Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Файлы: 1 файл

Еркош дайын диплом.docx

— 421.66 Кб (Скачать)

Қазақстаға инвестицияларды  енгізуге кедергі болған экономикалық себептер, заңды және саяси факторлар, одан кейін ұйымдастырушылық фактор және материалдық-техникалық сипаттағы  мәселелер анықтайды.

 

 


 

 


 

 

 


 

 


 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 8.  Инвестициялардың келуіне тосқауыл болатын факторлар [26]

 

Инвестициялық климат ұғымы  макро және микро деңгейлерді  қамтиды, оларды инвесторлар бірыңғай тұтастық ретінде қабылдайды, өйткені  қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру бойынша үкіметтің  кез-келген заңнамалық қызметі жергілікті биліктің норма шығарушы қызметімен жоққа шығарылуы мүмкін, ал жеңілдігі  бар шаруашылық режимді құру бойынша  жергілікті деңгейдегі әрекеттер үкіметтер  жалпы экономикалық реттеуінің кейбір  кемістіктерін өтеуі мүмкін.

 

Кесте 3.

Әсер етуші позитивті факторлар

 

Фактор атауы

Балл саны

 Фактор категориясы

Саяси тұрақтылық

Экономикалық тұрақтылық

Заңнамалық тұрақтылық

Табиғи ресурстар байлығы

Перспективті нарықтық потенциал

Салықтық жеңілдіктер

Еңбек ресурстарының төмен құны

Еңбек ресурстарының қажетті білім  деңгейі

31

14

6

31

27

3

19

14

1

4

5

1

2

6

3

4


 

Кесте 4.

Әсер етуші негативті  факторларды бағалау

 

Фактор атауы

Балл саны

 Фактор категориясы

Дамымаған өндірістік инфрақұрылым

Дамымаған құқықтық инфрақұрылым

Дамымаған әлеуметтік инфрақұрылым

Салықтық режим

Тұрақты заңнамалық базаның жоқтығы

Бюрократизм

Нарық мамандарының жетіспеушілігі

Мемлекеттің геосаяси жағдайы

Ақпараттың жоқтығы

Саяси тұрақсыздық

Мәдени және тілдік тосқауылдар

18

26

11

33

30

32

13

3

3

2

1

2

1

2

1

1

1

2

3

3

3

3


 

Кестеге қарасақ, Қазақстан Республикасының  инвесторлары үшін басты тартымдылық - оның саяси тұрақтылығы, табиғи және шикізат ресурстарының төмен  құны, экономикалық тұрақтылық және жоғары сапалы еңбек ресурстарының болуы. Қазақстан бұл салада көп іс атқарғанымен, респонденттерді елдің заңнамалары  мен салық жүйесіндегі жеңілдіктер  қызықтырады.                                                                    

Әсер етуші негативті  факторларды бағалау бойынша  сұраунаманың нәтижесін төмендегі  суреттен қарастырайық. Барлық факторлар  үш категорияға бөлінген: тежеуші  күшті факторлар, орташа факторлар, әлсіз факторлар.

Сөйтіп, респонденттердің пікірінше, инвестициялық процесті салық режимінің, бюрократизмнің әлсіздігі, тұрақты  заңнамалық базаның жоқтығы, дамымаған  құқықтық инфрақұрылымның болуы  тежейді.

“Heritage Foundation” басылымында жарық  көрген экономикалық еркіндік

рейтингі (Фрэзер институты мен  Нобель сыйлығының лауреаты М.Фридман  өңдеген экономикалық еркіндік индексі) бойынша Қазақстан 122-орыдағы Ресейден озып, 113-орынды иемденсе, Бүкіләлемдік Банк Қазасқтанды инвестицияға қолайлы 20 елдің қатарына ендірді. Соның  айғағы ретінде, соңғы уақыттарда әлемнің 60 мемлекеті өздерінің қаржылық қорларын Қазақстан экономикасына  бағыттауда. Сараптамалық бағалау бойынша  Орталық Азияға келген инвестициялардың 80% астамын Қазақстан экономикасы  алып отыр. Халықаралық “Moodys Investors Service” рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Қазақстан иеленген инвестициялық рейтинг анағұрлым беделді агенттік, ол республиканың экономикасын инвестициялау үшін қолайлы жағдай туғызады.

“Инвестициялық барометрде” (Германия) басылған халықаралық мамандар тобының бағалауынша инвестициялық  климаттың қолайлылығының деңгейі  бойынша Балтық мемлекеттері және ТМД  елдерінің неғұрлым көп балл алған  алғашқы мемлекеттерінің бірі болды. Ұқсас әдістеме бойынша зерттеу  жүргізген “Deustche Bank” мамандарының бағасы мемлекеттің инвестициялық  тартымдылығын бекіте түсті. Қазақстанға  қатысты екі бағалау да сәйкес келіп отыр: Қазақстанның басқа мемлекеттерге  қарағанда мұндағы инвестициялық  тәуекел анағұрлым төмен, ал инвестициялық  климат неғұрлым қолайлы.

Бүкіләлемдік банктің 145 әлем елдеріндегі кәсіпкерліктің еркіндік деңгейі және жағдайы туралы жыл  сайынғы «2005 жылғы бизнес: өсім үшін кедергілерді жою» баяндамасына сәйкес Қазақстан инвесторлардың қорғау индексі бойынша Германия, Дания, Жаңа Зеландия, Швейцария, Сингапур және Грузия секілді елдер кіретін 5 топқа ( елдер 0-ден 7-ге дейін рейтинг алады, 7 – ең үздік көрсеткіш, мысалы Канада және АҚШ) кіреді, бұл ТМД бойынша жақсы көрсеткіш болып табылады. Болашақта біз осы бағытта жұмысты жалғастыруға міндеттіміз және бұдан да биік белестерді бағындыруға тиіспіз. 

 Ал халықаралық бағалауға  келетін болсақ, Дүниежүзілік банктың  рейтингтік есеп беруі бойынша  2009 жылдағы «Бизнесті жүргізу  жеңілдігі» бойынша Қазақстан  әлемнің 181 елі ішінде 70-ші орынға  ие болды. Ал бұл рейтингте  Шығыс Еуропа және Орта Азиядағы   25 елдің ішінде Қазақстан 12-ші орынды иемденіп отыр. Бұдан басқа, былтырғы жылы «Мүлікті тіркеу» мәселесінде елдің рейтингі 52 позицияға жақсарып, 25-ші орынға көтерілсе, «Инвесторларды қорғау» және «Салық салу» көрсеткіші бойынша әлемнің 50  мықты елдерінің қатарынан көрінген. 2010 жылы Әлемдік банктің рейтингісінде 70-орыннан 63 орынға көтерілген.

Әлемге танымал менеджерлердің бірі Питер Робертсон бүгінде  Қазақстан экономикасын, оған салынған инвестиция көлемін тек ТМД-ның шеңберімен шектеу өлшем бола алмайды, Қазақстан үшін қазір өз экономикасын Орталық Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикасымен салыстырған орынды болады, деп айтқан болатын.

Қазақстан өзінің мол минералды  шикізат қорымен, ауыл шаруашылығына  жарамды жерлерімен және қолайлы  географиялық орналасуымен, қазіргі  уақыт-тағы салық және кедендік заңдылықтардың жеткілікті дәрежесімен, саяси тұрақтылықпен  шетелдік инвесторлар үшін  үлкен  қызығушылыққа ие болды.

 

Кесте 5.

2005-2009 жылдар аралығындағы  іскерлік және инвестициялық  белсенділіктің негізгі көрсеткіштерінің  динамикасы (алдыңғы жылға деген қатынастағы пайыз түрінде)

Көрсеткіш

2007ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Жалпы ішкі өнім

109,3

109,6

109,7

110,8

Өнеркәсіптік өнімнің  физикалық көлемінің индексі

108,8

110,1

114,6

114,7

Негізгі капиталға инвестициялау

116,6

123,1

134,1

110,6

Құрылысқа инвестициялау

117,0

120,5

124,9

119,8

Құрылыс мердігерімен келісім-шарт бойынша орындалған жұмыс көлемі

104,0

107,0

115,0

116,0

Тұрғын үйлердің жалпы  ауданының іске қосылуы

136,0

122,7

182,4

123,9

Ескерту: ҚР Статистика Агентігінің  мәліметтерімен автор құрастырған


 

ТМД және Балтық елдері арасында Қазақстан Ресейден кейін халықаралық  несиелік рейтингті алған екінші мемлекет болып табылды. Осыған ұқсас  деңгейде Аргентина, Мексика, Филиппин, Түркия, Пакистан, Бразилия тұр.

Іскерлік және инвестициялық  белсенділіктің негізгі көрсеткіштерінің динамикасы ЖІӨ көлемі жылдан-жылға  артуда, бірақ жалпы экономикалық дағдарыс нәтижесінде келесі салалар  бойынша инвестиция көлемі азайып отыр. Орта есеппен 3-5%, содықтан инвестициялық  белсенділіктің көрсеткіштерін зерттеудің маңызы зор. Оның ішінде негізгі каптилаға  инвестициялауды қарастыру жөн.

Инвестициялық қызметті бағалаудағы  ең тиімді – факторлық әдіс. Ол ұлттық экономиканың инвестициялық климатына  ықпал етуші факторларды жинақтап бағалауға негізделеді. Халықаралық  салық және инвестициялар бойынша  орталықтың (ІТІС) ұсыныстарына сәйкес инвестициялардың келуіне тосқауыл болған факторларды ренжирлеу жүргізілді.

 

Кесте 6.

Қазақстанның экономикалық секторлары бойынша

     

Көрсеткіштер

 

 

 

2008 жыл

 

2009 жыл

 

2010 жыл

сыртқы

міндетте-

мелер

сыртқы  

активтер

сыртқы

міндетте-

мелер

сыртқы  

активтер

сыртқы

міндетте-

мелер

сыртқы  

активтер

Барлығы

92444 

132118

96673

141277

107100

149719

Мемлекеттік сектор

47823

1678

47981

3252

58067

4188

Банктер

25324

46127

24230

35637

21354

24215

Басқада секторлар

19297

84314

24462

102388

27678

111317

Ескерту: ҚР Статистика Агентігінің  мәліметтерімен автор құрастырған


 

Талдау нәтижесінде барлығы  сыртқы активтердің 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 4229 млн. долларға, ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 10427 млн. долларға артты, сыртқы міндеттемелер 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 9159 млн. долларға артқан, ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 8442 млн. долларға артқан.

Инвестициялық климатты бағалаудың бір әдісі – мемлекетке несиелі  рейтинг беру. Дүние жүзінде одаған рейтинг агенттіктері бар, бірақ  халықаралық нарықта 4 концерн ғана көшбасшы ретінде танылып жүр: “Moodys Investors Service”, “Standard & Poors Corporation”, “DUPP & Phelps Credit Ratings CO ”, “Filch IBCA”. Төмендегі кестеден негізгі капиталға салынған инвестициялардың қаржыландыру көздерін көреміз.

 

Кесте 7.

Қаржыландыру  көздері бойынша негізгі капиталға  салынған инвестициялар (млн.тг.)

Жыл

Негізгі капиталға  инвестиция

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

жеке қаражаты

шетел қаражаты

қарыз қаражаты

 

2009

4585298

712441

154892

149143

169749

529039

2010

4773204

623477

131970

162359

917591

306312

2011

189389

1904

1849

89365

73207

23063

Ескерту: ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтерімен автор құрастырған


 

Яғни, көріп отырғанымыздай 2009 жылы, 2010 жылы және 2011 жылдың қаңтарында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көп мөлшері шетел қаражаты және жеке қаражат есебінен қаржыландырылып  отыр.

Қазақстан Республикасы Сауда  және өнеркәсіп министрлігімен ұйымдастырылған  таныстырулар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер республиканың экономикасына  инвестициялаудың ұйымдастырушылық-қызметтік  жағдайларын айқындап, дүниежүзінің ірі қаржы және өнеркәсіптік қалаларында (Пекин, Канзас, Лондон, Гага, Токио және т.б) үлкен резонансқа ие болды. Кесте 8.  Жалғасы

 

Кесте 8.

Информация о работе Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны