Кәсіпорын қаржысын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 10:30, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ СИПАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ.................................................................................................................7
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары.........7
1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі........................................................18
1.3 Төлем қабілеттілік кәсіпорын тұрақтылығының белгісі ретінде....................29
2. «ҚМГ-АСТАНА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ 2006-2008 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНА ТАЛДАУ....................................................................................................................40
2.1 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалыптасуы мен қаржылық сипаты......................................................................................................40
2.2 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006-2008 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын талдау......................................................42
2.3 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері.................................................................................51
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ.............................54
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы жақсарту.....................................................................................................................54
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту.......................................55
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................61
ҚОСЫМША...............................................................................................................62

Файлы: 1 файл

моля диплом не удалять.docx

— 130.38 Кб (Скачать)

*Ақпарат көзі: «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің 2006-2008 жылғы бухгалтерлік балансы мен кіріс және шығыс туралы есебі.

  1. Қазақстандағы кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық көрсеткіштерін жақсарту жолдары

 

Бұл тарауда  жұмысымыздың талдамалы бөлімінде  қарастырылған көрсеткіштерді жақсарту жолдары келтірілген. Кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын жақсарту жайында  жазылған.

 

    1.   Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы жақсарту

 

Кәсіпорында өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің  мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы  өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы  сомасында маңызды көрсеткіштердің  бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар  аударуы қажет.

Айта  кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына  дебиторлық борыштың нақты бар болуы  емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда  болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу  жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта  есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде  туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты  толығымен айналымнан шығару деп  есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің  нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір  ықпал етпейді.

Кәсіпорынның  дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген  болып екіге бөлінеді. Өтелмеген  дебиторлық борышқа төлеу мерзімі  өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары  бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу  негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық  борыштың құрамы және құрылымымен толық  танысып шыққаннан кейін оны  нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы  бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.

Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың  орташа мәліметтері бойынша есептеледі. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері  алынған, олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшін дебиторлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызы 4,0%-ға тең. Алайда оны зерттеліп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескеру қажет, мысалы, қайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:

  • бір немесе бірнеше негізгі қарыз тұлғалардың үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді (бұл пайыз қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);
  • негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;
  • қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;
  • ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;
  • тұтынушының пайдасына жеңілдіктер (бағасын кеміту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба; мысалы, оның өнімді қайтару құқы.

Дебиторлық  борыштың өтімділік және сапалық  көрсеткіштерін зерттеу маңызды  болып табылады.

Сапа  дегеніміз – бұл осы қарызды  толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне  байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса оны қайтарып алу ықтималдылығы  соншалықты төмен болады.

Дебиторлық  борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі  бойынша топтастыру керек.

 

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту

 

Қаржылық  тұрақтылық бұл кәсіпорынның төлем  қабілеттілігінін тұрақты тенденциясы  сақталатын қаржылық-экономикалық жағдайы, яғни ол уақыт бойынша тұрақты , ал жеке және қарыздық капиталдардың қатынасы сол төлем қабілеттілікті қамтамасыз ету керек.

Төлем қабілеттілікті уақыт бойынша қамтамасыз ету  – бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтумен тікелей байланысты үрдіс. Осының  нәтижесінде төлем қабілеттілік жене кәсіпорынның тұтас қаржылық жағдайы  қаржылық ресурстар қозғалысының тек  қана сандық емес, ол  сонымен қоса сапалық сипаттамалары болып табылады. Өйткені қаржылық ресурстар алғашында табыс ретінде көрінеді, ал табыс өз кезегінде құрылу, боліну және  төлеу этаптарынан өтеді, сонымен қоса оның соңғы көлемі кәсіпорын иелігінде қалады. Яғни жиынтық нәтиже ретіндегі соңғы қаржылық жағдай сол этаптардың қаржылық жағдайынан туындайтын көлемі болып табылады.

Уақыт бойынша  үздіксіз және сенімді жеткілікті қорымен  қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету  үшін, оның облысын сипаттайтын шарттарды  қарастыру қажет. Бұл шарттар келесілерге нақты шектеулер түрінде көрінеді:

  1. Жарғылық мақсатта табысты қолдану;
  2. Қарыздық құралдарды тарту;
  3. Есептелген сомманың қалыптасуы және оны төлеу;
  4. Мүліктің көбеюі;
  5. Кәсіпорынның иелігінде қалатын жеке құралдар;

Бұл шарттарда  көбінесе мүліктің ақшалай және ақшасыз  формасы, оның жеке және қарыздық құрамасымен  бірге үйлестіріледі, ал кәсіпорын  қызметінің өндірістік, инвестициялық  және қаржылық саласы нақты толықтырулар алады.

Сонымен қатар қаржылық тепе-теңдік облысында  берілген кәсіпрынның даму шарттары үйлесімді есептелінеді. Алынған  табыс ақшасыз формадағы кредиторлық  қарызбен есептеулердің, қарыздық ақша құралдардың меншікті капитал өсімінің шекті мөлшері анықталып бөлінеді. Нәтижесінде жеке құралдардың қарыздық құралдарға үстемдігінің сенімді негіздемелері  құрылады, ал жеке қарыздық ресурстардың ақшалай құрамдары үнемді қолданылады  және қатаң реттеледі.

Айтылып өткен шарттар бір-біріне қайшы  келмеуі керек екендігі түсінікті, ал бұлай болатын болса табыс  қалдығы табыстың өзінен аспауы қажет. Сондықтан осы қызығушылықтардың  барлығын сақтау тек жеке құралдар жеткілікті болған кезде мүмкін. Ал егер бұл құралдар жеткіліксіз болса  алынған табысты қолдану бағытына қатаң шектеулер белгіленеді.

Сәйкесінше  табыс бөлінетін элементтер жағымсыз бола алмайды. Ал олай болмаған жағдайда тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан да тепе-теңдікке жету үшін кәсіпорынның уақыт бойынша және капиталдың басымдығының төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін шарттарын анықтап, шектеулерін  белгілейді:

1-шарт. Қарыздық құралдардың және ақшалай формадағы есептеулердің құрылуына шектеулер;

Бұл шарт ең жалпы түрде кредиторлық қарызбен ақшалай формадағы есептеулердің  құрылуының максималды көлемін анықтайды  және де ол қалыптасқан қарыз көлемінің  жеке ақша құралдар көздеріне деген  тәуелділігін белгілейді. Сонымен қатар  осы қарызды есептік кезең  аралығында өтеудің негізі салынады. Осыдан кәсіпорын тауарлы материалдық  игіліктерді иелену және өзіне міндеттемелерді  жүктеуді тек өзінің мүмкіндіктеріне  қарай алуы керек. Бірақ бұл мүмкіндіктер қатаң түрде шектелген, ал жеке көздерді қолдану бағыттары регламенттелген.

Бұл шарттың  бұзыылуы тікелей жеке ақша құралдарының шығындалуына, ал ол өз кезегінде қаржылық жағдайдың нашарлауына алып келеді.

  Бір  жағынан қалыптасқан қарыздың  көлемі логикалық негіздемені  иеленеді, яғни қарыз көлемі осы  кезеңде болмаса да келесі  есептік кезеңде өтелуі керек,  бірақ оны өтеу көздері қазіргі  уақытта қолда болуы қажет.

Егер  айналым құралдары ретінде қарыздыр мен міндеттемелерді өтеуге бағытталған  белгілі бір сомма түрінде  несие алынса, онда ақшалай формадағы  жеке капиталдың өсімі  басқада тен жағдайларда сол соммаға кемиді.Мұндай жағдайда берілген өсім жағымсыыз емес көлемде қалуын бақылау керек.

2-шарт. Кредиторлық қарызды өтеуге жене ақшалай формадағы есептеулерді төлеуге үстінен шектеу.

Ақшалай формадағы жеке капиталдың өсімі  жағымсыз емес көлемде болып берілуі  мүмкін болғандықтан, жеке құралдардың  бастапқы көзі кемиді, яғни кредиторлық  қарыздың жалпы соммасында басқа  да бірдей жағдайларда кемиді.

Қалыптасқан қарыз бен кредиторлық қарыздың нақты өтелген соммасы және төленген есептеулер арасындағы айырмашылық  төлеу мерзімі әлі келмеген  немесе ауыстырылған қарыздың өсуін  көрсететінін есепке алатын болсақ, онда берілген шарт өтелетін қарыз көлеміне шектеу қояды.

Бұл шарттың  орындалуы есептік кезең аралығында төлем қабілеттіліктің сақталуын  қамтамасыз етеді, бірақ қолда бар  жеке ақша құралдар көздерінің шеңберінде ғана. Сонымен қоса кредиторлық қарыз бен есептеулердің әлі өтелмеген ауыспалы қалдығы есепке алынады, ал есептік кезең аяғындағы қарыздардың жеке өтеу  көздері бар.

3-шарт. Кредиторлық қарызды өтеуге жене ақшалай формадағы есептеулерді төлеуге төменнен шектеулер.

Бұл шарт қарыз бен міндеттемелерді өтеумен  байланысты ауыспалы опирациялар негізінде  ақшалай формадағы жеке мүліктің қалыптасуын есепке алады. Егер қарыз  бен міндеттемелер ақшалай емес формада есептелінсе, ал оларды өтеу ақшалай формада жүргізілсе, онда ауыспалы опирациялар қосылады. Нетижесінде  жеке ресурстардың ақшалай құрамдас бөлігі жағымсыз көлем түрінде қалып  кемиді, ал ақшалай емес құрамдас бөлігі  керісінше ұлғаяды. Ақшалай құрамдас бөлігінің өсуі ақшалай емес формадағы  табыстың жағымсыз нетижесінің орнын  толтыру керек, сол кезде

Құрылған  қарыз бен ақшалай емес формадағы  міндеттемелердің жалпы көлемін  шектейтін  айтылып өткен шарттар, сонымен қатар олардың ақшалай  формадағы өтелу соммасын есептеулер бойынша шектеулерді (1-ескертуді  қараңыз) жене кредиторлық қарызды (2-ескертуді қараңыз) бөлек алып бөлуге болады. Олардың екі жаққа бірдей арақатынасы есептеулердің кредиторлық қарыздан жене керісінше тәуелділігін белгілейді.Ол ақшалай жене ақшалай емес формада алынған табыс шеңберінен шығып кетуіне жол бермейді.

Әрине есептеулер мен кредиторлық қарыз арасындағы пропорция кәсіпорынмен анықталады, бірақ қарыздар және міндеттемелер  бойынша нақты шектеулерді сақтау қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін бекітілген тепе-тендікті бұзбайды.

Ақшалай жене ақшалай емес формадағы барлық қарыздық капиталдың шектеуіне қосылуы (3-ескертуді қараңыз)  ақшалай  формадағы жеке көздердің бар  екендігін түсіндіреді.Ол қарыздық құралдарды қайтаруына кепілдік береді. Олардың өтелуі келесі кезеңде де жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ оның көзі ағымдағы кезеңде болуы керек.

1-ескерту. Ақшадай формадағы есептеулер көлеміне шектеу.

2-ескерту. Ақшадай формадағы кредиторлық қарыз көлеміне шектеу.

3-ескерту. Ақшалай және ақшалай емес формадағы қарыздық капитал көлеміне шектеу.

Осылайша  келтірілген уақыт бойынша төлем  қабілеттілікті қамтамасыз ететін шарттар  «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің ағымдық  есптік кезеңдегі қаржылық тепе-теңдіктің  облысын сандық түрде анықтап, болашаққа  негіз қалыптастырады деген ойдамыз. Қарыздық ресурстар қатаң реттеуге алынады, ал жеке құралдар оларды өтеу үшін жене кәсіпорынның әрі қарай  дамуы үшін жеткілікті.

Өз кезегінде  кәсіпорынның ағымдық, инвестициялық  және қаржылық қызметі нақты шектеулермен шектеледі. Ол осы қызмет түрлеріне  көз ретінде қызмет ететін шектеулер. Ал кәсіпорынның есептік кезең аяғындағы  қаржылық жағдайы елеулі түрде өзгереді. Бұл өзгерістер есептік кезең  басындағы қаржылық жағдайды өзгертуге  немесе оны белгіленген шектеулер  шеңберіндегі ауыстыру, бөліну жене қаржылық    опирациялар есебінен жақсартуға мүмкіндік  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

«ҚМГ-Астана»  ЖШС-нің қаржылық қызметін зерттеу  нәтижесінде келесідей қорытындыларға келдік.

Кәсіпорынның  абсолютті өтімділік коэффициенті 2006 жылдың соңына қарай 0,038 пунктке  артты, ал 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 0,017 пунктке кеміп, 2008 жылы 0,053 пунктке  төмендеді және 0,023 құрады.

Аралық  өтімділік коэффициенті 2006 жылы 6,065-ке кеміп, 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 0,245-ке артты. Ал 2008 жылы ол 0,152-ге төмендеп, 0,448-ді құраған.

Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті 2006 жылы 5,818-ге төмендеп, 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 0,283-ке, ал 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 0,563-ке артты және 1,466-ға жетті.

Жалпы «ҚМГ-Астана»  ЖШС-нің  төлем қабілеттілігі  туралы қорытындыны өтімділіктің жалпы  көрсетікіші арқылы беруге болады. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші кәсіпорындағы  қаржылық ситуацияның өзгеруін бағалауды  жүргізеді.

Информация о работе Кәсіпорын қаржысын басқару