Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Файлы: 1 файл

Еркош дайын диплом.docx

— 421.66 Кб (Скачать)
align:justify">2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Инвестициялық үдерісті  құқықтық реттеу жағдайын талдау 

 

Қазақстандық экономиканы  белсенді түрде реформалау арқылы және инвестициялық ахуалдың тартымдылығын  жоғарылатуға мүмкіндіктер берген заңнамалық база жақсартылғаннан кейін ғана елімізге келген инвестициялардың ағымы  жоғарылай бастады. Әртүрлі бизнес-құрылымдардың  белсенділігін жоғарылатуға әсер еткен  инвестициялар, концессиялар және еркін  экономикалық аймақтар және инвестициялық  қызметтерге жеңілдіктер мен  кепілдіктер беру туралы бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Инвестициялар  бойынша Комитеттен бастап инвестициялық  жобаларды қабылдайтын, бағалайтын, оларды іске асыруға бақылау жасайтын әртүрлі комиссияларға дейін  және сәйкесінше инвестициялық ресурстардың қозғалыстарын, сонымен бірге инвестициялық  ортадағы өзара байланыстарды реттейтін  ерекше институционалдық базаны құрудың  маңыздылығы жоғары.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасының үкіметі басты  назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы инвестициялық  саясаты инвестицияларды экономиканың негізгі секторларына ынталандыру  мақсатына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді және мемлекеттік бағдарламаларды  қабылдау жолымен жүзеге асырады. Инвестициялық  қызмет саласындағы негізгі заң  “ Қазақстан Республикасының Инвестициялары туралы” заңы.“Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48 және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.  Бұл заң 4 тарудан 24 баптан тұрады. Оның төмендегідей ерекшеліктері бар:

1. Заңда инвестицияларды  отандық, шетелдік деп бөлмеген;

2. Жаңа заңда тікелей,  портфельдік болып бөлінбеген, яғни  инвестициялық жеңілдіктер барлық  түрлеріні беріледі;

3. Заңға сәйкес жеңілдіктер  мен прференциялар әрбір инвестициялық  жобада жеке белгіленеді. Біріқ  5 жылдан аспауы тиіс.

4. Инвестор мен мемлекет  арсындағы келіспеушіліктерді сот  тәртібімен шешу үшін құзыретті  сот органын таңдауда екі жақтың  келісімі қажет. 

5. Қазақстан Республикасындағы  инвесторларға берілетін кепілдіктердің  тізімі қарастырылған. 

Басты мақсаты экономикада  отандық және шетел инвесторларының  құқықтары мен мүмкіңдіктерін теңестіру  болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға қатысты мемлекеттік  кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде  инвесторлар мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру  болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел  инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды  экономикалық іс-әрекет субъектілерінің  тең құқықтығы дәрежесіне күмән  келтіретіні сөзсіз.[19;28]

Қазақстан Республикасының  «инвестициялық заңында» қоғамдағы  инвестициялық қарым-қатынас толық  қамтылған. Онда инвестициялық құқықтық және экономикалық негіздері, инвесторларды  қорғау толық қарастырылған. Бұл  заң бойынша: инвестиция – мүлік  түрі кәсіпкерлік қызметке пайдаланатын жеке тұлғаның мүлікке құқықтық иелігі. Оған: жер, жылжымайтын мүлік, кәсіпорын, зауыт, фабрика, ғимараттар жатады деп  көрсеткен. Конституцияға сәйкес заңдық негізі жасақталынып, оған сәйкестендірілген  бағдарламасы бар.

Қазақстан мемлекеттік инвестициялар  жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды  басқарудың заң шығаратын негізі мен органдарды құрды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда.

Қазақстан Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы жарлығымен Қазақстан  Республикасы  инвестициялар жөніндегі  агенттік жойылды, оның атқаратын қызметі  мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер  министрлігінің инвестициялар жөніндегі  комитетіне, ал жер қойнауын пайдалану  саласы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар  министрлігіне берілді.

ікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы заңның маңызы мынада: оның қабылдануымен, біріншіден Қазақстан Республикасы тікелей  инвестициялар туралы арнаулы заңнамасын қалыптастыру басталды, екіншіден, Қазақстан  Республикасы инвестициялық заңнамасы  өз дамуында жаңа сапалы сатыға көтерілді, үшіншіден, отандық инвесторлар  ақыр соңында шетелдік инвесторлармен теңестірілді; экономиканың беделді  сеторларында қызмет көрсетуші инвестицияларға  мемлекеттік қолдау көрстеудің қажеттігі  заңмен бекітілді; мемлекеттің экономикасының өсуі мен тиімділігін көтеру мақсатымен инвестицияларды шапшаң жұмылдыру  үшін экономикасының беделді салалары анықталды; бұрынғы инвестициялық  заңнама ең алдымен шетел инвесторларының  мүддесіні, оларға құқықтық қолайлы  жағдай туғызуға бағындырылады, алайда бұл ұлттық инвесторлардың мүддесіне  ғана емсе, мемлекеттің мүддесіне  нұқсан келтірді.

Инвестициялық хал-ахуалды  нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісім — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан біртіңдеп  бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың  құқықтық негіздері мен әрекет етуші  механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан  мүмкін болатындай таластарды шешулін  өркениетті әдістерін жасақтауға бір  қадам жасады.

Қазақстан Республикасының  Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты  салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім  — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер  мен преференциялар беру жағдайына:

1) инвестициялық    жобаның    экономиканың басты секторларына  қатысты болуы;

2) инвестициялық жобаны  жүзеге асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды  жүзеге асыру.

Инвестициялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша  Қазақстан Республика агентігі келесідей  жеңілдіктермен преференциялар берілді:

- натуралды мемлекеттік  гранттар;

- келісім-шарт жасасудан  5 жыл мерзімге жер мен мүлік  салығынан босату;

- салық алына бастайтын  табыс алу кезінен 5 жылға табыс  салығынан босату;

- инвестициялық жобаны  жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты  кезііще кедендік баға салықтарынан  толықтай немесе бір бөлігінен  босату.

Инвестициялық салық преференциялары  жаңа өндірісті қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті ұлғайту мен  жаңарту мақсатында негізгі қорға  инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген  сомаға қысқарту, немесе негізгі қор  мүлігі салықтан босату мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикада инвестициялық  іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны  белсенді жүргізілуі ықпал етеді.

   Қазақстан экономикасына  әлемдік инвестициялауды ынталандырудың  маңызды факторы – саяси, әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық  тәуекелдерді кәсіби және толық  сақтандыру. Біздің еліміздің осы  саладағы инвестициялық тартымдылығы  инвесторлар құқықтарының деңгейін  көтеретін бірқатар маңызды жаңа  заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан  Республикасы “Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы” Заңының  баптарына сәйкес, инвесторлар мүдделерін  қорғау бойынша келесі кепілдемелер  қарастырылған:

1) шаруашылық серіктестіктің  жарғылық қоры мен акцияларындағы  өз үлесіне басшылық жасауда  немесе салықтар мен басқа  да міндеттемелік төлемдерді  төлеу шартында, капитал, табыс  немесе пайданы еркін аударуға  бекітілген инвестордың құқығын  шектеуге жол бермеу;

2) республика территориясында  инвестормен өндірілетін тауарды  сату мен шикізатты жеткізуді  бақылайтын мемлекеттік монополияны  құруға тиым салу;

3) инвестормен өндірілетін  тауар немесе шикізатты өткізуде  бағаны бақылау және реттеу  шараларын қолдануға жол бермеу;

4) либералды валюталық  реттеу;

5) инвесторды қорғау бойынша  кедендік бақылау шаралары;

6) инвестордың заңды мүдделерін, инвестиция, табыс дивиденттері  мен құқықтарын қорғау;

7) Қазақстан Республикасы  Заңдарының негізінде инвесторларға  өз мүлкіне басқарушылық танытуға  жол беру.

Шетел инвесторларының маңызды  құқықтық кепілдемесі - республика заңнамаларына  толықтырулар мен өзгерістер енгізуден  қорғау, шетел инвестицияларын тарту  мен қолданудың нормативті-құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім  шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүддесін қорғау аумағында әлі де шешілмеген мәселелер  баршылық.

Қазіргі таңда республикада негізінен, шетел капиталын тарту  үшін қажетті құқықтық орта мен кепілдеме  жүйесі қалыптасқан. “Шетел инвестицияларын  тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының  тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен  келісім жасауда жеңілдіктер  мен преференциялар жүйесі және оны  беру тәртібі туралы Ереже” сияқты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел инвестицияларын  тарту үшін маңызды секторлардың тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың  негізгі мақсаты - маңызды өндіріс  пен қызмет саласын селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика құрылымының  шикізат бағыттылығын жеңу, инвестициялық  белсенділікті көтеру мәселесін  шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар  ағымына қолайлы жағдай жасау.

Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициялары туралы” Заңы шетел  инвесторлары үшін ұлттық режимді көздейді, яғни ұлттық және шетел инвесторларының  қызмет шарттарын теңдестіреді. Біздің заңнамаларымызда отандық кәсіпкерлер  үшін протекционистік шаралар қолданбаған. Бұл дамыған батыс елдерінің  заңнамаларына тән емес белгі.

Шетел капиталын басымды  стратегиялық тапсырма ретінде қызығушылықпен тартуды жариялай отырып, Қазақстан  бірізділікпен әлемдік шаруашылыққа шоғырлану және ашық экономикаға  ауысу үшін, өркениетті заңнамалық базасын құруға қажетті іс-әрекеттерді  жүзеге асырады.

Инвестицияны көтермелеу және өзара қорғау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалған.[20]

Шетелдік инвестициялардың қүқықтық жағдайының негізгі сұрақтары  ҚР-ның "Шетелдік инвестициялар туралы" заңымен реттеледі. 
Заңға сэйкес шетелдік инвестицияларды, осындай инвестициялар үшін Казақстан Республикасының заң актілерімен тиым салынбаған кез келген обьекті мен қызмет түріне салуға болады. Портфельді инвестицияны жүзеге асырумен, мақсатты банктік және қаржылық салымдарды, қарыздарды берумен, сонымен бірге шетелдегі үлттық инвесторлар инвестицияларымен байланысты қатынастар арнайы заңдылықтармен реттеледі. Арнайы экономикалық зоналарда шетелдік инвестицияларды жүзеге асыруға "Шетелдік инвестициялар туралы" Заң нормасы қолданады, егер "Арнайы экономикалық зоналар туралы" ҚР-сы Президентінің үкімі ескерілмеген болса. Казақстан Республикасының қызмет етіп түрған заңымен тиым салынбаған шетелдік инвестициялардың кез келген формасы мен онымен байланысты қызметі, мұндай жағдайда Казақстан Республикасының жеке жэне заңды түлғаларының инвестицияларына немесе басқа кез келген жеке жэне заңды түлғаларға пайдалануға берілуіне қарағанда онша қолайлы емес жағдайда жүзеге асады.

«Инвестициялар туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында  тең дәрежеде отандық та, шетелдік де инвесторларды қолдау мен ынталандыру  көзделген, инвестициялық артықшылықтарды  беру тәртібі жеңілдетілген, оған сәйкес инвестициялық артықшылықтар беруге арналған өтінімді қарау мерзімі  елеулі қысқартылған (отыз жүмыс күніне дейін).

Заңнама базасы мықты болу керек. Шетелдік инвестиция туралы Заңның мақсаты –қауіп-қатерді мейлінше азайту:

- салық салу шарты инвестиция  үшін қолайлы болуға тиіс;

- халықаралық стандарттарға  сәйкес валюталық реттеу;

- тікелей еріксіз алу  қорғанышын тудырмау: қандай да  бір кәсіпорынды, материалдық  мүліктерді мемлекет арқылы үрейлендіру,  өтем туралы заң болуға тиіс.

- беретін және алатын  ерлер арасында өзара қарым-қатынас  жасасау;

- халықаралық және ұлттық  заңдар арасындағы қатты айырмашылықтың  болмауы қауіп-қатерді азайтады .

 Заңның 5 бап, 2 тармағына  сәйкес Қазақстан  Республикасының  Үкіметі, Қазақстан  Республикасының  атынан, Қазақстан  Республикасының  заңды тұлғаларының шетелдік  инвесторлармен немесе шетелдің  қатысуы бар кәсіпорындармен  жасасқан келісім-шарттары бойынша,заң  актілері бекіткен тәртіп болған  жағдайда, кепілдік беруге құқықты  болады. Әрине, бұндай жағдайда  бірсыпыра заңға тәуелді актілерді  қабылдауға  тура келеді. Кейде  қабылданған нормативтік актінің  заң ережелерін жоққа шығаратыны  да сирек емес. Қазақстан  Республикасының  Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы  8 ақпандағы «Қазақстан  Республикасына  шетелдік несиелерді тарту бойынша  жұмыстарды реттеу жөніндегі  шаралар туралы» № 139 Қаулысы  және осы қаулымен  бекітілген  «Қазақстан Республикасына жеткізілетін  немесе Қазақстан  Республикасының  кепілділігіне алынатын шетелдік  инвестициялық және тауарлы несиелерді  тарту, пайдалану және есепке  алу жұмыстарын ұйымдастыру   туралы Ережелері»дәл осылай  болды. Бұл құжаттарды талдау, барлық параметірлер бойынша  олардың шетелдік инвестициялар  сферасында халықаралық  ережелер  мен қалыпқа сәйкес келмейтіндігін  көрсетті. Көптеген тармақтары іс  жүзінде еленбейді, орындалмайды. Мысалы, 1 тармақтаң «д» тармақшасында   Қаржы министрлігінде, Экономика  министрлігіне бір ай мерзім  ішінде  Ұлттық банкімен бірлесіп, қазақстандық коммерциялық  банкілерге  олардың тәуекілді болысу шарты  бойынша инвестициялық жобаны  жүзеге асыру үшін шетелден  алатын несиелерге кепілдеме  беру және қазақстандық комметциялық  банктерді шетелдік несиелерге  аганттік көрсетуге тарататын  тәртіптерді жасап, бекітуді тапсырған  болатын. Бұл тәртіп күні бүгінге  дейін жасалынған жоқ.[21.22]

Информация о работе Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны