Инвестициялардың және инвестициялық саясаттың мәні мен мазмұны
Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:21, курсовая работа
Краткое описание
Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде.
Сауда министрлігі “Invest
in the USA” атты бағдарламасы арқылы шетел
инвестцияларына нарықтар жайлы, қаржы
жайлы және т.б. мағлұматтар беріп
отырады, жергілікті кәсіпкерлермен және
жергілікті әкімшілікпен қатынас орнатуға
көмек көрсетеді.Басқадай инвестициялық
жеңілдіктер штаттық деңгейде беріледі.
Олар – салық салу ставкасын төмендету,
өндіріс инфрақұрылымына қажетті
ғимараттарды тегін салу, амортизациялық
ставканы жеңілдету, ғылыми эерттеулерге
және жұмыспен қамтуға қарыздар беру.
Сонымен бірге, экспорттық бағытта
жұмыс істейтін корпорацияларға
салық салынатын табыстың 15% шегеруге
рұқсат етіледі.АҚШ-та халықаралық
аймақтар жұмыс істейді, оларға тіптен
шетелдік банктердің бөлімшелері де
мүше бола алады. Ол аймақ резидент
еместермен операциялар жасауға
бағытталған. Шағын бизнестер жөніндегі
әкімшілік, орташа шетел фирмаларына
үлкен көмек көрсетеді. Яғни тегін
мәліметтерден, консультациялардан бөлек
жеңілдетілген қарыздар ( 150 мың $ дейін
) және банктен несие алуларына
кепілдік береді ( 350 мың $ дейін ).
Шетел инвестицияларына
мәліметтік және кеңестік көмек
көрсететін бірнеше ұйымдар бар.
Оларға: АҚШ сауда Министрлігінің
экономикалық талдау бюросы; Шағын
бизнес жөніндегі әкімшілік; Штаттар
дамуының ұлттық ассоциациялар
агенттігі.Шетел инвестициясын реттеуде
жапониялық іс-тәжірибе де қызығушылық
тудырады. Жапонияда шетел инвестициясын
реттейтін арнайы заңдар және
органдар жоқ. Жапонияның үкіметтік
ұйымдары Жапония экономикасына
немесе қандайда бір салаға
келтіретін шетел инвестицияларына
мүлдем шек қоюларына құқықтары
бар. Бірақ рұқсат берілмеген
жағдайлар әлі тіркелмеген, тек
кеңес берген жағдайлар бар.
Жапонияда кейбір өндіріс салаларына
инвестицияға тиым салынған: ауыл
және орман шаруашылығы, балық
аулау, мұнай өндіру индустриясы.
Елде мемлекетке тиесілі салалар
жоқ, барлығы жекешелендіруді
өткерген. Қозғалмайтын мүлікті
шетелдік азаматтың сатып алуына
тиым салынбайды, бірақ шетелдік
азамат сауда қоғамының президенті
бола алмайды.[13]
Шетел инвестициясын ынталандару
мақсатымен Жапонияның даму банкісі
шетелдік кәсіпкерлерге құрылыстық
және басқа шығындардың 40% жуығын жабатын
жеңілдетілген қарыздар береді. Қарыз
15-25 жылға беріледі.
1993 жылдан бастап жартылай
мемлекеттік шетел инвестициясын
дамыту корпорациясы жұмыс істейді.
Сонымен қатар шетелдік инвесторларға
кеңестік және ақпараттық көмек
көрсететін Жапонияның сыртқы
сауда ұйымы қызмет етеді (ДЖЕТРО).
Европалық одаққа мүше елдердің
іс-тәжірибесіне назар аударсақ.Францияда
шетел инвестициясына қатысты арнайы
заң жоқ. Шетел инвестициясын
реттеумен Франция Банкі және
экономика, қаржы және бюджет министрлігі
айналысады.
Егер компанияда шетелдік
капитал 20% астамын құраса, онда ол шетелдік
компания болып саналады. Еуропалық
одақтың президенттері капитал
салымын ешбір шектеусіз жүзеге
асыра алады.Францияға келетін
барлық шетел инвестициялары алғашында
шетел валютасын әкелу есебінен
немесе Франциядан қарыз алу есебінен
қаржыландырылуы шарт. Компанияны құрып
және оны тіркегеннен кейін, шетел
инвесторы қаржы саласындағы
ұлттық компаниялар пайдаланылатын
құқықтарға ие болады.Алынған пайданы
басқа жаққа аударған кезде және
сырттан қарыз алу кезінде
ешқандай шектеулер болмайды. Жалғыз
ғана шарт, шетелдік компания жойылған
кездегі қалған 10млн франктен астам
сомманы басқа жаққа аудару үшін
арнайы органдардан рұқсат алу.Мұнда
да артта қалған аудандарда қызмет
атқаратын компанияларға үлкен
жеңілдіктер қарастырылған. Бұл
аудандарға Францияның батыс және оңүстік-батыс,
сонымен қатар солтүстік-шығыс
территорияларында орналасқан көмір,
тігін және металлургия салалары
кіреді.Жергілікті әкімшіліктерден
тыс, жеңілдіктер берумен елдің
экономикалық даму Агенттігі, жаңа кәсіпорындар
құру жөніндегі Ұлттық агенттік және
де ғылыми зерттеуге көмектесетін Ұлттық
агенттік атсалысады.Шетелдік инвестор
субсидияларды сол кезде ала-алады,
егер инвестициялық жобаға құйылған
капитал көлемі 20 млн. франктен асса
немесе, егер де Францияда өндірілген
тауарларды экспорттаудан түскен пайда
300 млн. франктен асса.Мемлекеттің экономикалық
даму Агенттігі шетел инвесторларына
көмек ретінде Invest in France Network (IFN) атты
кеңестік және ақпараттық кеңселер жүйесін
құрды. IFN-ның орталық кеңсесіне
экономика, қаржы және бюджет министрлігі;
жергілікті сауда-өнеркәсіптік палаталар;
жаңа кәсіпорындар құру жөніндегі Ұлттық
агенттік кірді. Ұлыбританияда да шетел
инвестициясын реттейтін арнайы
заң және орган жоқ. Елде тек компаниялар
жайлы заң бар, ол қазірдің өзінде
даму үстінде. Ұыбританияда валюталық
шектеулер жоқ. Инвестициялық жеңілдіктер
келесі бағыт бойынша беріледі:
капитал салымын құптау, оның ішінде: жалпы ұлттық мағынаға ие жобалар (500 мың.фт. стерлингтен кем емес); ерікті аймақтағы көмек, субсидия түрінде (80 %-ке дейінгі шығындар) және персоналды оқыту; кәсіпкерлерге қаланың ешкімге қажет емес жер учаскелерін және ғимараттарды тегін беру, және ұзақ мерзімді қарыз бен субсидиялар беру. Европалық инвестиция банкінен жеңілдетілген шарттағы қарызды ала-алады (негізгі қорға салынған салымның 50 % дейін);
экспортты құптау, яғни Британиялық сыртқы сауда кеңесі мен экспорттық несиелер департаментінің кеңестік және ақпараттық көмегі;
жұмыспен қамту және қызметтер жөніндегі комиссияның персоналды оқытуға субсидиялар алуына болады;
Солтүстік Ирландияның дамуын құптау, онда кәсіпкерлер үшін өте тиімді жеңілдіктер қарастырылған.[14.15]
Ақпараттық және кеңестік
көмекті шетел инвесторларына Invest
in Britain Bureau атты ұйым көрсетеді.Шотландияда
ол ұйымға ұқсас Scottish Enterprise, ал Солтүстік
Ирландияда Northern Ireland Development Board атты
ұйымдар жұмыс істейді.Германия
Федеративтік Республикасында (ГФР) шетел
инвестициясын реттейтін арнайы
заң және орган жоқ. 1961 жылы қабылданған
“Сыртқы экономикалық байланыстар
туралы” заң тек капитал ағымын
және валюталық операцияларды реттеуде
негіз болып қана есептеледі . Шетелге
кететін барлық ақшаға ешқандай шектеу
қойылмайды.Тек неміс маркасының
сатып алу дәрежесіне қауіп төнген
кезде, төлем балансының теңдігін қамтамасыз
ету мақсатында, ссудалық капитал
нарығына қауіп төнген кезде ғана
шектеулер қойылуы мүмкін. Ондай
шектеулер тек бір рет, 1973-1974 ж.ж.
қабылданып, небары 12 ай ғана инвестиция
жасау үшін міндетті түрде рұқсат
алумен шектелген. Заңға сәйкес капитал
ағымын және валюталық операцияларды
қадағалау Бундесбанкке тиесілі.Шетел
инвестициясын құю барысында алдын-ала
рұқсат алудың қажеті жоқ, тек егер де
резиднт еместер мемлекеттік бағалы қағаздарды
сатып алып жатса, онда рұқсат міндетті
түрде алынуы керек. Алайда, шетел инвесторларына
келесідей салаларда: тамақ, медицина
және фармакология өнеркәсібінде, көлік
саласында, банктік, сақтандыру, қонақ
үй және мейрамханалық істерде жұмыс істеу
үшін арнайы лицензиялар алулары қажет.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін де рұқсат
алуынуы қажет. Және де ЕО-қа мүше елдерден
басқа кез-келген шетелдік компания өз
бөлімшесін ашпас бұрын экономика министрлігінен
рұқсат алуы қажет.ГФР-да инвестициялық
жеңілдіктер әр түрлі болып келеді. Мәселен,
өзінің қызмет етуінің бірінші жылында
пайдаға салынатын салықтың тек бір бөлігін
төлесе, екінші жылы жартысын, үшінші жылдан
ғана бастап толық төлей бастайды. Инвестициялық
жеңілдіктер, сонымен қатар шағын және
орташа компанияларға да беріледі. Елдің
барлық несиелік мекемелерінде шағын
және орта бизнесті несиемен қамтамасыз
ету бағдарламалары бар. Және де, бұрынғы
ГДР территориясындағы артта қалған аудандардағы
компанияларға көп жеңілдіктер беріледі.
Жеңілдіктермен берілетін ссудаларды
шығыс германиялық кәсіпорындарға “Дойче
Аусгляйхбанк” банкіде береді. Ссуда
көлемі кәсіпорынға қажетті қаражаттың
22 %-не дейін, бірақ 350 мың маркадан аспауы
керек. Ссуда 20 жылға беріледі.Шетел инвесторларына
ақпараттық және кеңестік көмекті: экономиканың
федералды министрлігінің арнайы инвестицияларды
ынталандыру бөлімшелері; шығысты көтеру
бағдарламасы; инвестицияны ынталандыру
сұрақтарымен айналысатын жер ведомстволары.[14]
Қытайдың шетел инвестицияларын
тартудағы іс-тәжірибесі назар аударарлық.
Шетел инвестициясын реттейтін
негізгі органдар болып: сыртқы экономикалық
байланыс және сыртқы сауда министрлігі;
өнеркәсіп және сауда бойынша
мемлекеттік әкімшілік табылады.
ҚХР-ның конституциясында шетелдік
инвесторлардың құқығын сақтайтын
баптар қарастырылған. Шетел инвестициясын
реттеумен орталық органдармен
бірге аймақтық органдар да айналысады.Шетел
компанияларына келесі салаларда қызмет
атқаруларына жол берілмейді: газеттік
және баспа ісінде, радио таратуда,
кино саласында, сыртқы және ішкі саудада,
байланыс және почталық қызметте, сақтандыруда.
Ал келесі салалар тек мемлекетке
тиесілі: коммуналды қызмет, көлік, жылжымайтын
мүлік саудасы, лизингтік қызмет
көрсетулер.Сонымен бірге ортақ
кәсіпорындарды шетел инвесторының
үлесі жарғылық капиталдың 25 % аса
бөлігін қамтуы тиіс. Шетел капиталы
бар компанияларға жерді және
басқа да қозғалмайтын мүлікті сатып
алуға рұқсат берілмейді. Олар тек
оны пайдалану құқығына ғана ие бола
алады.Қытайда валюталық қадағалау
өте қатаң түрде жүргізіледі.
Шетелдік капиталы бар жергілікті компаниялар
Қытай банктерінен несие алуға
мүмкіндіктері бар, алайда оның ұзақ
мерзімді түрін алу өте қиын. Шетелдік
инвесторлар үшін салық жеңілдіктері,
жеңілдетілген қарыз және жеңілдетілген
экспорт-импорттық режим қарастырылған,
әсіресе алдыңғы қатарлы технологиясы
бар және экспортқа көзделген
кәсіпорындар үшін. Шетел инвестициясының
қатысуымен құрылған кәсіпорындар Қытай
заңдылықтарына сәйкес энергетика, химия,
металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп,
ауыл шаруашылығы салаларында қызмет
істеулері қажет. Кез-келген шетелдік
инвестициямен құрылған кәсіпорын
Қытайда 10 жылдан артық жұмыс істеу
ниеті болса, онда ол алғашқы 2 жылда
барлық салықтардан босатылады және
де кейінгі 3 жылда салықтың тек жартысын
төлейді.Қытайда 30 сауда аймағы және
52 салық салу деңгейі төмен технологиялық
парктері бар.Алайда негізгі жеңілдіктер
болып, арнайы экономикалық зоналардағы
кәсіпорындардың пайдаға салынатын
салықты төменгі ставкамен, ал қосылған
құн салығын мүлде төлемейтіндігі
саналады. Ондай жерлерде жұмыс істейтін
кәсіпорын экспортқа тауар шығаратын
болса (70 % өнімнің ), онда онсыз да төмен
салықтар екі есе азайтылады. Осындай
жердегі кәсіпорындар тауарға салынатын
экспорт және импорт баж салығынан
босатылады.[15]
БҰҰ-ның зерттеулері бойынша
шетел инвестициясын реттеу келесі
бағыттарда жүргізіледі:
Жұмыспен қамтудың кеңеюіне және жергілікті персоналды дайындықпен қамтамасыз етуге;
жергілікті ресурстардың пайдалану дәрежесін көтеруге;
жергілікті инфрақұрылым деңгейін көтеруге;
қабылдаушы экономикалардың технологиялық потенциялының дамуына;
төлем балансының жағдайын жақсарту.
Мемлекеттік реттеу шетел
инвестициясы ағымының көлемін анықтаған
кезде, оның сапалық құрылымына және
территорияларда бөлінуіне, және инвестициясының
келуімен байланысты пайда болған сыртқы
сауда ағымына және технологияларды
беру процесіне әсер етуде үлкен
рөл атқарады. Сонымен бірге мемлекеттік
реттеу әртүрлі әдістер және құралдарды
пайдалану арқылы араласуды меңзейді:
әкімшілік-тіркеулік шаралар, яғни шетел инвестициясын құюға рұқсат алу, оларды тиісті органдарда тіркеу, жарғылық қордың минималды деңгейін белгілеу және т.б;
шетел инвестициясын бақылау және олардың салалық құрылымын қадағалау шаралары;
валюталық қадағалау және табыстардың шетелге аударылуын қадағалау шаралары;
бағаларды қадағалау шаралары;
қоршаған ортаны қадағалау шаралары;
салық саясатындағы шаралар;
бюджет саясатындағы шаралар;
табыстар саясатындағы шаралар;
сыртқы сауда саясатындағы шаралар.
Алғашқы бес құрал шектеуші
сипатқа ие болса, соңғы төртеуі
ынталандырушы сипаттағы шаралар
болып келеді. Аталған шаралар
шетел инвесторының шешіміне әсер етеді.
Мысалға, потенциалды инвестор жаңадан
келетін болса, онда оған шетел инвестициясын
бақылау және олардың салалық
құрылымын қадағалау шаралары, әкімшілік-тіркеушілік
шаралар шектеуші факторлар болса,
ал онда ынталандырушы болып салық,
бюджет, сыртқы сауда саясаты және
табыстар саясатындағы шаралар табылады.ТҰК-дың
капитал салымына, сфера таңдау процесіне
салықтық, бюджеттік және сыртқы саудадағы
шаралар әсер етеді. Және де мұндай
шаралар табыстың инвестор мен қабылдаушы
мемлекет арасындағы сәйкесінше бөлінуіне
септігін тигізеді.
Мұндай жүйенің тиімділігі
салалардың бағытталуына қарай әртүрлі
болып келеді. Мысалға, дамушы елдердегі
шикізат өндіруші салаларға ТҰК-лар
ол елдің жеңілдіктеріне қарамастан,
алдымен шикізат шыққан жердің дүниежүзілік
көлік комуникацияларына жақындығын
ескереді. Ресурсқа бағытталған шетел
инвестицияларын ынталандырушы шаралар
аз ойландырады. Ал қайта өңдеу салалары
үшін бұл өте қажетті фактор болып табылады.
Шетел инвестициясын
мемлекеттік реттеудің мақсаттарына
сәйкес үш топқа бөлуге болады:
қабылдаушы мемлекет экономикасындағы ресурстардың бөліну құрылымын өзгерту;
үкіметтің алатын табыстарын өсіру;
қабылдаушы елдегі резиденттерге ТҰК-дан келетін инвестиция есебінен түсетін табысты қайта бөлу.[16]
Қабылдаушы мемлекет экономикасындағы
ресурстардың бөліну құрылымын өзгерту
мақсатында мемлекет әртүрлі шараларды
қолдану арқылы елге келетін инвестицияларды
қажетті салаларға бағыттап отырады.
Және керісінше, белгілі-бір шектеулер
енгізу арқылы ТҰК-дың кейбір салаларға
немесе нарықтарға енуіне кедергі жасауға
болады.Шығыс Азияның дамыған
мемлекеттері шетел инвестициясын
жоғары технологиялы және ғылыми өндіріске,
сонымен қатар қызмет көрсету
салаларына тартуды көздегені мәлім.
Гонконг үшін мұндай процесс шетел
инвестициясының электронды өнеркәсіпке,
атап айтсақ, микрокомпьютерлер өндірісіне,
алдыңғы қатарлы жүйелерге, телекоммуникациялар
саласына ағылуымен сипатталады. Ал
Оңтүстік Корея үшін ол процесс шетел
инвестициясының химия өнеркәсібіне
және онымен байланысты басқа да салаларға,
электрлі құрылғылар өндірісіне, автокөліктер
және басқа да көлік құралдарын жасауға
келуімен сипатталады. Мысалға, жоғарыда
аталған салалардың жалпы шетел
инвестициясындағы үлесі 1980-1990 ж.ж.
аралығында 76 % (577 млн. долл.) құраса, ал
1991-2002 жылдар аралығында бұл көрсеткіш
83 % (2,291 млн.долл.) құрады. Сингапурда тамақ
және жеңіл өнеркәсібіне келетін
шетел инвестициясының көлемі 1990
жылы 10 %-тік (65 млн.долл.) деңгейден, 2002
жылы 2,2 %-тік (31 млн.долл.) деңгейге түсіп
кетті. Алайда, шетел инвестициясының
басқа салаларға келуі, атап айтсақ,
химия өнеркәсібіне, электрлі құрылғылар
өндірісіне, автокөлік жасау салаларына
1990 жылғы 49 %-тен (323 млн.долл.), 2004 жылы 80
%-ке (996млн.долл.) дейін өсті. Аталғантабыстар
шығыс азия елдерінің, шетел инвестициясын
мемлекеттік реттеудегі ынталандырушы
құралдардың көбейтіліп және көптеген
шектеулерді алып тастағанмен сипатталады.
[17]