Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 09:16, реферат
Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:
Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
Қиыр Шығыс Ресейі
IКіріспе
1.1 Экономикалық- географиялық жағдайы……..……………………………...3
1.2Мемлекеттік құрылымы………………………………………………………4
II.Негізгі бөлімі
2.1 Мемлекеттің қалыптасу тарихы……………………………………...………4
2.2Мәдениеті.................................………………………………………..….……5
2.3Табиғат жағдайы...............………………………………………….…….…...6
2.4Демографиялық көрсеткішті.……………………………………….…….…..7
2.5Геосаяси жағдайы………………………………………………….……….…9
2.6Ресей-Қазақстан байланысы………………...……………………………….10
2.7Қаржы жүйесі және оның буындар....……………….……………….……..12
2.8Білім жүйесі………………...…………………………………………………15
2.9Негізгі экономикалық –әлеуметтік көрсеткіштері………………………....16
3. Салық жүйесі және сыртқы сауда…………………………………………..17
III.Қорытынды
3.1Экономикалық аудандары……….………………………………………….19
3.2Еңбек ресурс...…………………………………………………………….... .20
3.3Шаруашылығы және өнеркәсібі……………………………………………..20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………
Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.
Демографиялық керсеткіштерге
халықтың жас және жыныстық кұрылымы,
көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі
кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа
толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан
асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының
53%-дан астамын әйелдер
Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.
Тілдік құрамы жағынан
Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық
(халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және
орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады.
Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі
мен мәдениетінің ғана емес, басқа
халықтардың, соның ішінде шағын
ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің
сақталуына айрықша көңіл бөлінген.
Орасан зор аумақты алып жатқан Саха
республикасының байырғы
Халық тығыздығы табиғат
Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1 %-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және көптілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.
Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек. Көлік қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.
Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс 87%) және Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан төмен. Ал ауыл шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.
Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы
аралық орны екі дүние бөлігін
байланыстырып тұратын өзіндік
көпір қызметін атқаруына себепші
болады. Бұл елдің әлеуметтік-
НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, "қырғиқабақ соғыс" саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.
Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.
Ресей Геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші
Ресей-Қазақстан байланыстары
Сыртқы саясатта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы әскери –саяси ынтымақтасық ерекше орын алалы.
1990жылдары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы геосаяси жақындық,тарихи байланыс,саяси,экономикалық және әскери аспектілерге қатысты көптеген мәселелерде көзқарастары сәйкес болу себептері қарым-қатынастардың мүлдем жаңа түрін қалыптастырды.Әсіресе,екі мемлекет қатынасын анықтау мақсатында геосаяси фактор басты роль атқарады.Ресеймен шекарасы көбірек шектесетін Қазақстанның сол ресей арқылы әлемдік коммуникацияларға қол жеткізімділігі бар.Тарихи қалыптасқан себептерге байланысты біздің республика экономика жағынан Ресейге тәуелді болып тұр.Ресейде 750мың қазақтар тұрғанда,Қазақстанда 4млн.адам орыс диаспорасы тұрады.Осы барлық себептер екі мемлекетті байланыстырып,Ресейді Қазақстанның басты страгетиялық серіктесі және одақтасы ретінде анықтайды.
Қазақстан үшін Ресей ең алдымен басты стратегиялық серіктес және одақтас.ТМД-ға кіретін мемлекетер ішінен Ресей Федерациясы бүгінгі таңда Қазақстан Республикасымен өзара қатынастарын тығыз дамытуда.
Өз кезегінде Қазақстан және Ресейдің әскер –саяси ынтымақтастығының қазіргі заманда 3 кезеңнен тұратын өз тарихы бар:
1-этап- әскери –саяси ынтымақтастықтың маңыздылығын анықтау(1990-1991жылдар)
2-этап-қарым-қатынастың құқықтық базасының қалыптасуы(1992-1993)
3-этап-әскери ықпалдасудың кеңеюі(1994-2007)
Қазақстан және Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізі Кеңес Одағының ыдырауына дейін қаланған.
Қазақстан және Ресей арасындағы Достық,ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім шарт екі мемлекет арасында әскери-саяси жақындасудың бастамасын қалыптастырған негізгі мемлекетаралық құжат болды.1992жылы 16 шілдеде Қазақстан және Ресей арасындағы Достық,ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім шарт Ресей парламентімен бекітілді.
Тағы екі маңызды құжаттар
1992 жылы шілде мен тамызда Қазақстан мен
Ресейдің Қорғаныс министрліктері арасында
қабылданды.Бұл әскери оқу орындарында
офицерлік кадрлер дайындау және офицерлік
құрам,прапорщиктердің,
Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы әскери-
саяси қарым –қатынастың құқықтық
базасының қалыптасуына 1995жылдың 20 қаңтарындағы
Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей
Федерациясының Президенті Б.Н