ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 11:19, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтyi кезеңінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау
жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік
қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Оглавление

КІРІСПЕ .........................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН MҮЛІK ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫҚ АСПЕКТІЛЕР ...5
1.1 Инвестиция, оның мәні және қаржылық есептіліктің бір бөлігі ретіндегі рөлі .............................................................................5
1.2 Инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның мемлекеттік реттеу ретінде қолданылуы................................................................................................6
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЕСЕБІ………………..9
2.1 40 XҚEC (IAS) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»:инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану..................................................................................9
2.2 Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану кезіндегі бағалау және танудан кейінгі бағалау ..11
2.3 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің істен шығып қалуы және инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты ашып көрсету ..19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TІ3IMI….…………………………..26

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Исаева Арайлым.docx

— 106.62 Кб (Скачать)

Бірақ та қазіргі экономистердің көптеген ғылыми еңбектеріндегі инвестицияның мәнін келесідей анықтау басым: инвестиция деп иесіне белгілі бip табыс әкелетін кез келген салымдарды айтады. Бұл ұстаным бойынша инвестициялар қаржылық, нақты және санаткерлік түрлеріне бөлінеді.

Қаржылық инвестиция - қаржылық құралдарға салымдар, яғни акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарға салымдар.

Нақтылы инвестиция - белгілі бip өнім өндірiciнe капитал салу, яғни қоғамның нақты капиталын арттыруды қамтамасыз ететін салымдар.

Санаткерлік инвестиция - мамандарды дайындауға, тәжірибені, лицензияны, ноу-хауды беруге, ғылыми зерттеулерге және т.б. салымдар.

Инвестицияның мәнін осылайша кеңінен талқылау инвестициялық ic-әрекеттің сипатын ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар инвестициялық ic-әрекеттің субъектілері мен объектілерінің санын ұлғайтады, ұлттық экономикадағы инвестицияларға мүлдем басқа рөл береді, сәйкесінше инвестициялық саясатты анықтайды.

Салымдарды өcipy мүмкіншілігі инвесторларды жоғарғы  тәуекелге баруға мәжбүрлейді, инвестициялық  ағындарды басқарады, инвестициялық  портфельдің әртүрлі тұрпаттарын  қалыптастыруға, қаржылық активтерді орналастыруға  нұсқау  береді. Инвестициялық  ic-әрекет  шеңберінде рыноктық экономиканың көптеген субъектілері, жеке тұлғалар, шағын және орташа фирмалар, ipi халықаралық корпорациялар, банктер және үкіметке дейін қатынасқа түседі. Салымдар әртүрлі сфералар мен объектілерге, әртүрлі нысандар мен бағыттарға жасалады. Сондықтан инвестиция мәселесі өте маңызды тәжірибелік мәселеге айналады, әртүрлі мемлекеттердің экономикалық ғана емес, саяси жағдайларының, ұлттық экономиканың өсу мүмкіндіктерін, құрылымдық қайта құруды, халықтың әл-ауқатын және басқа процестерін анықтайды. Инвестицияға деген осы сияқты көзкарастан кейін шығаратын  қорытынды: «Инвестициялар  АҚШ,  Еуропа,  Жапония секілді

 

әлемдік қаржылық орталықтардың да, қор биржалары  бар кез келген «үшінші әлемдік»  елдердің де негізі болып табылады».

Осыған орай инвестиция субъектілері бола алады:

  • мемлекет;
  • жеке және заңды тұлғалар (отандық және шетелдік);
  • кәсіпорындар, фирмалар,   АҚ концерндер, комбинаттар

және т.б.;

  • банктер (ұлттық және коммерциялық);
  • сақтандыру ұйымдары;
  • зейнетақы қорлары (жеке және мемлекеттік);
  • инвестициялық қорлар;
  • халықаралық ұйымдар;
  • басқа да бюджеттік емес қорлар.

 Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері:

  • экономиканың  барлық  сфералары  мен  салаларындағы негізгі және айналымдағы қорлар;
  • бағалы  қағаздар (акциялар,  облигациялар,  сертификаттар және т.б.);
  • мақсатты ақшалай салымдар;
  • ғылыми-техникалық өнімдер;
  • мамандарды дайындау және қайта дайындау;
  • мүліктік құқық пен санаткерлік меншік құқығы.

Қоғамдық өндірістің әр түрлі инвестициялық іс-әрекетінің субъектілері мен объектілерінің көп болуы ұлттық экономика көлемінде олардың қызметін реттеудің объективті қажеттілігін туындатады. Сонымен бірге, мемлекеттік реттеу процесі күрделі процеске айналады. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру, реттеудің әр түрлі әдістері мен құралдарын пайдалану арқылы мемлекет инвестицияның барлық субъектілерінің ортақ мақсаттарға бағынуын қамтамасыз етуі, инвестициялық процестің барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерін үйлестіруге, олардың инвестициялық  қызметтерін белсенді етуге ықпал етуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК  ЕСЕБІ

 

2.1 40 ХҚЕС (IAS) «Инвестициялық  жылжымайтын мүлік»:

инвестициялық жылжымайтын  мүлікті тану

 

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік деп аталатын 40 Халықаралық  қаржы есептілігінің стандартында атап көрсетілгендей, инвестициялық жылжымайтын мүлік - қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бip бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өcyiнeн кipicтep немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:

1) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкiмшiлiк мақсаттар үшін емес;

2) әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес. 
Иеленуші  орналасқан  жылжымайтын   мүлік  -  қаржылық   жалдау

шарты бойынша  иеленушінің немесе жалға алушының қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.

Жалгер жалгерлік операция бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік  барлық   қалған   жағдайларда инвестициялық жылжымайтын  мүлік  ұғымына  сай  келсе  және  жалгер активті тану кезінде әділ  құн бойынша есеп моделін пайдаланса, ол инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктеле және есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде мүмкін болады. Алайда жалгерлік операция шарты бойынша жалгердің иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бip осындай объектісі үшін жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп моделін пайдалану арқылы ecкepiлyi тиіс. Егер жіктеудің осы  нұсқасы   таңдап   алынса,  онда   бұлайша   жіктелген жылжымайтын мүлік бойынша ақпарат ашып көрсетіледі.

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік жалгерлік төлем немесе капитал құнының  өсуінен  кipicтep,  не соны  да,  басқасын  да  алуға  арналған.

Сондықтан инвестициялық жылжымайтын мүліктен түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, ұйымның қалған  активтерімен байланысты болмайды.   Бұл инвестициялық жылжымайтын мүлікті иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) ХҚЕС иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік мысалдары төменде келтірілген:

 

  1. әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер;

2)  әрі қарай  арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер (Егер ұйым жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі);

3)   ұйымның  меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау  шарты бойынша есеп беретін  ұйымның қарауындағы) және жалгерлік операцияның бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат;

4)  қазір бос  тұрған, бірак жалгерлік операцияның  бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға беруге арналған ғимарат.

5)  болашақта   инвестициялық   меншік   ретінде   қолдану   үшін құрылысы жүріп жатқан немесе жасалып жатқан жылжымайтын мүлік.

Инвестициялық жылжымайтын  мүлікті мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

  1. инвестициялық жылжымайтын мүлікке байланысты болашақта экономикалық пайда келіп түсу мүмкіншілігі бар болған жағдайда;
  2. инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын сенімді түрде бағалауға болған жағдайда.

Танудың осы принципіне сәйкес ұйым инвестициялық жылжымайтын  мүлікке жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар инвестициялық жылжымайтын  мүлік объектісін сатып алған  кезде бастапқыда  жұмсалған  шығындарды  және кейіннен объектіні  қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне  қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.

Тану принциптеріне  сәйкес ұйым мұндай жылжымайтын  мүлік  объектісіне күнделікті қызметтер  көрсету шығындарын инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  құндық,  қаржылық  жағдайы туралы есебінде танымайды. Бұл шығындар туындау мөлшеріне қарай пайданың немесе шығынның құрамында танылады. Күнделікті қызметтер көрсетуге арналған шығындар - бұл негізінен еңбек пен шығыс материалдарының құны; сонымен қатар олар ұсақ бөлшектердің құнын қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көбінесе жылжымайтын мүлікті «жөндеу және ағымдағы қызметтерді көрсетуге арналған шығыстар» ретінде анықталады.

Инвестициялық жылжымайтын  мүліктің бір бөлігі алмастыру жолымен алынуы мүмкін. Мысалы, ішкі қабырғалар бұрыннан бар қабырғалардың орнына салынуы мүмкін. Тану принципіне сәйкес ұйым бұрыннан бар объектінің алмастырылатын бөлігіне шығындарды,  егер тану  өлшемдері  сақталатын болса, мұндай шығындар туындаған кезде инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің қаржылық жағдайы туралы есептік құнында таниды. Жылжытылған бөліктердің сомасы стандарттың өнімдерді қайта мойындау ережелеріне сәйкес қайта мойындалады.

 

2.2 Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану кезіндегі бағалау және танудан кейінгі бағалау

 

Инвестициялық жылжымайтын  мүлікті бастапқыда нақты шығындары бойынша бағалау керек. Бастапқы бағалауға операциялар бойынша шығындарды енгізу керек.

  Инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға шығатын нақты шығындардың құрамына сатып алу бағасы мен кез келген тікелей шығындар кіреді. Тікелей шығындар, мысалы, білікті заң қызметін пайдалану құнын, меншік құқығын беруге салынатын салықтарды және операция бойынша өзге де шығындарды қамтиды.

1-мысал. 2009 жылы 16 наурызда «Экожан» ӨК 1200,0 мың. теңгеге жер сатып алды. Жылжымайтын мүлiк бойынша маман қызметiнiң құны - 23,0 мың теңге және келiсiмшартты құрастырған заңгер қызметінің құны - 15,6 мың теңге. Ескі ғимаратты бұзу шығындары  - 35,0 мың теңге, ғимаратты бұзу барысында алынған тауарлы-материалдық құндылықтарының табысы - 12,3 мың теңге, жерді тазарту және оны түзету бойынша шығындар - 7,0 мың теңгені құрады.

Жер телімінің бастапқы құны:

       1200,0 + 23,0 + 15,6 + (35,0 - 12,3)+ 7,0 = 1268,3 мың. тг

Осы  операция өндірістік кооперативтің бухгалтерлік есебінде келесі шоттар корреспонденциясы арқылы көрініс табады: ( кесте-1)

 

Кесте-1. Жер телімін иеленуге байланысты шоттар корреспонденциясы.

 

Операция мазмұны

Сомасы, мың.тг

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

Негізгі құралдар сатып алынды

1200000

2410

3310

Мердігерлердің шоты акцептелді

1200000

3310

1030

Иеленуге байланысты шығындар

38600

2411

3311

Шот акцептелді

38600

3311

1011

Ескі ғимаратты бұзу шығындары

35000

7410

2410

ТМҚ-ны іске асырудан табыс

12300

1316

6210

Жерді тазарту және оны түзету шығындары

7000

7410

2410


 

Инвестициялық жылжымайтын  мүліктің құнына мыналар кірмейді:

  1. бастапқы шығындар (жылжымайтын мүлікті ұйым басшылығы

жоспарлап отырғандай қызмет жасай алуы үшін қажет болатын күйге келтіруге қажетті жағдайларды қоспағанда);

  1. инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі толығудың

жоспарланған  деңгейіне жеткенге дейін туындайтын операциялық залалдар;

  1. жылжымайтын мүліктің құрылысын салған немесе қайта құрған

кезде туындайтын шикізат, еңбек немесе өзге ресурстардың нормативтен  тыс ысыраптары.

Инвестициялық жылжымайтын  мүлік үшін ақы төлеу мерзімі  ұзартылған жағдайда, нақты шығындар төлем мерзімі ұзартылмай төленген бағасы ретінде анықталады. Бұл сома мен төлемнің жалпы сомасының  арасындағы айырма ұзарту мерзімі ішінде пайыздар төлеуге жұмсалған шығындар ретінде танылады.

Жалдау шарты  бойынша ұйымның иелігінде тұрған және инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетін жылжымайтын мүліктегі үлестің бастапқы құны 17 (IAS) ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық жал секілді анықталады, яғни актив екі мөлшердің: жылжымайтын мүліктің әділ құнының және ең төменгі жалдау төлемінің келтірілген құны бойынша танылуы тиіс. Баламалы сома аталған тармаққа сәйкес міндеттеме ретінде танылуы тиіс.

 Жал үшін төленген сыйақылар осы мақсаттар үшін ең төменгі жалдау төлемдерінің бip бөлігі ретінде ескеріледі және сондықтан активтің құнына енгізіліп, міндеттеме сомасынан шығарып тасталынады. Егер жалдау шарты бойынша ұйымның иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің үлесі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда әділ құны бойынша ескерілген объект жылжымайтын  мүліктің негізінде жатқан емес,

осындай  үлес болып табылады. Жылжымайтын  мүлік  үлесінің әділ құнын анықтау жөніндегі нұсқау әділ  құн  бойынша есеп  моделі  үшін  стандартта

баяндалған.  Бұл  нұскау  осы  құн  бастапқы  тану  мақсаттары  үшін нақты

шығындар ретінде пайдаланылған кезде әділ құнды анықтау кезінде қолданылады.

Инвестициялық жылжымайтын   мүліктің бір  немесе     бірнеше

объектілері монетарлық активке және монетарлық емес активтердің үйлесіміне айырбастау жолымен алынуы мүмкін. Төменде келтірілген тұжырымдар бір монетарлық емес активтің басқасына айырбасына жатады, бірақ олар сондай-ақ алдыңғы сөйлемде сипатталған барлық айырбастарға қолданылады. Жылжымайтын мүлікке мұндай инвестициялардың құны әділ құн бойынша өлшенеді, бұған мына жағдайлар кірмейді:

Информация о работе ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік