Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 10:30, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған.
КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ СИПАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ.................................................................................................................7
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары.........7
1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі........................................................18
1.3 Төлем қабілеттілік кәсіпорын тұрақтылығының белгісі ретінде....................29
2. «ҚМГ-АСТАНА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ 2006-2008 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНА ТАЛДАУ....................................................................................................................40
2.1 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалыптасуы мен қаржылық сипаты......................................................................................................40
2.2 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006-2008 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын талдау......................................................42
2.3 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері.................................................................................51
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ.............................54
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы жақсарту.....................................................................................................................54
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту.......................................55
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................61
ҚОСЫМША...............................................................................................................62
Айналым қаражатының өтімді юөлігінің (яғни тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.
Аралық
өтеу коэффициентінің қалыпты
К ар.ө.≥1
В.Ф. Палий «бұл коэффициенттің теориялық ақталған бағалауы 0,7-0,8 аралығында жатыр» деп есептейді (71).
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.
Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс (16).
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде
бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы
өтімділігін бағалау кезінде
ерекше мәе беріледі. Оның кеңінен
қолданылуының негізгі
Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
К ағ.ө. ≥ 2.
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.
Осы көрсеткіштің нормативті маңызына байланысты басқа пікірлер де кездеседі (8). Ол 1 мен 3 арасындағы шектерде болуы тиіс (18). Төменгі шегі ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе кәсіпорын төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін.
Ағымдағы
активтердің ағымдағы міндеттемелерден
екі есе артық болуы орынсыз
болып саналады, себебі бұл компанияның
өз қаражаттарын рацтоналды салмауы
мен олардың тиімсіз
Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2-ге тең нормативтік мәні біздің елімізде есеп беру кәсіпорындардағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей, яғни шаруашылық субъектісінің өндіріс түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды.
Көптеген отандық кәсіпорындарды банкроттық анықтамаға жатқызуға болады. Яғни, бұндай белгілермен анықтау дұрыс емес, себебі көп кәсіпорындар ішінен нақты банкроттық шаралар қаупі төнген кәсіпорындарды бөліп көрсетпейді.
Бұл нормативтік мән әлемдік есептік талдау тәжірибесінде салалар және салааралық бойынша бөлшектеліп қолданылады. Осылайша, АҚШ-тың Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, салалар мен кәсіпорындар тобы бойынша жалпы өтеу коэффициенті 1990 жылы мынадай мәндерге ие болды. Өндірістік сала корпорациясы – 1,47, тамақ өнімдерінің өндірісі – 1,25, баспа қызметі – 1,67, химия өнеркәсібі – 1,30, мұнай және көмір өндіру өнеркәсібі – 1,0, машина жасау – 1,85, электр құралдары және электрондық техника өндірісі – 1,47, бөлшек сауда – 1,50 (8). Біздің елде де статистикалық материалдарды жинақтау мөлшеріне қарай бұл көрсеткіштің мәнін салалар мен салааралық бойынша бөлшектеп және активтің өтімділігін талдауда қолдану керек.
Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:
Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 – төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де К ағ.ө. мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бер екені туралы қорытынды жасауға болады.
Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.
Өтімділікиің әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әртүрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті (К а.ө.) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (К ар.ө.) көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (К ағ.ө.) бойынша бағалайды.
Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициенттеріне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.
Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің айналымын есептеу керек.
Төлем қабілеттілік кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорынның
төлемқабілеттілігі деп оның шаруашылық
келісімдерге сәйкес материалдар мен
техника жабдықтаушыларының төлемталаптарын
уақытында және толығымен қанағаттандыру,
несиелерді қайтару, персоналдың еңбекақысын
төлеу, бюджетке төлемдерді аудару қабілетін
айтады. Қарыз міндеттемелерін тұрақты
және уақытында жабу кәсіпорында
ақшалай құралдардың бар
Төлем қабілеттілікті
талдау қаржылық іс-әрекетті болжау мен
бағалау мақсатында тек кәсіпорын
үшін ғана емес, сонымен бірге сыртқы
инвесторлар (банктер) үшін де қажет. Несиені
беру алдында банк несие алушының
төлем қабілеттілігі жайында
білуі тиіс. Бұны бір-бірімен экономикалық
қатынастарға түсетін кәсіпорындар
де жасауы керек. Әсіресе коммерциялық
несие немесе төлемді ұзарту туралы
сұрақ туғанда серіктестің
Төлем қабілеттілік
өндірістік жоспарларды жасау мен
өндірісті қажетті ресурстармен
қамтамасыз етуде жағымды әсер етеді.
Сондықтан төлемқабілеттілік
Нарықтық жағдайларда тұрақтылықты сақтау мен банкроттықа жол бермеу үшін қаржыларды қалай басқару, құрамы мен пайда болу көздері бойынша капиталдың кұрылымы қандай болу керек, меншікті және қарыз құралдары қандай үлесте болу керектігін мұқият білу керек.
Төлем қабілеттілікті
талдаудағы басты мақсат – қаржылық
іс-әрекеттің кемшіліктерін
Ол үшін келесі міндеттерді орындау керек:
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдаумен тек оның басшылары мен арнайы қызмет қана емес, сонымен бірге оның құрылтайшылары мен инвесторлары айналысады. Мысалы, ресурстардың тиімді пайдалануын зерттеу мақсатында банктер несиелендіру шарттарын бағалау және тәуекел дәрежесін анықтау үшін, жабдықтаушылар төлемдерді уақытында лау үшін, салық инспекциялары бюджетке қаржының түсу жоспарын жүзеге асыру үшін керек. Осыған байланысты талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді /9: 116 б./.
Фирма ішілік талдауды кәсіпорын қызметі жүргізеді және оның нәтижелері жоспарлау, болжау мен бақылау үшін қолданылады. Оның мақсаты – ақшалай құралдардың бірқалыпты түсуін белгілеу мен меншікті және қарыз құралдарын орналастыру жолымен кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мен пайданың максималды мөлшерін алу және банкроттыққа жол бермеу.
Талдаудың сыртқы түрі жариялық есеп негізінде инвесторлармен, материалдық және қаржылық ресурстардың жабдықтаушыларымен, бақылау органдарымен жүзеге асырылады. Оның мақсаты – максималды пайданы қамтамасыз ету мен шығынға ұшырау тәуекелінен құтылу үшін қаржыны тиімді салу мүмкіндігін белгілеу.
Кәсіпорынның
төлем қабілеттілігін және несиені
өтеу қабілеттілігін талдаудағы негізгі
ақпарат көздері болып
Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін талдау қаржының түсуі мен бар болуы және бірінші қажеттілік төлемдерді сәйкес өлшеу жолымен жүзеге асырады. Төлем қабілеттіліктің ағымдық және күтілетін (перспективті) түрлері белгілі.
Ағымдық
төлемқабілеттілік балансты құру күніне
анықталады. Кәсіпорынның жабдықтаушылар
алдында мерзімі өткен
Күтілетін
(перспективті) төлемқабілеттілік нақты
күнге кәсіпорынның төлем құралдары
сомасын мерзімді (бірінші ретті)
міндеттемелерімен салыстыру
1.3 Төлем қабілеттілік
кәсіпорынның қаржылық
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы әртүрлі факторларға тәуелді болатын құралдардың орналасуымен және құрамымен, олардың көздерінің құрылымымен (кәсіпорынның тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі), капитал айналымының жылдамдығымен, кәсіпорынның өз міндеттемелерін уақытында және толығымен өтеу қабілетімен (басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынастар) сипатталатын кешенді түсінік болып табылады. Яғни қаржылық жағдай кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілетімен түсіндіріледі. Бұл – оның активтілігінің және сенімділігінің маңызды сипаттамасы.