Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 08:49, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілірдің қолданып отырған стратегияларында ашылатын, болашақтағы кәсіпорын қызметі кеңістігінің кеңейтілуімен негізделеді. Стратегиялық болжау мен жоспарлау кәсіпорын және ел экономикасы дамуының басым мақсаттарын белгілеп отырғанда, оперативті жоспарлау кәсіпорын өркендеуінің қысқа мерзімдік тенденцияларын белгілеуді ұйғарады.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік мәні. Диссертацияда қол жеткізілген ғылыми нәтижелер стратегиялық басқарудың жекелеген құралдары мен әдістерін толығырақ пайдалануға, мақсаттарға жету басымдылықтары мен пайдалану тиімділігін қолдануға және де ақпараттық-телекоммуникациялық компанияларда қарастыруға мүмкіндік береді.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік мәні қарастырылған ережелер мен қорытындылардың және де стратегиялық басқару жүйелерінің дамуын сипаттайды. Қарастырылған нақты материалдар оқыту үрдісі барысында тек студенттер мен магистранттар тарапынан ғана емес, сонымен бірге шаруашылық қызметтің кәсіби қатысушылары тарапынан да қолданыс табуы мүмкін.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Жұмыстың негізгі жағдайлары экономикалық өсу мен стратегиялық басқару теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелеріне байланысты ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланған. Жекелеп алғанда, диссертация материалдары «Ақпараттық-инновациялық парадигмасының қалыптасуы жағдайындағы Қазақстанның қоғамдық ғылымдары» атты ҚР ҰҒА академигі Қ.А. Қошанұлының туғанына 75 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми конференциясында (Алматы, қыркүйек 2009); «Қазақстандағы дағдарыстық жағдайларды болдырмаудың әлеуметтік-экономикалық және саяси аспектілері» атты Туран университетінде өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында; «Қазақстан-Ресей-Евроодақ: стратегиялық серіктестік басымдықтары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Алматы. қараша 2009) жарық көрді.
Зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Зерттеу нәтижелері «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық жоспарлау қызметі саласына, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Стратегиялық менеджмент», «Бейдағдарыстық менеджмент» пәнінен студенттер мен магистранттарды дайындау бойынша оқу үрдісіне енгізілген.
Жарияланымдар. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша жалпы көлемі 2,6 б.т құрайтын еңбектер жарияланды.
Диссертациялық
жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден,
үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста
23 кесте, 25 сурет және 10 формула орын алды.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Мемлекеттің стратегиялық дамуы кешенді жоспарды жасау мен жүзеге асыру бойынша бәсекелестерден шапшаң қимылдап тиімді қызмет көрсету мақсатына ие экономика салалары мен жеке кәсіпорындардың даму басымдықтарын қалыптастыруды көздейді. Осыған байланысты мемлекеттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» даму стратегиясынан бастап мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына бағыттаған жолдаулары мен 2010, 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспарлары еліміздің және экономика салаларының негізгі бағыттырына назар аударып отырады.
Байланыс саласы әрдайым тұрақты саяси басқаруды қамту, елдің стратегиялық дамуы, қажет етілетін ақпараттың қадағалануы мен аналитикалық өңделуі бойынша шешімдерді дайындау, ақпараттық ортада демократиялық нормаларды қамту, адамның құқығы мен еркіндігін сақтау, елдегі құқықтық базаны қалыптастыру сияқты проблемаларды шешеді. Сала міндетінің мәні мемлекеттің ақпараттық егемендігін қамтамасыз етуге саяды. Сондықтан да байланыс саласының даму мәселелері және оны тиімді түрде жүзеге асыра білу өнері жалпылама стратегиялық басқаруға қатысты болып табылады.
Стратегиялық басқарудың негізі ретінде сыртқы және ішкі ортаның бар мүмкіндіктері мен ұзақ мерзім ішінде мейлінше нақты жоспарлай, болжай білу қабілеті қарастырылады. Аталмыш мәселелер стратегиялық жоспарлауды ағымдағы жоспардан, яғни, қысқа мерзімді әрекеттер мен қоршаған ортаның күрт өзгеру ықтималдылығының төмен болуымен ерекшелендіреді. Сонымен қатар, стратегия алға қойылған мақсатқа жету үшін ресурстарды бөлудегі ұтымдылыққа бағытталған басқарушылық шешімдер жүйесін қолданады. Стратегияны құрудың маңызды бөлігі болып жоспарлау табылады, ал аналитикалық базасында жасалатын болжау және үлгілеу үрдісі оның туындысы ретінде қарастырылады. Аталған мәселелерді ескере отырып стратегия және стратегиялық ой ұғымын келесідей анықтамалар арқылы сипаттауымызға болады:
Стратегияның жіктелуі белгілі бір критерийлер арқылы құрылады және оған төмендегілерді жатқызуға болады:
Сонымен
қатар, стратегияны қалыптастырудағы
көзқарастар жалпылама компанияның ішкі
мазмұнына сәйкес оның түрлеріне байланысты
келесідей саты арқылы қарастыруға мүмкіндік
тудырады (1-сурет).
1-сурет – Стратегияның ранглер сатысы
Ескерту
- әдебиет көздерінің негізінде автормен
жасалынған
Суретте корпоративтік стратегияның қызмет бағыттары жекелеген бизнес-бірліктерді қалыптастыру мен басқаруды, синергияны ұйымдастыру мен бәсекелестік артықшылықты шығаруды, инвестициялық басымдылықтарды анықтауды, бизнес-бірлік стратегиясын үйлестіру мен зерделеуді, ұйымның корпоративтік стратегия элементтерін, әртараптандыру мен корпоративтік теңестіруді, бизнес-бірліктер арасында инвестицияны тарату мен жаңаларын енгізуді қарастырады.
Іскерлік стратегия бизнес-бірліктердің бас менеджерлері тарапынан қарастырылып сәтті бәсекелестік пен бәсекелік артықшылықты сақтап қалу үшін іс-әрекеттер мен тәсілдерді белгілейді және аталған мәселе бизнес өрістің өзгеруіне деген жауап болып табылады.
Функционалдық стратегия іскерлік бағытты қолдау, алдағы мақсатқа қол жеткізу үшін шаралар мен тәсілдерді анықтау мақсатын көздеуде. Оны қолдану салалары ретінде ғылым, қызмет, маркетинг пен персоналды басқару қарастырылады. Функционалдық деңгейге сәйкес қарастырылатын бизнес стратегиялар ұйымның жекелеген бөлімшелері үшін әрбір бөлімшелерді басқаруда қажетті тәсілдермен шараларды анықтап отырады.
Операциондық бизнес стратегиялар маңызды технологиялық үрдістерді басқару тәсілін анықтап, стратегиялық маңызы бар оперативті мәселелердің шешуін қамтамасыз етеді (қорларды басқару, жөндеу, жарнамалық компаниялар).
Осылайша стратегияның жүзеге асырылуы бойынша ұйымдық қызметтің басты нәтижелерінің шарты ұйым мен стратегия элементтері арасындағы жоғары деңгейдегі үйлесімділік пен компанияда қолданылатын уәждемелік құралдар болып табылады. Бұл кезеңдегі міндет, келісілген стратегияны тиімді жүзеге асыру және компанияның үздіксіз инновацияларға байланысты қабілеті – жаңалық қалыптастыру немесе ескі тауарлар мен үрдістерді жақсартып жаңа нарықтарға шығу қабілетін сақтаған жағдайда түбегейлі қайта құруға қажеттілікті сезінетін ұйымды құру болып табылады.
Қарастырылған көзқарастарды жалпылай отырып, жүргізілген зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын назарға ала келе, стратегиялық менеджментке қатысты авторлық жекелеген анықтама ұсынылды. Стратегиялық менеджмент – бұл көп жағдайларда уақыт бойынша сәйкес келетін болашақты қарастырудан туындайтын мақсаттар мен нақты міндеттерді қалыптастыру, мақсаттарға жету мен міндеттерді шешу құралы ретінде стратегияның әзірлену, компанияның іскерлік қабілеттері мен тұрақты бәсекелестік жетістіктердің дамуын көздейтін кешенді жоспардың жүзеге асырылу үрдісі болып табылады.
Стратегиялық менеджменттің мәні мен мазмұнын тереңірек ашу үшін оның барлық мектептеріне аналитикалық шолу жасалына отырып, олардың әрқайсысына телекоммуникациялық қызмет көрсету саласындағы басқарушылық қызметте қолданылу немесе қолданылмауы тұрғысынан баға берілді. Осыған байланысты телекоммуникациялық қызмет саласында стратегияның негізгі құралдары мен тұжырымдарын қолдану мәселесі, саланың нақты жағдайына талдау жүргізуге септігін тигізеді.
Қазіргі
таңда телекоммуникациялық
Қазақстан
Республикасының |
||||
Толықтай монополия аумағы | Шектеулі монополия аумағы | Еркін бәсеке аумағы | ||
Үкіметтік байланыс | Халықаралық және қалааралық байланыс (ІР телефония) | Интернет қызметтері
(мәлімет іздестіру, элоктрондық пошта қолдану) | ||
Ауыл арасы байланысы | Спутниктік байланыс | Ұялы байланыс | ||
Телеграфтық қызмет | Мәліметтерді жіберу қызметі | ІР ТВ | ||
Пошталық қызмет | Қалалық байланыс | |||
Радио байланыс | ||||
Ескерту – ҚР статистика агенттігінің деректері негізінде автормен жасалынған |