Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Файлы: 1 файл

Еркош дайын диплом.docx

— 421.66 Кб (Скачать)

Инвестициялық климатқа әсер ететін экономихалық факторларға  экономиканың жалпы жағдайын, елдің валюталық, несиелік және қаржылық жүйелеріндегі жағдайын, кеден режимін, жұмыс күшін пайдалану режимін (оның құнын, біліктілік денгейін, жұмыс жасау өнімділігін) жатқызуға болар еді. Әлеуметтік факторлар қатарына қоғамның жеке меншік пен шетелдік инвестицияларға көзқарасын, қоғамда ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық сауалдары бойыяша әлеуметтік және саяси келісімділіктің болуын жатқызамыз.

Инвестициялық климат бұл инвестицияларға ықпал ететін әртүрлі факторлар жиынтығы, ал инвестициялық режим шетелдік инвестициялардың жүзеге асырудың құқықтық жайттар жиынтығы. Шетелдік инвестицияларға берілетін режимнің бірнеше түрлері бар: ұлттық режим (шетелдік инвесторлардың қызмет жағдайын ұлттық инвесторлармен теңестіру), ең қолайлы жағдай жасау режимі ( кемсітпеу негізінде әртүрлі елдерден келген инвесторлардың құқықтары мен міндеттері теңдігін қамтамасыз ету) преференциалды (жеңілдетілген) режим    (белгілі    бір    қызмет    аясында,    экономика    секторына    не географиялық аймақта белгілі бір шетелдік инвестицияларға жеңілдіктер беру).

Жеңілдетілген режим  шетелдік инвестициялар үшін экономиканың басым секторлары мен әлеуметтік салада қосымша жеңілдіктер берілуі болып табылатын режим.

Шетелдік инвестициялар  режимінің кепілдіктері тек шетелдік кәсіпорындарға ғана емес, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындарға да тартылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда жарғылық қордағы шетелдік инвесторлардың үлесі 35% немесе ақшалай есептегенде 1 млн. АҚШ долларынан кем болмауы керек.

Мемлекет тарапынын  тиімді шарттарды анықтау үшін экономикалык саясаттың инвестициялық-бағытының  негізгі элементтері мен мақсаттарын  қайтадан қарауы тиіс. Мемлекеттің  барлық түрі үшін өнеркэсіптік саясаттың негізіне мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы дамуы жатады. Бұл мақсаттар қоғамның жақын арадағы және болашаққа деген жоспарын, бағыттарын анықтайды Экономикалық саясаттың мақсаттары өнім өндірісі мен экономиканың ғылыми-техникалық дамуымен байланысты.

Ұзақ мерзімдік  жобадағыдай емес, ғылыми-техникалық дамудың тенденциясы нарықтық механизмнің дамуына әрқашанда жеткілікті дәрежеде ілесе алмай жүруін ескеру қажет. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін қажетті ең маңызды аргументтерінің бірі. Мемлекеттің реттеуші органдары шаруашылық бірліктің ұзақ мерзімді өнеркәсіптік даму кезінде тиімді бағыттарды қолдану керек. Сонымен, мемлекеттің экономикалық дамуды реттеуге қатысуын қажеттілік деп анықтауға болады:

  • өнеркәсіпті өнім өндірісінің тиімді құрылымына жеткізу;
  • жоғары    технологиялық    өнімнің    әлемдік    нарықтағы    жоғары бәсекелестікке жетуі;
  • жоғары технологиялық өнімнің экспортқа шығуы;
  •  өнімнің тез арада жаңартылуын қамтамасыз ету және т.б. 
    Экономикалық    саясаттың    негізінен    шыға    отырып мемлекеттік реттеудің экономикадағы көптеген блоктар-элементтерін бөліп көрсетуге болады. Бірақ біз бүл мәселенің тек шетел инвестициясына қатысты жағына тоқталамыз.

Ішкі нарыққа  импорттық тауарларды кіргізу керек, сонда отандық өнім шығарушылар сыртқы нарықтағы бәсекелестікке түсе алады. Бұл ішкі нарықтағы отандық өнім шығарушылардың монополизмді қысқарту мәселесін шешуге қатысады, өйткені шетел тауарларының ішкі нарыққа кішігірім енуі монополистті банкротқа ұшыратады. Экономикалық өсудің бір шарты болып табылатын жұмыс күшінің бос жүрмеуін және шағын бизнес мәселесін дамытуды қарастыру қажет.

Өндірілген өнімді ішкі жэне сыртқы нарықтарға шығаруды қамтамасыз етуді көрсетілген блокта дамыту, қазақстандық өндірушілер мен  шетелдік өндірушілер көрсеткіштерінің салыстырмасын шығару қажет. Басқа  елдерге қарағанда бәсекелестікке түсе алатын өнім шығару қажет. Бұл тауарлардың параметрі болып: техникалық жағдайы, оларды қолдану ыңғайлылығы және т.б. табылады. Мұндай тауарлар басқа жақсы дамыған елдердің тауарларымен де бәсекеге түсе алады. Көрсетіліп кеткен фактор өз уақытында Жапониямен, Оңтүстік Кореямен және басқа Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерімен қолданылғын.[45]

Кедендік реттеу блогі, ішкі нарықты қорғау, экспортты жақсарту, жаңа өнімдер мен процесстерді ашу сияқты мақсаттарды шешу үшін арналады. Жаңа өндірісті және процесстерді ынталандыру үшін, сол өндіріске қажетті материалдарды, кейбір жағдайларда шикізаттарды импорттауға жеңілдетілген тарифтер енгізу қажет. Және де, жаңа процесстердің бастапқы кезеңінде ішкі нарықтағы сұранысты ынталандыру мақсатымен оларға дайын өнімді алып кіруге рұқсат етілуі мүмкін. Содан кейін, шығарылған өнімге ішкі нарықта сұраныс қалыптасқаннан кейін, алдымен дайын өнімді импорттауға, содан кейін шикізат және қажетті материалдарды импорттауға шектеуші тарифтер енгізілуі керек. Бразилияда ТҰК-дың қызметін жұне тапқан пайдасын мемлекеттен тысқары жерге шығаруына шектеу қою мақсатымен шектеудің арнайы тәсілдері мен нысандары қолданылады. Мұндай нысанның бірі "ұлттық тауарға ұқсас туралы" заң болып табылады. Ол заңның мәні бойынша Бразилия нарығында бар ұқсас тауарларды импорттауға рұқсат етілмейді. Шетелдік инвестор Бразилия Банкінен "ондай тауар ұлттық нарықта жоқ" деген рұқсат қағаз алғаннан кейін ғана инвестициялауға мүмкіндік алады. Шетелдік компаниялардың тапқан пайдасын шетелге аударуды шектемей, керісінше олардың пайданы Бразилияның өндірістік потенциалын дамытуға салуын істей алды. Ол үшін тұрақты салық механизмі пайдаланылады, яғни шетелге аударылатын пайданың көлемі 12%-тен аспаса, онда одан салық алынбайды. Ал егер де, соңғы үш жылдағы пайда аударымы 12%-тен асып отырса, онда прогрессифті өспелі салық салынады. Экспортты ынталандыруға импорт және экспорт көлемдерін байланыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Яғни, экспортқа шығарылатын дайын өнімді өндіруге қажетті қосалқы материалдарды импорттауға рұқсат берілуі керек.

Баға саясатының блогы баға құру ережелерін қабылдаумен  айналысады. Оған: қарастырылып отырған саясаттың негізін құрайтын жалпы принциптер; жоғарғы немесе төменгі бағалары белгіленетін тауарлар тізімі; рентабельділіктің шекті деңгейін белгілейтін тауарлар тізімі және қабылданған ережелерді бақылау механизмі кіреді.

Қазақстанда қолайлы инвестициялық  климат қалыптастырылған. Бұны шетелдік сарапшылар да растайды. Осы үшін қажетті  үш негізгі фактор бұнда табылады.

Біріншіден, бай табиғи және минералдық ресурстар бар. Ғалымдардың  бағалауынша, біздің еліміз табиғи ресурстардың қоры жағынан әлемде алтыншы орынды иемденеді. Қазақстан цинктің, вольфрамның  және барриттің барланған қоры бойынша  бірінші орында, күмістің, қорғасынның, уранның және хромиттердің барланған  қоры бойынша екінші орында, мыс  пен флюориттің барланған қоры бойынша  үшінші орында, молибденнің барланған  қоры байынша төртінші орында, алтынның барланған қоры бойынша алтыншы  орында көрінеді.

Екіншіден, Қазақстан инвесторларға  жарты миллиардқа жуық адамы бар  тұтынушы нарығын (Орталық Азия, Қытай  Халық Республикасы және Ресей Федерациясы) ұсына алатындай географиялық жағынан  қолайлы орналасқан.

Үшіншіден, Қазақстанда ыңғайлы  инвестициялық заңнама арқылы, инвестицияларды  демеудің тартымды шаралары арқылы, экономикалық және саяси тұрақтылық арқылы қолдау көрсетілетін бизнес климаты бар.[45]

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл күндері Қазақстан  нарықтық экономика нәтижесінде 140 шақты әлем елдерімен экономикалық байланысқа шығып, әрі бүкіл әлемдік  бәсекелік кеңістікке еніп, БСҰ-ға енуді  мақсат етіп отырғаны мәлім. Сондықтан  әлемдік нарықтағы сапа талаптарына  сәйкес қатаң бәсекеге қабілетті  жаңа дайын өнім шығарудағы технолгоиялық  үрдіске тікелей ат салысатын  негізгі капиталға инвестиция аударуды ұтымды жүргізу де үлкен табысқа  қол жеткізеді.

Әлемдік қауымдастық кейінгі  кезде Қазақстанға үлкен сенімділікпен  қарайды. Бұл заңдылық базада құрылған әлеуметтік және саяси тұрақтылық негізінен  және бұл экономиканың ерекше салаларына көп инвестициялық құйылуына  және оның экономикалық потенциалының  жоғарылуына сенуге мүмкіндік береді.  

Нарықтық экономикада  жалпы экономикалық жағдайдың тұрақталуы мен кәсіпорындардың, мекемелердің қаржылық жағдайының жақсарту мәселелері, инвестициялық қызметтің белсенденуі  аса үлкен маңызға ие болып  жатыр.

Инвестициялық саясат инвестициялық  үрдісті жүзеге асыру және ұйымдастыру  функциялары мен стратегияларын жүзеге асыру және дайындауға бағытталған  іс-шаралар жиынтығы.

Біздің экономикалық өрлеу  стратегиялық нарықтық экономикаға  және шетел инвестицияларын тартуға  негізделген. Осы стратегиялық бағдарламаға сүйеніп, қабылданған “Инвестициялар туралы” заңының негізінде елімізде жаңа инвестициялық саясат қалыптасты. Оны дамыту мен жетілдіруге күш  салу әрбір қазақстандық азаматтың  абыройлы міндеті. Бұл саясаттың  негізгі мазмұны мемлекеттік  қорғау жүйесін дамытуға, қажетті  инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық  сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған  қазіргі кезеңдегі мықты экономиканы  қалыптастыру бағытындағы жүргізіліп отырған инвестициялық саясаттың  болашағы зор. Себебі дәл осы саясатты жүргізу арқылы әлемнің көптеген елдері экономикалық дағдарыстан шыққан. Ол елдер Жапония, Корея, Индонезия, Тайвань. Инвестициялық саясатты дамыту арқылы өз мүмкіндіктерімізді пайдалана  отырып және шетелдермен тұрақты  қарым-қатынас орната аламыз.

  Елiмiз дамуы үшiн  бүгiнде ұлттық өндiрiске және  өнеркәсiп салаларына тiкелей  шетел инвестицияларын, нақты  инвестицияларды және экономикалық iс-әрекетiне байланысты активтi, яғни бәсекеге қабiлеттi өндiрiске  салынған инвестициялар тартуды  жалпы экономика және корпорациялар  негiзiнде iске асыруымыз қажет.

  Еліміздің шаруашылық  кешенінің қызмет етуі мемлекеттің  экономикалық дамуының тиімділігін  арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге  мүмкіндік беретін, өндірістік, иннвоациялық  және әлеуметтік бағдарламалар  мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің  үздіксіздігін қамтамасыз ететін  инвестициясыз мәнсіз болар еді.  Бұлардың барлығы инвестиция  нарығын қалыптастыруға және  талдауға барлық деңгейде жаңа  тиімді тәсілдерді құруды талап  етеді.

Қазіргі кезеңдегі қолға  алынған бұл саясаттың болашақта  Қазақстанның гүлденуі мен көркеюіне  алдыңғы қатарлы елдер санатына жетуіне үлесі зор.

Ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны инвестициялардың көлеміне байланысты. Ал өз кезегінде ішкі жалпы  өнім елдің әлеуметтік экономикасына  дамудың негізгі көрсеткіші болып  табылады. Біздің қоғамымыздың алдында  тұрған басты мақсаттардың бірі адамның  адамның жетістіктерін,құқығын, әлеуметін  ашатын қоғам құру. Адам  қоғамдағы  ең басты құндылық ретінде қарп, жан-жақты дамуына қадам жасайтын кезеңге жету үшін  мемлекеттік  және жеке мүдделерді жұмылдырып, ұйымдастыру  болып табылады. Осы аталған мәселелрді шешуде инвестициялық саясаттың  рөлі өте зор.

Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты  экономиканы қалыптастырудың негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен  стратегияларды жүргiзiп, оны iске асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық саясаттың  орны айтарлықтай болып табылады. Өйткенi негiзгi капиталды инвестициялауда  қаржылық және өнеркәсiптiк корпорациялар, инвестициялық және осының негiзiнде  өндiрiске тiкелей инвестиция тартуды  жүзеге асырады. Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының қайнар көзi болып табылады. Сонымен қатар, экономикадағы  инвестицияларды ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың көлемiн арттыруда, шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың инвестициялық саясатының маңыздылығы  жоғары екендiгi белгiлi.

Бүгiнде Қазақстан экономикасы  әлемдiк бәсекедегi орны айтарлықтай  емес. Елiмiз шикiзат бағытындағы  дамушы елдер қатарында. Әлемдiк  тәжiрибе керсеткенiндей, әлемде шикiзат  экспорттаушы елдер даму жағынан  артта қалған немесе дамушы елдерге  тән экономика болып табылады. Ал елбасымыз халыққа жолдауында “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы  қатарлы елдер қатарынааныған, алдыңғы және «әлемдегіаныған, алдыңғы қатарлы елдерртта қалған немесе дамушы елдерге тән» деп атап көрсеттi. Сондықтан, елiмiз алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн тұрақсыз экономикалық дамуға әкелетiн шикiзат бағытынан қол үзiп, қазiргi заманғы жоғары дамыған ғылыми-техникалық экономикаға өтудi қажет етедi. Оның алғашқы қадамдары ұлттық экономикамызда жасалу үстiнде, яғни экономикамыздың шикiзат бағытынан ғылыми-техникалық шикiзат бағытына өтуi үшiн “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын”  қабылдап, оны iске асыруда. Бұл стратегия алғашқы жылдан бастап экономикамызға оң нәтиже бере бастады. 

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, шетел капиталын тартуда мемлекеттің  жоспарлы экономикалық саясаты және тұрақты экономикалық режимімен  қатар шетел инвестицияларын  реттейтін ұлттық заңдардың тұрақты  болуы және қолайлы инвестициялық  ахуал қажет.

Белсендi мемлекеттiк инвестициялық  саясатты жүзеге асыру үшiн инвестициялық  бағдарламаларды қолдаудың арнаулы  ұйымдастыру нысандарын құру қажет.

Келешекте қолайлы инвестициялық  белсенділікті күшейту үшін келесі шаралар ұсынылады:

- шетел фирмаларымен біріккен  жобаларды дайындау және жүзеге  асыруды үйлестіру;

- дамыған елдер үкіметтерімен  мақсатты займдар және халықаралық  қаржылық ұйымдармен бірге сауда-экономикалық  байланыстар бағдарламалары және  жобалары шеңберінде өндіруші  және өңдеуші өнеркәсіптің басымдықты  салаларына инвестиция тарту  бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- негізгі капиталды инвестициялауға  бағытталған табыстың бір бөлігін  салық салудан босату.

Инвестициялық саясатты дамыту барысында болашақта Қазақстанға  шет ел инвестициясын тек қана шикізат саласында ғана емес, жеңіл  және тамақ өнеркәсібінде, туризмде, ғылым мен білімде де пайдалансақ  көптік етпейді. Сөйтіп, бұл саясатты қоғамның барлық саласына енгізген дұрыс. Ауылшаруашылығы, орман және ағаш өңдеу  өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы салаларында  да инвестиция тарту айтулы нәтижелі болмақ.

Инвестициялық саясатты дамыту барысында болашақта Қазақстанға  шет ел инвестициясын тек қана шикізат саласында ғана емес, жеңіл  және тамақ өнеркәсібінде, туризмде, ғылым мен білімде де пайдалансақ  көптік етпейді. Сөйтіп, бұл саясатты қоғамның барлық саласына енгізген дұрыс. Ауылшаруашылығы, орман және ағаш өңдеу  өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы салаларында  да инвестиция тарту айтулы нәтижелі болмақ.

Информация о работе Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны