Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.

Файлы: 1 файл

Еркош дайын диплом.docx

— 421.66 Кб (Скачать)

Инвестициялық саясат -  экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі  қаржылардың пайдалануының негізгі  бағыттарын сипаттайтын, халық шаруашылықтың  әдістер мен шешімдердің жиынтығын  білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың  негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі  қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде  халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы  ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар  пайдасына жұмсау.

Инвестициялық саясаттың  негізгі міндеттері:

-  ұзақ мерзімді инвестицияларға  экономикалық жағдай құру;

-  шетел капиталын тарту.

Инвестициялық саясаттың  басты мақсаты - инвестициялық қызметті жандандыруға, сонымен қатар отандық  экономиканы көтеруге және қоғамдық өндірістің тиімділігіне бағытталған  Қазақстан Республикасы экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру және нормативтік  заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру  мен тиімді инвестициялық жобаларды  мемлекеттік қолдау негізінде капитал  салымдарын қаржыландырудың бюджеттен  тыс көздерін кеңейту мен жеке меншік отандық және шетел инвестицияларын  тарту үшін қолайлы орта құру болып  табылады.[3]

Мемлекеттік инвестициялық  саясаттың мақсаттары:

-  инвестициялық қызмет  үшін қажетті қаржылық ресурстарды  жинақтау;

-  инвестициялық белсенділіктің  төмендеуін болдырмау;

- мемлекеттік мақсатты  кешенді бағдарламаларын жүзеге  асыру;

-  құрылымдық қайта  құруларды қамтамасыз ету;

- капитал салымдарының  тиімділігін арттыру 

Инвестициялық саясаттың  негізгі бағыттары:

- инвестициялық қызметтегі  басымдықтарды анықтау. Басымдықтар  мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды  қаржыландыруға, әлеуметтік объектілерге, негізгі қорларды жаңарту   мен кеңейтуге беріледі.

- шығындарды оңтайландыру, экономиканың маңызды салаларына  бюджеттен субсидиялар бөлу;

-   инвестор-кәсіпорындардың  құқықтарын кеңейту;

-  инвестицияларды бюджеттік  қаржыландыруды қысқарту, мемлекеттік  емес  инвестициялауды дамыту;

- шығындардың өтелу мерзімін  қысқарту және инвестициялардың  тиімділігін арттыру.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық - салалық  құрылымын қолдау мақсатында олардың  үйлесімін қамтамасыз ету - мемлекеттің  инвестициялық саясатының негізін  құрайды.Оны қалыптастыру барысында  Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен күрделі ұлттық бағдарламаларды  іске асыру қажеттілігі де ескеріледі.

Экономика құрылымын реформалау Қазақстанның қазіргі және келешек  мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен  мемлекеттік инвестициялық саясат негізінде жүзеге асырылады. Жинақталған  қорлану деңгейінің жеткіліксіздігін, қозғалыстағы нарық капиталының  болмауы, қаржы-несиелік ресурстарының  шектеулігі инвестициялық саясат сипатын  және оның іске асырылуының кезеңдігін қатаң түрде алдын-ала анықтайды. 
Инвестициялық саясаттың бастапқы кезеңдеріне тоқталатын болсақ онда мынадай міндеттер қойылған болатын.

Бірінші кезеңнің міндеттері (1996-1998ж) макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу және өндірістік қорлану  көздерін кеңейту үшін жағдайлар  жасау еді.

Екінші кезеңнің міндеттері (1998-2000ж)өндірістің жандануы және экономикалық өсудің басталуы үшін алғы шарттар  жасау болып табылады қаржыландыру көздерінің барлық түрі бойынша күрделі  қаржыландыру үлесін 2000 жылға дейін  ішкі жалпы өнімдерінің 26-27%дейін  жеткізу , ал ол 1995 жылы 20% болған еді.

Нарықтық қатынастардың  дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық  саясаттағы өзгерістер мемлекеттің  инвестициялық саясатына қосымша  маңыздылық береді.

Батыс экономистері инвестицияны тікелей мемлекеттік саясатпен  байланыстырады және бұл процесс  инвестициялық қызмет арқылы жүзеге асырылады дейді. Біздің елімізде де бұл саясат мемлекет саясатынан тыс  қарастырылмайды.  Қоғамдағы кез-келген саясат сияқты инвестициялық саясат та мемлекеттік саясатпен тығыз  байланыста дамиды. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, дамыған елдердің көбі қоғамға  инвестициялық саясатты енгізу арқылы және оны мемлекет тарапынан қолдау арқылы көптеген жетістіктерге қол  жеткізген. Инвестициялық саясат экономикалық реттеу мақсатында инвестициялық белсенділікті  нығайту үшін жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Инвестициялық саясат қоғамда  тиімді әлеуметтік тәжірибелерге қол  жеткізу мақсатында жүзеге асырылады. Кез-келген ел өз экономикасын дамытуда осы саясат арқылы үлкен нәтижелерге  қол жеткізуді мақста етеді. Инвестициялық  саясат ішкі әлеуметтік саясатпен бірге  халықаралық,мемлекетаралық қарым-қатынастарымен де тікелей байланысты. Инвестиция саяси-экономикалық категория ретінде  қоғамда көптеген маңызды функцияларды атқарады, қоғамдағы жұмыссыздықтың азаюына, кедейліктің төмендеуіне  өндірістің модернизациялануына тікелей  әсер етеді және ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуіне отандық  өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуына түрткі болады. Сондай-ақ, азаматтық  қоғам құруға, мәдениет пен денсаулық  салаларының дамуына, ғылым мен  білімнің өркендеуіне, т.б. қоғамның саяси-әлеуметтік саласының алға жылжуына өзіндік  үлесін қосады.

 

 



 





 







 



 

Сурет 3.  Инвестицияларды  басқару барысы [4]

 

Жоғарыдағы суреттен инвестицияларды  басқарудың негізгі кезеңдері көруге болады, яғни инвестицияларды басқару  қандай сатылардан өтетінін осыдан білуге болады.

Инвестициялық саясат –  бұл инвестициялық қызметті жандандыру мақсатында барлық шаруашылық объектілер үшін жағымды жағдай қалыптастыру бойынша  мемлекет жүргізетін мақсатты бағытталған  шаралар кешені. Инвестициялық саясат инвестициялық үрдісті жүзеге асыру  және ұйымдастыру функциялары мен  стратегияларын жүзеге асыру және дайындауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Мұнда өз кезегіде келесі шараларды  жүзеге асыру қажет:

1. Мемлекеттік инвестициялық  саясаттың негізгі концептуалды  ережелерін және қағидаларын  анықтау;

2. Әлеуметтік сипаттағы  міндеттерді шешуге,қарқынды құрылымдық  технологиялық қайта құруларға  бағытталған инвестициялаудың мемлекеттік  басылымдықтарын анықтау;  

3. Отандық және шетелдік  жеке капиталдардың мүмкіндігін  есепке ала отырып, капитал құрылымдарын  қаржыландыруды кеңейту көздерін  нақтылау.

4.Инвестицияларды тиімді  пайдалану және тартудың ұйымдастырушылық-экономикалық  механизмдерін дайындау, халықтың, меншіктің барлық нысанындағы  шаруашылық субъектілердің, басшлардың  бос қаржылық ресурстарын инвестициялық  мақсаттарға қосу тәсілдері мен  жолдарын табу.

Инвестициялық саясат мыналарды  қамтамасыз етуі тиіс:

- нақты және қарыз капитал  тарту үшін, инвестициялық белсенділікті  арттыру   үшін кәсіпорын шеңберінде  әкімшілік және экономикалық  жағдайлар жасау; 

- инвестициялық қызметтің  тиімділігін қамтамасыз ететін  инвестициялық ресурстарды орналастырудың  оңтайлы механизмін қалыптастыру;

-  қарыз капитал тартудың  оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;

- отандық және әлемдік  құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына  шығуға қолайлы жағдайлар жасау;

- барлық инвестициялық  жобаларды міндетті түрде тәуелсіз  сарапшылар бағалауынан өткізуді  ұйымдастыру; инвестициялық жобалар  тек  экономикалық табысты  және салынған капиталдың өтелімділігін  қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы несие  берушілерді (кредиторлар мен  инвесторларды) тартудың әлеуметтік  және экономикалық тиімділігін  де қамтамасыз етуі тиіс;

- меншік нысанына қарамастан (мейлі коммерциялық нысандағы  объектілерге, мейлі мемлекет меншігіндегі  объектілерге болсын), инвестицияларды  қорғаудың және сақтандырудың  үнемі қолданыста болатын жүйесін  қалыптастыру;

- елдегі инвестициялық  жағдайдың шарттары мен ондағы  өзгерістерді үнемі қадағалау  және бақылау жүйесін қалыптастыру, қажет кезінде инвестициялық  жобаларға тиісті өзгертулер  мен түзетулер енгізу.

Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп  отырғандай, жоғары технологияларды  және ғылымды көп қажетсiнетiн  өндiрiстiң дамуын ынталандыратын мақсатты мемлекеттiк ғылыми-техникалық, өнеркәсiптiк  және инвестициялық саясат жүргiзбейiнше  экономиканы құрылымдық қайта құру мүмкiн емес. 

Мемлекеттiк инвестициялық  саясат бiрiншi кезекте, дайындалуы неғұрлым жоғары дәрежедегi, импорттық тауарлармен  бәсекеге түсуге және оларды iшкi рыноктан ығыстыруға қабiлетті өнімдердi экспорттауға бағдарланған өндірістi дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.[5] 

Инвестициялық саясат стратегиясы  мынадай мiндеттердiң шешiлуiн  талап

етедi:

- iшкi жинақ ақша әлеуетiн  жүзеге асыруға көңiл аудара  отырып экономиканың нақты секторын  дамытуға инвестициялық ресурстарды  тарту мен бағыттау процесiндегi мемлекеттiң рөлiн күшейту;

- қаржы ағынының инвестордан  заемшыға ұйымдасқан түрде өтуiн  қамтамасыз ететiн, экономиканың  маңызды буыны ретiндегi қор нарығының  қалыптасуы үшiн жағдайлар жасау;

- нақты экономика саласындағы  банктердiң кредиттiк қызметiн  жандандыру; 
        - Қазақстанның ұлттық мүдделерiн сақтай отырып шетелдiк инвестициялардың келуiн ынталандыру мен шетелдiк және отандық инвесторларды экономиканың басым салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай жасау.

 

2.2 Инвестициялық саясатты жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негіздері

 

Қазақстанның инвестициялық  саясаты әлемдік шаруашылықтағы ғаламдану жағдайында, отандық экономиканы  бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға  мүмкіндігін туғызу, өз кезегінде  қолайлы инвестициялық ахуалды  қалыптастыру және экономиканың шикізат  емес саласын дамыту мақсатында мемлекеттің  инвестициялық саясатын жүзеге асыру  абзал. Сонымен қатар, инвестициялық  ахуалды одан әрі жақсартуда экономикаға  инвестициялар тарту мен оларды тиімді пайдаланудың жоғары деңгейіне  қол жеткізу, инфрақұрылым салаларына олардың көлемін ұлғайту мәселелері алға қойылуда.

Шетел инвестицияларын тарту  мен қолдануда мемлекет пен мемлекеттік  басқарудың атқаратын ролі өте зор. Ол бақылау мен  басқару   арқылы   тікелей   және   экономикалық    тетіктер арқылы   жанама   түрде  де   әсер   етуі мүмкін. Мұндай жағдайда бақылау   дәрежесі  инвестицияның   объектілігімен  анықталады. Мысалы,  мемлекет несиелік инвестициялардың объектісі  болып келеді, сондықтан ол несиенің қолданылуын қадағалауға құқылы. Ал    инвестициялаудың    коммерциялық     формаларында      ол басқаруды   тікелей емес,  заңнамалық  механизмдер  (салық  және т.б)  және  қаржылық-экономикалық  саясат арқылы жүзеге асыра алады.[5.6]

Ақша-несие саясатын қалыптастыруда мемлекет (Ұлттық банк өкілеттілігінде) ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсын және пайыздық қойылымды  анықтайды.   Шетел капиталының мемлекетке  өздігінен  келуінің   қозғаушы  күші  оған   арналған пайда  нормасы  болып   табылады.   Егер    базалау мемлекетінен ұлттық   несие   нарығының   ресми  есептік  қойылымдары,  яғни несиенің   нарықтық   қойылымы,  инфляция деңгейі төмен болса, инвесторға  бұл  мемлекетке  келудің  мәні  жоқ.

Айта кететін жайт, инвестицияларды  тарту үшін пайыздық қойылымдарды   қадағалау   дамушы   мемлекеттерде  ғана емес, жоғары  дамыған  елдерде  де  қолданылады.

Алайда   мұндай   саясат  мемлекет  үшін оңай  емес,   себебі пайыздық      қойылымда  төмендету экономикалық белсенділіктің және   жұмысбастылықтың  төмендеуіне  әкеледі. Бірте-бірте  ол инфляцияның  күшейуіне  әкеледі, себебі несиенің қымбаттауынан өнім құны көтеріледі. Дәл осы себептен көптеген мемлекеттер   курсты  жасанды  түрде  ұстап  тұрудан  көрі нарық факторына  сүйенеді.

Шетел  капиталымен  жұмыс  істеудің  екі  сатысы     болады:

1) тарту сатысы;

2) қолдану сатысы. 

Әр сатыда мемлекеттің  функциялары    мен    басқару    қағидалары    әр түрлі болады. Мемлекеттік  қызметтің   әр   сатысында реттеу қағидалары да әр түрлі  болады.  Сонымен  қатар  қызметтер мен  қағидалар  шетел  капиталының  формаларына да байланысты өзгеріп отырады. Дәл осы  себепке  байланысты халықаралық несиелеу мен  акционерлік емес кәсіпкерлік  формалары  мемлекет  тарапынан, халықаралық  кәсіпкерлікке  қарағанда,  қатаңдау реттеуден өтеді. Осыған орай шетел  капиталы бойынша заңнамалар, сыртқы қарыз және шетел инвестициялар  заңнамалары болып бөлінген [6].

Басқару   әдістері де  шетел  капиталы мен   инвестициялардың формаларына байланысты әр түрлі  болады.

1. Халықаралық  мемлекеттік  және  банктік  несиелеу. Мұнда  мемлекет келесілермен анықталады:

- несие алушы, донор,  кепілдік беруші және борышкер  ретінде халықаралық  несиелік  қатынастарға  белсенді  түрде   қатысады;

- мемлекеттік несиелеу  бюджеттік қорды аккумуляциялау  арқылы жүзеге асады;

- мемлекет сыртқы экономикалық  қызметті субсидиялар, несиелер,   кедендік жеңілдіктер, кепілдемелер, пайыздық қойылымды субсидиялау   арқылы  қолдайды;

- көптеген елдер мемлекеттік  бюджеттен фирмалар мен банктерге  экспорттық несиелер береді;

Информация о работе Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны