Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Файлы: 1 файл

Еркош дайын диплом.docx

— 421.66 Кб (Скачать)

Статистика бойынша  Қазақстан Республикасының Агенттігінің деректері бойынша, Қазақстан территориясында  ЕО елдерінен шетел капиталының  қатысуымен 2324 кәсіпорындар қызмет етеді, олардың ішінен 980 шетел инвесторлардың үлестік қатысуындағы кәсіпорындар. Қазақстан Республикасында еуропалық  елдердің қатысуымен құрылған қызмет етуші кәсіпорындардың саны бойынша  Германия (546), Ұлыбритания (453), Нидерланды (314), Кипр (184), Италия (130) және Франция (71) басым болады.

Елімізге еуропалық  капитал салымдарының ерекшелігі –  экономиканың шикізат секторына  оның шоғырлануы болып табылады. Қазақстан  мен ЕО-тың инвестициялық ынтымақтастығының  дамуының маңызды факторы – экономиканың нақты секторындағы бірлескен жобаларының  жүзеге асырылуы.

Қазақстанға тура шетел инвестиицялардың жалпы түсімі (ағымы) келесіні қосады:

- резидент еместердің  резиденттерге қазақстандық акционерлік  капиталының бөлігін сатуын шегеру  арқасындағы резидент еместердің  резиденттерден қазақстандық акционерлік  капиталының бөлігін сатып алуы (жарғы капиталындағы қатысу үлесі  немесе акциялардың 10%-дан аз  болмауы);                

- реинвестицияланған  табыс (тікелей шетел инвестициялармен  қазақстандық кәсіпорындардың шығынындағы  немес бөлінбеген пайдадағы шетел  тура инвесторлардың үлесі);

- өтеу есебінсіз,  ақшалай, тура солай басқа да  формаларындағы (тауаодар, жұмыстар, қызметтер,  материалды емес активтер және  т.б. түріндегі), шетел тура инвесторларымен  ұсынатын, несие мен қарыздар  бойынша қаржылардың түсуі.

 

 

Сурет 11. Экономикалық қызмет түрлері бойынша келіп түскен тікелей шетел инвестициялары

 

Берілген суреттен қызмет түрлеріне келіп түсуіне қарай  талдайтын болсақ, ауыл шаруашылығы, аң аулау, орман және балық шаруашылығына  салыстыру кезеңінің басында 2,4 млн. доллары келіп түссе, соңында 1,7 млн. долларына кеміген. Тау-кен өндірісінің  өнеркәсібіне бастапқы жылы 2123,4 млн. долларын құраса, талдау кезеңінің соңында 4625,4 млн. долларына өскенін көреміз, яғни 2502,0 млн. долларына артқанын көреміз.

Сауда, автокөлік және тұрмыстық  заттарды жөндеу салыстыру кезеңінің  басында 105,1 млн. долларын құраса, кезең  соңында 1253,4 млн. долларын құрап, 1148,3 млн. долларына өскенін байқаймыз. Қаржылық қызмет салыстыру кезеңінің басында 11,8 млн. долларын құраса, кезең соңында 2906,4 млн. долларын құрап, 2894,6 млн. долларына  өскенін байқаймыз.

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіпорындарды жалға беру қызметтері салыстыру кезеңінің басында 845,9 млн. долларын құраса, кезең соңында 6955,3 млн. долларын құрап, 6109,4 млн. долларына  өскенін көруге болады.[35]

Бұл біздің тау-кен өнеркәсібіне, сауда, автокөлік және тұрмыстық  заттарды жөндеу, қаржылық салаға, жылжымайтын  мүлікпен операциялар, кәсіпорындарды жалға беру қызметтеріне деген шетел  инвесторларының қызығушылығын  танытатынының көрінісін байқатады.

Қазақстанға тартылатын тура инвестициялардың көбісі ең алдымен  жылжымайтын мүлік операцияларына, жалға және кәсіпорындардың қызметтеріне бағытталған. 2009 жылы олардың көлемі 6963,8 млн. долларын (тура шетел инвестициялардың жалпы көлемінен 39,8%-н) құрады. Бұл  салаға тартылған инвестициялардың үлкен бөлігі геологиялық барлау мен іздеулерін жүргізу бойынша  қызметіне бағытталынады. – 6631,3 млн. доллар (37,9%). Тікелей шетел инвестицияларының  тартылған тағы бір саласы шикі мұнай  мен табиғи газды өндіру саналады. 2009 жылы бұл саланың тікелей шетел  инвестицияларының көлемі 4316,3 млн. долларын (тікелей шетел инвестициялардың жалпы көлемінен 24,6%-н) құрады.

 

Кесте 11

Салалар бойынша шетелдік инвестициялардың көлемі

Сала/Ел

2010     жыл

сала бойынша жиынтығына  %-бен

оның ішінде:

тікелей инвестициялар

портфель инвестиция лары

басқа инвестициялар

Барлығы

139 269

100

80 326

15 447

43 495

Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман өсіру және балық аулау  шаруашылығы

316,6

0,2

77,3

0,2

239,1

Тау-кен өнеркәсібі

22 543,9

16,2

15 781,8

2 935,5

3 826,6

Өңдеуші өнеркәсіп

11 091,4

8,0

6 783,2

110,3

4 197,8

Электр қуатын, газды және суды өндіру мен оларды бөлу

1 033,0

0,7

423,3

1,9

607,8

Құрылыс

10 055,5

7,2

945,9

1,8

9 107,8

Сауда, автомобильдерді және үйде пайдаланылатын бұйымдарды жөндеу

7 626,6

5,5

3 106,1

15,3

4 505,3

Көлік және байланыс

3 590,5

2,6

903,7

252,0

2 434,7

Қаржы қызметі

27 034,3

19,4

4 635,6

12 033,5

10 365,2

Кесте 11. Жалғасы

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға алу және кәсіпорындарға қызмет көрсету

49 525,6

35,6

45 276,3

53,9

4 195,4

Мемлекеттік басқару

3 492,4

2,5

 

41,2

3 451,2

Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет

273,3

0,2

106,1

0,0

167,1

Бірлестіктер, ассоциациялар  және кәсіби ұйымдардың қызметі

2 145,9

1,5

2 136,2

 

9,7

Ескерту: ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтерімен автор құрастырған


 

 

Жоғарыдағы кестеден көріп  отырғанымыздай экономика салалары бойынша әр елден келген инвестиция мөлшері көрсетілген. Сала бойынша  талдап кететін болсақ: ауылшаруашылығы, аң аулау, орман, балық шаруашылығы  қызметтері бойынша инвестицияның  көп мөлшерін беріп отырған халықаралық  ұйымдар мен Виргин аралдары, тау-кен  өнеркәсібі бойынша – АҚШ пен  Нидерланд, өңдеуші сала бойынша  – Нидерланд пен Швейцария, электр энергиясы, газ және суды бөлу және өндіру салалары бойынша - халықаралық  ұйымдар мен Виргин аралдары, құрылыс  саласына Қытай мен Нидерланд, сауда, автокөлік және тұрмыстық заттарды жөндеуге Нидерланд пен Ресей  Федерациясы, қонақ үйлер мен  мейрамханаларға Виргин аралдары мен  Нидерланд, көлік және байланысқа Нидерланд  пен АҚШ, қаржылық қызметке Австрия  мен Қытай,  жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіпорындарды жалға  беру қызметтеріне Нидерланд пен  АҚШ, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтеріне Нидерланд пен Біріккен Араб Әмірліктері, мемлекеттік басқару  саласына халықаралық ұйымдар мен  Жапония, бірлестіктер мен ассоциациялар  және кәсіби ұйымдардың қызметіне Виргин аралдары қомақты мөлшерде қаржы  салып отыр. 

Қазақстан экономикасына  негізгі инвестициялық түсімдер Қайта жаңарту және дамыту Еуропалық  Банкіден (ҚДЕБ) түседі. Қазіргі уақытқа  дейін ҚДЕБ Қазақстанға 26 жобаларды  қаржыландырды, сонымен қатар біздің елімізге 800 млн. доллардан асатын қаржыны  салған.

Қазақстанда шешілмеген мәселелердің бірнеше қатары бар. Шетел инвесторлары келісім шарттардың және міндеттердің бұзуларымен қақтығысатыны құпия  емес. Бұл Қазақстанда заңдар жүйесі әлсіз болуымен және соттар коммерциялық таластарын мөлдір және алалықсыз шешілуі  үшін қанағаттанарлық негізін қамтамасыз етпейтіндігімен байланыста болады. Осыған орай, заң жүйесінің тиімділігі мен мөлдірлігін жоғарылату үшін шараларды қабылдаған жөн. Шетел  инвесторлары соқтығысатын мәселелер, негізінен, шағын немесе орташа инвесторларға  қатысты болады. Ірі инвесторлар  және үлкен халықаралық компаниялар  өздерінің мәселелерін Үкіметте және өте жоғары деңгейдегі өзінің қарым-қатынастары арқылы шешеді. Шағын  инвесторларда мүмкіншілік жоқ. Сондықтан да олар үшін тиімді заң  жүйесі бар, салық және кеден заңдарын түсінікті және объктивті түрдегі  пайдалануымен қарапайым анық және мөлдір іскерлік климатының бар болуы  қажет.                                                                                          

Маңыздылық деңгейі бойынша  келесі мәселелер қарастырылады. Оларға меншік иесі мен несие берушілердің құқытарын қамтамасыз етуыні, кеден  реттеуіне, саяси өзгерістердің  тәуекелдеріне, макроэкономикалық  оқиғалардың тұрақсыздылығына, дамымаған  банктік секторына, бухесеп жүйесіне және содан кейін сыбайлас жемқорлыққа  қатысты мәселелер жатады.

Біздің республикамызға  өзінің қаржыларын салатын шетел  инвесторлардың ойы бойынша, ең маңызды  мәселе болып қылмыстылық немесе сыбайластық емес, ол адекватты емес және әр кезде ауысатын салық заңы болып табылады.[36]

Қазақстан Республикасының  аумағындағы шетел инвесторларының  қызметін реттейтін белгілі бір  құқықтық база құрылған. Қазақстан  үкіметі халықаралық Валюталық  Қормен, Дүниежүзілік Даму Банкімен және басқа да әлемнің халықаралық  қаржы ұйымдарымен тығыз байланыста отырып, шетелдік инвестицияларды тарту  аясындағы және республика экономикасындағы шетелдік капитал үшін жеңілдік тәртібіндегі мәселелі сұрақтарды шешу, халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір деңгейін жаңарту  аясында заңдық база құрылды.

Қазіргі кезде жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көш бастап келеді. Егер бұл көрсеткіш Қазақстанда 1037,4 доллар болса, бізге ең жақын тұрған Әзірбайжандағы көрсеткіш 661 доллар екен.

Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болғанын айта келіп, Елбасы бір кездері қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмағанын атап көрсеткен болатын.

Шетелден ауқымды инвестициялардың келіп түсуі экономиканы несиелендіру жағдайын айтарлықтай жақсартты.

Бұдан басқа, инвестициялар  құрылымын талдау шетелдік инвесторлардың ақшаның көп бөлiгiн айналым  қаражатына немесе қысқа мерзiмдi пайдаланудың негiзгi қаражатына салатынын көрсетедi.

Шетелдiк инвестицияларды  тартуда өнеркəсiптiң өңдеушi салаларына басымдық берiлуге тиiс. Жаңа iрi инвестициялар  есебiнен маркетинг пен менеджменттiң  осы заманғы əдiстерi қолданылатын технологиялық жағынан күрделi өндiрiстер құрылуы мүмкін.

Келесі суреттен 2011 жылдың қаңтар айындағы экономика салаларына салынған инвестиция көлемін көреміз.[37]

 

 

 

Бұл суреттен байқағанымыздай  қаңтар айында салынған инвестициялардың басым көлемі өнеркәсіп саласына (63 %) бағытталып отыр. Екінші орында жылжымайтын  мүлікпен операциялар (9,8 %), келесі орында сауда саласы (2,1 %) алып отыр. Ал аз мөлшерде инвестиция салынып отырған салалар  – денсаулық, әлеуметтік қызмет, қонақүй, мейрамханалар, білім салалары. Бұл  салаларға шетел инвестицияларына қарағанда мемлекет қаржыландырып  отырады, яғни республикалық бюджеттен  бөлінеді.

Жыл сайынғы тiкелей шетелдiк  инвестициялардың жиынтық көлемi орта есеппен IЖӨ-нiң 8%-ы деңгейiнде сақталып отыр. Шетелдiк капитал өндiрiстiк  сектордың дамуына ықпал етпейдi, өйткенi iс жүзiнде толығымен экономиканың өндiрушi секторларына, негiзiнен мұнай  өндiру мен металлургия салаларына жiберiледi. Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi қазiргi кезде IЖӨ-нiң 18-19%-ынан аспайтын мөлшердi құрайды, ал елiмiзге осы қолда бар деңгейден  екi есе асып түсетiн инвестициялар  көлемi қажет.

Қазақстан экономикасының басым  салаларына шетел капиталын тартуды    ынталандыру үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес әдістерді қолдану қажет.

Елімізге салымдардың өсімі туралы есептердің барлығында бір «бірақ» бар шикізат өндіруге салынатын инвестицияларҚазақстанға салынған жалпы қаржының 60-80% құрайды. Қазақстандықтар мен шетелдіктер басқа салаларға мемлекеттік бағдарламаларда жоспарланғандай аса ықыласпен қаржы құя қоймайды.Ауыл шаруашылығына, инфрақұрылым нысандарына, өндіріске, ғылымға, жоға-ры технологиялық салаларға жеке меншік инвестиция өте аз салынады. Бұл сала-ларға әдетте батыл бюджет қаржысы бағытталады – олар ел пайдасы үшін деп еш қалдықсыз буға айналады.

Алдағы уақытта шетелдік инвестицияны анағұрлым сапалы деңгейде тек қаржы ағымы түрінде ғана емес, технология, білім, инновация, трансферт  түрінде тартуды есепке аламыз. Инвесторлармен бірігіп жұмыс істеуді Қазақстан  Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестиция комитеті қолға алатын “бір терезе қағидасы” қағидасы бойынша  жүргізілетін болады. Ал инвесторларға  сервистік қолдау көрсету мен  сүйемелдеуді республикаслық бюджеттен  қаржыландырылатын өзінің қызметін тегін көрсететін “KAZNEX INVEST” экспорт  және инвестициялар ұлттық агенттігін назарында ұстамақ.

2010 жылдың қорытындысы  бойынша ел экономикасының шикізаттық  емес секторына тартылған инвестициялардың  өсу деңгейі 21,6%-ға жетті.

Соңғы 10 жылда Қазақстан  экономикасына салынған инвестицияның  басым бөлігі мұнай-газ секторына  бағытталғаны белгілі. Соның нәтижесінде  елімізде мұнай өндіру көлемі екі  есеге артып, яғни, 2001 жылы елімізде 40 миллион тонна мұнай өндірілсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 80 миллион  тоннаға өндірілген болатын. Ал кен  игеруші компаниялармен жасасқан келісім-шарттар  саны 100-ден 400-ге дейін жеткен. Бүгінде  мұнай-газ саласына құйылған инвестициялар  көлемі 87 миллиард долларды құрап, оның 80 пайызы шетелдік компаниялар мен  бірлескен кәсіпорындар еншісіне тиесілі  болып тұр. 2001 жылы еліміздің игеруге  болатын мұнай қоры 2,9 миллиард тонна  деп бағаланса, 2010 жылы 4,8 миллиард тоннаға  жетті. іп Ал газ қоры 1,8 триллион текше  метрден 3,7 триллион текше метрге ұлғайған. Ал, жалпы мұнай қоры болжам бойынша 17 миллиард тонна, газ қоры 8 триллион текше метрге жетуі мүмкін. Қазір  дүниежүзіндегі мұнай қорының 3,2 пайызы Қазақстанның қойнауында. Еліміз қара алтынның қоры бар он мемлекеттің  қатарында. Әлемдегі табиғи газ қорының 1,7 пайызы біздің жерімізде, болашақта  Евразия құрлығының газ нарығындағы  орнымыз нығая түсетіні анық. Алдағы уақытта отандық өндірісті, мұнай-химия  саласын дамытуға шетелдік инвесторларды  тарту ісін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат  қоры ары қарай жалғастыратын  болады.[39]

Информация о работе Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны