Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 20:45, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет. Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты. Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. асқару есебінде бухгалтерлік ақпаратгың қалыптасу қағидаттары үш бағытта қолданылады.
Бірінші бағыты - өндірістік есеп, негізгі мақсаты өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын анықтау үшін өндірісті шығындар және оны сатудан күтілетін табыс туралы есеп мәліметтерін алу болып табылады. Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы мен олардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі өндірістік үстеме шығындар есебі және олардың жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына жатқызу тәртібі, сонымен қатар шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың жеке әдістерін қолдану - тапсырыстық, үрдіспе-үрдіс, қайта бөлу т.с.с - сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және кысқартылған (тұрақты шығындарсыз), және шығындарды толық тарату калькуляциясын қарастырады.
Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.
Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:
- кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;
- өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.
Бұл есеп кәсіпорын
басшылығына мыналарды
1.1 Шығындардың ұғымы
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).
Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу бар: өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу -реттелетін және реттелмейтін.
Шығындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.
Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілІ бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.
Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы шығындарды "қазандық" деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетгі мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.
1887 ж. ағылшын
экономистері шығын туралы
Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, ақталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әр тараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.
Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды.
Шығындар - шаруашылык іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығыңдар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Көбіне экономикалық әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазакстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндетгемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.
Басқаша айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.
Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:
• Ағымдағы есепті кезең;
• Кейінге қалдырылған.
Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы есепте танылады.
Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
• осы есепті кезеңде алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шығыстары);
• ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепте және ағымдағы есепті кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезеңде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шаруашылық операцияларымен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.
Ұйымның болашақтағы
ресурстарында пайда болу мүмкіндігі
белгілеріне қарай кейінге
• инвестициялар (күрделі қаржы);
• болашақ кезең шығыстары.
1.2 Басқару есебінде қоланылатын шығындарды жіктеу
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалган қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданган жөн.
2 «Қорлар»атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қаңтардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:
а) экономикалық элементгер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 2 «Қорлар»-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:
• материалдық шығындар;
• еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
• ақша аударулар;
• құралдардың тозуы;
• басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 2 «Қорлар» ХҚЕС бойынша бұларға:
• материалдар;
• еңбекті өтеу;
• ақша аударулар (аударымдар);