Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Файлы: 1 файл

Еркош дайын диплом.docx

— 421.66 Кб (Скачать)

- әлеуметтік-саяси, нормативтік,  ұйымдастырушылық-экономикалық факторлар  арқылы елдегі инвестициялық  қызметті жүргізудегі базалық  шарттарды жетілдіру;

- халықаралық стандартқа  сай сапалы жұмыс күшімен қамтамасыздандырылған  өндірістік және көлік-коммуникация  инфрақұрылымдарын тұрғызу;

- шикізаттық емес салалардың  инвестициялық тартымдылығына кері  әсер  ететін факторларды анықтап,  олардың алдын алу;

- жоғарғы технологиялық  және экспортқа бағытталған инвестицияларды  мемлекеттік қолдау, оның ішінде  әсіресе инвестициялық жобаларды  қаржыландырудың жаңа механизмдерін  ендіру;

- инвестицияны біріге  отырып қорғау мен қолдау саласында  халықаралық келісімдік құқық  базасын кеңейту және тағы  басқа шаралар қарастырылуда.

Инвестициялық саясаттың  жақын арадағы стратегиялық міндеттері инвестициялық дағдарысты біртіндеп  жеңу ішкі жинақтардың қалыптасуының  іскерлік белсенділігін көтеру жағдайында жүзеге асырылуымен анықталады.

Олардың ішінде маңыздылары  болып келесілер табылады:

- қаржы-несие жүйелерінің  қайта өзгеруі, инфляцияға қарсы  шаралардың жүзеге асырылуы және  төлемеу дағдарысын шешу;

-  жекешелендірудің аяқталуы  және бәсекелік экономикалық  ортаны құру;

- құрылымдық қайта құруды  жүзеге асыру және тиімді ұлттық  экономиканы  қалыптастыру;

- жоғарғы технологияларды  ендіру негізінде өндірісті жаңарту;

- институционалдық қайта  өзгертулер және нарық инфрақұрылымын  дамыту;

- қор нарығын дамыту  және инвестициялық климатты  жақсарту мақсатымен заңдылықты  жетілдіру;

- кедендік төлем, несие,  салық жүйесін қолдану арқылы  инвестициялық белсенділікті экономикалық  реттеудің нарықтық әдістерін  енгізу.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей келесі жағдайларды қамтамасыз ететін инвестициялар инвестициялаудың басымдылықты аялары болып табылады:

1) жеке бизнес үшін  тартымды емес, бірақ елдің, ұлттың, экономиканың, экологиялық және  азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз  ету;

2) ұлғаймалы ұдайы өндіріс  үшін және елдің, тұрғындарының  өмірлік іс-әрекеті үшін (мысалы, шаруашылық инфрақұрылымының салалары: транспорт, энергетика, сумен қамтамасыз  ету, байланыс және т.б.) қолайлы  жағдайлар жасау;

3) жеке капиталдың мобилділігін  көтеру оның потенциалды мүмкіндіктерін  кеңейту, кәсіпкерлік іскерлікті  жүргізу үшін техникалық, ұйымдық  және экономикалық жағдайлар;

4) болашаққа үлкен әлеуметтік-экономикалық  тиімділікті келесі инвестициялар  ынталандырады - қор құрушы салалар:  құрылыс, құрылыс материалдар  өнеркәсібі, метал шығару, технологиялық  құрал-жабдықтар және т.б.

5) салымдардың тез өзін-өзі  өтеушілігі және сонымен бір  мезетте түйіндес салалардың, өндірістің  дамуын негіздейді (мысалы, тұрғын  үй құрылысы, ауыл шаруашылық  өнімдерін қайта өңдеу).

6) әлеуметтік қорғау және  адам әл-ауқатын дамыту (әлеуметтік  қамсыздандыру, сақтандыру, денсаулық  сақтау, білім, кадрларды дайындау, ғылым).

Қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін:

- шаруашылық және инвестициялық  іс-әрекеттің құқықтық базасының  тұрақтылығын, тікелей инвестициялардың  ынталандыру және қолдау бойынша  шаралар жүйесінің айқындығын  қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысын дайындау  және қабылдау;

- өндіріс түрлерін және  басымдықты экономика секторларының  тізімін нақтылау және кеңейту;

- тікелей инвестиция үшін  преференциялар мен еңілдіктер  ұсыну жағдайлары  және көлемі, тізімі;

- салалық инвестициялық  ақпараттық жолдарды дайындауды, шетелдік және отандық потенциалды  инвесторларды тарту үшін инвестициялық  ақпараттық бюллетен құруды, дипломатиялық  арналар бойынша олардың таралуын  қамтамасыз етуді қолдау;

- шетел капиталдарының  көлемі және қолданылуының кең  таралуы және жалпы қол жетерлігі;

- жоғары технология аймақтарын, мысалы технопарктерді ұйымдастыру.

Болашақта Қазақстанның өндірістік сферасының дамуына отандық инвестицияларды  ынталандыруға ерекше көңіл бөлу керек. Шетел инвестицияларын тарту  бойынша саясатты жүзеге асыру Қазақстанның халық шаруашылығын  тиімді модернизациялауға, экономиканы реконструкциялауға, ғылыми-техникалық артта қалушылықты жеңуге қабілетті  болуы керек.

Мемлекетке қолайлы инвестициялық  жағдай жасау – бұл әртүрлі  шаралардың кешені:

1) мемлекет нарығының  әлеуетті сипаттамасы; 

2) табиғи және еңбек  ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

3) экономикалық реформалардың  жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

4) инвестициялық қызметке  арналған заң шығару базасы;

5) нарықтық инфрақұрылым  мен валюталық нарықтың дамуы;

6) бакнтік жүйенің тұрақтылығы;

7) саяси жағдайдың тұрақтылығы  мен бағыттылығы.

Инвесторларың көбі Қазақстанның азиаттық өнім нарығына жақын болғанын маңызды артықшылығы дейді.

Қазақстанда және басқа ТМД  елдеріндегі тура шетел инвестицияларын  тартудың әлемдік тәжірибесі мен  практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді  екенін көрсетті, ал маңыздылары келесілер  табылады:

- саяси тұрақтылық;

-елде жүргізілетін экономикалық  реформалардың нарықтық обьективтілігі;

- қолайлы инвестициялық  климат;

- басқа елде ұқсас инвестициялық  шешімдердің өміршеңдігі мен  мүмкін табыс көлемі;

- құқықтық қорғалуы, ашықтығы  және тұрақтылығы;

- жарамды, қолайлы өндірістік  және нарықтық инфрақұрылым;

- табиғи ресурстардың  баршылығы мен құны;

- валютаның еркін конверттелуі  мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі.

Теріс тенденциядан құтылып  және тура шетел инвестицияларының  өсуіне қол жеткізу үшін шетел  инвестицияларын ынталандыру бойынша  кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды. Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан  үшін енуі қажет шаралар:

- қызмет етуші шетел  инвесторлары үшін жеңілдіктер  мен преференциялар жүйесін жеке  салалар мен аймақтарда құру (жеке  жағдайда өнім бөлу механизмін  шыңдау және нақты жұмыс істеуші  еркін экономикалық аймақтар  құру);

- жергілікті билік пен  шаруашылық субьектілер арасында  меншікті нақты айқын бөлу;

- тұрақты экономикалық  және сыртқы сауда заңнамасын  құру, концессия және өнімді бөлу  бойынша нормативті базаны қоса  алғанда;

-  салық ауыртпалығын  төмендету мен салық құрылымын  оңайлату;

- жерге жеке меншік  енгізу;

- шетел инвестицияларын  сақтандыру механизмдерін құру;

Приоритетті бағытты және бағдарламалық шараларды таңдау барысында мыналарды есте ұстаған  жөн:

1. Бұрын құрылған материалды-техникалық  базаны, өндірістік қуатты және 

жабдықты тиімді қолдану  мүмкіндігі;

2. Қызмет етуші жұмыс  орындарымен толықтыру және жаңа  орындар құру;

3. Экспортты-жарамды өнім  үлесін ұлғайту; 

4. Инвестиция қайтарымдылығы  және ең алдымен, жоғары қор  қайтарымдылық есебінен капитал  салымының мерзімін қысқарту;

5. Әртүрлі көздерден инвестиция  тарту мүмкіндігі.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды  экономикаға тарту үшін келесі шарттар  бекітілген:

- республика деңгейінде  бақылау үшін арнайы банктік  шоттарды, амортизациялық шегерімдерді  орналастыру бойынша талаптарды  шешу жолымен өндірістік қорларды  мақсатты инвестициялауға амортизациялық  шегерімдерді қолдану процесіне  қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді  қамтамасыз ету;

- халық жинақтарын міндетті  сақтандыру жүйесіне бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін  арттыру шараларын жүргізу арқылы  ішкі жинақ потенциалын жүзеге  асыру;

- инвестициялық климатты  жақсарту және шетел инвесторларының  ағымын ынталандыру мақсатында  жергілікті сот органдарының  шешімдерін орындалуын қамтамасыз  ету, келісім шарт міндеттемелерін  сақтау, отандық және шетел инвесторларына  тең жағдай жасау;

- үкімет деңгейінде ұлттық  мүддені сақтау және кәсіпорынның  негізгі капиталына инвестиция  міндеттемелерін бақылау шараларын  заңды түрде бекіту;

- әрі қарайғы экономикалық  даму мен ынтымақтастық үшін  нақты секторды несиелеу аясында  коммерциялық банктерге өзінің  белсенділігін арттырудың жарамды  тәсілдерін табу қажет;

- инвестициялық белсенділікті  арттыру үшін қор нарығының  дамуын жүзеге асыру;

- есептеу тәсілінің қарапайымдылығы  мен ашықтығын және аймақтың  өмірін қамтамасыз етуші факторларды  алушы рейтингтік бағаның ортақ  жүйесін әзірлеу;

- аймақтың инвестициялық  әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті  инвестициялық ресурстар жиынтығын  жетілдіру.

Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға өнеркәсіптік-инновациялық даму стратегиямын іске асыру бойынша  шаралар жоспарын жасап шығару Қазақстанның инвестициялық қызметін белсендіруде мағызды шешім болып табылады. Үкімет мемлекеттің инвестициялық  және инновациялық әлеуетін анықтау  бойынша көлемді зерттеу жүргізуді  нақты сектордың болашағы бар  салаларын анықтап, бағалауды, инвестициялық  қызметтің ұйымдастырушылық қызметін қолайлы жағдайларын құруда.[45.46]

Дамудың қазіргі кезеңінде  Қазақстан Республикасының инвестициялық  саясатының мақсаты – бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, ғылым тұтынушылық  өндірістердің дамуына приоритетті  тәртіппен бағытталатын ішкі және сыртқы инвестициялар ағымының жоғары деңгейіне  жету болып табылады. Негізгі инвестициялық  приоритеттер “Қазақстан-2030” даму стратегиясынан, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін өнеркәсіптік-инновациялық даму стратегиясынан, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін стратегиялық даму жоспарынан, сонымен қатар экономиканың қысқа мерзімді даму бағдарламаларынан  барып шығады. Атаулы құжаттарда қойылған міндеттердің іске асырылуы тек жағдай жасап қоймай, ұлттық экономиканың тұрақты және динамикалық дамуын қамтамасыз етеді.

3.3  Шетел инвестицияларын тарту тиімділігін арттыру

 

Республикаға шетелдік инвестиция өте қажет, өйткені оның қаржы ынтымақтастыктардың басқа түрлерінен артықшылығы қазіргі кезеңде даусыз. Сонымен қатар елімізге шетелдік қатысуы бар кэсіпорындарды құру, шетелдік инвесторлар қызметін жүзеге асыруда шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкіддіктерін кұру, сондай-ақ еншілес ұйымдарды құру ынталандырудың негізгісі болып табылады.

Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның шетелдік инвестициялар туралы Заңы ТМД елдерінің ішінде ең жақсыларының қатарында болып отыр. Бұл заңның негізгі жетістігі, шетелдік инвесторларға берілетін кепілдіктерді бірінші орынға қоюында.

Заңда шетелдік инвесторларға  келесідей кепілдіктер берілген:

  • Экспроприациядан кепілдік — бұл жерде тек шектен шыққан 
    жағдайларда ғана қоғам мүдделеріне сүйене отырып экспроприацияға 
    рұқсат беру қағидасы бекітілген, бірақ мұндай жағдайда занда бекітілген 
    тәртіп кемісітпеу негізінде сақталып, сәйкес келетін және тиімді өтем ақы бірден төленуі тиіс;
  • Шетелдік инвесторлардың шығындарын өтеу және орнын толтыру кепілдігі — мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен  пайда болған  шығындардың орны  толығымен  өтеледі. Форс-мажор жағдайында ( соғыс, ревалюция, төтенше жағдай) туындаған шығындарды өтеу кезінде шетелдік инвесторларға ұлттық режим беріледі.

Табыстарын пайдалану  кепілдігі - шетелдік инвесторлар өз табыстарын Қазақстан Республикасы аумағанда қайта инвестициялауға және заңдармен тиім салынбаған өзге де мақсаттарда пайдалануға құқылы.

Өз валюта кұралдарын пайдалану кепілдігі - шетелдік инвестицияларға байланысты шетел валютасындағы барлық ақша аударылымдары Қазақстан республикасы мен одан тыс жерлерге салықтар мен өзге де міндетті төлемдер төленген жағдайда еркін және кедергісіз жасалады.

Шетелдік инвесторлар  қызметіндегі жариялылық - шетелдік инвестицияларға  қатысты барлық номативтік актілер, сондай-ақ сот шешімдері, мүдделі тұлғалар үшін ашық болуы тиіс.

Шетелдік инвестицияларды  тарту үшін ең алдымен республикадаға инвестициялық климатты жақсарту қажет. Ол үшін біріншіден инвестициялық климатқа әсер ететін факторлар жүйесімен танысып, олардың тиімділігін арттыру керек.

Инвестициялық климатқа әсет ететін факторларға - саяси, экономикалық және әлеуметтік — деп бөлуге болады. Саяси факторларға шетелдік инестицияларға қатысты мемлекетгік саясатты, халықаралық келісім - шарттарды сақгау дәстүрін, шетелдік мүлікті мемлекет меншігіне айналдыру тәжірибесін, мемлекеттік инситуттардың тұрақтылығын, саяси биліктің мирасқорлығын, экономикаға мемлекеттің араласуы деңгейін, экономикалық саясаттың тәжірибеге жақын болуын, мемлекеттік аппараттың жұмыс тиімділігін жатқызуға болады.

Информация о работе Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны