Қазақстан Республикасының салық жуйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:09, реферат

Краткое описание


1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

Оглавление


І.Кіріспе
1. Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
ІІ.Негізгі бөлім
1. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
2. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
3. Салық түрлері
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Кр салык жуйеси.doc

— 100.00 Кб (Скачать)

-Резидент  емес заңды тұлғаның барлық қызметінен жалпы түсімдегі Қазақстан Республикасындағы өткізілген өнімнен алынатын жалпы түсімнің үлес салмағы;

 

-Резидент  емес заңды тұлға шығысының  сомасындағы Қазақстан Республикасының  аумағындағы қызметке байланысты  шығындардың үлес салмағы.

 

 Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.

 

 

 

 

 

 Жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығы азаматтардың  табысынан алынатын тікелей салық.  Салық жылы салық салынған  табысы бар жеке тұлғалар табыс  салығын төлеушілер болып табылады.

 

 Қазақстан  Республикасының азаматтары, шет  мемлекеттің азаматтары және  азаматтығы жоқ адамдар табыс  салығын төлеуші жеке тұлғаларға  жатқызылады.

 

 Резидент  – Қазақстанда салық жылы басталатын  немесе салатын кез келген  тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетел Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.

 

 Салық төлеушінің  бір жылғы жиынтық табысы мен  табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары: А. Базарбаева

 

 Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің мекен – жайына аумақтық салық органдары жіберген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға салық төлеушілерден шағымдар түсуде. Бұл ретте Салық кодексінде салық актісі бойынша хабарламаларға жасаған салық төлеушілердің шағымдарын уәкілетті мемлекеттік органның қарауы көзделген.

 

Сондай –  ақ аумақтық салық комитеттерінің камералдық

бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген

 

сомасы туралы хабарламалар жіберген жағдайлар болды.

 

 Соған байланысты мынадай түсініктеме жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Салық кодексінің 517 – бабында салық бақылауының  нысандары салық тексерістері  түрінде де, сондай – ақ камералдық  бақылау түрінде де көзделген.

 

 Салық кодексінің 18 – бөлімінің ережелерінде есептелген  салықтар, өсімдер мен айыппұлдар  сомаларына қатысты Салық тексерістері  актілері бойынша хабарламаларға  салық төлеушілер шығымдарын  қарау тәртібі айқындалған.

 

 Айтылғандарға  байланысты, алдағы уақытта хабарламалардың дұрыс ресімделмеуіне және мұндай шағымдардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне түсуіне жол бермеу үшін облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттеріне және № 1 Аймақаралық салық комитетіне осы түсініктемені төменгі тұрған аумақтық салық комитеттері мен салық төлеушілерге жеткізу тапсырылады.

 

 Қазақстан  салық жүйесіндегі кейбір мәселелер  : А.Д. Байдүйсенов

 

 Қандай  да болмасын мемлекеттің салық  жүйесі негізінен екі қызметті  атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.

 

 Үкімет  басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың  қорытындысы бойынша, мұндайды  экспорттау тек салық түрінде  ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы  қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі  қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерін құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттардың мөлшерін қандай болар екен ?

 

 Осындай  көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.

 

 Аталған  кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен  салық заңына жаңадан өзгертулер  енгізу аса қажет. Кіріс министірінің  атап өткеніндей, жаңадан қабылданған  салық кодексінде айтарлықтай  өзгерістер енгізілмеген, демек, жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. әрине енгізілетін өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы қажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш – бес жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады.

 

 Тұрақсыз  экономика жағдайында бұлай болу  әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы  ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік  бағаға тәуелді жағдайында бұл  өте қиынға соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

2. Яндекс.kz   http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстан_Республикасының_салық_жүйесі

3. http://referat.nur.kz/v14795-r-sal-zhyes?par сілтемесі.


Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жуйесі