Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 09:16, реферат
Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:
Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
Қиыр Шығыс Ресейі
IКіріспе
1.1 Экономикалық- географиялық жағдайы……..……………………………...3
1.2Мемлекеттік құрылымы………………………………………………………4
II.Негізгі бөлімі
2.1 Мемлекеттің қалыптасу тарихы……………………………………...………4
2.2Мәдениеті.................................………………………………………..….……5
2.3Табиғат жағдайы...............………………………………………….…….…...6
2.4Демографиялық көрсеткішті.……………………………………….…….…..7
2.5Геосаяси жағдайы………………………………………………….……….…9
2.6Ресей-Қазақстан байланысы………………...……………………………….10
2.7Қаржы жүйесі және оның буындар....……………….……………….……..12
2.8Білім жүйесі………………...…………………………………………………15
2.9Негізгі экономикалық –әлеуметтік көрсеткіштері………………………....16
3. Салық жүйесі және сыртқы сауда…………………………………………..17
III.Қорытынды
3.1Экономикалық аудандары……….………………………………………….19
3.2Еңбек ресурс...…………………………………………………………….... .20
3.3Шаруашылығы және өнеркәсібі……………………………………………..20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………
Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның көрсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4—5 %-дан аспайды.Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді
Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болды. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттарымынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2)экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.
1990 жылдардан бастап жүргізілген нарықтық қайта құруларға қарамастан, шаруашылықтың салалық құрылымында ала-құлалық сақталуда. Қазіргі кезге дейін ел экономикасында ресурстық салалар басым, өндірістің шоғырлану және монополиялану деңгейі жоғары. Ресей экономикасы басым түрде шикізат пенматериалдарды шетке сатуға негізделіп отыр. Шаруашылық дамуында Ресей өз аумағындағы табиғи, материалдық және еңбек ресурстарына сүйенеді.Шетел инвестициясы , негізінен, қаржы саласы мен сауданы дамытуға бағытталған, өндіріс салаларын дамытуға әлдеқайда аз жұмсалады. Қазіргі кезде мемлекет аса маңызды шаруашылық салаларын бақылауды өз қолына алу үшін бірқатар жұмыс жүргізуде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Нәдіров М. Н., Қалыбекова Д. Б.
Шет мемлекеттер қаржылары:
Оқу құралы. – Алматы: Экономика,
2. Доғалова Халықаралық экономика.Алматы, 2002 ж
3.Баубек Сомжүрек.Қ.Р сыртқы саясаты:Ресей Федерациясымен әскери-cаяси қарым-қатынастары,Астана,2010
4. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
5. География: Дүниежүзінежалпы шолу. ТМДелдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану -математика бағытына арналған оқулық/ Ө.Бейсенова, К.Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б.Алматы:Мектеп, 2010
6Ресей статистика агенттігі
7.Дүние жүзі тарихы .Қожахметұлы К.,Шүпеков Ә,Дәкенов М/Алматы:Мектеп,2006
8.Интернет желісі
\