Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 08:49, автореферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі шаруашылық субъектілірдің қолданып отырған стратегияларында ашылатын, болашақтағы кәсіпорын қызметі кеңістігінің кеңейтілуімен негізделеді. Стратегиялық болжау мен жоспарлау кәсіпорын және ел экономикасы дамуының басым мақсаттарын белгілеп отырғанда, оперативті жоспарлау кәсіпорын өркендеуінің қысқа мерзімдік тенденцияларын белгілеуді ұйғарады.

Файлы: 1 файл

ИННОВ.doc

— 416.50 Кб (Скачать)
«Қазақтелеком»  АҚ ұйымдастырушылық құрылымы
  Акционерлердің  жалпы жиналысы  
  Директорлар кеңесі  
  Басқарма  
  Орталық аппарат  
  Филиалдар  
Астанателеком   «Инфокоммуникациялық  технологиялар академиясы» дирекциясы
Алматытелеком   «Алыспен  байланыс» бірлестігі
Корпоративтік сату дирекциясы   ТИКД
«ТелекомКомплект» дирекциясы   Радиотехникалық бірлестік
«Ақпараттық жүйелер» дирекциясы    
  Облыстық  телекоммуникациялар дирекциясы  
  Ресей Федерациясындағы өкілдігі  
  Қытай Халық  республикасындағы өкілдігі  
  Тәжікстан Республикасындағы өкілдігі  
Еңшілес және тәуелді ұйымдар
«Алтел» АҚ «Нұрсат» ЖШС   «Востоктелеком» ЖШС «Кептер

телеком»  АҚ

«РадиоТел»  ЖШС «Сигнум» ЖШС   «Мобайлтелеком

сервис» ЖШС

«GSM Қазақстан» ЖШС
 

4-сурет – «Қазақтелеком» АҚ-ның ұйымдастырушылық құрылымы  

    Қазақстан территориясында жаңа желілер ұйымдастыру  үшін «Қазақтелеком» АҚ қазіргі уақытта DWDM спектрлік нығыздау технологиясы негізінде Супермагистральды кеңейту жобаларын сәтті аяқтауда. Бұл компанияға «Азия-Еуропа» жолы бойынша ұйымдастырылатын арналар үшін мейлінше бәсекелік бағаларды ұсынуға мүмкіндік береді. Ұлттық ақпараттық супермагистральдың толық ауқымды жұмыс істеуі біздің мемлекетіміздің әлемдік коммуникация кеңістігіне шоғырлау үрдісін үдету үшін жағдай жасайды. «Қазақтелеком» компаниясы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырған, сонымен бірге тораптарды сандық жүйеге келтіруді, жаңа технологияларды енгізуді, ауылды жерлерге телефон қондыруды жалғастыруда. Аталған жобаларды жүзеге асыру жалпылама телекоммуникация нарығындағы инфрақұрылымды дамытуға және де «Қазақтелеком» АҚ компаниясының негізгі қызметі бойынша табыстарының бірқатар өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, басқа көрсеткіштердің серпіні таза табыстың – компания жұмысының жекелеген салалардағы қызметтердің нашарлағандығын бейнелейді (5-сурет). 

     

   5-сурет  – «Қазақтелеком» АҚ 2005-2008жж. таза табысының

   өзгеру  серпіні

   Ескерту – Автормен жасалынған 

    Жоғарыдағы  суретте «Қазақтелеком» АҚ-да 2008 жылмен салыстырмалы түрде таза табыс көлемінің төмендегенін көруге болады. Коммерциялық нәтижелерге дағдарыс әсерін тигізді.

    Қазіргі уақытта Ұлттық оператордың ерекше мәртебесі, яғни жалпы қол жетімді қызметтерді қамтамасыз ету және ішкі қиысқан шығындарды субсидиялауды жүзеге асыру мүмкіндігі «Қазақтелеком» АҚ-на берілген. Бұл мәселе жалпы қолданудағы телебайланыс желісі үшін қалааралық және халықаралық байланысқа толық құқықтық қызметпен байқалады. Аталған жағдайда жауапкершілік деңгейін бір оператор қолында шоғырландыру оңтайлы болып табылады, өйткені барлық республика территориясында бірыңғай қол жетімді белгілерді ең аз көлемдегі басқарушылық шығындармен жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алайда телекоммуникация желісінде халықаралық, қалааралық  қызмет нарығында ресми абсолюттік монополияның болуы аталмыш нарықта бәсекенің дамуын бәсеңдетеді, сонымен қатар нақты толық құқықтың сақталуы жеткілікті дәрежеде күрделі болып келеді. Сондықтан да нарықты ырықтандыру және монополияны болдырмау үрдісінде міндетті түрде қаржыландырудың сапалы әрі әділетті жүйесіне көшкен жөн, яғни белгілі бір аудан ішінде жалпыға қол жетімді қызмет көрсетумен айналысатындар, инфрақұрылымды қалыптастыратындар үшін барлық операторлар арасында әлеуметтік ауыртпалық пен шығындардың тең дәрежеде бөлінуін қамтамасыз ету.

    Байланыс  саласындағы өкілетті органның басым міндеттерінің бірі жалпыға қол жетімді байланыс қызметін ұйымдастыру бойынша нақты және елеулі тетіктерін жасау мен мақұлдау болып табылады. Бұл тетіктердің жүзеге асырылуы үшін орта уақыттық кезең параметрлерінің сапасымен берілген жалпыға қол жетімді телебайланыс қызметінің төменгі ағынын байланыс аумағындағы өкілетті органдардың нормативтік актілерімен бекіту қажет. Сонымен бірге, республика деңгейінде жалпыға қол жетімді байланыс желісінде ҚР Үкіметі қаулысымен ұлттық байланыс операторлары туралы ереже, оның ұлттық қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету бойынша міндеттері, қысқа мерзімдік кезеңде басқа операторларға қатысты артықшылығын бекіту және сәйкес ереже мен әдістерді қалыптастыру ескерілу қажет.

    Телекоммуникация сферасындағы инвестициялық саясат бірінші кезекте байланыс операторлары мен қызмет түрлерін кеңейтуге, бәсекелестікті ынталандыруға негізделген дұрыс, бұл үшін, инфрақұрылым негізін жасау маңызды болып табылады. Инфрақұрылым мен желіні жасау коммуникация сферасындағы мемлекеттік инвестициялық саясаттың басым бағыты болып табылады. Аталған тұжырымды орта мерзімді болашаққа негіздей отырып жүзеге асыру барысында мемлекет тұрғысынан басымдылығы жоғары сфера мен жобалар болып мыналар табылады:

  • ұлттық ақпараттық супермагистрал жасауды аяқтау, аналогтық құрылғылардан сандық магистралды желілерге ауысу. Желі байланыс жобасы мен құрылысын жасауда басқа, яғни теміржол, энергетика кешені және т.б. желі иелерінің мүмкіндіктерін барынша қолдануы қажет:
  • елдің өзара үйлестірілген бірыңғай телебайланыс желісінің жалпы жүйесі ішінде болатын мемлекеттік орган желілерін жаңарту;
  • ауыл тұрғындарының ақпарат алмасуына, яғни телефон байланысы, мәліметтерді, ақпараттарды жіберу, қашықтан оқу және медициналық тексеру орталықтарына кең алқапты қол жетімділікті кеңейту;
  • байланыс құнын уақыттық есептеу жүйесін түбегейлі енгізу;
  • Қазақстанның ірі қалаларында байланыс желілерін жаңарту және  кеңейту.

    Көрсетілген сферадағы инвестициялық қызмет тікелей мемлекет тарапынан операторлардың инвестиция тартуын қолдау жолымен ынталандырылуы қажет, мысалы: қаржы нарығындағы бағалы қағаздарды  орналастыру.

    Сонымен бірге, жоғарыда қарастырылған мәселелерді түйіндей отырып байланыс саласы дамуының мәнін ескере келе оны бағалаудағы негізгі әсер сала ішінде емес оның аймақтардағы экономиканың базалық салаларына көрсеткен ықпалында болатындығын атап өткен жөн. Осы тұрғыдан ҚР Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарында белгіленіп кеткен ұзақ мерзімді дамудың макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделуде. Телекоммуникациялық қызмет нарығының тұжырымдамаларына сәйкес саланың 2015 жылға дейінгі негізгі көрсеткіштер деңгейін мемлекет басшысы қойған нақты міндеттер аясын 4-кестеде бейнеленген болжамнан көруге болады.  
 
 
 
 

4-кесте – Қазақстандағы телекоммуникация нарығы дамуының болжамы  

Аталуы Өлшем бірлігі 2007ж. 2010ж. 2015ж.
Телефондар  саны мың

бірлік

3236,9 15200 37100
100 тұрғынға шаққандағы телефон тығыздығы % 18,4 30,0 48,0
Ұялы  байланыс телефондарының саны мың

бірлік

12587,8 28000,0 100000,0
100 тұрғынға шаққандағы ұялы телефон тығыздығы % 10,8 55,0 74,0
Интернет  желісін қолданушылар мың

бірлік

381,2 3200,0 5600,0
100 тұрғынға шаққандағы интернет қолданушылары тығыздығы, % % 2,4 10,0 25,0
Ескерту –Автормен құрастырылған
 

    Қарастырылған болжам мәліметтері халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру мәселесі аясында  ерекше маңызға ие болуда. Сонымен  бірге телекоммуникациялық қызмет көрсету саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес алдыңғы қатарлы компаниялар стратегиясы ұжымның, мемлекеттің алға қойған мақсаттарын орындау барысында түзетіліп отырады және осыған сәйкес аталған нарық инфрақұрылымын жаңарту Қазақстан Республикасы, қазақстандық қоғам мен экономика дамуында, елдің дүниежүзілік қауымдастықпен кешенді әрі толыққанды бірігуінде, кең тарапты байланыс жүйесі мен жаһандық ақпараттық кеңістікке кіруде алғы шарт болып табылады.

    Ақпараттық-технологиялық саладағы стратегиялық проблемалар қатарына келесілерін жатқызуға болады:

  • мәліметтерді жөнелтудің аналогтық жүйесінің басым болуы және сандық, спутниктік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде болмағандығы;
  • Қазақстан Республикасының ақпараттық-бұқаралық және телекоммуникациялық секторларының технологиялық тұрғыдан қалыс қалуы;
  • ғарыштық инфрақұрылымның жете дамымағандығы.

    Телерадиокоммуникациялық  саланың дамуы жаңа сандық технологиялар  мен спутниктік байланыс мүмкіндіктерін телебайланыс саласында жүзеге асырылуы тиіс, бұл өз кезегінде сапалы, әрі сандық тұрғыдан әлеуетті аудиторияны кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, белгіленген мақсаттарға  (міндеттерге) сай ақпараттықкоммуникациялық технология саласын дамытудың негізгі бағыттарын атап өтуіміз қажет:

  • саланы дамытудың басымдығы жөніндегі стратегиялық шешімнің қабылдануы;
  • дамытуға жауап беретін өкілетті мемлекеттік органды айқындау және оны сәйкес ресурстармен қамтамасыз ету;
  • ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттар мен заң шығарудың үйлесімділігін тездету;
  • софтверлік индустрияны және байланыс қызметтерін көрсетуді дамыту, ақпараттық технологиялар паркін дамытуға қатысты шаралардың қолданылуы және мәселелердің қарастырылуы;
  • саланың базалық инфрақұрылымын қаржыландыруды арқылы қалыптастыру.

    Жоғарыда  атап өтілгендей, ҚР 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында және басқа да ресми қабылданған құжаттарда коммуникация саласының даму мәселелеріне жете көңіл бөлінбеген. Оларды дайындау барысында бағдарламалық жабдықтау және ақпараттық-коммуникациялық технология қызметтерін көрсету сегментіндегі мемлекет әлеуетінің дамуы ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналып келе жатқандығы есепке алынбаған. Осыған байланысты, аталған мәселелер ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы әртараптандыру мәселелері тетігінде, сонымен қатар, еліміздегі Ақпарат және байланыс министрлігі деңгейінде қабылданған 2009-2011 жж, 2010-2014 жж арналған стратегиялық бағдарамалар аясында қарастырылуы қажет. Яғни бұл арада айта кететін басты мәселе, әрбір құжат негізінде оның экономикалық және саяси маңыздылығын ескере отырып әртараптандыру мәселелерін қарастырған жөн болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Қазіргі таңда барлық әлемде болып жатқан кең көлемді өзгерістер ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуымен негізделуде. Олардың түбегейлі әсері адамдардың өмір сүру қалпына, олардың жұмысы мен білім деңгейіне және сонымен қатар үкімет пен азаматтық қоғамның өзара іс-әрекетіне қатысты және өте аз уақыт аралығында әлемдік экономиканың дамуында өмірлік маңызы бар қозғаушы күш болып табылады. Аталмыш мәселелерді ескере отырып жалпылама зерттеу жұмысы барысында алға қойылған мақсаттарды түйіндей келе келесідей нәтижелер негізделді:  

  • зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты өзекті проблемаларының бірі стратегиялық менеджменттің негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып Қазақстанда қызмет көрсететін ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет аясында стратегиялық менеджментті қолдану әдістері ұсыныс тапты;
  • компания мақсаттарына сәйкес және ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың талабына сай қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті құру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру проблемаларын зерттеу қажеттілігі дәлелденген;
  • ақпараттық-коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар бойынша 2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысының сандық жүйеге ауысуы 100 пайызға жетуі тиіс. Соған байланысты диссертацияда компанияның даму стратегиясының негізгі бағыттары анықталды және стратегиялық бағалау, таңдау, енгізу мен стратегиялық шешімдердің белгісіздіктерге тәуекелділік тауқыметтері қарастырылды;
  • ежелден белгілі және күрделі экономикалық проблемалардың бірі ол пайдаланудың тиімділігін бағалау. Бұл әмбебап проблема біздің ғылыми зерттеу объектімізге тікелей қатысы бар. Осыған байланысты жүргізілген ізденістер компанияда стратегиялық басқару кешенінің қолдану тиімділігін бағалау мәселелері зерттелді. Стратегиялық басқару жүйесінің негізгі элементтері анықталып, тартымдылықтың өзгеруін бағалау, бәсекелестік мәртебесімен стратегиялық капитал салымдары, стратегиялық үлгілері беріліп болашақтағы жұмыс істеу тиімділіктерін анықтау ұсынылған;
  • стратегиялық басқару мүмкіндіктерін мейлінше көрнекі көрсету мақсатында автор жүргізген зерттеулерге сәйкес кәсіпорындардың қазіргі заманғы озық технологиялар мен инновация жетістіктерін қолдану арқылы даму стратегияларын жасауына септігін тигізетін басымдылықа жету құралдары мен стратегияның ранглер сатысы ұсынылған;
  • диссертациялық жұмыстың жаңалығы ретінде ақпараттық телекоммуникация жүйесін нарық жағдайында экономиканың жеке саласы ретінде ғылыми тұрғыдан дәлелдегенін атап айтуға болады. Экономиканың басқа салаларындағы өсу қарқынында бәсеңдік байқалса, телекоммуникациялық салада керісінше, оның қызметі өзінің айналымын, жедел дамуын арттыруда. Телекоммуникация нарығының өсу көлемі Жалпы ішкі өнімнің өсуінен жоғарлау (жыл сайын 23-25%), оның ішінде қарқынды дамып келе жатқан ұялы байланыс және интернет нарығы. Бұл осы салаға тән үрдіс деп тұжырымдауға болады;
  • республикада қабылданған экономиканы әртараптандыру саясаты негізінде ақпараттық-телекоммуникациялық кешенінде әртараптандыруды ұйымдастыру проблемаларын жан-жақты зерттеп автор өз ұсыныстарын келтірді (ақпараттық модель, бағдарламалық жабдықтау, басқару жүйелерінің интеграциялық дәрежесі, ранглер матрицасы, әртараптандырылған өсу стратегиясы және т.б.).

Информация о работе Қазақстан Республикасында ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің даму стратегиясы