Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Файлы: 1 файл

Еркош дайын диплом.docx

— 421.66 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасындағы  экономикалық жүйенің қалыптасу  кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін  жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану  болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздікке  қол жеткен күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі  саясатты белсенді жүргізе бастады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену мақсатындағы стратегиялық шаралары мен “кластерлік  бастамасын” жүзеге асыруы үшін елге капитал ағынын әкелу тәсілдерінің біріне оның инвестициялық саясаты  жатады.

Қазіргі  таңда  Қазақстан  әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі болып табылады.  Республикамыздың   экономикасының  дамуы экономикалық ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті.  Инвестицияның  құйылуы өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар  экономиканың  әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді. Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер  инвестицияның  көлемімен, құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен анықталынады. Сонымен қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз  инвестицияда  ешқандай оң нәтижелер болмайды.

Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар өндірушілердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету,  қазіргі  кездегі капитал жұмсалымдарының болулары мүмкін емес. Рыноктік инфрақұрылымдардың және әлемдік тауар өндірушілердің құрылымдық және сапалық өзгертулерінің процесстері инвестициялаудың есебімен және жолымен жүзеге асырылады. Инвестициялау экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың жұмыспен қамтылуын және сонымен қатар елдің  экономикасының  дамуын анықтайды.[1]

Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына  айналып, еліміздегі реформаларды табысты  іске асырудың басты себебі болып  отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті  қоры болып саналады. Инвестициялық  жобаларды іске асыру өндірісті  жетілдіріп, сатылатын тауарлардың  сапасын арттыру онымен қоса жұмыс  орындарының көбейіп, тұрғындарды  еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады.

Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан  экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясына тоқталды.

Қазақстанда инвестициялық  саясат сұрақтарына Республиканың  мемлекеттік егемендігін алғаннан бері көп көңіл бөлініп келеді. 
Соңғы жылдары Казақстанда макроэкономикалық жэне саяси түрақтылыққа қол жетті, ол Казақстандағы инвестициялық климатты айтарлықтай жақсартты.

Инвестициялық саясат туралы өз еңбектерінде қарастырған көптеген экономистерді атап өтуге болады бұл мәселенің зерттелуіне П.Массе, Дж.Кейнс, Л.Дж.Гитман, М.Д. Джонк, Ю.А. Матькин, В.Д. Миловидов, В.Д.Никифорова, П.Хейне, П.Н.Завлин, А.В.Васильев, А.И. Кноль, В.В. Бочаров, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде зерттеп кеткен. Ал Қазақстандық ғалымдардың  ішінде М.Т. Оспанова, Т.И. Мухамбетова, Н.К. Нурланова, Г.С. Тапенова, М. Жұмашова, Қ.Б. Төлеулиева, Ш.К. Ахтанов, Н.Ш. Қасымова, А. Жеңісбек,  Э. Мендиханова және тағы басқа да ғалымдар еңбектерінде қарастырған. 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі – қазіргі таңтағы инвестициялық  саясатты іске асыру мәселелері, басымдылықтары мен оны жетілдіру жолдары.

Дипломдық жұмыстың мақсаты -  елімізде инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету, инвестициялық саясатты жүзеге асырудағы мүмкіндіктері мен перспективасын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1. Инвестициялық саясаттың  қалыптасу негізері, мазмұны мен  жүзеге асыруда қолданылатын  негізігі әдістер мен құралдарын  қарастыру;

2. Инвестициялық саясаттың  әлемдік тәжірибелері мен модельдерін  көрсету;

3. Қазақстандағы инвестициялық  климатына баға беру;

4. Инвестциялық қызметті  құқықтық реттеуді талдау;

5. Қазақстан Республикасына  шетелдік инвестицияларды тарту  барысын зерттеу.

6. Инвестициялық саясатты  мемлекеттің реттеудің бағыттарын  атап көрсету;

7. Еліміздің инвестициялық  саясатын жетілдіру жолдарын  анықтау. 

Дипломдық жұмыстың пәні –  инвестициялық саясатты жүзеге асыру нәтижелерін сипаттайтын экономикалық қатынастар.

Дипломдық жұмыстың объектісі  – мемлекеттің инвестициялық  саясатты жүзеге асыру қызметі.

Дипломдық жұмысты жазуда ақпараттық база ретінде – Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жүзеге асыру мәселелеріне байланысты заңдық және нормативтік актілері, статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдары, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары, «Қазақстан – 2030», Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы (08.01.2003 жыл),  “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы”және көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектері қолданылған. Зерттеу әдістеріне салыстырмалы және логикалық талдау жатады.[1]

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы  – қазіргі таңдағы инвестициялық  саясатты жүзеге асыру мүмкіндіктері  мен мәселелерін, басымдылықтарын  атап көрсетуде, сонымен қатар инвестициялық  саясатты жетілдіруде ұсынылған  ұсыныстардың көрсетілуінде. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық пен тәжірибелік  маңыздылығы қазіргі жағдайда өте  жоғары.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 20 сурет пен 11 кесте бар.

Кіріспеде дипломдық жұмысқа  жалпы сипаттама берілген. Жұмыстың мақсаты, міндеттері, маңыздылығы, ерекшелігі, объктісі, пәні және де жұмысты жазуда басшылыққа алынған негізгі шетел  мен қазақстандық ғалымдар көрсетілген.

Бірінші тарауда инвестициялық  саясаттың қалыптасу негіздері  оның мазмұны, инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізгі кұралдары  мен әдістері және әлемдік тәжірибесі мен модельдері қарастырылған.

Екінші тарауда Қазақстан  Республикасындағы инвестициялық  жағдайға талдау жасалған. Инвестициялық  қызметті құқықтық реттеу, инвестициялық  климатқа баға беру, елімізге шетел  инвестицияларының тартылу барысы зерттелген.

Үшінші тарауда инвестициялық  саясатты мемлекеттің реттеу бағыттары  мен оны жетілдіру жолдары  қарастырылған.

Қорытындыда осы дипломдық  жұмысқа қорытынды шығарылып, инвестициялық  саясатты жүзеге асыруға тиімді жағдай жасау, оның мәселелеріне шешу жолдарын ұсыну.

Қолданылған әдебиеттерде дипломдық  жұмысты жазуда пайдаланылған негізгі  әдебиеттер, ғылыми еңбектер, заңдық-нормативтік  актілер атап көрсетелген.

 

 

 

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

    1.   Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны 

 

Қазіргі таңда ең маңызды  мәселелердің бірі – инвестициялық  саясат. Инвестициялық саясат елдің  экономикалық стратегиясының элементі болып табылады және оның мақсаттары мен міндеттері бойынша айқындалады. Халықаралық капитал мен инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік  саясат экономикалық реформалар логикасына сәйкес дағдарыс және жоғарғы инфляция жағдайында өндірістегі қайта құрылымдық жолға,нарықтық құрылымдарды дамытуға, мемлекеттік және жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға  тигізетін ықпалының қажеттілігі  туындайды.

Инвестициялық саясаттың  қоғамға енуі объективті саяси құбылыс. Инновациялық дамудың жаңа бір саласы болып табылатын инвестициялық  саясат жаһанданудың басты нышаны. XI ғасыр қоғамымыздың түбегейлі  қайта құрылуын талап етті. Ірі  өзгерістер мен қайта құрулар  қоғамның бар саласын қамтыды. Соның  бірі инвестициялық саясаттың өмірге енуі. Инвестицияға теориялық тұрғыдан берілген анықтамаға сүйенсек жалпы  алғанда бұл ұғым мүліктік құндылық немесе мүліктік иелік дегенді білдіреді. Оған: ақша, құнды қағаздар, бағалы мүліктер, құндылық иеліктер жатады.

Инвестициялар ЖҰӨ–нің  ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Инвестициялар  кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып  саналады. Инвестициялық қызмет бұл– инвестицияларды салып және инвестицияларды  жүзеге асыру бойынша тәжірибелік  әрекеттер жиынтығы. Инвестициялық  қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады.

 

Кесте 1.

  «Инвестиция» және «инвестициялық қызмет» түсінігіне тұжырымдамалар

 

                                         Батыс мектептері

П.Массе

Болашақта инвестицияланған игіліктердің көмегңмен күтілетін  қанағаттандыруға бүгінгі қажеттіліктерді  айырбастау актісін инвестициялауды  түсінеміз;

Дж.Кейнс

Берілген кезеңнің өндірістік қызметінің нәтижесін өндіріс құралдарының ағымдық құнына қосу болып табылады;

П.Хейне

Инвестициялау деп – болашақта  күтілетін табысты алу үшін қандайда бір игіліктерді сатып алуды  айтамыз;

Л.Дж.Гитман,

М.Д. Джонк

Оң табысқа қол жеткізетін капитал құнын сақтау және өсіруді  қамтамасыз ететін кпитал салу тәсілі;

                                         Ресей авторлары

 Кесте 1. жалғасы

Ю.А. Матькин

Инвестициялар деп әлеуметтік,экономикалық және экология тиімділікке жету мақстаымен елдің шеңберінде және шетелде қаржылық және материалды-техникалық құралдарға салым болып табылады;

В.Д. Миловидов

Әртүрлі қаржылық немесе материалдық  байлық нысанындағы еркін ақшалай  қаражаттарын салу болып табылады.

В.Д.

Никифорова

Белгілі шаруашылық қызмет кезеңіндегі жинақталған және қолданылмаған  қоғамдық өніріске қайта салынатын  табыс түрінде әртүрлі шаруашылық қызметіне салымының құралы;

П.Н.Завлин,

А.В.Васильев, А.И. Кноль

Келешекте табыстар немесе басқа да табыстарды алу мақстаымен экономиканың обьектілерге мүліктік, интеллектуалдық құндылықтарына капитал  салымы;

В.В. Бочаров

Инвестициялар жалпы статикада  емес, динамикада қарастырылады, яғни берілген кезеңде инвестициялық  қызметтің соңғы өнімінің айналуы;

                                         Қазақстандық авторлар

М.Т. Оспанова, Т.И. Мухамбетова

Жана технологияларға  енгізуге еңбек құралдарының материалды және басқа да заттарман байланысты өндірісті кеңейту және жаңартуға  шығындар;

Н.К. Нурланова

Инвестициялар тікелей қоғамдық құндылықтарға материалдық емес және материалдық байлықтарға, сондай-ақ жанама түрде қаржылық құралдар,инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы салынатын  ресурстарды түсінуге болады.


Ескерту:[2] көз негізінде автормен құрастырылған

 

Жоғарыда көрсетілгендей ғалымдардың зерттеуі бойынша инвестиция ұғымының көптеген анықтамалары бар. Әр салада қолдануына қарай инвестицияға синонимдер сияқты әр түрлі анықтамалар  берілшен. Бірақ олардың жалпы  мазмұны ортақ бір ұғымды түсіндіреді: кәсіпкерлік қызметтегі мүлік түрін  табыс табу мақсатында екінші бір  адамға белгілі бір мерзімде иеленуге уақытша жалға беру.

Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына  айналып, еліміздегі реформаларды табысты  іске асырудың басты себебі болып  отыр.

Мына екі суреттен инвестициялық  қызметтің объектілері мен субъектілерін  көруге болады.

 

 


 








          Суре

Сурет 1.  Инвестициялық қызметтің  объектілері [2]

 




 




 



 

Сурет 2.  Инвестициялық қызметтің  субъектілері [4]

 

Инвестициялық саясатты дамыту табиғаты да алуан түрлі. Инвестициялық  саясаттың жүргізілуінің қоғам  үшін ғылыми-практикалық маңызы зор. Инвестициялық процесс қоғамдық өндірістің маңызды элементі. Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру мақсатында жүзеге асырылатын бұл процесс қоғам  үшін, адам мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық саясат – инвестиция құрылымы мен ауқымын анықтауға  бағытталған және оларды экономиканың салаларынан алу көздері мен  қолдану шараларының жүйесі екенін ескерсек, оған қолайлы жағдай туғызатын  орта, яғни инвестициялық ахуал –  ел ішіндегі инвестициялық нарықтың ыңғайлылығы мен ондағы ондағы мүмкін тәуелділік шамаларын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси-қаржылық факторлар өте маңызды  орын алады.

Мемлекеттік инвестициялық  саясат - мемлекеттің инвестициялық  қызметке қатынасын білдіретін әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Инвестициялық  саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың ,оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте  тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс  шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге  келетін ұлттық табыстың мөлшері  өседі, өнім молаяды. Инвестициялық  саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды  қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде  күрделі қаржыны жаңа өндіріс  орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта  құруға бағытталып, одан әрі өндіріске  жұмсалған күрделі қаржының ара  салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде  инвестициялық саясат сұранысты  қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Информация о работе Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны