Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 08:49, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілірдің қолданып отырған стратегияларында ашылатын, болашақтағы кәсіпорын қызметі кеңістігінің кеңейтілуімен негізделеді. Стратегиялық болжау мен жоспарлау кәсіпорын және ел экономикасы дамуының басым мақсаттарын белгілеп отырғанда, оперативті жоспарлау кәсіпорын өркендеуінің қысқа мерзімдік тенденцияларын белгілеуді ұйғарады.
Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы
(«Қазақтелеком»
АҚ мысалында)
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет
салалары және сфералары
Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Жұмыс
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: | экономика ғылымдарының кандидаты, К.Б.Бердалиев |
Ресми оппоненттер: | экономика ғылымдарының
докторы,
А.Н.Дауренбекова экономика ғылымдарының кандидаты, А.Б.Алимбаева |
Жетекші ұйым: | М.Тынышпаев атындағы Казақ көлік және коммуникациялар академиясы |
Қорғау
2010 жылдың «04» маусым күні сағат 14-00 Т.Рысқұлов
атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі
экономика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін іздену жөніндегі Д 14.02.01 диссертациялық
кеңестің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы:
050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55,
144 бөлме.
Диссертациямен
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университетінің кітапханасында танысуға
болады.
Автореферат
«___» сәуірде 2010 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы
Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілірдің қолданып отырған стратегияларында ашылатын, болашақтағы кәсіпорын қызметі кеңістігінің кеңейтілуімен негізделеді. Стратегиялық болжау мен жоспарлау кәсіпорын және ел экономикасы дамуының басым мақсаттарын белгілеп отырғанда, оперативті жоспарлау кәсіпорын өркендеуінің қысқа мерзімдік тенденцияларын белгілеуді ұйғарады.
Қазақстан экономикасының реформалануы тұрақтылық тенденциясының қалыптасуына түрткі болды, сондықтан да аса ерекше көңіл өндірістің басым бағыттарының дамуына, әсіресе экономиканың нақты секторына бөліне бастады. Өндірістік бағыттың аса ірі даму қарқынына қол жеткізу үшін маңыздылығы жоғары басқару шешімдерін дайындау құралы ретінде стратегиялық менеджменттің қолданылуы әсер ететін жоспарлау мен басқарудың сапалы құралнамалары қажет болып табылады.
Стратегиялық басқару тек маңызды шешімдерді дайындап қана қоймай, сонымен қатар өзекті мақсаттарға жетудегі үйлестіру және бақылау жұмыстарын іске асыруға негізделеді. Дұрыс бағытты таңдау үшін дамудың теориясы мен тәжірибесін кеңейтетін, сыртқы және ішкі ақпараттарды жинайтын, аналитикалық қызметте кездесетін стратегиялық басқару құралдары қолданылады. Қазіргі таңдағы экономикалық әдебиеттерде басты негіз болып ақпарат қарастырылатын талдаудың түрлі әдістемелері көрсетілуде. Кәсіпорын деңгейіндегі ақпарат көздеріне оның қаржылық есептері, стратегиясы, жоспарлары мен олардың нақты орындалуы жатады. Басқару шешімдерін талдау және қабылдаудағы нақтылыққа сыртқы ортадан келетін ақпараттың жеткілікті дәрежедегі толық және сенімді болуы әсер етеді. Даму стратегияларын дұрыс болжау мақсатында түрлі көздерден алынған ақпарат және мүмкін болатын даму баламалары мен оның тенденцияларын белгілеу қажет.
Сонымен қатар, стратегиялық басқарудың банкроттыққа ұшырау, жойылу және рейдерлік (күштеп құрамына енгізу) тәуекелімен байланысты болатын дағдарыс жағдайында қолданылуы аса өзекті құбылыс болып табылады. Осы орайда, «электрондық үкіметті» енгізу рейтингіне сәйкес әлемдік тәжірибеде 46-ы, ал ТМД елдері арасында ең үздік көрсеткішке ие болатын еліміздің инфокоммуникациялық кешен үшін бұл құбылыс ерекше маңыздылыққа ие болуда.
Түрлі кәсіпорындар тәжірибесі көрсетіп отырғандай стратегиялық басқару мүмкіндіктері жекелеген жағдайлардың жоспарлануы немесе есептеулерде ескерілуі мүмкін. Дұрыс қалыптастырылған стратегия кәсіпорын үшін бәсекелестік күресте басымдылыққа айналады, ал оның басқару құралдарын орнымен қолдану кәсіпкерлік қызмет әсерін күшейтумен қатар дағдарыс келеңсіздіктерін төмендетуге септігін тигізеді. Стратегиялық басқару шеңберінде кәсіпорындар үшін өз орнын белгілеуге көмегін тигізетін шаруашылық жүргізудің маңызды аумақтары мен негізгі шаруашылық орталықтары көптеген зерттеулерде қарастырылады. Аталмыш мәліметтерге сәйкес, стратегиялық басқарудың негізгі мақсаты көлемі, меншік формасы және қызмет ету саласы әр түрлі болып келетін кәсіпорындарда жоспарлау мен басқару үрдісі үшін қажетті болатын құралнама мен әдістемені менеджментке ұсыну.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Әдебиет көздері кәсіпорын не мемлекеттің қызмет ету ережелеріне бейімделуі немесе толықтырылуы мүмкін болатын, сонымен қатар ақпараттық-телекоммуникациялық кешен рөлдерімен жұмыс жасайтын стратегиялық менеджменттің белгілі бір құралнамасын ұсынуда. Менеджмент теориясы мен тәжірибесінде және соның ішінде ақпараттық-телекоммуникациялық қызметке байланысты мәселелерді қарастыру дамыған елдердің алдыңғы қатарлы И.Ансофф, К.Исикава, Д.Лемпел, Г.M.Маклюэн, А.Мадисон, М.Х.Мескон, Г.Минцберг және т.б. ғалымдары еншісінде.
Зерттеу барысында стратегиялық басқару және жалпылама менеджмент теориясы мен тәжірибесінің қолданылу аспектілерін тереңіреқ зерттеген ТМД елдері теоретиктерінің еңбектері маңызды рөл алды. Аталмыш ғалымдар қатарына О.С.Виханский, А.А.Гапоненко, И.Н.Герчикова, Б.Т.Кузнецов, С.А.Масютин, В.И.Орехов, Ю.П.Тютиков, Р.А.Фатхутдинов, Д.В.Хавин және т.б. жатқызуға болады. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыста А.Г.Каграманзаде, Л.А.Родина, К.Е.Самуйлов, В.К.Чаадаев, А.В.Чукарин, И.В.Шеметова, И.В.Шибаева және т.б. авторлардың ақпараттық-телекоммуникациялық саласындағы стратегиялық басқару теориясы мен тәжірибесіне қатысты еңбектері қолданылды. Соңғы жылдары менеджментті қалыптастыруға, талдау жұмыстары мен басқаруды жетілдіруге айтарлықтай дәрежеде Қазақстандық Б.К.Баишев, А.С.Ержанов, Д.Медеуова, М.К.Мельдаханова, Б.К.Султанов, С.Д.Ташенова және т.б. ғалымдар үлес қосуда. Алайда менеджментті қолдану мәселелеріне арналған көптеген жұмыстардың нақтылы бір қызмет түріне ғана бағытталған салалық сипатта немесе оның ерекшелігі бойынша бөлімшелерге жіктелмей жалпы бағытта қарастырылғандығын айта кеткен жөн.
Жалпылама отандық экономикалық әдебиеттерде ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердегі стратегиялық басқарудың теориясы мен тәжірибесі, сонымен қатар дағдарыс жағдайындағы мәселелері тіпті қарастырлымағанның қасында деп айтуға болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасының даму жағдайына бейімделген ақпараттық-телекоммуникациялық сферада стратегиялық басқарудың теориясы мен тәжірибесін зерттеу нәтижесінде оның болашақ даму стратегиясын қалыптастыру үшін ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Зерттеу мақсатына жету мен жұмыстың ғылыми бағытталуына сәйкес өзара бірлескен міндеттер кешенін шешу көзделген:
Зерттеу объектісі «Қазақтелеком» АҚ-да стратегияларды қалыптастыру жүйесі болып табылады.
Зертеу пәні ретінде Қазақстан Республикасының ақпараттық-телекоммуникациялық сферасында қызмет көрсететін компанияларда стратегиялық басқаруды енгізу мен қолдану барысында пайда болған экономикалық қатынастар қарастырылады.
Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі стратегиялық басқарудың жоспарлау және талдау мәселелеріне сәйкес шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ақпараттық-телекоммуникациялық сферадағы Қазақстан Республикасының нормативтік-заңдылық актілері.
Зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы, елдің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, теория және тәжірибе тұрғысынан алдыңғы қатарлы экономистердің еңбектері, жақын және алыс шет ел басылымдарындағы еңбектер, сонымен қатар бағыт бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар мен республикадағы ақпараттық-телекоммуникациялық компаниялардың материалдары құрады. Зерттеу барысында статистикалық талдаудың, теориялық тұжырымдардың жіктелуі мен кеңейту әдістері, сонымен қатар дамудың қарқындылығы мен жүйелілік кағидалары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесідей нәтижелер мен ұсыныстарда негізделеді:
Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар: