Кәсіпорын қаржысын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 10:30, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ СИПАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ.................................................................................................................7
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары.........7
1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі........................................................18
1.3 Төлем қабілеттілік кәсіпорын тұрақтылығының белгісі ретінде....................29
2. «ҚМГ-АСТАНА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ 2006-2008 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНА ТАЛДАУ....................................................................................................................40
2.1 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалыптасуы мен қаржылық сипаты......................................................................................................40
2.2 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006-2008 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын талдау......................................................42
2.3 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері.................................................................................51
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ.............................54
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы жақсарту.....................................................................................................................54
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту.......................................55
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................61
ҚОСЫМША...............................................................................................................62

Файлы: 1 файл

моля диплом не удалять.docx

— 130.38 Кб (Скачать)

2006 жылғы өтімділіктің жалпы коэффициентінің өсуіне ағымдағы активтердің абсолютті өсімі оң әсер еткен, соның есебінен өтімділік коэффициенті 0,544 пунктке өсті. Осы көрсеткіштің өзгеруіне ағымдағы міндеттемелердің өсуі теріс әсер етті, ол 6,362 пунктке төмендеуіне әкелді.

2007 жылы  өтімділіктің жалпы коэффициентінің  өсуіне ағымдағы активтердің  абсолютті өсімі әсер еткен,  соның есебінен өтімділік коэффициенті 0,193-ке өсті. Осы көрсеткіштің  өзгеруіне ағымдағы міндеттемелердің  кемуі де оң әсер етті, ол 0,09 пунктке өскеніне әкелді.

2008 жылы  өтімділіктің жалпы коэффициентінің  өсуіне ағымдағы активтердің  абсолютті өсімі оң әсер еткен,  соның есебінен өтімділік коэффициенті 1,071 пунктке өсті. Бұл көрсеткіштің  өзгеруіне ағымдағы міндеттемелердің  артуы кері әсер етті, ол 0,506-ға  төмендегеніне әкелді.

Кәсіпорынның  таза табысы 2006 жылы 73 650 мың теңгені, 2007 жылы 96 381 мың теңгені құраған, яғни 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда  ол 22 731 мың теңгеге өскен. Ал 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда ол 975 826 мың  теңгеге өсіп, 1 072 207 мың теңгені  құрап отыр. Бұл оның тұрақты жағдайын көрсетеді. 

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен  жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып  табылады. Ол ақша қаражатын еркін  орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді  басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең  және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Қазіргі таңда экономиканы дамытудың  басты міндеттері болып өндіріс тиімділігін арттыру және кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықтарда тұрақты жайғасуы табылады.

Тиімді  қызметті жүзеге асыру үшін кез келген кәсіпорын өз жұмысының кемшіліктерін  анықтау және оларды жою бойынша  шаралар қолдану мақсатында өзінің қызметін бірнеше жылдар динамикасында  талдауы керек. Төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық нарықтық экономика  жағдайында кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің аса маңызды сипаттамалары  болып табылады. Егер де кәсіпорын  қаржылық тұрақты және төлем қабілетті  болса, ол сондай бағытта жұмыс істеген  кәсіпорындарға қарағанда инвестицияларды  тартуда, несиелерді алуда, жабдықтаушыларды таңдауда білікті мамандарды сұрыптауда артықшылықтар ие болады. Сонымен  қатар ол мемлекет және қоғаммен жанжалға шықпайды, өйткені ол бюджетке төленетін  салықтарды, әлеуметтік қорларға салымдарды, қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақыны, акционерлерге дивидендтерді уақытында  төлеп, банктерге несиені қайтаруға  және ол бойынша сыйақыны төлеуге  кепілдік береді.

Кәсіпорынның  тұрақтылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол нарық коньюнктурасының күтілмеген өзгерісінен тәуелсіз болады, яғни банкроттықтың шегіне жетудің  тәуекелі соғұрлым аз болады.

Осыған  байланысты Қазақстанның қазіргі жағдайында кәсіпорындағы оның қаржылық жағдайын зерттеу мен болжаумен байланысты талдамалы қызмет елеулі маңыздылыққа ие бола бастайды. Кәсіпорын қаржысындағы жағымсыз кемшіліктерді уақытында  және толығымен анықтау және жою  оны мүмкін болатын банкроттықтан  сақтайтын шараларды қолдануға  мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Әйімбетов С., Тоқсанбаев С. Орысша-қазақша экономикалық атаулар сөздігі. Алматы: «Алатау», 1996.
  3. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Экономика және қаржы/жалпы редакциясын басқарған п.ғ.д., профессор А.Қ. Құсайынов – Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000-344 бет.
  4. В.И. Стражев, Анализ хозяйственной деятельности в промышленности. Минск: «Вышэйшая школа», 2005-480 бет.
  5. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. Алматы «Қаржы-қаражат» 1998.
  6. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятия. М., 1998.
  7. Абрамова М.С., Грачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия; Оқу-әдістемелік құрал; М.: «Дело и Сервис», 2000.
  8. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия – 3-басылым. – М.: Центр экономики и маркетинга, 2004.
  9. Финансы. Под ред. Проф. В.М.Родионова. М.: Финансы и статистика, 1996.
  10. Финансовый анализ деятельности фирмы. М.: Ист-Сервис, 1997.
  11. Савицкая Г.В. Анализ производственно-финансовой деятельности сельско-хозяйственных предприятий. Учебник. М.: ИНФА-М, 2003.
  12. Ефимова О.В. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалай талдау (практикалық әдістеме). – «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 1994.
  13. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности предприятий. – М.: «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
  14. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
  15. Палий В.Ф. Новая бухгалтерская отчетность. М.: Журнал «Контроллинг», 1991.
  16. Анализ платежеспособности предприятий и организаций. Практическое руководство для государственных, совместных и малых предприятий. – М.: 1991. 
  17. Голубович А.Д., Ситнин А.Р., Хенкин Б.Л. Финансы и бизнес: Анализ финансовых отчетов зарубежных компаний. – М., 1991.
  18. Родионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. – М.: Изд-во «Перспектива», 1995.

 

 

 

ҚОСЫМША-А

«ҚМГ-Астана»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

құрамы

                

                  Бас директор




Бас директордың 1-ші орынбасары:

1. Заңдық қамтамасыз  ету және сатып алуды ұйымдастыру  бөлімі:

1) бас заң кеңесшісі

2) жетекші заң кеңесшісі

3) аға заң кеңесшісі

4) бас маман

2. Қызметкерлермен  жұмыс жасау және іс қағаздарды  жүргізу бөлімі:

1) бас менеджер

2) қызметкерлермен жұмыс  жасау бойынша менеджер

3) бас маман

4) аудармашы

5) маман

3. Әкімшілік-шаруашылық  бөлімі:

1) комендант

2) менеджер

3) инженер-бағдарламашы

4) бас маман

5) маман

4. Маркетинг бөлімі:

1) бас менеджер

2) менеджер

3) бас маман

4) маман.

 

Өндіріс бойынша бас директордың  орынбасары:

1. Өндіріс бөлімі:

1) бас менеджер

2) менеджер

3) эколог 

4) маман

5) қауіпсіздік техникасы,  еңбек бөлімі және төтенше  жағдайлар бойынша инженер

2. Құрылыс бөлімі:

1) бас менеджер

2) құрылыс боыйнша маман

3. Өндірістік персонал:

1) бас энергетик

2) техникалық қадағалау  маманы

3) механик-диспечер

4)ЖҚС бойынша маман

5) аймақтық менеджер.

 

Атқарушы директор:

1. Бухгалтерия:

1) бас бухгалтер

2) бухгалтер-бас менеджер

3) бухгалтер-кассир-бас маман

4) маман

2. Қаржы бөлімі:

1) бас менеджер

2) менеджер

3) маман

 

Атқарушы 

директор:

1. Бақылау-талдау  бөлімі:

1) бас менеджер

2) аудитор

3) маман

4) лаборант

5) аймақтық менеджерлер


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Кәсіпорын қаржысын басқару