Қазақстан Республикасының салық жуйесі
Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:09, реферат
Краткое описание
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
Оглавление
І.Кіріспе
1. Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
ІІ.Негізгі бөлім
1. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
2. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
3. Салық түрлері
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Файлы: 1 файл
Кр салык жуйеси.doc
— 100.00 Кб (Скачать)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Қоғамдық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: : Қазақстан Республикасының салық жуйесі.
Шымкент 2012 ж
Жоспар
І.Кіріспе
1. Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
ІІ.Негізгі бөлім
1. Қазақстанда
салық жүйесінің қалыптасуы
2. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
3. Салық түрлері
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші
бар жарлығы Қазақстан
Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
1991 жылға дейін,
яғни КСРО ыдырағанға дейін
елде көбінесе экономиканы
1991 жылдың 25 желтоқсанынан
бастап біздің елімізде тұңғыш
салық жүйесі қызмет ете
Дегенмен, өмірге
келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін
ерекшеліктермен қатар
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.
Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1999 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.
.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған
ҚР Президентінің «Салықтар
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.
Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.
Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.
Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар
болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.
Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған
Салық түрлері
Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:
Салықтар:
Корпорациялық табыс салығы
Жеке табыс салығы
Қосылған құнға салынатын салық
Акциздер
Жер қойнауын
пайдаланушылардың салықтары
Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
Әлеуметтік салық
Жер салығы
Көлік құралдарына салынатын салық
Мүлік салығы
ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі.
Жалпы мемлекеттік салықтар
Заңды тұлғалардан
алынатын табыс салығы салық
жүйесінің құрамының бір
Салық төлеушілер
салық жылында салық салынатын
табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік
кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері,
өндірістік кооперативтер,
Оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінен басқа резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
-кәсіпкерлік
қызметінен алынған табысы
Салық салу объектісі болып, салық салынатын табыс саналады.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық, табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жылдық жиынтық табыс.
Жылдық
жиынтық табыс – заңды
өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз;
үйлерді,
ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға
жатпайтын активтерді, олардың құның
инфляцияға орай түзетуді
сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:
- проценттер,
берілген кредиттер мен
- заңды тұлғаға
қатысудан түскен акциялар
- тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;
- роялти;
- өтелетін шегерістер;
- басқа да табыстар;
- есепті жылы анықталған өткен жылдардағы табыс;
- банк және
сақтандыру ұйымдарының
Резидент емес заңды тұлғаның табыс мөлшерінің мынадай ерекшелігі бар: