Шаруашылығы және өнеркәсібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 09:16, реферат

Краткое описание

Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:
Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
Қиыр Шығыс Ресейі

Оглавление

IКіріспе
1.1 Экономикалық- географиялық жағдайы……..……………………………...3
1.2Мемлекеттік құрылымы………………………………………………………4

II.Негізгі бөлімі
2.1 Мемлекеттің қалыптасу тарихы……………………………………...………4
2.2Мәдениеті.................................………………………………………..….……5
2.3Табиғат жағдайы...............………………………………………….…….…...6
2.4Демографиялық көрсеткішті.……………………………………….…….…..7
2.5Геосаяси жағдайы………………………………………………….……….…9
2.6Ресей-Қазақстан байланысы………………...……………………………….10
2.7Қаржы жүйесі және оның буындар....……………….……………….……..12
2.8Білім жүйесі………………...…………………………………………………15
2.9Негізгі экономикалық –әлеуметтік көрсеткіштері………………………....16
3. Салық жүйесі және сыртқы сауда…………………………………………..17


III.Қорытынды

3.1Экономикалық аудандары……….………………………………………….19
3.2Еңбек ресурс...…………………………………………………………….... .20
3.3Шаруашылығы және өнеркәсібі……………………………………………..20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………

Файлы: 1 файл

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ.docx

— 68.66 Кб (Скачать)

   ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар кафедрасы

 

      Реферат

                  Тақырыбы:Ресей

 

                                          

                        

 

 

                                             

                                                 Орындаған:Кулешова Б

                                                                           Қабылдаған:Садуақасов А

                                      

 

                                             

                                                Астана-2011

                                              

 

 

                               Жоспары

IКіріспе

1.1 Экономикалық- географиялық жағдайы……..……………………………...3

1.2Мемлекеттік  құрылымы………………………………………………………4

 

II.Негізгі бөлімі

2.1 Мемлекеттің қалыптасу тарихы……………………………………...………4

2.2Мәдениеті.................................………………………………………..….……5

2.3Табиғат  жағдайы...............………………………………………….…….…...6

2.4Демографиялық көрсеткішті.……………………………………….…….…..7

2.5Геосаяси  жағдайы………………………………………………….……….…9

2.6Ресей-Қазақстан байланысы………………...……………………………….10

2.7Қаржы жүйесі және оның  буындар....……………….……………….……..12

2.8Білім жүйесі………………...…………………………………………………15

2.9Негізгі экономикалық –әлеуметтік көрсеткіштері………………………....16

 3. Салық жүйесі және сыртқы сауда…………………………………………..17

 

 

III.Қорытынды

 

3.1Экономикалық  аудандары……….………………………………………….19

3.2Еңбек ресурс...…………………………………………………………….... .20

3.3Шаруашылығы және өнеркәсібі……………………………………………..20

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі……………………………………………...21

                         Экономикалық-географиялық жағдайы

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен , оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен , Моңғолиямен , Қазақстанмен , Әзербайжанмен , оңтүстік-батыста – Украинамен , батыста – Финляндиямен , Беларуспен , Естониямен , Латвиямен , Норвегиямен шектеседі.

Ресейдің ауа райы оның үлкен  аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық  емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен  аумақты аймаққа бөлуге болады:

  • Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
  • Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
  • Қиыр Шығыс Ресейі

Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.

Ресей аумағының 1/4-іЕуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.

Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен темір жол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын  игеруі Солтүстік Еуропада, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс отнатуға мүмкіндік береді.

                                  Мемлекеттік құрылымы

Ресей федеративті  республика болып  табылады.Мемлекет  басшысы  президент.Атқарушы   үкіметті премьер-министр басқарады.Заң шығарушы орган-парламент.Әкімшілік-аумақтық құрылымы-49облыстан,6 өлкеден,21  автономды республикадан,10  автономды округтен,1  автономды ауданнан  тұрады.

                                   Мемлекеттің қалыптасу тарихы

Ресей — сан ғасырлық тарихы бар  ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті  айқын ажыратылатын табиғи шептері  жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан  орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы  орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.

Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті  көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы  аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.

XVIII ғасырда шведтермен болған  соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей  геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді

1721жылдан бастап империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында I Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады. Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. XIX ғасырдың басында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Бірақ 1853—1856 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресейдің геосаяси жағдайы күрт нашарлап кетті. Осы кезеңде Ресей Бессарабияның оңтүстігінен айрылып қалды және АҚШ-қа Алясканы сатуға мәжбүр болды. Ендігі жерде Ресейдің назары Орта Азияға ауды. Ресей империясының басқыншылық саясаты нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан жері толығымен дерлік тәуелді аумақтарға айналды.

Ресейдің XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайдаболған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпынакелтіумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып  мемлекет әлемдік экономика мен саясатта өзіндік орын  алы.Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды.

1991 жылы ішкіқайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагеріретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелістібасынан кешірді. Біртұтастығы бұзылған кеңістікте экономикалық, байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайлы емес  геосаяси жағдай қалыптасты 

                                                 Мәдениеті

Ресей мәдениеті адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған  дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік  ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері  негізінен төмендегі факторларға  тығыз байланысты болды.Олар:

  • көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;
  • уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу;
  • жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.

Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.

                                         Табиғат жағдайлары

Ресейдің табиғат жағдайы алуан  түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен  болуымен байланысты. Ресей жерінің  көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.

Сонымен қатар Ресей жерінің  жазық бөлігінің, негізінен, жоғары және орта ендіктерде орналасуы да табиғат жағдайына өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстікке Қара теңіз жағалауындағы субтропиктік климаттық белдеуге дейін созыла орналасқанына қарамастан, Ресей жерінде жыл мезгілдері айқын ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты басым тараған. Батыстан шығысқа қарай өте енді (9 мың км-ге жуық) болуы климат континенттілігін арттырады. Сондықтан Ресейдің батысында, яғни еуропалық бөлікте климат қоңыржай континенттік болса, ал азиялық бөлікте шұғыл континенттік сипатқа ауысады. Азиялық бөлікке жыл мезгілдері арасындағы және тәуліктік температуралық айырмашылықтың үлкен болуы, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, қатал климаттық жағдай (әсіресе қыс кезінде) тән болады. Сондықтан Ресей жерінде көпжылдық тоң басқан аудандардың үлесі жоғары, олардың жалпы ауданы 9 млн км2-ге жуық. Көпжылдық тоң қалыңдығы климат қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді.

Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар(тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөлзоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына , халықтыңорналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.

Информация о работе Шаруашылығы және өнеркәсібі