар;

1.2 Ағымдағы  активтер:

а) өндірісітк қорлар;

ә) аяқталмаған  өндіріс.

293103

 

 

 

 

60025

 

60025

 

-

 

233078

 

205

 

167529

100

 

 

 

 

20,48

 

20,48

 

-

 

79,52

 

0,070

 

57,15

979264

 

 

 

 

363395

 

363395

 

-

 

615869

 

248338

 

40303

100

 

 

 

 

37,11

 

37,11

 

-

 

59,19

 

25,36

 

4,11

+686161

 

 

 

 

+303370

 

+303370

 

-

 

+382791

 

+248133

 

-127226

+234,1

 

 

 

 

+505,4

 

+505,4

 

-

 

+164,2

 

+121040,4

 

-75,94

х

 

 

 

 

+16,63

 

+16,63

 

-

 

-20,33

 

+25,29

 

-53,04

2.

Кәсіпорынның өндірісітік потенциалының  құны

 

 

 

60230

 

 

 

20,55

 

 

 

611733

 

 

 

62,47

 

 

 

+551503

 

 

 

+915,66

 

 

 

+41,92

Информация о работе Кәсіпорын қаржысын басқару