Инвестицияның жіктелуі және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 13:48, реферат

Краткое описание

Инвестициялық әрекетті жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар түрлі болып келеді – бұл Қазақстан Республикасындағы инвестициялармен және шетелдегі инвестициялармен байланысты болатын қатынастар; займ, несие берумен байланысты қатынастар; еркін экономикалық аумақтардағы инвестициялармен абйланысты қатынастар және т.с.с. Жекеленген топтар мемлекеттік инвеситцияларды жүзеге асыру кезінде пайда болатын және құнды қағаздар нарығында туындайтын қатынастарды құрайды.

Файлы: 1 файл

ҚБС Инвестиция.docx

— 19.75 Кб (Скачать)

Инвестициялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, жүйесі.

Инвестициялық құқықтың құқықтық реттелу пәні инвестициялық әрекетті жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Инвестициялар – бұл инвестициялық құқықта оларды пайдаланумен байланысты барлық қоғамдық қатынастарды біріктіретін бастама.

Инвестициялық әрекетті жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар түрлі болып келеді – бұл Қазақстан Республикасындағы инвестициялармен және шетелдегі инвестициялармен байланысты болатын қатынастар; займ, несие берумен байланысты қатынастар; еркін экономикалық аумақтардағы инвестициялармен абйланысты қатынастар және т.с.с. Жекеленген топтар мемлекеттік инвеситцияларды жүзеге асыру кезінде пайда болатын және құнды қағаздар нарығында туындайтын қатынастарды құрайды.

Әдетте, құқықтық реттелудің екі негізгі әдістері бар – жалпы және нақты (салалық). Жалпы әдіс – бұл қоғамдық қатынастарға арнаулы нормативті құралдармен ықпал етудің жиынтығы, салалық – бұл берілген саламен реттелетін құқықтық қатынас субъектілерінің мүмкін және міндетті мінез-құлқының қалыптасуына бағытталған, қоғамдық қатынастарға ететін заңда әдістердің, құралдар мен амалдардың жиынтығы. Салалық әдістерге императивті және депозитивті әдістер жатады.

Инвестициялық құқықтың қағидалары бұл инвестициялық қатынастарды реттеудің анағұрлым маңызды кезңдері.

Инвестициялық құқықтың маңызды қағидаларының  бірі – инвестициялық құқық субъектілерінің теңдігі. Бұл қағида мынаны білдіреді: инвестициялық әрекетті жүзеге асыруда инвесторлардың құқықтары бірдей болады.

Келесі қағидалардың бірі шарттың еркіндігі.

Тағы бір маңызды қағиданың бірі – инвестормен өзінің әрекетін жүзеге асырудың дербестігі, яғни инвестор инвестицияның объектілері мен нәтижесіне ие болуға, оны пайдалануға және боған билік етуге құқықты, сондай-ақ инвестордың ішкі шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың араласпауын білдіреді.

Инвесторлардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидасы – инвесторларды, кірістіреді, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттің кепілдігін білдірреді.

Инвестициялық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.

Жалпы бөлімде келесі құқықтық институттар берілген: инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу, инвестициялық құқытық қатынастар (субъектілер, объектілер және мазмұны); инвестициялық қорғау (кепілдіктер); инвестициялық шарт (түсінігі, бекіту тәртібі, шартты өзгерту және бұзу); инвестициялық қызметті ұйымдастырудың құқықтық нысандары.

Инвестицияның ерекше бөлімінде инвестициялық қызметтің түсінігі мен түрлері; инвестициялық қызметті лицензиялау; инвестициялық қызмет аумағындағы салық салу; инвестицияларды басқару; инвестиция аумағындағы несиелендіру; инвестициялық жоба; инвестициялық жобалардың мемлекеттік сараптама; инвестиицялық тәуекелді сақтандыру; инвестицияның жеке түрлері; инвестициялық шарттардың түрлері; инвестициялық қызметаумағындағы міндеттемелер; инвестициялық дауларды шешу; инвестициялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік көрсетілген.

Инвестицияның жіктелуі және түрлері.

Инвестиция –  бұл капиталға ұзақ мерзімді салу нысанында қаржылық ресурстарды қолдану.

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңда (8.01.2003 ж.) инвестицияның мынандай анықтамасы берілген инвестиция – баолық мүлік түрелрі (жеке қолдануға берілген таурлардан басқа), сондай-ақ инвестормен заңды тұлғаның жарғылық капиталға салынатын лизинг мүліктері, сондай-ақ оларға құқық немесе кәсіпкерлік әрекет үшін пайдаланатын белгіленген активтердің ұлғайтылуы.

Инвестициялар әдетте тұтынушылық, экономикалық және құнды қағаздарға инвестициялау деп бөлінеді.

Тұтынушылық инвестициялар – бұл ұзақ мерзімді пайдаланылатын қозғалмайтын мүлікті немесе тауарларды сатып алу. Инвестициялаудың объектісі ретіндегі қозғалмайтын мүлік мынадан тұрады:жеке қозғалмайтын мүлік (бір отбасына арналған коттедждер, кондоминиумдар, пайда әкелетеін қозғалмайтын мүлік); жалға берілетін қозғалмайтын мүлік; сату үшін алынған қозғалмайтын мүлік (жер учаскелері және арнаулы белгіленген құрылыстар, яғни жанар-жағармай станциялары, шіркеу ғимараттары және т.с.с.).

Ұзақ мерзімді пайдаланатын таурларға кіріс әкелетеін мүліктік құндылықтар жатада (мысалы: алтын бұйымдар, өнер туындылары, антиквариат және т.с.с.).

Экономикалық  инвестициялар – кіріс алу үшін тауарлар өндірісімен және қызмет көрсетумен байланысты болатын қаражатты нақты активтерге салу.

Пайда табу мақсатында құнды қағаздарға инвестициялау қаржылық инвестиция днп аталады.

Инвестициялардың  мақсатына қарай екі түрі бар:

1) капиталды құрайтын

2) интеллектуалды

Кавпиталды құрайтын инвестициялар - бұл өндірістік және өндірістік емес қаржылық емс активтердің өсуіне бағытталған инвестициялар, яғни кірісті ұлғайтудың қамтамасыз ететін инвестициялар.

Интеллектуалды инвестициялар – маманндарды дайындауға, олардың біліктілігін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензияға, ноу-хау және т.б. қаражатты салу. Қазіргі кезде интеллектуалды инвестициялардың ең көп таралған түрлері: жоғарғы және орта арнаулы білім алуға мемлекеттік және жеке несиелер болып табылады.

Инвестициялар меншік нысанына қарай екіге бөлінеді:

1) мелекеттік инвестициялар

2) жеке инвестициялар

Мемлекеттік инвестициялар бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік кепіл негізінде алынған несие қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жеке инвестициялар жеке немесе заңды тұлғалардың есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге инвестицияның кең таралған түрлері:

1) шетелдік инвестициялар

2) ұлттық инвестициялар

Мұндай бөлінудің  негізгі – инвестицияның инвестордың елінде немесе өзге мемлекетте жүзеге асырылуы болып табылады.

Инвестиициялық  қатынастарды реттеу.

Инвестициялық қатынастарды мемлекет реттей отырып, инвестициялық әрекет субъектілеріне ықпал ету нысандары мен әдістерін қолданады. Мемлекет инвестициялық қатынастарды арнаулы мемлекеттік органдар арқылы басқарады.

Инвестициялық мемелекеттік реттеудің екі құрамдас бөлігі белгіленген:

- тікелей мемлекеттік реттеу – мемлекеттік инвестииця аумағында; кенді пайдалану аумағында; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру аумағында; қаржылық және несие саясатын жүргізу аумағында, сондай-ақ салық саясатын жүргізу аумағында жүзеге асырылады.

- Инвестиицииялық  процестерді жанама реттеу, яғни мемлекетпен инвесторлардың құқықтарының кепілдігін, мемлекетпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ инвестицияны қолдануды жүзеге асыру.

Информация о работе Инвестицияның жіктелуі және түрлері