Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 20:45, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.
Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептср бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда (бөлімшелерде) материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар.
Үстеме шығындар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады кешенді сипаттағы шығыстар құрамында шығынның барлық экономикалық элементтері көрсетіледі: екі және одан да көп бұйымдар шығаруда, бұл шығыстарды тікелей бұйымдарға апару мүмкін емес, сондықтан олар бір жағынан дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің арасында таратылады, екінші жағынан бұйымдардың арасында жанама тәртіппен таратылады.
Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану арқылы апаруға болады. Бірінші сатынын мақсаты барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтары бойынша тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді. Біріншіден, шығын орталықтары бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет нәтижесін бағалау үшін пайдаланылады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырландырылған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өмімдерге таратылады.
Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.
Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінін көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:
- өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;
- өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына пропорциональды;
- тікелей материалдар шығыстарына пропорционалды:
- цех құнына пропорционалды немесе шикізат құны шегерілген;
- цехтың өзіндік құнына пропорционалды;
- белігіленген шығындарды таратудың тұрақты коээфиценті бойынша;
- басқа да тарату базалары бойынша.
Үстеме шығындарды төлеу ставкасы. Әрбір өндірістік шығын орталықтары үшін үстеме шығыстар ставкасы орталыққа бөлінген жалпы шығындарды тарату базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Өнімдерге үстеме шығындар, әрбір өнімге қажетті, үстеме шығыстарды тарату базасының екінші сатысында алынған, әрбір орталықтағы үстеме шығыстар ставкаларына көбейту жолымен таратылады.
Кейбір компанияларда үстеме шығыстарды таратудың бірінші сатысынан бас тартады, олар шығын орталықтары бойынша таратылмайды. Оның орнына тұтас кәсіоорын үшін, барлық өнімдерге таратылатын (қандай цехта, бөлімшеде өндірісіне байланысты) бірыңғай ставка енгізіледі. Бұл әдісті барлық бөлімшелердегі өндірілетін шығын орталықтарының үстеме шығыстары болса пайдаланған жөн. Егер кәсіпорын өнімдердің көп ассортиментін шығаратын болса, оның үстіне кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелеріндегі әрбір өнімге әр түрлі сағат жұмсалатын болса, онда оның орталықтары үшін үстеме шығыстарды таратудың жеке ставкалары белгіленуі қажет.
Өндірістегі ақаулардың есебі. Өндірістегі ақауларға – өзінің сапасы бойынша белгіленген стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылмайтын не болмаса, ондағы бар ақауларды қалпына келтіру үшін қосымша шығындар жұмсағаннан кейін ғана қолдануға болатын өнімдер (бұйымдар, шалафабрикаттар, бөлшектер және конструкторлар) жатады.
Ақау байқалған орнына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Өнімдерді тұтынушыларға (тапсырыс берушілердің жұмысын тапсырғанға дейін) жеткізгенге дейінгі өндірістін кез-келген бөлімшесінде анықталған ақау ішкі ақау деп аталады. Ал, сыртқы ақау тұтынушылардың тапқан ақауы.
Ақаудың анықталу сипатына байланысты түзетілетін және түзетілмейтін (түпкілікті) болып бөлінеді. Түзетілетін ақауға жөндегеннен кейін техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты болатын және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін болатын бөлшектер, жалғауыштар (узлы), бұйымдар және жұмыстар жатады.
Түзетілмейтін ақауларға техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты түзету мүмкін болмайтын өзінін тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін емес бөлшектер, шалафабрикаттар, бұйымдар және жұмыстар жатады.
Өндірістегі ақаулар, ақау пайда болған өнімдердің аты, оның техникалык нөмірі, операцияның аты және нөмірі, ақау түрінің коды және ақауға көнілінің себептері жазылған, ақау жөніндегі актіде (хабарламада) көрсетіледі.
Егер жұмысшының кінәсінен ақау анықталатын болса, онда оны жұмысшы түзетеді, актіде «Түзетілді» деген белгі қойылады.
Бұл акті бухгалтерияға бағытталмайды, ол тіркеліп, техникалык бақылау бөлімінде (ТББ) сақталады. Жұмысшыға еңбекақы наряды жазылмайды. Егер бұл ақауға жұмысшы кінәлі болмаса, онда бұл жұмыстарға «Ақауды қайта түзеу» деген белгімен наряд толтырылып, ұйымның бухгалтериясы беріледі.
Жабдықтаушылардың кінәсінен материалдар мен бұйымдардың ақауы анықталған жағдайда ақау жөніндегі актіге қосымша жабдықтаушы жақтың қатысуымен екі жақты арнайы актісі жасалады. Бұл акт сапасыз тауарларды жеткізгені үшін, зиянның орнын толтыруда жабдықтаушыларға шағым айтудың негізі болып табылады.
Ақауды көрсететін құжаттар олардың ТББ-нін жедел есебінен кейін, кінәлілер, өнімнің түрлері және олардың пайда болу орны бойынша ақаулық шығындар есебі жүзеге асырылатын бухгалгерияға беріледі.
Ақау жөніндегі актіде өзіндік құнның тікелей баптары бойынша шығындар көрсетіледі. Сонан соң актілер бұйымдар топтарының калькуляциясы, ал онын ішінде цехтар және учаскілер бойынша, сонымен бірге ақауға нақты кінәлілер бойынша топтастырылады. Ары қарай бухгалтерия жұмысшылары ақаудың құнын пайдаланудың мүмкін болатын бағасымен және ақаудан болған жоғалтуларды анықтайды, ал кәсіпорынның басшысы нақты кінәлілермен ақаудан болған зиян жөніндегі сұрақтарды шешеді.
Бастапқы құжаттардың негізінде ай басынан бастап өспелі жиынтықпен тәуліктік ақау жөніндегі жедел есеп жасалады. Ол ақауды болдырған бөлімшелерге, сонымен бірге жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде шарттар қолдану үшін мүдделі ұйымдарға беріледі. Одан ары цехтар бойынша жиынтық есептің негізінде тұтас ұйым бойынша есеп жасалады.
Түзетілмейтін ақаудың өзіндік құны өнімдердің (орындалған жұмыстардың) өзіндік құны калькуляциясының барлық баптары бойынша нақты шығындар негізінде есептеледі. Олар: «Материалдар», «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы», «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар», «Үстеме шығыстар» баптары.
Көп номенклатуралы бұйымдары (бөлшектер) және шалафабрикаттары бар ұйымдарда ақауларды жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнымен бағалайды.
Ішкі түзетілетін ақаудың өзіндік құны ақаулы өнімдерді түзетуге жұмсалған материалдар және шалафабрикаттар, жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекақыдан аударылатын аударымдар, сонымен бірге үстеме шығыстардың сәйкес үлесінің қосындысынан тұрады. Түзетілген ақау болып табылатын, бұйымдардың (бөлшектердің) және шалафабрикаттардың өзінің өзіндік құның ақаудан болған шығындар енгізілмейді.
Ақаудан болған шығындарды азайтатын сомаға жататындар: пайдалану мүмкін болатын баға бойынша жарамсыз деп танылған өнімдердің құны, ақаудың пайда болуына кінәлі жұмысшылардан ұсталған нақтылы сомалар, сапасыз материалдарды және шалафабрикаттарды жеткізудің нәтижесінде ақаудың пайда болуына байланысты жабдықтаушылармен соттасу немесе оларды жазалауға кеткен нақты сомалар.
Ақаудан болған шығындар ай сайын өндірістің сәйкес түрінің шығындарына жазылады және ақау табылған бұйымның немесе жұмыстын өзіндік құнына енгізіледі.
Ақаудан болған шығындар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жақтайды. Тек қана жеке және сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық аяқталмаған белгілі бір тапсырысқа қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістін өзіндік құнына жатқызылады.
2.3 Аяқталмаған өндіріс есебі, оларды түгендеу және бағалау
Аяқталмаған өндіріс – технологиялық процестермен қарастырылған, барлық өңдеу сатыларынан өтпеген өнімдер, сонымен бірге техникалық қабылдаудан және сынақтан өтпеген, жинақталмаған бұйымдар деп түсіндіріледі.
Түзетуге келмейтін шалафабрикаттар (бұйымдар), сонымен бірге өңдеуге берілмеген шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар және жинақтайтын дайын бұйымдар аяқталмаған өндіріске жатпайды.
Толық күшін жойған тапсырысқа жататын, бөлшектер және басқа шалафабрикаттар да аяқталмаған өндіріс құрамында қалмайды.
Аяқталмаған өндіріс қалдығының саны және көлемі технологиялық процестің ұзақтығына және сипатына, өнімдердің ерекшелігіне және оның шығарылу көлеміне тәуелді. Мысалы, электроэнергетика және қазба жұмыстарымен айналысатын салалардың көбінде аяқталмаған өндіріс мүлдем болмайды. Көлік жасауда, ұзақ кезеңде күрделі өнім жасалады, онда аяқталмаған өндіріс қалдығы елеулі болады.
Өндірісте шалафабрикаттардың қозғалыс есебін ұйымдастыру тәртібі, өндірістің технологиялық және ұйымдастырылу ерекшелігіне, дайындалатын шалафабрикаттардың тізімдемесінде, орындалған жұмыстарды жұмысшылардан қабылдау және босалқыларды аралық сақтау тәртібіне тәуелді.
Аяқталмаған өндіріс есебі жедел және бухгалтерлік болып бөлінеді. Жедел есеп бухгалтерияның бақылауымен цехтық жоспарлы-диспечерлік қызметтің жұмысшыларымен жүргізіледі.
Көлік
жасауда, металл өңдеуде және де басқа
өнеркәсіп салаларында
Бөлшектік-операциялық есеп сериялы өндірістерде маршурттық қағаздармен жүргізіледі.
Бөлшектік есеп жаппай өндіріс жағдайында пайдаланылады. Сондықтан дайындау цехтарында дайындалған бөлшектердің саны өңдеу есебі бойынша құжаттардың негізінде анықталады.
Бөлшектерді өңдеуге беру накладнойлармен, лимитті-жинақтау карталарымен, жинақтаушы ведомостармен жүзеге асырылады.
Шалафабрикаттар мен бөлшектердің қозғалыс есебін жеңідету және шалафабрикаттарды беруде құжат айналымын азайту үшін және бөлшектерді бір цехтан екіншісіне беруді айлық картамен жүзеге асыруға болады.
Аяқталмаған
өндіріс қалдығы жөніндегі
Аяқталмаған өндірісті тексергенде мыналар керек:
Жұмыс орнындағы, өңдеуге апарылмайтын тауарлы-материалдық босалқылар аяқталмаған өндіріске енгізілмейді, олар жеке көрсетіледі.
Түгендеу кезінде аяқталмаған өндірістің нақты барының бухгалтерлік есептің көрсеткіштерінен алшақтығы: артығы – табыс болады, ол кіріске алынады, ал жетіспеушілігі – шығыс болады.
Тәуелсіз өндірістегі жетіспеушілік және шығындар кінәлі адамдар табылса, солардың мойнына ілінеді.
Аяқталмаған өндіріс қалдығы шығындар баптарының калькуляциялық қиындысында ақшалай бағалауға (негізінен нақтылы өндірістік өзіндік құн бойынша) жатады. Шығарылатындарды құрайтындар ақаудан болған шығындар (жеке және ұсақ сериялы өндірістерден басқа, егер шығын нақты бір тапсырысқа қатысты болса), өндірісті дайындау және меңгеру шығыстары, басқа да арнайы шығыстар.
Бөлшектерді дайындауға және өнімдерді өндіруге жұмсалған шикізаттар және материалдар құны, егер өндіріс аяқталмай қалса, онда толығымен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енгізіледі. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы екі жолмен есептелінеді: өңдеудің сәйкес операциясы бойынша есептеудің жинақталған жиынтығынан, болмаса, сол цехтағы бөлшектерді өңдеуге есептелгеннен 50 пайыз көлемінде және оған алдыңғы цехтардағы бөлшектерді өңдеу үшін есептелген еңбекақы қосылады.
Еңбекақыдан аударылатын аударымдар сомасы негізгі еңбекақысы белгіленген аударым пайызына көбейту жолымен анықталады.
Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына үстеме шығыстардың сәйкес үлгісі қосылады. Оларды дайын өнім және аяқталмаған өндіріс арасында бөлу сол ұйымда қабылданған, үстеме шығыстарды тарату әдістемесі бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан аяқталмаған өндіріске қатысы жоқ шығындар алдын-ала үстеме шығыстардан шегеріледі.
Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енгізілетін үсиеме шығыстар: үнемдеу кезінде – нақты өндірістік шығыстар көлемінде, ал қайта шығын жұмсауда – жоспарда белгіленген көлемде болады. Аяқталмаған өндірістің қалдығы үлкен болмайтын, өнеркәсіптің жеке салаларын ұйымдастыру, олардың тікелей шығын сомасы бойынша, болмаса, шикізаттардың, негізгі материалдардың және шалафабрикаттардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
Аяқталмаған өндірісті бағалай техникасы өндірістік шығындар есебінің қабылданған әдістеріне (шалафабрикатты және шалафабрикатсыз) байланысты болады. Шалафабрикатсыз вариантта ол нормативтік калькуляция немесе технологиялық карта негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бөлшектерді (бұйымдар) белгіленген шығын баптары бойынша дайындау шығындарындағы әрбір цехтық қатысу үлесі есепке алынады.
Аяқталмаған өндірісті бағалау ондағы нақты бөлшектер негізінде әрбір цех бойынша жүргізіледі. Цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығының өзіндік құны жөніндегі көрсеткіштер тұтас ұйым бойынша жинақталады. Олар жалпы ұйымдар бойынша аяқталмаған өндіріс шығындарын және олардың әрбір цехындағы үлестік қатысуын көрсетеді.