ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 11:19, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтyi кезеңінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау
жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік
қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Оглавление

КІРІСПЕ .........................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН MҮЛІK ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫҚ АСПЕКТІЛЕР ...5
1.1 Инвестиция, оның мәні және қаржылық есептіліктің бір бөлігі ретіндегі рөлі .............................................................................5
1.2 Инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның мемлекеттік реттеу ретінде қолданылуы................................................................................................6
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЕСЕБІ………………..9
2.1 40 XҚEC (IAS) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»:инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану..................................................................................9
2.2 Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану кезіндегі бағалау және танудан кейінгі бағалау ..11
2.3 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің істен шығып қалуы және инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты ашып көрсету ..19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TІ3IMI….…………………………..26

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Исаева Арайлым.docx

— 106.62 Кб (Скачать)

3) инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнына жалдық операция шарты бойынша алдын-ала төлем немесе есептелген  кipic қосылмайды, өйткені ұйым бұл баптарды жеке міндеттемелер немесе активтер ретінде таниды;

4) жалдау шарты бойынша иелікте тұрған инвестициялық 
жылжымайтын мүліктің әділ құны ақша қаражаттарының күтілетін 
қозғалыстарын көрсетеді (өтелетін болады деп күтілетін шартты жалдық 
төлемді қоса алғанда). Тиісінше, егер жылжымайтын мүліктің алынған 
бағалауы жүзеге асырылуы күтіліп отырған барлық төлемдер шегеріле 
отырып анықталса, әділ құн бойынша есеп үлгici инвестициялық 
жылжымайтын мүліктің қаржылық жағдайы туралы eceптік көрсеткішті табу 
үшін, танылған жалдық міндеттемені кepi қосу қажет.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің әділ құнында объектіні жаңарту  немесе жетілдіру мақсатындағы  алдағы  күрделі шығындар,  сондай-ақ  алда болатын осындай күрделі шығындардан болашақта алынатын экономикалық  пайдалар көрсетілмейді.

Кейбір жағдайларда ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікке байланысты келтірілген төлемдер құны (қаржы есептілігінде көрсетілген мiндeттeмeлep бойынша төлемдерден басқа) тиісті ақшалай түсімдердің келтірілген құнынан асып түсетінін күтеді. Ұйым осындай міндеттемені тану немесе танымау  туралы,  сондай-ақ оларды бағалау әдістері туралы  шешім

қабылдаған кезде 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (IAS) ХҚЕС колданады.

Нақты шығындар бойынша есепке алу үлгici.

Бастапқы танудан  кейін  нақты шығындар  бойынша  есеп үлгісін таңдаған  ұйым жылжымайтын   мүлікке   инвестициялар   объектілерінің барлығын 16 (IAS) XҚЕC талаптарына сәйкес бағалауы тиіс, бұл есеп үлгici үшін 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет (IFRS) ХҚЕС сәйкес сатуға арналған жылжымайтын мүлік ретінде жіктеу өлшемдеріне жауап бepeтiн (немесе  сатуға  арналған  ретінде жіктелген шығып қалу тобына енгізілген) объектілер кірмейді. Сатуға арналғандар ретінде жіктеу өлшемдеріне жауап беретін немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығып  калу тобына   енгізілген   жылжымайтын   мүлікке инвестициялардың объектілері 5 (IFRS) сәйкес өлшенуі тиіс.

2-мысал. 1-мысалды толықтырайық. 31.12.2009ж тәуелсiз  бағалау-

шының нәтижесі бойынша жер телiмiнiң нарықтық құны  1700,0 мың тг құрады. 2010 жылдың қарашасында жер телiмiне жақын жерде тұрмыстық химия өндiрiсi бойынша зауыт құрылысының басталғандығы туралы  хабарлаудан кейiн, жер телiмiнiң құны төмендей бастады және  ол 31.12.2010 ж 1100,0 мың тг жеттi.

«Экожан» ұйымының  2009 ж  және 31.12.2010 күніне инвестициялық жылжымайтын мүлiк объектiсін қаржылық есеп беруде бейнелеу керек:

а ) әдiл құн бойынша  есепке алу үлгicімен;

ә ) бастапқы құн бойынша  есепке алу үлгiсімен.

    1. әділ құн бойынша есепке алу үлгісі

«Экожан» ұйымының қаржылық есептілігінен түбіртек

 

Баланс

Кірістер мен шығыстар туралы есеп

Көрсеткіштер

сомасы, мың.тг

Көрсеткіштер

сомасы, мың.тг

2009 ж

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік

(активтің жеке бөлімі  ретінде)

1700,0

Инвестициялық жылжымайтын  мүліктің

әділ құнының өзгеруіне  байланысты кірістер

431,7

2010 ж

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік (актив құрамында)

1100,0

Инвестициялық жылжымайтын  мүліктің

әділ құнының өзгеруіне  байланысты шығыстар

600


 

Бухгалтерлік  жазбалар

 

31.12.2005 ж.: жер телімінің әділ құнының өзгергені көрсетілді  (1700,0 мың. тг. – 1268,3 мың. тг.)

   Дт:  Инвестициялық жылжымайтын мүлік                 431,7  мың. тг.

      Кт: Инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнының өзгеруіне байланысты кірістер                                            431,7  мың. тг.

 

31.12.2006 ж.: жер телімінің әділ құнының өзгергені көрсетілді (1100,0 мың. тг.  – 1700,0 мың. тг.)

   Дт: Инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнының өзгеруіне байланысты шығыстар                                       600 мың. тг. 

     Кт: Инвестициялық жылжымайтын мүлік            600 мың. тг. 

 

    1. нақты шығындар бойынша есепке алу үлгісі

«Экожан» ұйымының қаржылық есептілігінен түбертек

 

Баланс

Кірістер мен шығыстар туралы есеп

Көрсеткіштер

cомасы, мың.тг

Көрсеткіштер

cомасы, мың.тг

2009ж

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік

1268,3

-

-

2010ж

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік

1100,0

Инвестициялық жылжымайтын  мүліктің құнсыздануынан болған шығыстар

(168,3)


Бухгалтерлік жазбалар

 

31.12.2005 ж.: нақты шығындар бойынша есепке алу үлгісіне сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісіне амортизация есептелуі керек. Бірақ жер телімдеріне амортизация есептелмейді.

 

31.12.2006 ж.: жер телімінің әділ құнының өзгергені көрсетілді (1100,0 мың. тг. – 1268,3 мың. тг.).  ХҚЕС 16, 36-қа сәйкес ( баланстық құн өтелетін құнынан төмен)

  Дт: Инвестициялық жылжымайтын мүліктің   әділ құнының өзгеруіне байланысты  шығыстар                                  168,3 мың тг                                                                    

      Кт: Инвестициялық жылжымайтын мүлік           168,3 мың тг

 

 

2.3 Инвестициялық  жылжымайтын мүліктің icтeн шығып қалуы және инвестициялық  жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты ашып көрсету

 

Объект icтeн шығып қалғаннан кейін оған байланысты экономикалық пайда алу болжанбайтындай болып істен шығып қалған немесе пайдаланудан біржола алып тасталған жағдайда, инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін тану тоқтатылуы тиіс (ол қаржылық жағдай туралы есептен шығарылады).

Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің icтeн шығуы сату немесе қаржылық жалға беру арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің істен шыққан күнін анықтау үшін ұйым 18 (IAS) ХҚЕС баяндалған тауарлар сатудан алынған кipicтi тану өлшемдерін басшылыққа алуы және 18 (IAS) XҚEC-на көрнекі мысалдардағы тиісті ұсынымдарды ескepyi керек. 17(IAS) ХҚЕС қаржылық жалгерлікке беру және кepi жалгерлік  шартымен сату жолымен icтeн шығуына қатысты қолданылады.

Жер телімдерін сату.

Жасалған екі  жақты шарт негізінде меншіктілік  немесе тұрақты пайдалану құқығындағы  жер телімдері сатылды:

    • нақтылы сату құнына

Дт «Негізгі құралдарды сату шығындары»

   Кт «Жер»  (тиісті субшоттар бойынша)

    • шартта көрсетілген жердің құнына

Дт «Берешектер  қарызы»

    Кт  «Негізгі құралдарды сатудан  түскен кірістер»

    • сатылған жердің құнын сатып алушы төледі

Дт «Ақша қаражаттары»

    Кт  «Берешектер қарызы»

      3-мысал. «Асан және К» компаниясы 1 млн.тг төлеп, жер телімін сатып алды. Осының нәтижесінде 1 млн. теңгенің 300,0 мыңы есеп айырысу шотынан төленіп, қалған 700,0 мыңы жылдық мерзімге алынған несие есебінен төленді. Осының нәтижесінде баланстың меншікті капитал және міндеттемелер жағындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бабы көбейді. Осы операция мазмұнын төмендегінше көрсетуге болады:

Дт «Жер»                                        1 млн. теңге

              Кт «Ақша қаражаттары»       300,0 мың теңге

  Кт «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»    700,0 мың теңге

Енді 2 айдан соң «Асан және К» компаниясы жер телімінің бірін 700,0 мың теңгеге сатты. Сатып алушы 100,0 мың теңгені нақты ақшамен төлеп, қалған 600,0 мың теңгені «Асан және К» компаниясының алған несиесін жабу есебінен төлейтін болып міндеттеме алды. Яғни:

Дт «Ақша қарадаттары»                       100,0 мың теңге

Дт «Берешектер  қарызы»                      100,0 мың теңге

    Дт  «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»            600,0 мың теңге

        Кт «Жер»                                  700,0 мың теңге

Егер тану принципіне сәйкес ұйым жылжымайтын мүлікке  инвестиция-

лар объектісінің бip бөлігін өтеу құнын активтің қаржылық жағдайы туралы есептік құнында таныса, ол алмастырылған бөліктің қаржылық жағдайы туралы есептік құнын тануды тоқтатады. Нақты шығындар бойынша есеп үлгісін пайдалана отырып ескерілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік  жағдайларда алмастырылған бөлік жеке амортизацияланған бөлік бола алмайды. Егер ұйым үшін алмастырылған бөліктің қаржылық жағдайы туралы есептік құнын анықтау мүлдем мүмкін болмаса, онда ол алмастыратын бөліктің құнын ол сатып алынған немесе салынған кездегі алмастырылған бөліктің құнының көрсеткіші ретінде пайдалана алады. Әділ құн бойынша есеп үлгісіне сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің әділ құны алмастырылуы тиic объектінің бip бөлігі өз құнын жоғалтып алу фактісін көрсетеді. Кейбір жағдайларда объектінің бip бөлігі ауыстырылған  кезде оның әділ құнын қай сомаға кеміту қажет екенін анықтау қиынға соғады. Объектінің бір бөлігін алмастырған кезде оның әділ құнын кемітудің баламасы, егер мұндай қадам мүлдем мүмкін болмаса, алмастыру құнын активтің қаржылық жағдайы туралы есептік құнына енгізу, содан кейін объектінің бөліктерін алмастыруды талап етпейтін жаңа сатып алулар үшін талап етілгендей әділ құнды қайта бағалауды жүргізу болып табылады.

Инвестициялық  жылжымайтын  мүлік  объектісін  есептен  шығару

немесе істен  шығару нәтижесінде туындайтын өзге пайдалар немесе шығындар активтің істен шығуы мен қаржылық жағдайы туралы eceптік құнынан таза түсімдердің арасындағы айырма ретінде анықталуға және есептен шығару немесе шығып қалу орын алған кезеңде пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс (кері жалгерлікпен сатуға қатысты 17 (IAS) ХҚЕС өзге қадамды талап ететін жағдайды қоспағанда).

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік объектісі істен шыққан жағдайда алынуы тиіс өтем бастапқыда әділ құн бойынша танылады. Атап айтқанда, инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі үшін ақы төлеу мерзімі ұзартылған жағдайда, алынуы тиіс өтем алдымен объектінің төлем мерзімі ұзартылмай ақшалай қаражатты төлеу кезіндегі бағасы бойынша көрсетіледі. Өтемнің атаулы сомасы мен объектінің төлем мерзімі ұзартылмай ақшалай қаражатты төлеу кезіндегі баға арасындағы айырма пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып 18 (IAS) ХҚЕС сәйкес пайыздык кipic ретінде танылады.

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік объектісі істен шыққаннан  кейін ұйымда калған міндеттемелерді есепке алу үшін ұйым 37 (IAS) ХҚЕС немесе басқа стандарттардың тиісті ережелерін қолданады.

Құнсызданған, жоғалтылған  немесе берілген инвестициялық жылжымайтын  мүлік объектілері үшін үшінші тұлғалардан алынған өтемдер мұндай өтем алынуы тиіс болған кезде пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс.

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік объектілерінің құнсыздануы  немесе жоғалуы, өтемді төлеу туралы талаптар немесе үшінші тұлғаларға төлеу  және алмастырушы активтерді кейінгі  сатып алу немесе құрылысын салу жеке экономикалық оқиғалар болып табылады және төменде көрсетілгендей  бөлек  ескеріледі:

1) инвестициялық  жылжымайтын мүліктің құнсыздануы  36 (IAS) ХҚЕС сәйкес танылады; инвестициялық жылжымайтын мүліктің есептен шығарылуы немесе шығып қалуы осы.

2) құнсызданған, жоғалтылған немесе берілген жылжымайтын мүлікке 
инвестициялар объектілері үшін үшінші тұлғалардан түскен өтемдер өтем 
алынуы тиіс болған кезде пайданың немесе шығынның құрамында танылады;

3) алмастыру ретінде қалпына келтірілген, сатып алынған немесе са- 
лынған активтердің құны 40 (IAS) XҚЕC-ке сәйкес танылады.

Әділ құн бойынша есеп үлгici және нақты шығындар  бойынша  есеп үлгici.

Төменде ақпаратты  ашып көрсетуге қойылатын талаптар 17 (IAS) ХҚЕС көзделгендерге    қосымша    колданылады.  17   (IAS)   ХҚЕС    сәйкес

инвестициялық жылжымайтын  мүлік иeci жасалған жалдық операция шарттары туралы ақпаратты жалға берушінің ашып көрсетуге қойылатын талаптарына сәйкес ашып көрсетеді, инвестициялық жылжымайтын мүлік қаржылық және жалдық операция шартының талаптары бойынша иелік ететін ұйым жасалған жалдау шарты туралы ақпаратты жалға алушының ақпаратты ашып көрсетуге қоятын талаптарына сәйкес - қаржылық жалдау үшін және жалға берушінің – жалгерлік операциясы үшін қойылатын талаптарына сәйкес ашып көрсетеді.

Ұйым мынадай  ақпаратты ашып көрсетуі керек:

1) оның әділ құн бойынша немесе нақты шығындар  бойынша  есепке алу үлгісін қолдануын;

2) егер ол әділ құн бойынша есеп үлгісін қолданатын болса, оның иелігінде операциялық жалдаудың шарты бойынша тұрған жылжымайтын мүліктің үлесін жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктей ме және ескере ме және қандай жағдайларда;

3) объектіні сыныптау қиын болып көрінген жағдайларда инвестициялық жылжымайтын мүлік және иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сатуға арналған жылжымайтын мүлікті шектеу мақсаттарында ұйым пайдаланатын өлшемдерді;

Информация о работе ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік