Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелік жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 18:21, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамының алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

КІРІСПЕ ………………...………………....…………………..…………............3

І. ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.....…….....8
1.1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық- педагогикалық және оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау ....................................................................................................……………8
1.2 Оқушылардың шығармашылық қызметінің мәні мен сипаттамалық ерекшеліктері.............................…………………………………………………16
1.3 Математикадан сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың белсенді шығармашылық қызметінің алғы шарты іспеттес …………............................31

ІІ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ……………………………………...........................................38
2.1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша математика-дан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ..................................................38
2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашы-лық қызметін дамытудың жолдары ……....………............................................45
2.3. Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға қажетті проблемалар жүйесі арқылы педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері..............................................................................................................71

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР…....93

ҚОРЫТЫНДЫЛАР ……………………………………………………………..98
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ………………………………….....101

Файлы: 1 файл

Дип.жұм.docx

— 206.25 Кб (Скачать)

 

2.1.2 Оқушының шығармашылық  қызметінің дамуына қажетті сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

 

Оқушының сыныптан тыс  жұмысы, сыныптағы сабақтан бос кездегі  мұғалімнің басшылығымен жүргізетін оның оқу  проблемаларын шешуге, зерттеу  жүргізуге бағытталған әрекеті. Оқушыларға арналған зерттеу  жұмысының  тақырыбын мұғалім анықтайды, оларда мазмұнын тереңдету, жаңа фактілерді табу сияқты мәселелер  қарастырылады. Алайда, біртіндеп кейбір проблемаларды  оқушылардың  өздері қойып, оны өздері шешуге қол жеткізуі керек. Егер мұғалім  соңғы талапқа қол жеткізсе, онда ол оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы ең жоғары деңгейіне жетті  деп есептеледі. Сыныптан тыс жұмыстардың  ойдағыдай ұйымдастырылуы үшін алдын-ала  келесі мәселелер дұрыс шешілуі  қажет:

1) оқытылатын материалдың  мазмұнын таңдап алу;

2) оқу материалының мазмұнына  сай сыныптан тыс жұмыстарды  дұрыс ұйымдастыру;

3) математикадан сыныптан  тыс жұмыстарда оқытудың формасы  мен әдісітерін дұрыстап таңдап  алу.

Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы үшін сыныптан тыс жұмыстардың  мазмұнына қандай талаптар қою керек?

1) Сыныптан тыс жұмыстар  мазмұны оқу пәнінің бағдарламасының  мазмұнына жақын, міндетті түрде  жаңа, қандай  да бір дәрежеде  де тереңірек немесе оқу бағдарламасының  бір бөлімі, қысқаша айтқанда  сыныптағы сабақтың логикалық  жалғасы болуы керек.

2) Сыныптан тыс жұмыстардың  мазмұны оқу проблемаларын дамытатын  немесе проблемалар тізбегінің  жүйесінен тұратын болуы керек (42,46-49).

3) Аталған мазмұн өмірмен  байланысты, практикалық жағынан  қажет, оқушының талап-тілектері, ықыласы ескерілген болуы қажет.

4) Бұл мазмұн ең алдымен  қызықты, эстетикалық тәрбие беруге  жарамды болуы қажет.

Сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың жеке жұмысын ұйымдастырудың маңызы оқушының сыныптағы сабақ  кезіндегі өз бетіндік жұмысын ұйымдастырудан кем емес.

Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту үшін ширақ жұмыстарды қамтамасыз етуде ұйымдастыру жұмысы қандай болуы керек, ұйымдастыруға қандай талаптар қойылуы қажет?

Қалыптастырған іс-тәжірибе мен эксперименттің көрсеткеніндей сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру  келесі принциптерге негізделуі қажет  екеніне сеніміміз мол:

1. Сыныптан тыс жұмыстар  оқушылардың өз қалауы бойынша  олардың бейімділігі, қабілеті, мінезі  т.с. сияқтыларға қарамастан бәріне  бірдей ерікті жүргізілуі керек.  Сыныптан тыс жұмыстарға қатысу  міндетті емес, ол тек оқушылардың  арнайы қабілетін дамытуға арналған (математикаға, көркем әдебиетке,  эстетикаға т.с.с.), бірақ ол жалпы  алғанда, оқушылардың шығармашылық  қабілетін дамытады.

Сыныптан тыс жұмыстарды осындай түрде ұйымдастыру оқушылардың  арнайы тар мағыналы қабілетін дамытпауы, мүмкіндігіне қарай ол әр алуан түрдегі  бейімділіктер мен оқушы қабілетін  дамытуға мүмкіндік жасауы қажет, бұл  мектептің оқу-тәрбие жұмысында  жалпы алғанда өте құнды болуы  қажет. Сыныптан тыс жұмыстар мектепте оқыту мен тәрбиелеу сияқты негізгі  мәселелерді дұрыстап шешуге әсер етуі керек (50).

2. Математикадан оқушыларға  арналған сыныптан тыс жұмыстар  жеке, топтық, жалпы көпшілікпен  жүргізілетін болып үш түрге  бөлінеді. Математиканың сыныптан  тыс жұмыстары осы үш түрді  де қамтуы керек.

3. Математикадан жүргізілетін  сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуы  әрекеттің белгілі күн тәртібімен  шығармашылық сипатты және жүйелілікті  қамтамасыз етеді.

4. Осы ұйымдастырудың  әрбір кезеңінде әрекеттің ширақтығын  қамтамасыз ететін құрылымы болады. Осындай түрдегі ұйымдастыруға  мектептің негізгі пәндерінен  мұғалімнің басшылығымен немесе  пән бірлестіктерінің басшылығымен  ұйымдастырылатын жас талапкерлер  қоғамы жатады.

5. Сыныптан тыс жұмыстарды  пән мұғалімдері, пән бірлестіктері,  мектеп басшылары, ғылыми-зерттеу  институттарының жас ғалымдары,  педагогикалық институттар мен  университеттердің оқытушылары  мен жоғары курс студенттерінің, арнаулы клуб қызметкерлерінің  тығыз бірлескен шығармашылық  қызметі мен ұйымдастыруы арқылы  басқаруға болады.

Математикадан сыныптан тыс  жұмыстарды ұйымдастырудағы пән  мұғалімінің, пән бірлестіктерінің, мектеп басшыларының ролін нақтылай түсейік.

Егер сыныпта өтілетін сабақ кезіндегі оқу жұмысының  табысты болуы негізінен мұғалімге, оның сабағына, оның білімі мен педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты болса да, онда сыныптан тыс жұмыстарда бір ғана мұғалімнің әрекеті қажет, бірақ жеткіліксіз. Мұның себебі сабақ өз алдына жеке пәнді оқытудың дербес педагогикалық процесі, ал негізгі жетекші - басқаратын адам мұғалім болып саналатын "оқушы-мұғалім" әрекетіне тікелей байланысты. Сыныптан тыс жұмыс кезінде басқаруды негізінен оқушылар өз қолына алады, ал мұғалім бұл арада бағыт беруші кеңесші ролін атқарады (ең болмағанда ол оқушыларға солай болып көрінеді). Бұл арада мұғалім мен оқушының рольдері ауысады. Оқушы өзінің жолдастарының жұмысын басқаруы мүмкін, мұғалім олардың әрекетін бақылайды, байқатпай оқушылар жұмысын дұрыс бағытқа бұрады, оқушылар өздері тауып жатқан "ашылыстарында" жаңа жетістіктерге, нәтижелерге қол жеткізеді.

Егер оқушы сабақта  жаңа нәтижелер мен жаңа білімге  қол жеткізсе, онда оның жаңалығы оқулықта не есептер жинағында екенін мұғалім  біледі. Ал, сыныптан тыс жұмыстағы  оқушының "жаңалығы" субъективті - ол әркез өзінің қоғамдық мәні арқылы ерекшеленуі керек. Мұны қалай түсінуге болады? Осы зерттеудің І тарауының  басында шығармашылықтың негізгі  компоненті ретінде жұмыстың жаңалығы, қоғамдық мәні көрсетілген. Оқушылар үшін бұрын ашылғандарды да өз бетінше  бірінші болып ашып, құпиясын табатын  болса, оны оқушылар жаңалығы деуге  болады, бірақ бұл жаңалықтар қоғамдық мәнге ие бола алмайды. Ал, сыныптан тыс жұмыстарда мұндай жеңілдіктерді  келесі жағдайларда жасаймыз: Оқушылардың  шығармашылық әрекетін дамыту мақсатында олардың ақыл-ойын немесе практикалық  әрекетін жаңалық деп есептейміз (51-54).

Егер бұл нәтиже осы  мектеп көлемінде жаңалықтың элементі болып есептелсе, жаңа қоғамдық мәні бар болса, оны ашылыс деуге болады, ол ғылым мен техниканың, өнердің  керемет жаңалығы болмауы да мүмкін. Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, мысалы, мына төмендегі әрекеттерді  де оқушының шығармашылық жаңалығы деп  есептейміз. Егер оқушы жаңа қызықты  есеп қарастырса, оқулықта жоқ  жаңа теорема тапса, оқушылар алдында  баяндама жасаса, ол өз баяндамасында  белгілі бір жаңалықты хабарласа, мұғалімнің басшылығымен белгілі бір  зерттеу жұмысын жүргізсе немесе басқа оқушының көмегімен белгілі  бір дұрыс қорытындылар жасайтын болса, қызықты да  қиын есептің  соны, тапқыр шешімін берсе, мектеп көлемінде өтетін математика кешінде  баяндама жасаса, өзінің тапқырлығымен  ерекшеленсе, бастама көтергіштігімен, газет беттерінде өзіндік жақсы  мәліметтері бар мақалалар жарияласа, өз жұмысына қажетті көрнекіліктер  әзірлесе, ол көрнекіліктер эстетикалық  талаптарға сай келсе т.с.с. бұларды  оқушының шығармашылық қызметіне жатқызамыз. Мұндай шығармашылық жұмыстарды басқару, оқушылардың қызметінің нәтижелеріне баға беру олардың әртүрлі бірлестіктерінің, мектеп басшылары мен мұғалімдердің, оқушылардың міндеті болып табылады. Екінші жағынан бір ғана мұғалім V-XІ кластың барлық оқушыларына  математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра алмайтыны белгілі. Мұғалім барлық талапкерлермен жеткілікті дәрежедегі терең, жан-жақты тиімді сыныптан тыс жұмыстарды қамтып жүргізе алмайды. Бұдан басқа сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар қызметін бағалауда, басқаруда мұғалімнің ролі өзгеріп отырады. Ең соңында мұғалім әрекетін, уақытын жалпы мектептегі жұмыстар мен жоспарларға байланысты мұғалімнің уақытына шек қоюға болмайды. Сонымен, кез келген пәннің сыныптан тыс жұмысын мектеп басшыларының басқаруымен барлық мұғалімдердің бірлескен әрекеті арқылы табысты түрде ұйымдастыруға болады. Бұл арада математикадан сыныптан тыс істелетін шараларды мектептің жалпы жоспарына сәйкестендіріп, мұғалімдерге бөлетін, жоспарлайтын пән бірлестігі негізгі роль атқарады. Мектепте оқытылатын пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар, яғни оқушылардың ерікті жұмысы мектептегі оқушылардың басқа да ерікті түрдегі қоғамдық жұмыстарымен байланысты болмауы керек.

Мектепте оқыту мен  тәрбиелеу біртұтас процесс екені  белгілі, өйткені оқыта отырып тәрбие береміз және керісінше тәрбиелей  отырып оқытамыз. Бұл ерекшеліктерді ескере келіп, мұғалім бүкіл жұмысын  әсіресе сыныптан тыс жұмыстарында үнемі осы тұтастықты басшылыққа алуы қажет. Пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бұрынғыдай міндетті бағдарламаға енбейтін, мұғалім еңбегі бағаланып, оған ақы төленбейтін  болады, демек, мұғалімдердің ерікті жұмысына айналды. Біздің көп жылғы  тәжірибеміз бен зерттеуіміз  бойынша сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың барлық бастамалар мен  оқушылардың барлық ерікті жұмыстарын бір орталықтан басқарып, дұрыс бағытқа  меңзеп оларды реттеп отыруы қажет. Бұл  арада мұғалім өз пәні бойынша  оқушы әрекетін басқаратын, бағыт  беретін кеңес беруші роль атқарады. Бұл оқушылардың тобының ұжымдық  жұмыстарын мұғалім түгел өзгертеді  деген сөз емес. Бұл арадағы  мұғалімнің білігі мен шеберлігі  арқасында байқатпай оқушы әрекетін бағыттайды, кеңес береді, бүкіл  ұйымдастыру жұмысын өз пәні бойынша  жоспарлағанындай жүргізеді, ал оқушылар әртүрлі ұйымдардың (мектептегі оқу  істерін ұйымдастырушылар мен тәрбие жұмысының басшылары) басшылығымен сыныптан тыс жұмыстарды өз бетінше  жүргізеді. Бұл арада "өз бетіндік жұмыс" дегенді оқушылар мұғалімнің бағыттауы бойынша өз бетіндік шығармашылық жұмыс жүргізеді деп түсіну керек. Мұғалімнің мақсаты болашақтағы  қоғамды басқарушыларды қазірден бастап тәрбиелеу, бұл істе мұғалімнің әрекеті  шешуші роль атқарады.

Сыныптан тыс жұмыстарда проблемалық оқыту тәсілін кеңінен  қолдану қажет, өйткені оның қолданылуына сыныптан тыс жұмыстарда көптеген мүмкіндіктер бар (тақырыпты, жұмыстың әр түрлі формасын еркін таңдай алу т.с.с.), дұрыс  ұйымдастырылған сыныптан тыс сабақтар бағдарламаның көптеген жаңа тақырыптарының әдістемелік талдаулары үшін "полигонға" айналады. Үздік мұғалімдердің сыныптан тыс жұмыстарды өткізу арқылы жинақтаған тәжірибесі және бұларға сәйкес ғылыми зерттеулер, проблемаларды баяндайтын оқулықтар жасауға мүмкіндік береді (8, 54).

Сыныптан тыс жұмыстардың  әдістемесінің негізіне келесі принциптер жатуы тиіс.

 

 

2.1.3 Математикадан сыныптан  тыс жұмыстардың әдістемесінің принциптері

 

1. Оқушыларға қиындық  келтіретін жалпы оқу проблемаларын  дербес жеке проблемаларға бөлу  керек.

2. Оқушылардың жалпы оқу  проблемасынан басқа да өздерінің  дербес жеке проблемалары (дербес  проблемалық тапсырмалар) болуы  тиіс.

3. Кез келген проблема - берілген тапсырма белгілі оқушы  үшін қиын, екінші жағынан оның  ақыл ойының дамуына, оған күш  түсіруге барынша жеткілікті  болуы керек.

4. Мұғалімнің міндетті  түрде проблемалық жағдайды туғызуының  арқасында оқушылар проблеманы  өздері шешеді.

5. Жалпы дәстүрге енген  ережелер бойынша жалпы проблеманы  шешу ұжымдық сипатта болады, бұл жалпы проблеманың шешуі  оқушылардың ұжымдық жұмысының  нәтижесі, мұны кейде жеке оқушылар  шешуі де мүмкін, мұғалім жеке  оқушының шешуіне күш салады.

6. Оқушылар  алдына қойылған  проблеманы шешу келесі жоспар  бойынша жүргізілуі қажет:

а) пролеманың қойылуы немесе мұғалімнің информациясы (хабары), оқушыларда проблеманың пайда болуы - проблемалық  жағдай;

б) проблеманың бөлшектенуі  және оқушыларға мүмкіндіктері мен  талап-тілектері бойынша дербес проблемаларды оқушыларға үлестіру;

в) проблеманы шешудің мерзімін белгілеу;

г) проблеманың шешілу кезеңін  басқару;

д) проблеманың шешуін талдау, анықтау;

е) проблема шешімінің жалпы  көпшілікке танылуы (баяндамалар мен  хабарлар, демонстрациялар, мақалалар  жариялау т.с.с),

ж) орындалған жұмысты бағалау, мадақтап сыйлықтар беру (мақұлдау, алғыс жариялау), оларды мадақтап мектеп басшылары мен мұғалімдердің  ауызша, жазбаша алғыстарын жариялау.

Алға қойылған проблеманы шешу үшін оқушыларда "математикалық  атмосфера" қалыптастыру керек.

Біз "математикалық атмосфераны" механикалық тұрғыдан түсінеміз. Сынып  қабырғаларын математикалық мазмұнды газеттермен толтырамыз, әдемілейміз, ондағы плакаттарда суреттер, қажетті  формулалар жазылады, "химия математикаға тәуелді", "көптеген адам өмірі  математикаға тәуелді", т.б. деп түсінуге болмайды. Мектептегі "математикалық  атмосфера" ең алдымен оқыту жұмысының  жақсы жолға қойылуы, үнемі және тұрақты қалың көпшілікке арналған сыныптан тыс жұмыстар мен шараларды  өткізіп, оны сыныптағы жұмыстармен  қабыстыра байланыстыруға тікелей  байланысты. "Математикалық атмосфераның өмірлік шарты мектепте өз бетіндік жұмысты қолдау болып табылады, оқушының шығармашылық жұмысында шығармашылық элементі болуы керек, сол арқылы жұмысты қызықты, адам өмірін бақытты етуге болады" (36).

Сыныптан тыс жұмыстардағы математикалық үйірменің алатын орны зор. Оқушының бастамасы мен  шығармашылық ойларын осы үйірмеде іске асырады.

Үйірме мүшесі болудың  еріктілігінің, оның сабағын өткізу ерекшелігі сыныпта өтетін сабақ  пен оның әдістемесінен әлдеқайда  өзгеше. Басқару міндеті көбінесе мұғалімге тиісті, бірақ оның сыныпта  өткізген сабақтарында қолданатын әдістерінің  бәрі бірдей сыныптан тыс жұмыстарда қолданыла бермейді. Сонымен, сыныптан тыс жұмыстардағы математикалық  атмосфераны жарнамалар арқылы емес, қайта оқушылардың өздерінің  қызғылықты шығармашылық қызметтерінің  нәтижесінде қалыптастыру керек.

Информация о работе Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелік жолдары