Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 18:21, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамының алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.
КІРІСПЕ ………………...………………....…………………..…………............3
І. ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.....…….....8
1.1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық- педагогикалық және оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау ....................................................................................................……………8
1.2 Оқушылардың шығармашылық қызметінің мәні мен сипаттамалық ерекшеліктері.............................…………………………………………………16
1.3 Математикадан сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың белсенді шығармашылық қызметінің алғы шарты іспеттес …………............................31
ІІ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ……………………………………...........................................38
2.1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша математика-дан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ..................................................38
2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашы-лық қызметін дамытудың жолдары ……....………............................................45
2.3. Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға қажетті проблемалар жүйесі арқылы педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері..............................................................................................................71
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР…....93
ҚОРЫТЫНДЫЛАР ……………………………………………………………..98
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ………………………………….....101
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуындағы жетістікті олардың мектепті бітіруі бойынша келесі:
а) шешілген проблемалардың нәтижесі - тапсырманы орындаудың саналылығы мен қоғамдық мәні;
б) барлық пән бойынша мектепті табысты түрде аяқтау (жекелей алғанда математикадан сыныптан тыс шығармашылық әрекетке қатысты);
в) мамандық таңдаудың дұрыстылығы мен болашақтағы жұмыс не оқудың таныстылығы сияқты белгілерді анықтауға болады.
Егер оқушы бұл өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде дұрыс бағдар жасай алса, онда сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың шығармашылық әрекеті қажетті нәтижеге қол жеткізді деп есептеледі. Сонымен, оқушылардың шығармашылық әрекетінің белгісі мынадай:
а) Кластағы сабақ кезіндегі табысы;
б) өз бетімен істейтін және
әртүрлі оқу проблемаларын
в) оқушының есептер шешу кезіндегі шығармашылық әрекетінің нәтижелері (жаңалығы, сонылығы);
г) қоғамдық белсенділігі; жеке тұлға ретіндегі табысы;
д) мектепті табысты түрде аяқтау және мамандықты дұрыстап таңдауы сияқты мәселелер болуы мүмкін.
Негізгі сипаты. Оқушылармен жүргізілетін математикалық сыныптан тыс жұмыстарының әрқайсысын жеке қарастыруға болады. Алайда, біз сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы болып есептелетін - үйірме жұмысының ерекшелігіне тоқталамыз. Ол ерекшеліктер:
а) үйірменің тақырыбын таңдаудың ерекшелігі;
ә) үйірменің лекциялық, практикалық әдеттегі жай сабақ түрінде, қабырға газеттері, олимпиадалар, мектептегі үйірме, бір не бірнеше мектептегі параллель сыныптардың үйірмесі т.с.с. түрлерінің айтарлықтай әралуандылығы;
б) маттериалының қызықтылығы;
в) бір тақырыпқа бөлінетін сағат санының аздығы;
г) таңдап алынатын сабақ тақырыбының әртүрлі болуымен ерекшеленеді.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктер бір-бірімен өзара байланысты, бұлар үйірме жұмысына оқушылардың белсенді араласуының міндетті еместігі туралы принциптің салдары болып табылады. Біз үйірме жұмысының барлық ерекшеліктерін баяндауды алдымызға мақсат етіп қойған жоқпыз, аталған ерекшеліктердің өзі бұл жұмыстың икемділігін, оқушылардың нақты тобының үйірме жұмысын қандай да бір формасына үйренетіндігіне жеткілікті екенін көрсетеді.
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру оқушыларға терең білім беруде, олардың білім алу процесіндегі жоғары математикалық дайындық жүйесін мәнді функционалдық байланыстар деңгейінде құруда сыныптан тыс жұмыстар аса маңызды міндет атқарып келеді.
Оқушылардың жоғары да сапалы математикалық дайындығының құрылымының бір элементі ретіндегі сыныптан тыс жұмыстарды дамытып, оларды үнемі жетілдіріп отыру керек, олардың кейбіреулерін атап өтейік.
А. Бастауыш сынып оқушыларының үйірме жұмысы
Факультативтік сабақтар 7-сыныптан бастала ма әлде оның өткізілу уақтысы ілгері не барынша кейін жылжи ма деген мәселені қарағанда оқушылардың математика пәніне қызығушылығы қашан пайда болатындығына, математиканы үйренуге деген талпыныс, қажеттілік т.с.с. қашан қалыптасатындығына назар аудару керек.
Сыныптан тыс жұмыстар мен факультативтік сабақтар оқушылардың қызығушылығын дамытып, ынтасын арттыруы керек. 1-4 сынып оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, өткізу әдістері, формасы жеткілікті талданбаған, оны халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарымен жеткілікті түрде байланыстырылмаған.
1-6 сыныптарда тек сан
ғана қарастыру бастауыш сынып
оқушыларының жалпы
Сонымен, бастауыш сыныптарда ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың факультативтік сабаққа дейінгі математикаға қызығушылығы мен қалыптасуының, одан соң математика пәнін терең үйренудің негізгі шартына айналады.
Ә. Жоғары сыныптардағы үйірме жұмысы
Өткен Кеңес өкіметі жылдарында жоғары сыныптарда математикадан үйірме өткізу және ұйымдастыру туралы бай тәжірибе қалыптасты. Бұл тәжірибені үйрену және оны жалпылау туралы бірталай диссертациялық зерттеу жұмыстары жазылды. Бастауыш және жоғары сыныптардағы математикалық үйірмелер мектеп математикасының мазмұны мен оны оқыту әдісін зерттеп жетілдірудің терең перспективалы бағыты болып табылады. Сондықтан, оқушылардың жоғары деңгейдегі математикалық дайындығының негізгі формаларын жетілдіруде факультативтік сабақтар мен жоғары сыныптардағы үйірменің атқаратын маңызы зор.
Сонымен бірге, математиканың сыныптан тыс жұмыстарының, әсіресе үйірменің өткізуге икемділігі математикаға тұрақты қызығушылығы жоқ оқушыларды жеткілікті дәрежеде пәнге қызықтыруға қол жеткізуге мүмкіндік жасайды (36-42).
Математикалық олимпиадалар.
Математикадан олимпиадалар
өткізу және оны ұйымдастыру
Біз орта мектептегі математикалық жаттығулардың мазмұнының даму деңгейін көбінесе 1) Республикалық, 2) Облыстық, 3) Қалалық, 4) Аудандық және мектеп ішілік, 5) Жоғары оқу орындарындағы мектептердің олимпиадасында тексереміз. Бұл олимпиадалар арасында ешбір сабақтастық жоқ, ұйымдастырылуы мен материалдың мазмұнының біртіндеп қиындауы, оқушылардың әртүрлі ойлау қабілеттерінің дамуы т.б. сәйкес болуында ешбір байланыстар жоқ. Әртүрлі пәндерден олимпиаданың бір мезгілде өтуі немесе бір оқушының барлық олимпиадаларға қатысуы дәстүрге айналып келеді. Бұл жарысқа қатысушыларды зорықтырады. Сондықтан олимпиада ұйымдастыру мен өткізуді реттеу керек (43,44,45).
Орта мектеп математикадан қызықты кеш ұйымдастыру, викториналар, ғалым математиктермен кездесу, қабырға газеттерін шығару, жаздағы лагерлердегі жас математиктер қоғамы мен жарыстары және конференциялар өткізу, оған баяндама жасауға әзірлену, математикалық шығармалар жазу, көрнекі құралдар жасау жарысы сияқты сыныптан тыс жұмыс түрлеріне үнемі назар аударып, оны әдейі ұйымдастыруы, олардың еңбегін бағалауы керек.
Қорытынды: Математикадан
сыныптан тыс жұмыстардың аталған
ұйымдастыру формалары
Сонымен, математиканың сыныптан
тыс жұмыстары оқушылардың
ІІ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1 Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
2.1.1 Математиканы оқыту процессінде оның сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың маңызы
Оқушылардың шығармашылық қызметі
бойынша қарастырылған біздің зерттеулеріміз
келесі ғылыми-әдістемелік
Дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырып, сыныптағы сабақтардың меңгерілу сапасын арттырады.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылар қызметі мыналарға байланысты:
а) оқушылардың сынып жұмысы барысында ала алмайтын жаңа білімді сыныптан тыс жұмыстар арқылы алатындығы;
б) сынып жұмысы жағдайында өз білімін қолдана алмайтын, өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік болмайтын жағдайларда оған сыныптан тыс жұмыстарда қол жеткізеді.;
в) оқушылардың мұғалімге деген сенімі, оқушы өзі қиналатын сұраққа мұғалім жауап бере алар ма екен деген мәселені сыныптан тыс жұмыс арқылы біледі. Сол сұраққа сыныптан тыс жұмыс кезінде жауап бере алатындығына көзі жеткен оқушы ол мұғалімнің пәнін, сабағын барынша терең игеруге қолынан келген бар шараларды қолданады.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстағы мұғалімнің әрекеті неден білінеді? Мұғалімнің математикадан жүргізетін сыныптан тыс жұмысы:
а) мұғалім балаларды қызықтыра отырып оқушыларға бағдарлама талабына сай білім береді, іскерлік, білім, білік, дағды қалыптастырады, бұл мұғалімнің кәсіптік міндеті, мұнсыз оның жұмысында тиімділік болмайды;
б) педагогикалық шеберлігі;
в) мұғалімнің беделі - бұл өте маңызды іс. Мұның бәрі жай емес, сыныптан тыс жұмыс жүргізіп бедел жинаудан гөрі сыныптағы сабақта жақсы мұғалім болу әлде қайда жеңіл.
Неге олай? Мұғалім сыныпта істейтін жұмысында оқулықты, әдістемелік әдебиеттерді, тіпті кейде берілген бір тақырыптың өзіне өте жетілдірілген өте анық талдауларын қолданады. Ал, сыныптан тыс жұмыстарда мұндай қосымша материалдар болмайды. Ол тақырыпты өзі тауып, сәйкес әдебиеттерді қарастырып, материалдарды шығармашылықпен талдап, оқушылардың санасына жететіндей етіп, материалдың мазмұнын түрлендіріп байытады. Бұл өте күрделі жұмыс.
Сыныптан тыс жұмыс оқушыға не береді? Ол жаңа білім, білік, дағды алып, мамандық таңдау жөніндегі талғамын арттырады, шығармашылықпен серпіліс жасайды. Сыныптан тыс жұмыс өткізу мұғалімге не береді? Кейбір мағынада алғанда сыныптан тыс жұмыс жүргізген мұғалім шәкіртке қарағанда көбірек білім алады. Мұғалім үшін мұндай кезең міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа білім алады, өзінің білік, дағдысын, педагогикалық шеберлігін жетілдіреді, оқушылардың мұғалімге деген сенімі күшейеді, мұғалімнің беделі артады, осының бәрі сыныпта өтілетін сабақтың дұрыс өтілуіне зор көлемде игі ықпалын тигізеді.
Қазір Республика мектептерінің
практикасында оқушылырмен
Республикамыздағы көптеген
тәжірибелі мектеп мұғалімдері сыныптан
тыс жұмыстардың әр алуан түрін
өткізеді. Республикамыздың нарықты
экономикаға көшуіне байланысты
сыныптан тыс жұмыстардың түрін
өзгерту оған қажетті әдістемелік
әдебиеттердің көбеюіне себепші
болды. Сыныптан тыс жұмыстар бизнеспен
араласып қатар жүретін болды. Соңғы
кезде тіпті бұрыннан да оқушыларды
математикаға қызықтыра оқыту жұмысына
педагогикалық институттар мен
университеттердің педагог
Қазіргі кезде экономикалық өзгерістер, нарықты экономика талаптары көптеген экономика мамандарын, шаруашылықтың әр түрлі саласындағы бизнесмендер мен маман экономист кадрларды өте көп дайындау қажеттігі туды. Шаруашылық, сауда, оқу т.б. мамандықтағы қысқаша айтқанда өмір сүру үшін әр адам өмірдің заңындай болған капиталистік өндіріс процесін терең білуі қажет болды. Экономиканы меңгеру үшін көбінесе математиканы тереңдетіп оқытатын мектептер, шет тілін тереңдетіп оқытатын, есептегіш бағыттағы практикалық дағды беретін компьютерлік-есептегіш программистер дайындайтын мектептер бүгінгі күннің өмір талабы болып отыр. Осындай мектептердің жұмысы жақсы жолға қойылуының, оқушының өз білімін тереңдетуінің мүмкіндігі, мектепте өзінің шығармашылықтың қажеттілігін қанағаттандыруының бір жолы ең алдымен жақсы ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарға қатысу болып табылады. Соңғы кездері әдістемелік әдебиеттерде "мектеп-қуаныш үйі" болуы керек деген жарыссөздер жарияланып жүр. Бұл жарыссөзге қатысушылар мектеп өзінің бүкіл жұмысын оқушыны өзіне баурайтындай, онда оқушылар үшін қызықты жұмыстар мен қуаныштар күтіп тұратындай етіп ұйымдастыру керек деп талап қояды. Оқушыны мектепте тек үнемі білім, білік, дағды алуға ұмтылып қана қоймай, сонымен бірге биік моральдық қанағаттанушылық, кішкентай ашылыстардың сезімдік қуанышына бөленуі қажет. Біз мұндай мектептерді сыныптан тыс жұмыстарды негізгі пән ретінде жоғары деңгейге қою арқылы ғана құра аламыз.