Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 08:49, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілірдің қолданып отырған стратегияларында ашылатын, болашақтағы кәсіпорын қызметі кеңістігінің кеңейтілуімен негізделеді. Стратегиялық болжау мен жоспарлау кәсіпорын және ел экономикасы дамуының басым мақсаттарын белгілеп отырғанда, оперативті жоспарлау кәсіпорын өркендеуінің қысқа мерзімдік тенденцияларын белгілеуді ұйғарады.
2-сурет – Қазақстанның телекоммуникация нарығының құрылымы
Қарастырылған сурет еліміздегі телекоммуникация нарығының ерекшеліктерін бейнелей отырып, қарапайым халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі жағынан әлі де жетілдірілуі қажет екенін аңғартады. Яғни нарық құрылымының қазіргі уақытта түбегейлі оңтайландырылуы, бәсекелестік ортаға шығарылуы қажет екені айдан анық және осы орайда экономикалық қауіпсіздік себептеріне байланысты оған айтарлықтай қатысы жоқ немесе заңдық актілер негізінде инвестиция сомасы шектелген құрылым элементтері бұл ортадан тыс қалуда. Телекоммуникация нарығы дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі ретінде ел экономикасының жағдайымен анықталатын тұтынушылардың төлемқабілетті сұранысы қарастырылады, ал оның даму бағытына әсерін тигізетін факторларды нарық көлемі анықтайды.
Қазіргі
тұжырымдамаларға сәйкес ХХІ ғасырдың
басы жаһанды телекоммуникациялық инфрақұрылымның
құрылуын қажет етуші ақпараттық қоғам
дәуірі ретінде қарастырылады. Дамыған
және дамушы елдерде бір пайыздық экономикалық
өсуді қамтамасыз ету үшін телекоммуникация
саласының кемінде үш пайыздық өсуіне
қол жеткізу қажет. Бұл жағдайда дамыған
және дамушы елдердің экономикалық көрсеткіштеріндегі
телекоммуникация саласының мәні оның
ЖІӨ құрамындағы үлесінің тұрақты өсуінен
көрінеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде
телекоммуникация қызметін көрсету көлемі
ЖІӨ құрамында 5-8% дейін жетіп отырады,
ал ТМД елдерінде дамудың жоғарғы қарқындарына
қарамастан бұл көрсеткіш ЖІӨ құрамында
орта есеппен 2,8 % пайызды құрайды (Қазақстанда
2,9 %). Осыған байланысты телекоммуникациялық
сала Қазақстандықтарды бірінші кезектегі
байланыс қызметімен қамтамасыз етумен
бірге, жаңа белестерге шығуы қажет болып
табылады. Яғни ел үшін қағидалы мәні бар
Қазақстанның маңызды транзитті буынын
қолдана отырып жүзеге асырылатын жобаларды
орындау. Аталмыш мәселелерге сәйкес еліміздегі
телекоммуникация саласының негізгі индикаторларын,
сонымен қатар нарықтың тартымдылығын
1-кестеден байқауға болады.
1-кесте
– Республикада 2006-2009 жылдарға арналған
телекоммуникация саласындағы негізгі
мақсатты индикаторлардың өсу динамикасы
№ |
Мақсатты индикаторлар | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл |
1 | Байланыс желісінде жазылған абоненттердің саны | 2869500 | 3136500 | 3428704 | 3 762 932 |
2 | Ұялы байланыс абоненттерінің саны | 7623000 | 12195000 | 15674027 | 14 995 325 |
3 | Интернет пайдаланушылар саны | 309000 | 683000 | 3202000 | 5 151 325 |
4 | Интернет желісіне қосылған мектептер саны | 7011 | 7364 | 7443 | 7 535 |
Ескерту – ҚР статистика агенттігінің деректері негізінде автормен құрастырылған |
Кестедегі
көрсеткіштерден көріп
3-сурет
– Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспарының негізгі бағыттары
Қазақстанның
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында
айтылып кеткен бес негізгі бағыттың белгіленген
деңгейде нақты көрсеткіштерге жетуі
үшін қазіргі заманға сай коммуникациялық
инфрақұрылымның болуы маңызды. Өйткені
заманауи нарық шағын және орта бизнес
өкілдерін байланыстың сан алуан түрлерімен
ұштастыруда және осының нәтижесінде
коммуникация құралдарының тұтынушысы
ретінде қарастырылатын бизнес өкілдері
тек қана инновациялық және тиімділігі
жоғарғы құралдарды пайдаланатынын, ал
осыны ескере отырып жоғарыдағы көрсеткіштердің
әлі де даму үстінде болатынын болжауға
негіз бар. Телекоммуникация нарығының
даму көлемі ЖІӨ өсуінен жоғарылау (жыл
сайын 25-35%). Бұған дәлелдердің бірі ретінде
еліміздегі ұялы байланыс қызметінің
және интернетке кең алқапты қосылу көрсеткіштерінің
артып келетінің көрсетуімізге болады
(2-кесте).
2-кесте
– 2008-2009 жж Қазақстан Республикасының
телекоммуникация қызметін тұтынушылардың
өзгеру серпіні
Қызмет түрі | Өлшем
бірлігі |
2008 ж | 2009 ж | 2009/2008ж қарағанда % |
Бекiтiлген байланыс | млрд.тенге | 85,59 | 83,2 | -2,8% |
Ұялы байланыс | млрд.тенге | 219,75 | 236,9 | +7,8% |
оның ішінде: | ||||
тіркелген абоненттер саны | млн | 15,91 | 16,47 | +3,5% |
белсенді абоненттер | млн | 13,3 | 14,4 | +8,2% |
Интернетке кеңалқапты қосылу | млрд.тенге | 20,70 | 27,7 | +33,8% |
оның ішінде: | ||||
кең алқапты абоненттер саны | мың | 342,1 | 507,1 | +48,2% |
белсенді ұйымдар арасындағы қосылу | % | 35 | 39% | +11,4% |
Ескерту – әдебиет деректері негізінде автормен құрастырылған |
Жоғарыдағы
кестеде қарастырылып өткендей егер
елімізде экономиканың даму динамикасы
сақталатын болса халық ұзақ мерзімді
қолданылатын тауар алады, сонымен қатар
ұялы телефон, интернет байланыс түрлерін
қолдану көрсеткіші жоғарлайды. Осы орайда
мұндай оңтайлы жағдайдың тек қана байланыс
саласына ғана тиесілі емес екенін, сонымен
қатар көрсеткіштердің жоғарлауы еліміздің
басқада маңыздылығы жоғары салаларына
септігін тигізетінін нақты негіздеуге
болады. Мысалы, телекоммуникация саласындағы
қалыптасқан мәліметтер беру және де ұялы,
жергілікті, қалааралық, халықаралық байланыс
сегменттері бойынша табыстылық деңгейінің
артуы көлік байланысы саласына да әсерін
тигізуде. Байланыс қызметтеріне тән табыс
көлемдерін 3-ші кестеден байқауымызға
болады.
3-кесте – Байланыстың түрлері бойынша 2007-2010 жж арасында көрсетілген қызмет түрлерінен түскен табыс көлемі (қантар-желтоқсан)
№ | Қызмет түрлері | Қаңтар-желтоқсан 2007 ж | Қаңтар-желтоқсан 2008 ж | Қаңтар-желтоқсан 2009 ж | Қаңтар
2010 ж |
1 | Почталық және курьерлік байланыс | 10 304,0 | 12 210,3 | 12 307,1 | 955,2 |
2 | Электр байланысы қызметтері | 346 487,8 | 400 096,2 | 429 053,3 | 37 956,6 |
Барлығы | 356 791,8 | 412 306,5 | 441 360,4 | 38 911,8 | |
Ескерту – ҚР Статистика агентігі мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
Кесте саладағы қызмет түрлеріндегі оңтайлы өзгерістер жүзеге асырылып жатқан қыруар жұмыстардың нәтижесін бейнелейді. Мысалы, жүргізілген бағалау деректеріне сәйкес «Қазақтелеком» АҚ (еншілес компаниялар есебімен) Интернет-пайдаланушыларының жалпы саны 2008 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. 190 мыңнан астам адамды құрады, 2007 жылға қарағанда 41,5% артық. Олардың ішінен кеңжолақты Интернет пайдаланушылар саны (еншілес компаниялар есебімен) – 660 мыңнан астам адам. 2007 жылмен салыстырғанда өсу шегі – 124,5%. Қарқынды дамып келе жатқан интернет желісі үшін бұл мәселе әлі де дами түседі деуге негіз бар. Өйткені бұған дәлел ретінде республикалық деңгейде қолға алынып жатқан 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясы мен ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі шараларын атап айтуымызға болады. Осы орайда «Қазақтелеком» компаниясы Қазақстан байланысының ұлттық операторы және кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі ең қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялық компаниялардың бірі бола отырып жоғарыда көрсетілген динамикалық көрсеткіштердің кең көлемін қамтамасыз етеді деуге негіз бар.
Қазіргі уақытта Қазақстанның тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желісі бар. Оның қызметі көп жағдайда «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік мәні бар – Ұлттық ақпараттық супермагистральдің ірі жобасын аяқтаумен келісілген. Осы жобаның жүзеге асырылуы «цифрлы мемлекетті» құру, «электрондық үкімет», сондай-ақ «ақпараттық қоғам» инфрақұрылымын құру жолына маңызды қадам жасауына мүмкіндік берді. Бұдан басқа да, ұлттық ақпараттық супермагистрал Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке бірігуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Қазақтелеком» АҚ компаниялары тобының акционерлік құнын арттыру басты ұзақ мерзімді стратегиялық мақсат болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ өз миссиясы мен мақсатынан шыға отырып, 2017 жылға дейінгі кезең ішінде басымдылықтарға қол жеткізу үшін Топты дамыту жөніндегі келесідей негізгі стратегиялық мақсаттарды көздеуде:
Аталмыш
мақсаттарға байланысты жалпылама
ақпараттық-телекоммуникациялық саладағы
ең бастысы – стратегиялық менеджмент
аясында инновациялық бағыттардың қолданылуы.
Сондықтан да өркендеп келе жатқан телекоммуникациялық
компанияларда осындай инновациялық менеджменттің
болуы шығармашылық және инновациялық
өсудің кепілі, саладағы ұйымдық дағдылардың
қайнар көзі болып табылады. Осы орайда,
«Қазақтелеком» АҚ «Қазақстанның 30 корпоративтік
көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру аясында негізгі мақсаты
тұтынушыларға телекоммуникация қызметтерінің
кең шоғырын ұсыну мүмкіншілігі бар жоғары
сапалы сандық байланыспен қамтамасыз
ету болып табылатын NGN (Next Generation Networks)
келесі ұрпақтың желісін салуды аяқтады.
Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясы
ТМД-ғы бүкіл елдің ауқымында қалааралық
байланыс желісінен NGN бағытына өткен
бірінші телекоммуникациялық операторы
болып табылады. Осы шешім қалааралық
байланыс желісін анағұрлым тиімді және
үнемді тәсілмен кеңейтуге және оның базасында
жергілікті NGN желісін дамытуға мүмкіндік
береді. 2009 жылдың аяғына NGN желісінің
жалпы сыйымдылығы - 904 034 портты құрап,
2010 жылы NGN желісін 127000 портқа кеңейту
жоспарланып отыр. Кеңейту нәтижесінде
NGN желісінің жалпы сыйымдылығы 1 031 034 портты
құрайды. Бұл көрсеткіш өз кезегінде компанияның
негізгі даму саясатының тетіктерімен
ұштаса отырып қызметтер сапасын арттыру
және олардың ауқымын кеңейту, технологиялық
жаңалықтар, қолайлы тарифтік саясат,
операторлар арасындағы өзара пайдалы
серіктестік қатынастарын дамыту мәселелеріне
ықпал етеді. Осы тұрғыдан қарастырғанымызда
«Қазақтелеком» АҚ компаниясы өз қызметін
кеңейту және әртараптандыру үшін сыртқы
нарықтарға шығу қадамдары мен оңтайлы
трансұлттық оператор құрылымын құруға
қатысты шаралар кешенін жүзеге асыруын
келесі 4-суреттен байқауға болады.