Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 16:55, реферат
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Құрылыс кешеніндегі келісім бағаларын анықтау әдістері
Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын индустриялық-инновациялық дамытуды, құрылыс материалдарының орнықты және теңгерімді өндірісін қамтамасыз ету Отандық құрылыс материалдарының үлесін 80 %-дан астамға ұлғайту;Цемент өндірісінің 50 %-дан астамын құрғақ тәсілге көшіре отырып, үзіліссіз қалыпсыз қалыптау желісінде темір-бетон бұйымдары мен конструкцияларының 30 %-дан астамын өндірумен, өнімнің 30 %-дан астамын жаңа буын технологиялық жабдығында шығара отырып, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары кәсіпорындарының технология- лық деңгейін арттыру; Халықаралық стандарттармен үйлесушілік деңгейін 90 %-ға дейін жеткізе отырып, құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау;
Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуге тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушылары үшін экономикалық қатынастардың негізгі элементі болып табылады. Құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесінің негізгі элементі сметалық-нормативтік база болып табылады. 1991 жылға дейін экономиканы көтерме бағалар мен тарифтерге, оның ішінде құрылыстағы жаңа сметалық нормалар мен бағаларға жоспарлы көшіру жүзеге асырылды. Құрылыстың жаңа сметалық нормалар мен бағаларға көшуі 1956, 1969, 1984 және 1991 жылдары жүзеге асырылды. Әр жағдайда құрылыстың орташа бағасы шамамен 20%-ға өсіп отырды. 1991 жыл ішінде құрылыстағы нақты баға 2-2,5 есеге өсті. 1992 және 1993 жылдары инфляцияның бірінші, ең үлкен толқыны келді. Бұл жылдары құрылыстағы бағалардың орташа өсуі бір ай ішінде 28%-ды құрады. Бағалардың салыстырмалы түрде тұрақтануы 1997 – 1998 жылдары болды.
Құрылыс кешенінің құрылыс материалдары өнеркәсібіне және құрылыс индустриясына қойылатын талаптары тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын өзгертуге, жаңа сәулет-құрылыс жүйесіне өтуге, ғимараттар мен технологиялардың типтеріне және оларды салуға, ресурс сыйымдылығын төмендету қажеттігіне, сондай-ақ тұрғын үйді салу және пайдалану кезіндегі энергетикалық және еңбек шығындарына, инвестициялық циклдің ұзақтығын қысқартуға, тұрғын үй құрылыс көлемін арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге, күрделі құрылыс қажеттілігін және сапалы өнім түрлерінің пайдалану мұқтаждығын қамтамасыз етуге негізделген. Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі. Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс өнімі қауіпсіздігінің міндетті, ең аз қажетті талаптарын белгілейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 20-дан астам техникалық регламент қабылданды. Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау қажеттілігі мынадай жағдайлардан туындайды:
Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыс мәдениетін арттыру қажеттілігі.
Нұсқаушы құжаттарға жатқызылған қала құрылысы жобалары аумақты пайдалануды реттейтін құжат болып қалыптаса бастады. Бұл ретте, негізгі мақсаты сақталынады, бұл – адамның мекендеуі үшін қолайлы ортаны жасау, облыстар және қалалар аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасындағы қала құрылысын жобалау нысанының аумақтық жағдайына қарай көп деңгейлі жүйені сақтады:
Бас жоспарлар және жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмысын жергілікті атқарушы органдарымен қаржыландыру туралы қабылдаған шешімі қала құрылысы жобаларын әзірлеуде біраз тоқырау кезеңіне алып келді.
Құрылыс материалдарының өнеркәсібінде өндірістік қуаттардың моральдық және физикалық шапшаң ескіруі жалғасуда (әртүрлі салалар бойынша 50-ден 70 %-ға дейін) және күтілетін экономикалық өрлеу кезеңінде олар сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаратын жағдайда болмауы мүмкін. Қазіргі уақытта саланың жағдайы:
Мысалы, барлық зауыттарда цемент ескірген энергия шығынды «ылғал» тәсілімен өндіріледі. «Қарцемент» АҚ-та «құрғақ» тәсілмен жұмыс істейтін қалпына келтірілген бір желіден басқалары. Осы заманғы құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың кең көлемді номенклатурасын өндіретін жаңа кәсіпорын жоқ.
Құрылыс индустриясы саласындағы компаниялардың көпшілігі шағын және орта кәсіпорындарға жатады. Оларда жаңа технологияға көшу үшін қаржыландыру алу немесе жұмысшыларды қайта оқыту мүмкіндігі сияқты жаңа технологиялар туралы ақпаратқа қол жеткізу шектеулі. Мемлекет перспективалы технологиялар, персоналды оқытуға және қайта оқытуға қатысу, жаңа технологияларды меңгеруді мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту және оларды енгізу тәсілдері, ҚР-да жасалмайтын қазіргі заманғы жабдықтарға импорт баждарын алымын азайту туралы ақпаратты бере алады. Атап айтқанда, ресурс үнемдеуші және энергиялық тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларды жасаушыларды қолдау мақсатында, сондай-ақ индустриялық құрылыс комбинаттарының маңында салынған шағын орта бизнес субъектілерін дамыту үшін оларға жеңілдік жағдайда кредит берілетін болады.
Кәсіпорындарға дамудың инновациялық үлгісіне өту үшін едәуір қаржы ресурсы қажет болады. Құрылыс материалдарын өндіру саласында шағын бизнеске кредит беруді дамыту үшін шаралар кешені қажет. Қазыналық шаралар (жаңа өндірістерді бірнеше салықтан босату) сонымен қатар көп елдерде пайдаланылады және ҚР-да да қолданылуы мүмкін. Ақырында, жобаларды іске асыру үшін инвесторларды іздестіру жақсы нәтижелерді беруі мүмкін.
Қазақстан экономикасының жетекші салаларының біріне тұрғын үй құрылысы саласы жатады. Оның тұрақты қызмет жүргізуі көп жағдайда елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға алып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саланы дамытудың басымдылықтары ретінде келесі: « ... жылжымайтын мүлік нарығын дамыту және тұрғын үй құрылысы мәселелерін шешу; жалға беру нарығын дамыту; жеке тұрғын үй құрылысын дамытудың кең масштабын құру ...» бағыттарын атап өтті. Яғни, тұрғын үй кешенін қалыптастыру мен дамыту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі болып, тұрғындардың өмір сүруі мен қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған.
Құрылыс кешені материалдық өндірістің бір саласы ретінде, басқа салаларға қарағанда көп белгілерімен ерекшеленеді. Мұнда қызмет өзінің арнайы, ерекшеленген заңдылықтары арқылы жүргізіледі, басқарудың түрлері мен әдістерін дұрыс таңдауда оны есептеу ең қажетті шарттың бірі болып табылады. Мұндай ерекшеліктер ретінде келесілерді көрсетуге болады: біріншіден, соңғы құрылыс өнімі қатаң белгілі бір аумаққа бекітіледі (тұрғын үйдің мекен жайы болады) және көлікпен тасылмайды, яғни қоймаға қою үшін өндірілмейді. Құрылыс өнімдерінің басқа өнеркәсіп өнімдерінен айырмашылығы олар бір саладан екінші салаға қозғалып, қосылмайды. Ол - қозғалмайтын мүлік, тек сол салалардың өзінің ауысуымен сипатталады: күрделі құрылыс саласынан кейін дайын нысандар тұрғын үй құрылысы кешенінің негізгі қорлары саласына өтеді және тапсырыс берушілердің балансында есепке алынады; соңғы құрылыс өнімі (тұрғын үй) жоғарғы деңгейдегі еңбек сыйымдылығымен, материалдық сыйымдылығымен, нәтижеде капитал сыйымдылығымен сипатталады.
Тұрғын үй құрылыс кешенін басқару үрдісінде оның атқарып жатқан қызметін талдау өте маңызды роль атқарады. Тұрғын үй құрылыс кешенінің қызметтеріне аналитикалық зерттеу үрдісін жүргізу барысында келесі мәселелер қойылды:
1) тұрғын үй құрылысы саласының шаруашылық ісін жүргізуде қызмет атқаратын құрылыстық кешеннің қазіргі жағдайын бағалау;
2) нарық жағдайында
тұрғын үй құрылысы
3) тұрғын үй
құрылыс кешеніндегі
Информация о работе Қазақстан өнеркәсібінің қазіргі уақыттағы жағдайы