Қазақстанның экологиялық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:53, творческая работа

Краткое описание

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Оглавление

I. Кіріспе
Қазақстан мен экология
II. Негізгі бөлім
Арал теңізі
Семей полигоны
Каспий жайлы
III. Қорытынды

Файлы: 1 файл

1178_aza_1179_stan_ekologiasy.pptx

— 957.99 Кб (Скачать)

Орындаған : Нурекенов Саят

Оқытушы: Құрбанова Лаура

Группа: млб-12-1қ

 

 

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық жағдайы

Жоспары:

 

I.    Кіріспе

        Қазақстан мен экология

II.   Негізгі бөлім  

    1.   Арал теңізі
    2.   Семей полигоны
    3.   Каспий жайлы

III.  Қорытынды

 

  Қазақстан 

 

 Қазақстан Республикасы (ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9- орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. 

Менің елім!!!

 

     Қазақстан менің елім, сенің елің.

 Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын,

Мейлі тіпті шағыл-шағыл құм болсын

Көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным.

 Әр адамға өзінің туып-өскен жері мен суы,

Аспаны мен тауы ыстық.

Ал Табиғаттан бабамыз ала берген секілді

Дархандықты қазаққа дала берген  секілді

Еркелікті, ерікті желден алған  секілді                 

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Экология  және халық 

 

    •        Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз. 
    •       Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. 

 

Арал теңізі

Семей полигоны

Каспий аймағы

Балхаш көлі

 

Экологиясы нашар аймақтар

Арал  жайлы

 

Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр.

 Оны сауықтыру бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті.

Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды. 

Теңіздің  тартылу зардабы 

 

       Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. "Көкарал" бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау

           Елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр.

 .        Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. 

Арал  теңізін құтқару жөнінде бірнеше  ғылыми болжамдар мен жобалар  бар

 

Сібір өзендерін  Қазақстанға бұру.

Әмудария мен  Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту

Арал теңізінің  өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту

. Жер асты  суларын пайдалану

Каспий теңізінің  суын жасанды канал арқылы әкелу.

Арал теңізін  жартылай сақтап қалу.

 Әрине, бұл  жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді.  Бәрі де қаражатқа тірелуі  мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат  кауымының білімі мен біліктілігіне  байланысты екені анық. Қазіргі  кезде Аралды құтқару бағытында  батыл да жоспарлы түрде ғылыми  негізде жұмыстар жасалуда.  "Арал тағыдыры - адам тағдыры"  болғандықтан оны сақтап қалу.

 

 

  Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.

Семей полигоны

 

    • Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

 

Атом  зардаптары

 

 Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ұшығуда. Мұнда қоршаған ортаны бұлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық.

Семей қасіреті

 

    •  Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы осьіне тайдырып жібере  жаздады. Егер  жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес.

 

Балхаш 

 

    

 

        Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. . Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда

Каспий  аймағы

 

         Каспий теңізінің алып жатқан  географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық  саласында атқаратын маңызы өте  зор. Сонымен қатар сол маңдағы  шөлді алапқа ылғал әкелуші  су айдыны ретінде де үлкен  рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады.

Табиғи  қорларын игеруде де, бұл аудандағы  табиғат компоненттерінің өзгеруіне  байланысты мынадай проблемалар  туындауда:  

 

аңызақ жерлердің  шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

 теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы

мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі  әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

Байқоныр

 

    • Бүгінде Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром ол «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршы километр аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі міне 40 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллисти-калық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80–нен астам модификациялары да сыналған.

 

 

Бүгінде Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром ол «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршы километр аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі міне 40 жылда 1100 әртүрлі мақсаттағы космос аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллисти-калық ракеталар ұшырылып сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80–нен астам модификациялары да сыналған.

 

Космодромдардан ұшқан ракеталардың бірінші бөліктері Қарағанды облысындағы №25 зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы №4 зонаға, үшінші бөліктері де Қазақстанда орналасқан №310-шы зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсік, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерін де көбейтуде.

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

 

Ауаға шығатын  улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл  газы және т.б.) белгіленген мөлшерден  он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда  қалыптасқан. Осы қалаларда лас  заттардың концентрациясы жыл бойынша  белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы  қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады.

 

Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен  катар ластану сол жердегі  су көздерін қамтиды. Сырдария өзені  ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының  қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда

Қорытынды

 

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір  адамды туған жердің табиғатының  тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық  жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық  жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың  зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының  жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен  ауыратындар көп.

 

 

 

   Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктің қызметін ешбір механизм атқара алмайды. Сондықтан табиғатты аялайық!!!

Назарларыңызға  рахмет !!!

 

Соңы


Информация о работе Қазақстанның экологиялық жағдайы