ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 11:19, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтyi кезеңінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау
жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік
қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Оглавление

КІРІСПЕ .........................................................3
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН MҮЛІK ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫҚ АСПЕКТІЛЕР ...5
1.1 Инвестиция, оның мәні және қаржылық есептіліктің бір бөлігі ретіндегі рөлі .............................................................................5
1.2 Инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның мемлекеттік реттеу ретінде қолданылуы................................................................................................6
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЕСЕБІ………………..9
2.1 40 XҚEC (IAS) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»:инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану..................................................................................9
2.2 Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану кезіндегі бағалау және танудан кейінгі бағалау ..11
2.3 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің істен шығып қалуы және инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты ашып көрсету ..19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TІ3IMI….…………………………..26

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс. Исаева Арайлым.docx

— 106.62 Кб (Скачать)

4) инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын анықтау кезінде пайдаланылған әдістер мен елеулі жол берушіліктер, бұған әділ құнның анықтамасы нарықтық ақпаратпен расталғаны немесе ол көбінесе объектінің сипатына және салыстырмалы нарықтық ақпараттың болмауына байланысты басқа факторларға (оларды ұйым ашып көpceтyi тиіс) негізделгені туралы ақпарат қосылады;

5) инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің әділ құны (қаржы есептілігінде өлшенген немесе ашып көрсетілген) танымал әpi тиісті кәсіпкерлік біліктілікті меңгерген, сондай-ақ осындай санаттағы инвестициялық жылжымайтын мүлікке бағалау жасауға тәжірибесі бар және тап сол аумақта орналасқан тәуелсіз бағалаушының бағалауы негізінде, анықтауына негізделген. Мұндай  ашып  көрсетудің болмау фактісі қаржы есептілігіне ескертулерде ашып көрсетіледі;

  1. пайда немесе залал құрамында танылған;
  2. инвестициялық жылжымайтын мүліктің жалгерлік кірісі;
  3. кезең ішінде жалгерлік кіріс келтіретін инвестициялық жылжымайтын мүлікке қатысты тікелей операциялық шығыстар (оның ішінде жөндеуге және ағымдағы қызмет көрсетуге арналған шығыстар);
  4. кезең ішінде жалгерлік кіріс келтірмейтін инвестициялық жылжымайтын мүлікке қатысты тікелей операциялық шығыстар (оның ішінде жөндеуге және ағымдағы қызмет көрсетуге арналған шығыстар);
  5. инвестициялық жылжымайтын мүлікті нақты шығындар бойынша есеп үлгісі пайдаланылатын активтер қорынан әділ құн бойынша есеп үлгісі пайдаланылатын қорға сатқан кезде пайдада немесе шығында танылған әділ құнның жинақталған өзгерісінің сомасы;
  6. инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатудан немесе істен шығып қалудан кіріс пен түсімдерді бөлу мүмкіндігіне қатысты шектеулердің болуы және олардың сомалары;
  7. инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алу, салу немесе қайта құру не жылжымайтын мүлікті жөндеу, ағымдағы қызмет көрсету немесе жақсарту бойынша келісімшарттық міндеттемелер.

Өзiндiк құн бойынша есеп моделі.

Ақпаратты  ашып  көрсетуге  қосымша  нақты  шығындар бойынша есеп үлгісін қолданатын ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетеді:

  1. амортизация есептеу үшін қолданылатын әдістерді;
  2. пайдалы қолданудың мерзімдерін немесе амортизация нормаларын;
  3. есепті кезеңнің басындағы және соңындағы жылдық қаржылық жағдай туралы eceптік құн мен жинақталған амортизацияны (құнсызданудан болған  жинақталған залалдармен қоса);

4) осыларды көрсететін eceптi кезеңнің басындағы және соңындағы 
инвестициялық жылжымайтын мүліктің қаржылық жағдайы туралы есептік 
құнды салыстырып тексергені туралы мәліметті;

5) объектілерді сатып алу нәтижесіндегі және актив ретінде танылатын келесі шығындарды капиталдандыру нәтижесіндегі өciмді жеке ашып көрсетіп, оның ұлғаюын;

  1. бизнесті біріктіpy арқылы сатып алу нәтижесіндегі өсімін;
  2. сатуға арналған ретінде жіктелген немесе 5 (IFRS) XҚЕC сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген топқа енгізілген активтер мен өзге шығын қалуларды;

6) амортизацияны;

7) 36 (IAS) ХҚЕС сәйкес есептілікте  құнсызданудан болған залалдар деп танылған соманы және eceпті кезең ішінде құнсызданудан болған қалпына  келтірілген  соманы;

8) инвестициялык жылжымайтын мүліктің әділ құнын. Ұйым 
инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнының сенімділігін жеткілікті 
дәрежеде анықтай алмайтын жағдайларда, ол мынадай ақпаратты ашып 
көpceтyi керек:

9) инвестициялық жылжымайтын мүліктің сипаттамасын;

  1. әділ құн жеткілікті сенімділік деңгейінде есептеле алмайтын себептерді түсіндіруді;
  2. мүмкіндігінше инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнының өлшемі болжамды түрде тұрған шекараны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Инвестициялар ақша құралдары, банкілік салымдар, пайдалар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік кұқықтар ретінде анықталады. Және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді. Салымдарды өсіру мүмкіншілігі инвесторларды жоғарғы тәуекелге  баруға мәжбүрлейді, инвестициялық ағындарды  басқарады, инвестициялық портфельдің әртүрлі тұрпаттарын қалыптастыруға, қаржылық активтерді   орналастыруға   нұсқау   береді.  Инвестициялық   іс-әрекет шеңберінде рыноктық экономиканың көптеген субъектілері, жеке тұлғалар, шағын және орташа фирмалар, ірі халықаралық корпорациялар, банктер және үкіметке дейін қатынасқа түседі. Салымдар әртүрлі сфералар мен объектілерге, әртүрлі нысандар мен бағыттарға жасалады. Сондықтан инвестиция мәселесі өте маңызды тәжірибелік мәселеге айналады, әртүрлі мемлекеттердің экономикалық ғана емес, саяси жағдайларының ұлттық экономиканың өсу мүмкіндіктерін құрылымдық қайта құруды, халықтың әл-ауқатын және басқа процестерін анықтайды. Инвестициялық процес ұлттың қызмет етуші   капиталын   өсіретін   өндіруші   процесс   ретінде   көрініс алады. Екіншіден олардың айналымдағы өтелуі ұзақ мерзімге созылады. Үшіншіден, пайда алу мақсатындағы кез келген қаражат салымдары инвестиция болып табылады деген дәстүрлі көзқарас теріске шығарылады. Мысалы, акция, облигация, жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б. қатынастар кезіндегі алғашқы салымдардың әр түрлі себептерге байланысты артуы. «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» МДБ-сы, құрылуы, жер және басқа жылжымайтын мүлікті тиімді және нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ететін, оларды нарықтық айналымға қатыстыру және қоғамдық, бизнес, жеке   азаматтар   тұтынушылығын   қанағаттандыру   мақсаты   негізінде инвестициялық әрекеттерге ынталандырудың маңызды аспабы сияқты 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламамен электрондық үкіметті қалыптастыру негізі болатын мемлекеттің ақпараттық  инфроқұрылымдарының бірі болып табылады.

Қорыта айтқанда, инвестициялық жылжымайтын мүліктің есебі туралы толықтай түсінікті деп айта аламыз. Қазақстан Республикасында инвестициялық  жылжымайтын мүлік одан әрі қарай жандана түседі.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1.  1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2011 жыл 2 ақпандағы өзгертулер және толықтыруларымен;
  2. 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық

   есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  1. 8 ХҚЕС (IAS) «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы

   болатын өзгерістер мен қателер»;

  1. 11 ХҚЕС (IAS) «Құрылысқа жасалған келісімшарттар»;
  2. 16 ХҚЕС (IAS) «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар»;
  3. 18 ХҚЕС (IAS) «Табыс»;
  4. 17 ХҚЕС (IAS) «Жалдау»;
  5. 40 ХҚЕС (IAS) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»;

9 . Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік және қаржылық  есеп принциптері»

    (халықаралық стандарт), оқулық - Алматы 2006 жыл.

10. Аверчев И.В. «Международные стандарты финансовой отчетности»,

    Москва: Дело 2008 г.;

11. Нурсеитов Д.Э. «Путеводитель по МСФО», Алматы, 2007 г.;

12. Радостовец В.В., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. «Финансовый

    учет на предприятии», - Алматы, 2005.

13. Ремизова Е.Ю., Султанова Г.С. «МСФО: учет и отчетность», Алматы:

    Рауан- 2007 г.;

14. Учет по международным стандартам / Под ред. Л.В.Горбатовой. - М.:

    Фонд развития бухучета, 2005.

15. Финансовый учет / Под ред. Р.М.Рахимбековой. — Алматы: Экономика,

    2004.

 


Информация о работе ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік