ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 11:19, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтyi кезеңінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау
жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік
қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Оглавление

КІРІСПЕ .........................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН MҮЛІK ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫҚ АСПЕКТІЛЕР ...5
1.1 Инвестиция, оның мәні және қаржылық есептіліктің бір бөлігі ретіндегі рөлі .............................................................................5
1.2 Инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның мемлекеттік реттеу ретінде қолданылуы................................................................................................6
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЕСЕБІ………………..9
2.1 40 XҚEC (IAS) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»:инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану..................................................................................9
2.2 Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану кезіндегі бағалау және танудан кейінгі бағалау ..11
2.3 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің істен шығып қалуы және инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты ашып көрсету ..19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TІ3IMI….…………………………..26

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Исаева Арайлым.docx

— 106.62 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

 

Экономика факультеті

«Есеп, аудит және талдау»  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қаржылық есеп 1» пәні бойынша

 

«40 ХҚЕС Инвестициялық жылжымайтын мүлік»

тақырыбына

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

 

 

Орындаған: ЕА-21 тобының студенті

Исаева А.А

 

Ғылыми жетекші:

Досанова Б.Ұ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2012

Мазмұны

 

КІРІСПЕ .........................................................3

 

1. ИНВЕСТИЦИЯ  ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЖЫЛЖЫМАЙТЫН   MҮЛІK ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫҚ АСПЕКТІЛЕР ...5

 

1.1 Инвестиция, оның мәні және қаржылық есептіліктің бір бөлігі ретіндегі рөлі .............................................................................5

1.2 Инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның мемлекеттік реттеу ретінде қолданылуы................................................................................................6

 

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЖЫЛЖЫМАЙТЫН  МҮЛІК ЕСЕБІ………………..9

 

2.1 40 XҚEC (IAS) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»:инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану..................................................................................9

  1. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану кезіндегі бағалау және танудан кейінгі бағалау ..11
  2. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің істен шығып қалуы және инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты ашып көрсету ..19

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР TІ3IMI….…………………………..26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

KIPIСПE

 

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтyi кезеңінде пайда  болған  жаңа  термин.  Орталықтандырылған  жоспарлау

жүйесінің   шеңберінде  «жалпы  капиталдық  салымдар»   деген  түсінік

қолданылатын, осы  түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар   ақша  құралдары,   мақсаты,   банкілік  салымдар,

пайдалар,  акциялар  және  де  басқа  құнды   қағаздар,   технологиялар,

машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады. Сонымен қатар осының бәpi - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар  нарықтық және жоспарлық жүйелерде  инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйе жағдайында меншіктің бip түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияланудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігі   отандық   экономикалық   ғылым  қарастырмады.   Жоспарлық

экономика жағдайында инвестициялар  ағымдағы шығындарды тек бip уақыттық   сипатымен   ғана   айрықшаланатын  залал  түрінде  көрінеді.

Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі   нарықтық   экономикасы   дамыған   елдерде   ( АҚШ,   Канада,

Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру  бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазipгi таңда отандық тәжірибеде  екі  термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині  латынның investirе — «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылым және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады:  «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз». Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни бipey инвестицияландырса, басқа бipeyi дизинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жетуге және осы пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді сау

деп анықталады. Капиталдық салым процентінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны

келешекте инвестицияльқ игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция бұл ақшаны, оның сақталуына немесе кұнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, ceбeбi қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды

қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ

мерзімге; тікелей және жанама болады.

Курстық жұмыстың мақсаты - инвестиция және оның негізгі бағыттарының мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясаттағы маңызын қарастыру, қаржылық есептілікте инвестициялық жылжымайтын мүлік eceбінің маңызы мен оның негізгі бағалану әдістерін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

    • инвестиция және оның теориялық  аспектілерін анықтау;
    • инвестициялық жылжымайтын мүлік eceбінің бағыттарын талдау;
  •   мемлекеттік реттеуде инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның рөлін талдау.

Курстық жұмыстың өзектілігі инвестицияльқ жылжымайтын мүлік есептілігін кәсіпорындардың қаржылық есептілігінде дұрыс көрсетудің маңыздылығымен анықталады. Сондықтан бұл курстық жұмыс жалдау бойынша мысалдарды қарастыру арқылы 40 ХҚЕС (IAS) түсінуге cептігін тигізеді.

Курстық жұмысты  жазу барысында 17 ХҚЕС (IAS), 40 XҚEC (ІAS), 16 ХҚЕС (IAS), 18 ХҚЕС (IAS), 11 XҚEC (IAS), 2 ХҚЕС (IAS), 8 XҚEC (ІAS) және инвестициялық жылжымайтын мүлік eceбi бойынша әдебиеттер колданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН

МҮЛІК ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инвестиция, оның мәні және қаржылық есептіліктің бір бөлігі ретіндегі рөлі

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа,  ауыл шаруашылығына

және өндірістің басқа да салаларындағы  шаруашылық субъектісіне мүліктей,

заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал  түрінде салынып ол шаруашылықты  әрі  қарай   өркендетіп   дамыту   үшін   жұмсалынатын

шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз  түрінде  немесе  басқадай  үлкен  кәсіпкерлік табыс табу болып

табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелділік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына   жағдай   жасайды. Осы   айтылғандармен   қатар   инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми - техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсау  үшін  салынатын   салымдар  болып табылады.  Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды кағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

              а) қысқа мерзімдік иелену - иелену мерзімі бір жылға дейін;

              ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі  бір жылдан артық;

Инвестор - қор  нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.  Ұлттық   инвестор   дегеніміз -  Қазақстан  Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар),  - институттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.  Күрделі  қаржыны  тиімді  пайдаланудың,  оларды   шешуші бағыттарға   шоғырландырудың,   қоғамдық  өндірісте   тепе - теңдікті қамтамасыз  етудің   жолдарын  көрсететін  шаруашылық   шешімдерінің

 

жиынтығы.  Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған

теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өңдейтін және ол  өнімдерді   пайдаланатын  салалар   арасында   дұрыс   пайдалануды

қамтамасыз eтyi керек. Қaзipгi кезде күрделі қаржыны жаңа өндipic орындарын тұрғызудан гөpi оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға,  қайта  құруға  бағытталып,  одан әpi өндipicкe жұмсалған

күpдeлi қаржының ара салмағын өcipe беру көздeлiп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

                   Инвестициялық   саясат - инвестициялардың    неғұрлым    басым

бағыттарын айқындайтын шаралар жүйeci; өндірісті, кәciпкepлiктi дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.), аймақтың, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат (инвестиция) салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.

Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;
    • салық жеңілдіктерін беру; демеуқаражат, жәрдемқаражат, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру;
  • тиісті несие саясаты, баға бeлгiлeнiмi;
  • амортизациялық саясат жүргізу;
    • нормалар мен стандарттардың   колданылуына, сондай-ақ,

міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау.

 

1.2 Инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның мемлекеттік реттеу ретінде қолданылуы

 

Инвестициялық процесс - қоғамның нақты капиталын өcipy мақсатындағы ұдайы өзгеріс процесіне қатысушылардың жан - жақты ic-әрекеті. Оның экономикалық жүйе динамикасына тікелей катысы бар.

Экономикалық объектілерде «инвестиция» ұғымының мәніне толық талқылау берілмеген. Жалпы көзқарастарды шартты түрде eкi бағытқа бөлуге болады.  Бірінші бағыт - инвестиция ретінде ұлттың нақты кызмет

етуші капиталын өcipyгe ықпал ететін салымдарды сипаттайды. Инвестицияның мұндай мәнін түсіндіруге біріншіден, инвестицияның объектici қоғамның нақты өндірістік аппараты болып табылады, ал субъектісі - өндірістік сферада ғана қызмет ететін мемлекет пен кәсіпкерлер. Инвестициялық процесс ұлттың қызмет етуші капиталын өсіретін өндіруші процесс ретінде көрініс алады. Екіншіден олардың айналымдағы өтелуі ұзақ мерзімге созылады. Үшіншіден, пайдалану мақсатындағы кез келген қаражат салымдары инвестиция болып табылады деген дәстүрлі көзқарас теріске шығарылады. Мысалы, акция, облигация, жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б. қатынастар кезіндегі алғашқы салымдардың әртүрлі себептерге байланысты артуы.

Белгілі  американдық ғалым  П. Самуэльсон бұл  жайында:  « Біздің

күнделікті қолданыстағы «инвестиция» сөзі экономикалық пікірталастағы оған берілетін маңыздылығымен үнемі сәйкес келмейді, біз «таза инвестициялау» немесе капитал құраушы деп қоғамның нақты капиталының таза өсімін (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалдық-өндірістік қорлар және т.б.) айтамыз. Жергілікті халық болса «инвестициялауды» жер телімін, айналыстағы бағалы қағазды немесе кез келген меншікті сатып алумен байланыстырады. Таза инвестициялау тек жаңа нақты капитал пайда болғанда ғана орын алады», - деп жазады.

Информация о работе ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік