Кәсіпорын қаржысын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 10:30, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ СИПАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ.................................................................................................................7
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары.........7
1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі........................................................18
1.3 Төлем қабілеттілік кәсіпорын тұрақтылығының белгісі ретінде....................29
2. «ҚМГ-АСТАНА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ 2006-2008 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНА ТАЛДАУ....................................................................................................................40
2.1 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалыптасуы мен қаржылық сипаты......................................................................................................40
2.2 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006-2008 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын талдау......................................................42
2.3 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері.................................................................................51
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ.............................54
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы жақсарту.....................................................................................................................54
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту.......................................55
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................61
ҚОСЫМША...............................................................................................................62

Файлы: 1 файл

моля диплом не удалять.docx

— 130.38 Кб (Скачать)

Қаржылық  жағдай тұрақты, тұрақсыз және кризисті болуы мүмкін. Кәсіпорынның төлемдерді уақытында жүзеге асыру, өз қызметін кеңейтілген негізде қаржыландыру қабілеті оның жақсы қаржылық жағдайы  жайында көрсетеді. Яғни тұрақты  жағдайдың негізі мен кәсіпорынның өмір сүру кепілі болып оның тұрақтылығы  табылады. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайы өзінен-өзі пайда болмайды, бұл – кәсіпорын қызметінің нәтижелерін  анықтайтын өндірістік және шаруашылық факторлардың жиынтығын дұрыс басқарудың нәтижесі. Бұдан тұрақтылыққа ішкі және сыртқы факторлар сияқты түрлі  себептер әсер ететінін айтуға болады:

  1. сұранысы жоғары, бағасы төмен өнім шығару;
  2. кәсіпорынның тауар нарығындағы тұрақты жағдайы;
  3. алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану мен өндірістің жоғары материалдық-техникалық жабдықталуы;
  4. серіктестермен экономикалық қатынастардың тұрақтылығы
  5. шаруашылық және қаржылық операциялардың тиімділігі мен құралдар айналымының ырғақтылығы;
  6. қаржылық және өндірістік қызметті жүзеге асыру процесінде тәуекелдің төмен деңгейі.

Себептердің бұндай түрлілігі тұрақтылықтың  әртүрлі шектерін шарттастырады. Кәсіпорынға  байланысты тұрақтылық жалпы, қаржылық және бағалық болуы мүмкін. Ал оған әсер ететін факторларға байланысты ол сыртқы және ішкі болып бөлінуі  мүмкін.

Кәсіпорынның  ішкі тұрақтылығы – бұл кәсіпорынның оның қызметінің тұрақты жоғары нәтижесін  қамтамасыз ететін динамикасы. Ішкі тұрақтылыққа қол жеткізу негізінде сыртқы және ішкі факторлардың өзгеруіне активті  әсерлесу принципі жатыр.

Сонымен қатар мұрагерлік деп аталатын тұрақтылықты да бөледі, ол кәсіпорынды жағымсыз факторлардан сақтайтын белгілі  беріктік запасының болуымен анықталады.

Нарықтық  жағдайда кәсіпорынның жалпы тұрақтылығы, ең алдымен, мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, қызметкерлермен  есеп айырысу үшін, өз мөлшері бойынша  жеткілікті пайданың тұрақты түсуін талап етеді. Сонымен қатар әр есеп айырысуды және барлық міндеттемелерді  жүзеге асырғаннан кейін өндірісті  дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға, әлеуметтік ахуалын  жақсартуға мүмкіндік беретін пайданың бар болуы кәсіпорынның дамуы  үшін өте қажет. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның жалпы тұрақтылығы  түскен құралдардың (табыстың) шығыстардан  артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын білдіреді.

Қаржылық  тұрақтылық кәсіпорындағы табыстың шығыстан артуының өзіндік әйнегі болып  табылады. Ол ақшалай құралдарды тиімді пайдалану жолымен өндірістік процестің  тұрақтылығын және өнімнің өткізілуін қамтамасыз ете алатын қаржылық ресурстардың жағдайын бейнелейді. Сондықтан нарыққа  көшу жағдайында кәсіпорын тұрақтылығының шекараларын анықтау ең маңызды  экономикалық мәселелердің бірі болып  табылады. Яғни, қаржылық тұрақтылық кәсіпорын  дамуының қажеттіліктеріне жауап бере алатын және нарықтың шарттарына сәйкес болатын қаржылық ресурстардың жағдайымен сипатталуы керек. Бұдан қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының басты компоненті деп айтуға болады /5: 83 б./.

Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қаржылық ресурстардың пайда болуымен, бөлінуімен және қолданылуымен бейнеленетін қаржылық жағдайды талдау қажет.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын бағалау үшін ең алдымен ақшалай құралдардың  қозғалысын анықтайтын шарттарды бағалу керек: ақшалай құралдардың кәсіпорында  бар болуы, шығындардың көлемі мен  бағыттары, ақшалай шығындардың меншікті ресурстармен қамтамасыз етілуі, кәсіпорында бар резервтер, т.б.

Жағымды қаржылық жағдай кезінде кәсіпорын  тұрақты төлемқабілетті, ал жағымсыз қаржылық жағдайда периодты немесе тұрақты  төлемқабілетсіз болып саналады.

Төлем қабілеттіліктің  мазмұны тек бірінші көзқараста кәсіпорынның міндеттемелерін жабуға қажетті бос ақша құралдарының бар  болуынмен байланыстырылады. Көптеген жағдайларда қарыз міндеттемелерімен  есептесу үшін қажетті бос ақша құралдарының жеткіліксіздігі кезінде кәсіпорындар өз меншігінің белгілі бір бөлігін  тез сату жолымен түскен ақшаны қарызды  жабуға жұмсауға мүмкіндігі бар болса, олар өз төлемқабілеттілігін сақтап қала алады. Басқа кәсіпорындарда ақшалай  құралдарға тез айнала алатын активтердің  жоқтығынан сондай мүмкіндік болмайды. Кәсіпорын активтерінің кейбір түрлері  ақшаға тез, ал басқалары баяу айналатындықтан, оларды ликвидтілік дәрежесі бойынша  топтау керек, яғни ақшалай құралдарға айналу қабілетіне байланысты.

Төлем қабілеттілікті анықтау үшін кәсіпорындар көбінесе оның балансын қолданады. Баланстың  ликвидтілігін талдау ликвидтілік  дәрежесі бойынша топталған актив  бойынша құралдар мөлшерін өтеу мерзімі  бойынша топталған пассив бойынша  міндеттемелер сомасымен салыстыру  арқылы жүзеге асырылады.

Төлем қабілеттелікті бағалау, оның коэффициенттері, көрсеткіштің мақсаттары мен формулалары жұмыстың қосымшасында бейнеленген (ҚОСЫМША  А).

Баланс  активтері мен пассивтерін жіктеу және оларды сәйкестендіру баланс ликвидтілігіне баға беруге мүмкіндік береді. Мұндағы  ликвидтілік өзімен міндеттемелерді  жабу мерзімі құралдардың ақшаға айналу мерзіміне сәйкес келетін  активтермен кәсіпорын міндеттемелерінің  өтелу дәрежесін бейнелейді.

Кәсіпорын тұрақтылығының жоғарғы нысаны болып  өзгермелі сыртқы және ішкі ортада одан әрі даму қабілеті табылады. Ол үшін кәсіпорын қаржылық ресурстардың икемді құрылымына және қажетті жағдайда қарыз құралдарын тарту мүмкіндігіне, яғни несие өтеушілік қабілетіне ие болу керек. Кәсіпорын өзінің пайдасы  және басқа қаржылық ресурстары есебінен уақытында қарызды қайтару және несие бойынша сыйақыны төлеу  мүмкіндігіне ие болғанда несиеге қабілетті  болып саналады.

Несиені өтеушілік қабілеті кәсіпорынның төлемқабілеттілігімен  тығыз байланысты. Ол кәсіпорынның алдағы кезде алынған несиені  өтеуге, керек кезінде басқа көздерден  ақшалай құралдарды ала алатынына  қаншалықты қабілетті болғандығымен  сипатталады. Бірақ несие өтеушілік  қабілетінің ең басты анықталуы  – бұл кәсіпорынның ағымдық қаржылық жағдайы мен оның мүмкін болатын  перспективті өзгеруі. Кәсіпорынның рентабельділік деңгейі төмендегенде оның несие өтеушілік қабілеті де төмендейді. Рентабельділіктің төмендеуіне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайынының өзгеруі ақшалай құралдардың жетіспеушілігі салдарынан ликвидтіліктің және төлемқабілеттіліктің төмендеуі сияқты жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Ақшалай құралдар дағдарысының пайда болуы кәсіпорынды «техникалық төлемқабілетсіз» жағдайына апарады. Бұл банкроттықа әкелетін бірінші қадам ретінде қарастырылып, несие берушілер үшін сәкес құқықтық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға себепші болады.

Жоғарыда  келтірілгендердің барлығы қаржылық тұрақтылықты кешенді түсінік ретінде  қарастыруды талап етеді. Бұл  түсінік тәуекелдің ұйғарымды деңгейі  жағдайында несие өтушілік қабілеті мен төлемқабілеттілікті сақтаумен  қатер табыс пен капитал өсуі негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз етеді.

Бұдан шығатыны – төлемқабілеттілік өндірістік-шаруашылық, коммерциялық және қаржылық іс-әрекеті  нәтижелеріне, яғни жалпы шаруашылық активтілігіне тәуелді болады:

  1. өндірістік жоспарларды жүзеге асыруға;
  2. табыстың артуына және өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне;
  3. құралдардың орналасуы, қалпы және пайда болу көздеріне;
  4. өндіріс тиімділігің өсіміне;
  5. жабдықтаушылармен, сатып алушылармен қатынастардың жақсаруына, есеп-айырысу және өткізу процесстерінің оңтайлануына.

Егер  өндірістік және қаржылық жоспарлар  сәтті орындалып жатса, бұл кәсіпорынның қаржалық жағдайына жағымды әсер етеді. Ал өндірістік жоспардың және өткізудің орындалмауы нәтижесінде  өнімнің өзіндік құнының өсуі, табыстың кемуі, кәсіпорынның қаржылық жағдайының және төлемқабілеттілігінің  бәсеңдеуі байқалады.

Тұрақты қаржылық жағдай өз алдына өндірістік жоспарларды орындау мен өндірісті  қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге  жағымды әсер етеді. Сондықтан қаржылық іс-әрекет ақшалай ресурстардың жүйелі түсуі мен шығуын қамтамасыз етуге, есептесу тәртібін орындауға, меншікті және қарыз капилаты арасындағы тиімді пропорцияларға және оның неғұрлым тиімді пайдалануына қол жеткізуге бағытталады. Қаржылық іс-әрекеттің басты мақсаты  – максималды табыс алу мен  өндірістінң тиімді дамуы үшін қаржылық ресурстарды қайда, қашан және қалай  қолдануды шешу.

Сондықтан, фирманы басқару тұрғысынан төлемқабілетсіздіктің  екі негізгі себебі бар: нарық  талаптарының жеткіліксіз есебі (ұсынылған  ассортимент, тауар сапасы, бағасы бойынша) және кәсіпорын тәуекелді бұрыс  есептеуі, салмақты қателерді жасауы, көп міндеттемелерді өзіне алуы нәтижесінде кәсіпорынның қанағатсыз басқарылуы.

Қанағатсыз  қаржылық жағдай қаржыларды тиімсіз  орныластырумен, жағымсыз төлем дайындығымен, бюджет пен жабдықтаушылар алдындағы  мерзімі өткен берешекпен, өндірістегі  жағымсыз тенденциялармен шарттастырылған нақты және әлуетті қаржылық базаның тұрақсыздығымен сипатталады. Фирманың қаржылық жағдайы  қаржылардың қанағаттанарлық көрсеткіштерімен қатар өндірістік және шаруашылық қызметке жағымсыз әсер ететін белгілері орын алғанда қауыртты болады.

Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі оның несиеге  қабілеттілігімен тығыз байланысты болады.

Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін сипаттайтын  маңызды көрсеткіштердің бірі –  несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі  «несиеге қабілеттілік» түсінігімен  салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем  қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған  банк несиесін қайтаруға мүмкіндік  беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.

Талдаудың келесі кезеңі несиеге қабілеттілігін айқындау болып табылады.

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін  заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың  ұйымдастыру-құқықтық нысандарына  тәуелсіз, кешенді несиелік-есептік  және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.

Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірісітің  тиімділігін көтеруге, Қазақстан  Республикасы егеменді мемлекеттің  экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін  болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.

Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға  әртүрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар  үшін береді.

Банк  несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік  принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда  қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.

Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер  келісім түрінде несиелік шарт жасау  арқылы, банк ережелерімен және қарыз  алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.

Несиелік  шартта мыналар міндетті түрде қарастырыларды:

- несиенің  объектілері;

- қарыздың  жоспарланған мөлшері, оның мақсаты; 

- қарызды  беру шарттары және өтеу мерзімдері, олардың қарыз алушы қызметінің  жақсаруына әсері;

- қарыз бойынша  пайыз мөлшерлемелері, олардың төмендеуі  немесе көтерілуі, төлем тәртібі;

- қарыз алушының  міндеттемелерін қамтамасыз ету  нысандары (кепілдемелер, кепілге,  кепілдік беру және басқалар);

- материалдық  қорлар мен өндірістік шығындарды  өтеудегі меншікті айналым қаражаттарының  нормативі;

- несие беру  және өтеу бойынша екі жақтың  міндеттемелері, құқықтары және  жауапкершілігі;

- құжаттардың  тізімі және оларды банкке  тапсыру мерзімділігі және басқа  жағдайлар.

Несиелер  берілетін мерзіміне қарай қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді болып  бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны  қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай, қысқа мерзімді несиелер бір  жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді – бір жылдан асатын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып  табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі  процесінде жетіспейтін ақша қаражатының  қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын  күрделі шығындарына несие ала  алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісіті кеңейтуге, оны қалпына  келтіруге, жаңа техниканы енгізуге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа  мақсатты бағдарламаларға бағытталған  кәсіпорынның қарыз қаражаттары  ресурстарының көздері ретінде  жұмсалады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қаңтардағы кәсіпорынға және ұйымдарға меншікті айналым қаражаттарын толтыруға  бөлінетін несиелерді беру жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастыру туралы №19 қаулысына сәйкес, ұзақ мерзімді несиелердің бөлігін ағымдағы активтерді сатып алуға бағыттау қарастырылған.

Информация о работе Кәсіпорын қаржысын басқару