Қор жүзеге асыратын инвестициялаудың
мақсаты жаңадан құрылатын және
жұмыс iстеп ұйымдардың жарғылық капиталдарына
қатысу жолымен экономиканың шикiзаттық
емес секторындағы бәсекеге қабiлеттi
өндірiстердi құру жөнiндегi жеке ceктордың
бастамаларына қаржылық қолдау көрсету
болып табылады. Қор жұмыс iстеп тұрған
өндірістерді кеңейтуге, қайта жаңартуға
және техникалық қайта жарақтандыруға,
сондай-ақ тауарлар шығару және қызметтер
көрсету жөнiндегi перспективалы
жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған
ақталатын және тиiмдi инвестициялық
жобаларды қаржыландыруға қатысады.
Қор, егер инвестициялық жоба:
- Қазақстан Республикасының
индустриялық-инновациялық саясатының
негiзгi бағыттарына сәйкес келсе;
- экономикалық және қаржылық
параметрлерi бойынша тартымды
болып табылса;
- ұйымдардың технологиялық
әлеуетiн ұлғайтуға, өнiм өндiрудiң
және қызметтер көрсетудiң сапасы
мен көлемiнiң өсуiн арттыруға,
шикiзат пен материалдарды қайта
өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялық
өнім шығаруға бағытталса ұйымдарды
инвестициялауға қатысады;
- инвестициялық жобаларды
қарау мен iрiктеу тәртiбi Қордың
Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен
бекiтiледi;
- қордың инвестицияларын
ұйымның жарғылық капиталына
жүзеге асыру үшiн iрi акционер
ретiнде жобаны орындауды ұйымдастырудың
тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн,
жобаның техникалық-технологиялық
жағын жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi
тәжiрибесi бар стратегиялық инвестордың
қатысуы.[10]
Стратегиялық инвестор ретiнде
бiр инвестор да, сол сияқты инвесторлар
тобы да қатыса алады инвестициялық
жобаны iске асыратын ұйым қызметiнiң
аясына немесе саласына салым салу
тәжiрибесi бар институциональды инвесторлардың
қатысуы орынды болып табылады. Қор
бәсекеге қабiлеттi салалар мен кластерлердi
қалыптастыратын өзара байланысты
кәсiпорындардың; экспорттық бағыттылығы
басым қосылған құны жоғары өнiмдер
өндiрiсiне және халықаралық еңбек
бөлiнiсiнде қазақстандық ұйымдардың
қатысуын ұлғайтуға бағытталған
инвестициялық жобаларға бағдарланады.
Қордың қаражаты салынған акциялар құнының
өсiмi мен ұйымдардың жарғылық капиталдарына
қатысу үлесi Қордың табыс табуының
негiзгi нысаны болып табылады. Дивиденд
нысанындағы ағымдық кiрiстердiң
өсуiн Қор өз қызметiнiң басымдығы
ретiнде қарастырмайды. Қор уақытша
бос ақшаны iшкi және сыртқы рыноктардағы
мемлекеттiк және мемлекеттiк емес
бағалы қағаздарды қоса алғанда, Қордың
осы инвестициялық декларациясы
айқындайтын шекте және тәртiппен
өтiмдi активтерге орналастыруды жүзеге
асырады. Қор уақытша бос ақшаны
дербес не сенiмдi басқарушы арқылы
басқаруға құқылы. Уақытша бос
ақшаны сенiмдi басқарушы арқылы басқару
шарттары Қор мен сенiмдi басқарушы
арасында жасалатын шартпен айқындалады.
Қордың уақытша бос ақшасын орналастыру
уақытша бос ақшаның жалпы
көлемiнiң мынадай мөлшерлерi шегiнде
Қордың Директорлар кеңесiнiң шешiмi
бойынша жүзеге асырылады: Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк бағалы
қағаздары - 10 пайызға дейiн; халықаралық
қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар
- 100 пайызға дейiн: Халықаралық Қайта
құру және Даму банкi, Еуропа Қайта құру
және Даму банкi, Азия Даму Банкi, Ислам
Даму Банкi, Еуропа Инвестициялық Банкi,
Халықаралық қаржы корпорациясы,
Америкааралық Даму Банкi, Халықаралық
Есеп айырысу Банкi, Африка Даму Банкi.
Standard & Poor's шәкілi бойынша ВВВ-дан
немесе Moody's шәкiлi бойынша Ваа3-тен
төмен емес немесе Fitch Ratings шәкiлi бойынша
BBB-дан төмен емес кредит рейтингi
бар елдердiң мемлекеттiк бағалы
қағаздары - 70 пайыздан аспайды, өз қызметiн
Қазақстан Республикасының аумағында
жүзеге асыратын қор биржасының ең
жоғары санатының тiзiмiне енгізiлген
қазақстандық эмитенттердiң мемлекеттiк
емес бағалы қағаздары - 25 пайыздан аспайды,
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарын
қоспағанда - 50 пайыздан аспайды, Қазақстан
Республикасының егемендiк рейтингінiң
бiр деңгейiнен төмен емес кредит
рейтингi бар қазақстандық эмитенттердiң
шетел мемлекеттерiнiң заңнамасына
сәйкес шығарған мемлекеттік емес бағалы
қағаздары - 25 пайыздан аспайды, Standard &
Poor's шәкiлi бойынша ВВВ-дан, Moody's шәкiлi
бойынша Ваа3-тен төмен емес немесе
Fitch Ratings шәкiлi бойынша ВВВ-дан төмен
емес кредит рейтингі бар шетелдiк
эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы
қағаздары - 20 пайыздан аспайды, осы
тармақтың тармақшаларында көрсетiлген
қаржы құралдары базалық активтер
болып табылатын туынды құнды
қағаздар - 20 пайыздан аспайды, шетел
банктерiндегi (Standard & Poor's шәкiлi бойынша
ВВВ-дан немесе Moody's шәкiлi бойынша
Ваа3-тен төмен емес немесе Fitch Ratings
шәкiлi бойынша BBB-дан төмен емес кредит
рейтингi бар) салымдарға (депозиттерге)
және шетелдiк банктер шығарған депозиттiк
сертификаттарға - 50 пайыздан аспайды,
тазартылған қымбат бағалы металдар
уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы
болған кезде - 20 пайыздан аспайды, екiншi
деңгейдегi банктердiң депозиттерi.
Қор заңнамада белгiленген тәртiппен
депозиттерге уақытша бос ақшаны
кемiнде 3 (үш) екiншi деңгейдегі банктерге
орналастырады. Олардың әрқайсысының
депозит сомасы уақытша бос ақша
мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызынан аспауы
тиiс. 5000 (бec мың) айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшердегі уақытша бос ақша
екiншi деңгейдегі бiр банктiң депозитiнде
орналастырылуы мүмкiн. Қор Қазақстан
Республикасының индустриялық-инновациялық
саясатына сәйкес экономиканың шикiзаттық
емес секторындағы отандық және шетелдiк
ұйымдар арасындағы өзара тиiмдi
өндiрiстік кооперацияны дамыту үшiн
шетелде инвестициялауды жүзеге
асырады. Шетелдiк инвестицияларды
жүзеге асыру кезiнде Қор өздiгiнен
немесе қазақстандық инвестормен бiрлесiп,
инвестиция жүзеге асырылатын елдiң
заңнамасына сәйкес олар қабылдаған
шешiмдi және/немесе тосқауыл болатын
акциялар пакетiн айқындауға мүмкiндiк
беретiн шетелдiк заңды тұлғаның
жарғылық капиталындағы үлестi сатып
алады.[40]
Тәуекелдердi басқару саясаты:
қор ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын
және олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн
арттыруға ықпал ететiн инвестицияларды
салалық және аумақтық әртараптандыру
негiзiнде инвестициялық тәуекелдердi
басқарудың ұтымды саясатын жүргiзедi.
Қордың Директорлар кеңесi тәуекелдердi
басқару саясатының өзекті мәселелерiн
ашатын құжатты бекiтедi. Қор өзiнiң
инвестициялық қызметiнде инвестициялық
жобаларды дамытуға (қаржыландыруға)
мынадай кезеңдiк әдiстi ұстанады:
инвестициялық жобалар бойынша
ақпараттарды алдын ала талдау, жинау
және өңдеу, техникалық-экономикалық негiздеменi
(бизнес-жоспарды) дайындау, жоспарлы-болжамдық
құжаттаманы әзiрлеу, маркетингтiк,
инжинирингтiк және өзге де зерттеулер
жүргiзу, жарғылық капиталға қатысу,
инвестицияларға бақылауды ұйымдастыру
және жоспарлы кiрiстiлiк деңгейiн
қамтамасыз ете отырып, Қордың жобаға
қатысуын тоқтату.
ҚР Үкіметінің 2005.28.03 № 270
Қаулысымен 13 тармақ өзгертілді ұйымның
жарғылық капиталына Қордың бақылаусыз
қатысуы 49 пайыздан аспауы тиiс. Бұл
ретте ұйымның жарғылық капиталына
Қордың 700 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде
қатысуы туралы шешiмдi Қордың Директорлар
кеңесi қабылдайды. Қор басқармасы ұйымның
жарғылық капиталына 700 млн. теңгеден аспайтын
мөлшерде қатысуы туралы шешiм қабылдауға
құқылы. Қор ұйымдардың жарғылық капиталдарына
өзiнiң қатысу үлесiн 49 пайыз шегiнде
ұтымды етуге құқылы, бұл үшiн
Қор басқа акционерлермен жасалған
келiсiмдердiң және инвестициялық
жобаларды iске асырудың шарттары негiзiнде
ұйымның акцияларын портфелдi инвесторларға
және қолданыстағы заңнамаға сәйкес
басқа да сатып алушыларға сатуға
құқылы. Қазақстан Республикасының
экономикасын дамыту үшiн стратегиялық
маңызы бар iрi инвестициялық жобалар
үшiн жобаның бастапқы кезеңiн
қаржыландыру үшiн жоба бастамашысының
қаражаты жеткiлiксiз болған кезде
техникалық экономикалық негiздеменi (ТЭН)
әзiрлеу, Қор стратегиялық инвестордың
жобаға қатысуы басталғанға дейiн
Қордың Жарғысына сәйкес Қордың Директорлар
кеңесiнiң шешiмi бойынша бастапқы
кезеңдердiң жұмыстарын орындау
үшiн жобаның бастапқы кезеңдерiн
қаржыландырудың негізгi бөлiгін
уақытша өзiне қабылдай алады. Қор iрi
инвестициялық жобаларды iске асыру
үшiн жарғылық капиталды одан әрi
қалыптастыру кезiнде осы Декларацияның
13 тармағының ережелерiн басшылыққа
алады. Қордың TЭH әзiрлеуге байланысты
шығыстары инвестициялық жоба бойынша
шығындарға күрделендiруге жатады және
орналастырылатын акцияларға ақы төлеу
және жаңадан құрылатын және жұмыс
істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталындағы
үлестер ретiнде ескерiледi.Ұйымдардың
акцияларына Қордың ақы төлеу
мерзiмдерi мен мөлшерi ұйымдардың жасалған
келiсiм-шарттар (жеткiзiлiмдер, мердiгерлiк
және басқалары) жөнiндегi төлемдер кестелерiн
ескере отырып, ұйымдармен жасалған Инвестициялық
жобаларды бiрлесiп iске асыру
туралы шарттарға сәйкес айқындалады.
Қор ол жарғылық капиталына қатысатын
ұйымдарды басқарудың мониторингiн,
сондай-aқ электрондық түрде ұсынылатын
есеп беру негiзiнде жүйелi және жоспарлы
байқау арқылы инвестициялық жобалардың
мониторингiн жүзеге асырады. Мониторинг
мыналарды қамтиды: инвестициялық
жобаны іске асыру және инвестициялық
ресурстарды тиiмдi пайдалану туралы
ақпаратты жинау және жүйелі таңдау,
ұйымдардың қаржы-экономикалық және өндiрiстiк-техникалық
жай күйiн және олардың қызметiнiң
саланы, өңiрдi және республиканы тұтастай
дамытуға әсерiн талдау, ұйымдардың
басқару сапасын бағалау және
олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн
арттыруға бағытталған шараларды
әзiрлеу.[44]
Портфельдi әртараптандыру
нормалары: инвестициялардың салалық
және аумақтық құрылымдары ұйымдардың
бағалы қағаздар портфелiн әртараптандыру
нормаларының негізiнде инвестициялық
портфельдiң сапасына қойылатын
мынадай талаптарды ескере отырып айқындалады:
Қазақстан Республикасының резидент
ұйымдарына инвестициялар үлесi Қордың
меншiктi капиталының кемiнде 70 пайызын
құрауы тиіс. ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет
түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi) номенклатурасы
бойынша салалардың бiрiне инвестициялардың
үлесi Қордың меншiктi капиталының 25 пайызынан
аспауы тиiс. Қорды 50 млрд. теңгеге дейін
күрделендiру кезiнде бір ұйымға
және онымен тiркелген құрылымға
инвестициялар үлесi меншіктi капиталдың
20 пайызынан, 100 млрд. теңгеге дейiн
меншiктi капиталдың 15 пайызынан аспауы
тиіс. Қордың инвестициялық жобаға
қатысуын тоқтату шарттары: ұйымдардың
жарғылық капиталдарындағы акциялар мен
қатысу үлестерi құнының жоспарланатын
өсімiн қамтамасыз ету шамасына қарай
Қор оларды басқа ұйымдарға сатудан
алынған капиталды кейіннен қайта
инвестициялау үшiн ұйымдардың акционерлерiне
де, сол сияқты бағалы қағаздардың
ұйымдастырылған рыногына да оның иелiгіндегi
акциялар мен қатысу үлестерiн сатуды
жүзеге асыратын болады. Қордың инвестициялық
жобаға қатысуын тоқтату шарттары әрбiр
жекелеген жағдайда ұйымдармен жасалатын
Инвестициялық жобаларды бiрлесiп
iске асыру туралы шарттармен айқындалады.
Қордың инвестициялық жобаға қатысу
мерзiмі жобаның бизнес жоспарына
сәйкес айқындалады. Қор акционерлердi
және инвестициялық жобалардың өзге
де мүдделi қатысушыларын Қорға тиесiлi
акцияларды сату ниетi туралы алдын
ала хабардар етедi. Қордың Директорлар
кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Қорға тиесiлi
қаржы құралдарын сатудың мерзiмдерi
мен тәртiбiн айқындайды [23]. Жобаларды қарастыру
тәртібі айдаланады. Жобалар бастамашыларынан
инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстарды
қабылдау, үлгісі Қордың веб-сайтында
орналасқан, белгіленген нысан бойынша
өтінімдерді ұсыну жолымен ұйымдастырылған.
Нысанды сонымен бірге Қордың тікелей
офисінен алуға болады. Жобалардың әлеуетті
бастамашылары қызығушылық танытқан жағдайда,
Қордың қызметкерлері инвестициялық жобалардың
мақсаттарымен, міндеттерімен, тәртіптері
және талаптарымен алдын ала танысуды
жүзеге асырады, сондай-ақ өтінім нысанын
толтыру бойынша кеңес жүргізеді. Қордың
менеджері жобаның экономикалық тиімділігіне,
шығарған өнімнің нарықтағы перспективасына,
бастамашының тарабынан жобаның қамтамасыз
етілуіне, жобалардың Қордың мақсаттары
мен міндеттеріне және ҚР индустриалды-инновациялық
саясатына сәйкестігіне алдын ала талдауды
жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларды
қарастыру процессінде құпиялылықты сақтау
мен коммерциялық құпияны жарияламау
және жоба бойынша құжаттамаларды одан
әрі алмасу мақсатында Қор мен Бастамашы
арасында емеуріні туралы Шарт (хаттама)
жасалады. Алдын ала қарастыру нәтижесінен
кейін, жобаның бастамашысы Қордың менеджерімен
бірлесіп инвестициялық жобаның презентациясын
өткізеді, мұның мақсаты жобаның мазмұнын
талқылау және жобаны одан әрі әзірлеудің
мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылдау
болып табылады. Презентация қорытындысы
бойынша оң шешімінен кейін бизнес-жоспарды,
технико-экономикалық негіздеуді (ТЭН)
бірлесіп әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылады.
Қордың мамандары, шарт негізінде тартылған
тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшілер (соның
ішінде инжинирингілік ұйымдар) нақты
тұтынушыларды, шикізатты жеткізушілерді,
жиынтықтаушы және электр қуатын, тіркелген
активтерді бағалау, инфрақұрылым және
т.б. анықтауымен өндірістің егжей-тегжейлі
жоспарын дайындайды. Жұмыс істейтін кәсіпорындарды
кеңейту, қайта қалпына келтіру және техникалық
қайта жарақтандыру жобалары үшін ТЭН-ң
әзірлеу процедуралары өзіне жоба бастамашысына
аудитті, заңды және техникалық сараптауды,
сонымен қоса қордың мамандары жүргізген
жобаның ішкі қаржы-экономикалық талдауын
енгізе алады. Қор ТЭН негізінде жобаның
бастамашысымен бірлесіп қажетті жобалық
құжаттамаларды әзірлеуге қатысады. Осы
сатыда сонымен бірге жобалық құжаттамаларды
әзірлеуге және қаржыландыруға қатысатын
стратегиялық инвесторды анықтауға болады.[37]
Қордың жобаға
қатысуы жөніндегі шешімін қабылдау: қордың басқару органы өзінің
құзіреті шегінде жобалық құжаттамаларды
әзірлеу қорытындысы бойынша және сараптау
жұмыстарының табысты аяқталуынан кейін
жобаны қаржыландыру туралы шешімді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.12.04ж.
№1383 қаулысымен бекітілген инвестициялық
декларациясының ережесіне сәйкес, инвестициялық
жобаны қаржыландыру туралы шешімі Қордың
органдары құзіретіне сай қабылданады: Қордың қатысуымен
Директорлар кеңесімен 700 000 000 (жеті жүз
миллион) теңгеден асатын мөлшерде ұйымның
жарғылық капиталында, Қордың қатысуымен
Басқармамен 700 000 000 (жеті жүз миллион)
теңгеден аспайтын мөлшерде ұйымның жарғылық
капиталында.Қор органдарының оң шешімі
енгізілгеннен кейін, қор акционерлік
қоғамның жарғылық капиталын қаржыландыруға
кіріседі. Осы ұйымдастыру-құқықтық нысаны
заңмен анықталған және ірі, стратегиялық
маңызды, жүйені құратын жобаларды іске
асыру үшін аса сай болып табылады. Жобаның
бастамашысы мен Қор жоба үшін жаңа заңды
тұлғаны құрылтайшылыққа ала алады немесе
жұмыс істеп тұрғанға қатысу жөнінде келісуге
болады.Жобаның атқарылуын
бақылау: қаржыландыратын кәсіпорынның
жөнелтілуін қамтамасыз ету үшін, Қор
өзі қатысатын ұйымның жарғылық капиталына
мониторингілік басқаруды (бұдан әрі-мониторинг
обьектісі) жүзеге асырады. Ұйымдарды
мониторингілік басқару электрондық құжаттама
нысанында ақпаратты ұсынуды қарастыратын
электрондық мониторинг әдісін дамыту
және қолдану негізінде жүргізіледі және
мыналарды кіргізеді:мониторингі нысандарының
жағдайын және басқарудың тиімділігін
қадағалау, инвестициялық жобаны іске
асыру туралы ақпараттарды мерзімді жинау,
мониторинг обьектісін тікелей зерттеу
және басқарудың тиімділігін бағалау,
мониторинг обьектісінің әлеуметтік-экономикалық,
қаржылық, құқықтық, технологиялық, өндірістік-техникалық
жағдайын талдау, экономика дамуына мониторинг
обьектісі қызметінің әсерін бағалау
және болжау.
Қордың жобадан
шығуы: жобаны жылжыту бойынша барлық
шешімдер Қордың жобадан шығу процедураларын
есепке алады, бұл бір жолғы немесе акцияларды
және Қордың жеке меншігінде тұрған басқа
бағалы қағаздарды адымды сату жолымен
жүзеге асырылады. Кәсіпорын өзінің коммерциялық
дәулетін көрсеткен кезеңі ішінде жобадан
шығуға жол ашылады. Кәсіпорынның тұрақты
дамуы, нарыққа оның өнімінің және сауда
маркасының шығуы кәсіпорын репутациясының
тұтынушылар арасында ғана емес, сонымен
бірге қаржы институттарының (соның ішінде
халықаралық), және жеке меншік инвесторлар
арасында да көтерілуіне жағдай жасайды.
Сатудың тұрақты көлемі және жақсы несиелік
тарихы компанияны ұйымдастырылған бағалы
қағаздар нарығына шығару үшін алғы шарттын
құрады. Ірі, тұрақты компания, қор биржасындағы
өзінің облигациялары мен акцияларын
("А" және "Б" категориялары)
листингілеу талаптарын айырықша жеңіл
қанағаттандыра алады. Кәсіпорын өзінің
коммерциялық дәулетін көрсеткен кезеңі
ішінде жобадан шығуға жол ашылады.Инвестициялық
құжаттар жинақтамасына мыналар кіреді:инвестициялық
декларация, инвестициялық өтінім. [24]
Инвестицияларды сақтандыру
- инвестициялау еліндегі саяси тəуекелдіктер
салдарынан болған залал тəуекелдіктерінен
инвесторды қорғау.
Инвестицияларды сақтандыру
тек саяси тәуекелдіктерден ғана
жүзеге асырылады. Сақтандыру кезеңі -
10 жылға дейін. Сақтандыру бойынша
орнын толтыру үлесі сақтандыру
объектісінің 90 пайызынан аспайды.
Тек жаңа инвестициялар, яғни Корпорациямен
сақтандыру шартын жасағаннан кейін
жүзеге асырылатын инвестициялар ғана
сақтандырылады. Корпорацияның қаржылық
сенімділігінің рейтингісі Халықаралық
«Moody’s Investors Service» бойынша «Ваа1»
деңгейінде, рейтинг бойынша болжам
- "тұрақты“, бұл Қазақстан Республикасының
қаржылық сенімділік рейтингісіне сәйкес
келеді. 4 қарашада Халықаралық «Moody’s
Investors Service» рейтингілік агенттігі
Корпорацияның қаржы көрсеткіштері
мен жүргізіп отырған қаржылық саясатын
игеріп, соның нәтижесінде Корпорацияға
қаржылық сенімділіктің «Ba1» деңгейін
берді. Рейтинг бойынша болжам - «тұрақты».
Moody’s Investors Service 2005 жылдын маусымында берілген
рейтингты растады.Корпорация Қазақстан
Республикасында қаржылық сенімділік
деңгейді алған алғашқы сақтандыру
ұйымы болып табылады. Рейтинг
компанияның жоғары деңгейде капиталдануын,
біз жүргізіп отырған консервативтік
инвестициялық саясатты, компания акциясының
100%-ның мемлекетке тиістілігін көрсетеді.
Корпорацияға берілген рейтинг бүгінде
ТМД елдеріндегі сақтандыру ұйымдарының
рейтингілері арасында ең жоғарғысы
болып табылады. 2006 жылдың 11 тамызында
Халықаралық «Moody’s Investors Service» рейтингілік
агенттігі Корпорацияның қаржы
сенімділіктің рейтингісін «Baа1»
деңгейіне дейін жоғарлатқаны туралы
мәлім етті, рейтинг бойынша болжам
- "тұрақты“. Рейтингті жоғарлатудың
негіздері болып Корпорацияның
қаржы іс-әрекетінің көрсеткіштері,
активтерді орналастыру барысындағы
қаржы құралдарын пайдалану бөлігіндегі
колданылатын инвестициялық саясаттың
тиімділігі және жұмыс істейтін экспорттық-несие
агенттіктердің коммерциялық және саяси
тәуекелдіктерді сақтандыру бойынша
атқаратын қызметтін халықаралық
стандарттарға толық сәйкестігі.
2007 жылдың 5 желтоқсанында Халықаралық
рейтингтік «Moody’s Investors Service» агенттігі
рейтингтік есепті жариялады, қайсысында
«Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды
сақтандыру жөніндегі мемлекеттік
сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның (одан
әрі «Корпорация») сақтандырушының
қаржылық сенімділік рейтингісін (Insurance
Financial Strength Rating) «Ваа1» деңгейінде, рейтинг
бойынша болжам - "тұрақты" екенін
растады. Халықаралық рейтингтік «Moody’s
Investors Service» агенттігі Корпорацияның
келесі қуатты жақтарын атап көрсетті:
ағымдағы және шамаланған сақтандыру
міндеттемелеріне қатысты өте күшті
капитализациясы, қазақстандық мемлекеттік
құнды қағаздарға негізделген консервативтік
инвестициялық саясаты, Қазақстан
Республикасының 100 пайыздық меншікте
болуы және де, пайдалы қазақстандық
қайта сақтандыру нарығында маңызды
ойыншы болуына жақсы қалыпы 2007 жылдың
20 сәуірдің № 17 «ОДҚ «Қазына» АҚ-ның
басқару мәжілісінің хаттамасына
сәйкес «Экспорттық кредиттерді
және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік сақтандыру корпорациясы»
АҚ-ның Директорлар кеңесі төмендегі
құрымында сайланды. [45].