Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Файлы: 1 файл

Еркош дайын диплом.docx

— 421.66 Кб (Скачать)

- әлемдік нарыққа шығуды  қолдау үшін мемлекеттік және  жартылай мемлекеттік экспортты-имортты  банктер құрылады. Олар сыртқы  сауда операцияларын несиелеу  мен сақтандырумен айналысады.

2. Кәсіпкерліктің акционерлік  емес әдістерін реттеу. Мұндай  әдіс ТМД елдерінде және де  әлемде аса танымал емес, бірақ  Қазақстанда кең етек алған.  Мемлекеттік реттеу басқаруға  берілетін кәсіпорындарды таңдаудан  басталады. Кәсіпорын, оның көтерілуі  инвестициялық ресурстардың молдығын  қажет ететін, тиімсіз болуы керек.

3. Халықаралық кәсіпкерліктің  тікелей және портфельдік әдістерін  реттеу ақша-несие, қаржылық және  экономикалық саясат, шетел инвестициялары  бойынша арнайы заңдар арқылы  жүзеге асырылады. Бұл факторлар  бірігіп мемлекетте инвестициялық  климатты құрады. Экономикалық практикада  шетел инвестицияларын стимуляциялаудың  негізгі тетігі салық механизімі  болып табылады.

Шетел капиталын тарту  мен қолдануда мемлекеттің басқару  функциялары  сурет 4-те  көрсетілген.




 

 

 






 





 




 

 











 

 

Сурет 4. Шетел капиталын  тартуда мемлекеттің атқаратын функциялары[4]

 

Әр мемлекеттің өзінің «шетел инвестициялары туралы» жеке заңы бар. Дәл осы заңнан, шетел  капиталы мен инвестицияларын тарту  мен қолдануда мемлекет өз рольін қалай түсінетінін көруге болады.

ҚР «инвестициялар туралы»  заңында инвестициялық қызметті қадағалау және бақылау мемлекеттік  органдар арқылы жүзеге асырылады және де оларға мұндай құқық ҚР заңнамалық актілеріне қатысты берілген.

Инвестицияларды мемлекет тарапынан  қолдау мақсаты- инвестицияларды ынталандыру  мен экономиканы дамыту үшін қолайлы  инвестициялық климат жасау, жаңа технологияны қолданып, өндірістің жаңа түрлерін құру, іске асқандарды кеңейту мен жаңарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және барларын сақтау, айналадағы ортаны қорғау. Инвестицияларды мемлекет тарапынан  қолдау- инвестициялық преференциялар ұсыну болып табылады. Ол ҚР үкіметі  анықтайтын төтенше органдар арқылы жүзеге асырылады. ҚР-ның  «Шетел инвестициялары туралы» заңында инвестициялық  преференциялардың келесі түрлері  жайлы атылған:

  1. инвестициялық салық преференциялары;
  2. кеден бажынан босату;
  3. мемлекеттік гранттар [7].

Мемлекет инвестиция айналасында, басқа да салалардағыдай, белгілі  бір саясат жүргізеді. Бұл саясатпен  сыртқы қарызды басқару саясаты  тығыз байланысты. Ал оның негізінде  келесідей базалық қағидалар  жатыр [17]:

1. Экономикалық қауіпсіздік  қағидасы. Бұл қағида, халықаралық  мемлекеттік және банктік несиелерді  тарту және қолдануда, сырты  қарыз және теріс сальдоның  өсуіне әсер ететін эономикалық  қауіпсіздік параметрлерін ескеру  керек екенін білдіреді. Ал  жеке капитал үшін ең тиімді  салымды іздеуді білдіреді.

2. Мемлекеттің инвестициялық  мақсаттарын реализациялау қағидасы. Шетел инвестициялары мемлекетпен  реттелуі және макроэкономикалық  проблемаларды шешу үшін бағытталуы  керек. Олар: ЖІӨ-ң өсуі, есеп балансының  оптимизациясы, өндіріс пен жұмысбастылық  проблемалары, инфляцияның төмендеуі  мен бағаның тұрақтануы, мемлекеттік  бюджет дефицитінің төмендеуі  және т.б.

3. Шетел капиталын қолданудағы  бағыттардың сатылық және приоритеттілік  қағидасы. Шетел капиталы мен  инвестицияларын қолдану бағыттарының  дамуы жалпы экономикалық заңдылықтарға  бағынады. Бұл даму келесі стадияларды  қамтиды:

1) импортты алмастырушы;

2) экспортқа бағытталған;

3) ғылыми қамтылған технологияның  толық базасындағы экономика  құру.

4. Несиені қолданудағы  жобалық әдіс қағидасы. Мұндай  қаржыландыру әдісі кез-келген  несиелеу негізінде болу керек.  Себебі ол сыртқы қарызды қолдануды  ұйымдастыру мен бақылаудың эффективті  болуын қамтамасыз етеді.

5. Ішкі жинақ нормасының  несие құнынан жоғары болу  қағидасы. Мемлекеттің қаржылық  және материалдық байлығы несие  құнынан әлдеқайда көп болғанда  ғана, оны қолданудың экономикалық  эффектісі болады.

6. Халықаралық несиелеуден  гөрі халықаралық кәсіпкерлікті  таңдау қағидасы.

7. Белгілі бір жобаға  несиені тарту қағидасы. Бұл төртінші  қағидаға ұқсас, бірақ ол қолдануға  емес тартуға бағытталған. 

8. Жобаны таңдаудағы конкурстық  қағидасы.

9. Сыртқы қарыздың әр  түрлі формаларына салыстырмалы  баға беру қағидасы. Мемлекет  саясатын үргізу барысында берілген  несиелердің барлығын ала бермеу  керек. Мысалға, қысқа мерзімді  несиелерге қарағанда, ұзақ мерзімді  несиелер әлдеқайда тиімді, ал  егер мемлекетіміз қысқа мерзімді  несиелердің көлемін ұлғайтатын  болса, қарызға батып кетуіміз  мүмкін.

10. Инвестициялық климатты  жоғарылату қағидасы.

11. Стратегиялық және приоритетті  салаларға шетел капиталының  шектеулі түрде келуі.

12. Шетел инвесторлары  мен ұлттық инвесторлардың тең  құқықтылық қағидасы.[6]

Мемлекеттік механизм шетел  капиталы мен инвестицияларын тарту  және қолдануда ұлттық концепцияларды өндіруге негізделу керек. Бұл концепцияда  тек мемлекеттік саясаттың қағидалары ғана емес, сонымен қатар бағдарламалар  мен оның орындалуын бақылайтын механизм болуы қажет.

Заңнамалық механизм шетел  капиталының ағымын реттеу және мемлекет пен шетел инвесторларының арақатнасының  қағидалары бойынша  заңдар мен нормативтік  актлерден тұрады. Бұл механизм келесі қағидаларға бағыну керек:

  1. Бірмағыналық қағидасы.
  2. Координацияланғандық қағидасы
  3. Жергілікті және шетел инвесторларының жағдайларының теңдік
  4. Даму қағидасы.

Заңнамалық механизм шетел  капиталына байланысты конституциялық, жалпы реттеушілік және арнайы қатнастарды  анықтайтын заңдар жүйесі          (сурет 5).



 

 


   



 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Сурет 5. Заңнамалық механизм құрылымы[4.8]

 

Шетел капиталын басқарудың оптималды схемасы күні бүгінге  дейін іздестірілуде. 1996 жылы қарашада ҚР инвестициялар бойынша мемлекеттік  комитеті құрылды. Бұл комитет тікелей  инвестицияларды ынталандырудың мемлекеттік  саясатын, оларды тарту мен қолдануда  басқару және координация жүргізетін жалғыз және орталық атқарушы орган  болып есептелді. Кейінен бұл  орган инвестициялар жөніндегі  агенттік, ал 2002 жылдың қарашасынан  бастап Индустрия және жаңа технологиялар  Министірлігінің Инвестициялар  жөніндегі комитеті болды. Оның құрылымы келесідей:

- Басшылық;

-  стратегия мен инвестициялық  саясат басқармасы;

-  стратегиялық жоспарлау  және экономикалық талдау бөлімі;

- ҚР президентінің қарамағындағы  шетел инвесторлар кеңесінің  қызметін қамтамасыз ету бөлімі;

-  инвестициялық қарым-қатынас  бөлімі;

- инвестициялық жобаларды  талдау және олардың мониторингі  басқармасы;

- құқықтық қамтамасыз  ету бөлімі;

- инвестициялық жобалар  мониторингі бөлімі;

- инвестициялық жобаларды  бағалау бөлімі





 

 




 


 



 

 

 

Сурет 6.  Индустрия және жаңа технологиялар Министірлігінің  Инвестициялар жөніндегі комитетінің ұйымдық құрылымы [10]

Комитет бекітілген заңнамалық тәртіп бойынша келесідей функцияларды атқарады: инвестициялар ағыының  қозғалысын талдайды, оларды тарту  мен ынталандырудың әлемдік тәжірибесін  қарастырып, жалпылайды; Қазақстан  Республикасының инвестициялық  климатын жақсартуға арналған шараларды  жүзеге асыру ұсыныстарын дайындау, сонымен қатар ҚР-ның заңнамасын жетілдіру және халықаралық инвестициялық  қарым-қатнасты дамыту; инвестициялық  қызмет сұрақтары бойынша халықаралық  келісімдерді дайындау және оған тұруды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының  инвестициялық мүмкіндіктері жайлы  жарнамалық-ақпараттық кампанияларды  өткізу; Қазақстан Республикасының  шетелдегі мекемелерінен келіп  түскен жобалар мен ұсыныстардың, ҚР-ның орталық және жергілікті атқарушы органдармен заңнамалық тәртіп бойынша  бекітілген, жылжуын жалпылайды, талдайды және қамтамасыз етеді. Олардың жүзеге асуын бақылайды; инвестицияларды  тарту және қолдану бойынша қызығушылық  білдірген мемлекеттік органдармен  бірге есеп және есеп беруді ұйымдастырады; Қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға сотқа дейінгі тәртіпте шетел  мемлекеттеріндегі шаруашылық бәсекелестікті реттеуге көмектеседі; шетел мемлекеттерінің  заңды және физикалық тұлғаларына  сотқа дейінгі тәртіпте Қазақстан  Республикасындағы шаруашылық бәсекелестікті реттеуге көмектеседі; Қазақстан Республикасының  инвестициялық мүмкіндіктері және жетістіктерін танымал ету және насихаттау мақсатында қызығушылық  білдірген мемлекеттік органдармен  бірге Қазақстанда және шетел  мемлекеттерінде саммиттер, форумдар, семинарлар, презентациялар, конференциялар және т.б шараларды ұйымдастырады; өзінің қызметі бойынша инвесторлармен, халықаралық және басқа да ұйымдармен қарым-қатнасты жүзеге асырады; маңызды  қызмет түрлеріне арналған инвестициялық  жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлардан инвестициялық преференциялар беру ұсыныстарын қабылдайды; инвестициялық  жобаларға байланысты контракттар  мен басқа да құжаттарға экспертизаны ұйымдастырады және өткізеді; бекітілген шарттардың өндірістік-техникалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, салықтық және басқа да  шараларының орындалуын ұйымдастырады және оларға талдау жүргізеді; инвестициялық жобалардың жүзеге асуына қажетті келісімдік және рұхсаттық  құжаттардың алуын қамтамасыз етеді; инвесторларға Қазақстан Республикасындағы  мамандандырылған жұмысшыларды, тауарлар мен қызметтерді іздестіруге  көмек көрсетеді; қол қойылған шарттардың сақталуын жүзеге асырады; контракттің  шарттарының орындалуын бақылаумен бірге инвестициялық жобалардың іске асуына бақылау және мониторинг жүргізеді; жалпы ақпарат құралдарында инвестициялық жобалардың жүзеге асуына байланысты барлық нормативтік актілердің, контракттар бекітілген жобалар  тізімінің, жобаларға инвестициялық  салымдар соммасының және құрылатын  жұмыс орындар санының жариялануын  қамтамасыз етеді; Комитет құзірет  кіретін сұрақтар бойынша ҚР-ның  шетелдегі мекемелерінің және мемлекеттік  органдардың қызметін үйлестіреді; Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген  басқа да функцияларды жүзеге асырады.[11]

Комитетпен қабылданған  басқарушылық шешімдер Комитет төрағасының  бұйрығымен құжаттандырылады.

Шешім дайындығы бірнеше  сатылардан өтеді:

1) ақпарат жинау; 

2)  талдау;

3) шешімнің альтернативтік  варианттарын дайындау;

4) дұрыс шешімді таңдау;

5) құқықтық қамтамасыз  ету бөлімімен бұйрық жобасын  жасау; 

6) басқарушылық шешімді  бұйрық түрінде құжаттау.[12] 

 

1.3 Шетел инвестициясын  мемлекеттік реттеудің шетелдік  іс-               тәжірибесі

 

Кейбір дамыған мемлекеттерде  шетелдік инвестициялардың қызметін реттейтін  арнайы заңдар және органдар бар. Мысалға, Португалияда “шетелдік инвестициялар  кодексі” және арнайы мемлекеттік  ұйым – “Португалиялық сауда, туризм және инвестициялар жөніндегі институты” жұмыс істейді.

Көптеген дамыған мемлекеттерде  шетелдік компаниялардың қызметін реттейтін  арнайы мемлекеттік органдар жоқ. Осылайша, АҚШ-ғы шетел инвестициялары жөніндегі  комитеттің ірі шетелдік капитал  салымын тексеруге, тіпті оларға рұқсат бермеуге құқығы бар. Алайда осы  уақытқа дейін рұқсат берілмеген жағдайлар тіркелмеді. Ал қалған федералды  органдар шетел инвестициясына тек  статистикалық талдау жасаумен шұғылданады. АҚШ-та волюталық шектеулер де жоқ. Сол себепті АҚШ-ғы шетел компанияларының  қызметі ұлттық компанияларды реттейтін  заңдармен және органдармен реттеледі.

Құрама Штаттарындағы  шетел инвестициясы жөніндегі комитет     (Comitte on Foreign Investment in the US) – АҚШ-тың  ұлттық қызығушылықтарына әсерін тигізетін  ірі көлемді шетелдік капитал  салымын қарастыруға құқылы. Қажет  болған жағдайда оларға рұқсат бермейді, бірақ осы уақытқа дейін ондай  әрекет тіркелмеді.

Ал, шетелден басқарылатын компаниялар  үшін келесідей шектеулер бар: мұндай компаниялар мұнай құбырларын және көмір шахталарын  сатып алуға  құқықтары жоқ; ұқсас шектеулер, яғни басқа мемлекетте қандай шектеулер  болса, американдық компанияларға, сол елдің компанияларына да сондай шектеулер; қазба байлықтар өндіруге және қозғалмайтын мүлікті, әсіресе  жерді сатып алуға; ондай компанияларға  авиациалық және су көлігі қызметтерінде, атомды және электро энергетикада, байланыста, банктік және сақтандыру саласында қызмет атқаруға шектеулер  қарастылған.Шетелдік инвестициялар  үшін шетелдік кәсіпорынның бөлімшесі  ретінде тіркелгені оңай. Ол заңды  тұлға емес, оған жарғылық қордың көлемі бойынша шектеулер жоқ, салықты  бас компания төлейді, және әрдайымғы  міндетті ревизиялар қажет емес.Алайда шетелдік инвестициялар үшін еншілес  компания түрінде тіркелгені тиімді болып отыр. Ол заңды тұлға болып  табылады, сондықтан корпорациялар  туралы заңдағы барлық шарттар ескеріле отырып тіркеледі.1993 жылдан бастап корпорациялар  мен басқадай ұйымдардың жақсы жақтарымен құрылған жауапкершілігі шектеулі корпорациялар  пайда болды: оларда шектеулі жауапкершілік  және де оларға корпорациялық табыс  салығы салынбайды (салық қатысушылардың қосқан жарналары бойынша жеке табыс  салығы ретінде төленеді).

Информация о работе Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны