Қазақстан Республикасының Парламенті

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 19:36, реферат

Краткое описание

1. Парламентаризм ұғымы және оның Қазақстан Республикасы Парламентімен арақатынасы.
2. Парламентті құру тәртібі және құрылымы.
3. Парламент құзыреті.
4. Парламенттік тыңдаулар.

Файлы: 1 файл

ҚР парламенті.doc

— 55.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Парламенті

Жоспары:

1. Парламентаризм ұғымы және  оның Қазақстан Республикасы  Парламентімен арақатынасы.

2. Парламентті құру  тәртібі және құрылымы.

3. Парламент құзыреті.

4. Парламенттік тыңдаулар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Парламентаризм ұғымы және оның Қазақстан Республикасы  Парламентімен арақатынасы.

ҚР Парламенті – ҚР жоғары өкілді және заң шығарушы органы. Қазақстан  Республикасы Конституциясының 49-бабына сәйкес Парламент – Республиканың  заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы болып табылады.

Конституциялық құқық институтының бірі ретіндегі Парламент тарихы тым әріден басталады. Мәселен, ағылшын  Парламенті тіпті ХІІ-ХІІІ ғасырлада пайда болған. Конституциялық қоғмға басшлық жасаудың белгілі бір жүйесі ретінде парламентаризм тарихы сонау буржуазиялық революция кезеңдерінен бастау алады.

Парламент пен парламентаризм - өзара байланысты ұғымдар, дегенмен бірдей емес екендігін айта кету керек. Парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды, ал парламент парламентаризмэлементтерінсіз өмір сүре алады. Кеңестік парламенттер дәуірінде осылай болды. Парламентаризм элементтері ең алдымен биліктерді бөлу, өкілдік және заңдылық болып табылады.

Өкілдік принципі Қазақстан Республикасы Парламентінің сайлау жолымен құрылатындығынан көрінеді. Жалпы алғанда, парламентаризм конституциялық құқық теориясында мемлекетте биліктерді бөлу принципіне негізделген заң шығарушы билікті өкілдікті жүзеге асыру тәжірибесі ретінде түсіндіріледі. Мұндай Парламенттің болуы халықтық егемендікке арқау болатын мемлекет нысаны ретіндегі демократия туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді.

Парламентаризмнің негізгі идеяларының  қазақстан топырағына тамыр салуына  Кеңес Одағының құлап, Қазақстан  Республикасы тәуелсіздік және егемендік  алған соң ана мүмкіндік туды. Қазіргі заманғы демократияның мызғымас бір бөлігі ретіндегі басқарудың парламенттік нысаны мен парламентаризмді ажырата білу қажет. Республикадағы парламентаризм нысандары мен институттарын қалыптастыру барысында оларды басқарудың президенттік жүйесімен қабаттастыра жүргізуге де болатындығын айқын көрсетіп отыр. 1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің одан әрі дамуына тың серпін берді.

Парламент қызметінің конституциялық-құқықтық негізі ҚР Конституциясының VI бөлімі, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, 1997 жылғы 11 сәуірде, 1999 жылы 12 наурызда Конституциялық заңмен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңы болып табылады.

Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган деп тану Қазақстан  Республикасының барлық заңдары  Парламенттің қарауынан өтіп, қолдауын табуы керек дегенді білдіреді. Дегенмен, Парламенттің ҚР заң шығарушы бірден-бір орган емес екнін атап кету керек. Мұндай өкілеттіктер Президенте де, Қазақстан халқында да бар. Соңғысы заңдарды республикалық референдум жолымен қабылдайды.

Заң шығарушы орган бола отырып Парламент аиқарушы биліктің қызметіне бақылау жасауды:

- республикалық бюджетті бекіту;

- Үкіметке сенімсіздік білдіру  жолымен жүзеге асырады.

 

2. Парламентті  құру тәртібі және құрылымы.

ҚР Конституциясына сәйкес Парламент  тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат төте емес, жанама сайлау арқылы құралады. Сенат депутаттарын сайлау тиісінше облыстың, ресубликалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының  барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында жүргізіледі. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республиканың астанасынан екі адам сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жыл.

Сенат депутаттарының жартысы әрбір ш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда кезекті сайлауды бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген  тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жыл.

Мәжілістің тосан сегіз депутатын  сайлау жалпыға бірдей, тең және  төте сайлау құқығы негізінде жасырын  дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан  халық Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Парламент депутатыбір мезгілде екі  Палатаға бірдей мүше бола алмайды.

 

3. Парламент құзыреті.

Парламенттің құзыреті ҚР Конституциясымен белгіленеді және оның сессияларында, Палаталардың органдарының және депутаттарының қыземітімен іске асырылады.

Конституция Парламентке заң шығарушы өкілеттіктер берген. Конституцияның 53-бабына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында:

  • ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
  • конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
  • Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары бойынша қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді;
  • Президентке әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін береді.

Парламеттің заң шығарушылық қызметі  тек бірлескен отырыстарда ғана емес, сондай-ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылаудан өтіп, Парламентте заңды қабылдау жолымен іске асырылады.

ҚР Конституциясы  Парламент қызметінің белгілі бір  нысанын белгілейді. Бұл қызметтің  құқықтық өрісіКонституцияның 63-бабының 3-тармағында жан-жақты баяндалған. Соған сәйкес, Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін  төмендегідей негізгі мәселелер бойынша заңдар шығаруға құқылы:

1) жеке және заңды тұлғалардың  құқық субъектілігіне, азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарына,  жеке және заңды тұлғалардың  міндеттемелері мен жауапкершілігіне;

2) меншік режиміне және өзге  де мүліктік құқықтарға;

3) мемлекеттік органдар және  басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;

4) салық салуға, алымдар мен басқа  да міндетті төлемдерді белгілеуге;

  1. республикалық бюджетке;
  2. сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
  3. білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
  4. кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
  5. айналадағы ортаны қорғауға;
  6.   Республиканың әкімшілік аумақтық құрылысына;
  7. Мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар

Парламент өкілеттігінің  келесі бір кезеңі республикалық бюджетті және басқадай қаржылық өкілеттіктер болып табылады. Республикалық бюджет Палаталардың бөлек отырыстарында, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылаудан өтеді. Одан әрі Парламент Палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджетті, сондай-ақ Үкіметтің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есептерін бекітеді. Сонымен қатар, Республика бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Әрбір Палата Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

Парламент Палаталардың бөлек отырыстарында мәселелерді  алдымен Мәжілісте, содан кейін  Сенатта кезегімен қарау арқылы:

  • мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді;
  • мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және басқа да көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Үкімет қызметіне бақылау  жасау Парламенттің маңызды бір  өкілеттігіне жатады. Ол мынадай жағдайлапрда көрінеді:

  1. Республиканың Премьер-Министрін, Республиканың Ұлттық Банкінің Төрағасын Президенттің тағайындауына келісім береді;
  2. Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тындайды, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды;
  3. Үкіметке сенімсіздік білдіреді.

Бақылау жасау өкілеттігі сондай-ақ Сенатта да бар. Ол Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын Презимденттің тағайындауына келісім береді.

Әрбір Палата дербес, депутаттардың  жалпы санының кемінде үштен  бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Сондай-ақ Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге хақылы.

Мемлекеттік құрылыс  саласындағы Парламент құзыреті:

  • соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
  • республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
  • Республика  Конституциялық Кеңесінің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тындайды;
  • Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
  • Жергілікті өкілді органдардың қызметін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешеді;
  • Президенттің кезекті сайлауын тағайындайды және т.б.

Парламент биліктің соттық тармағына қатысты өкілеттіктерге ие:

  • Парламент  Сенаты ҚР Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот Алқаларының төрағаларын және судьяларын сайлайды және қызметтен босатады, олардың анттарын қабылдайды.
  • ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі депутатты жібереді.

 Парламент Мәжілісі  Әділет біліктілік алқасының  құрамына екі депутатты жібереді.

  

4. Парламенттік  тыңдаулар. 

“ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі  туралы” Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Парламент Палаталары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Парламенттік тыңдаулар өткізеді. Парламенттік тыңдауларды Палаталар Бюроларының шешімдері бойынша Палаталардың тұрақты комитеттері өткізеді әрі олар ашық және жабық нысанда өткізілуі мүмкін. Парламенттік тыңдауларға шақырылған тұлғалардың құрамын Палаталар комитеттері анықтайды.

Парламенттік тыңдаулар, әдетте, бұқаралық  ақпарат құралдары және қоғамдастық  үшін ашық болады. Дегенмен, комитет  жабық парламенттік тыңдаулар өткізу жөнінде шешім қабылдауы мүмкін. Жабық парламенттік тыңдауларда конфиденциалдық сипаттағы мәселер, сондай-ақ заңмен қорғалатын мемлекеттік немесе басқа құпияларды құрайтын мәліметтерді қозғайтын мәселелер талқыланады. Ашық парламенттік тыңдаулардың есебі Парламент Басылымдарында жарық көреді және бұқаралық ақпарат құралдарында жазылады.

Палаталардың бірлескен немесе бөлек пленарлық отырыстары болатын  күндері Парламенттік тыңдаулар  өткізілмейді. Парламент регламентіне сәйкес парламенттік тыңдауларды тиісті Палата көмитетінің Төрағасы жүргізеді.

Парламенттік тыңдаулар төрағалық  етушінің қысқаша кіріспе сөзімен  ашылады. Ол талқыланып отырған мәселенің  мән-маңызы, отырысты өткізу тәртібі, шақырылған тұлғалардың құрамытуралы хабарлама  жасайды. Содан кейін сөз талқыланып отыраған мәселе бойынша баян ету үшін комитет төрағасына беріледі. Шақырылған тұлғалар мен қатысушы депутаттар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ой-пікірлерін білдіреді. Тыңдаулардың ұзақтығын талқыланып отырған мәселенің сипатына қарай, палата комитеті анықтайды. Одан кейін депутаттардың және шақырылған тұлғалардың сұрақтарына жауап беріледі.

Парламенттік тыңдаулардың нәтижелерімен  талқыланып отырған мәселе бойынша  қорытындылар және кепілдемелер қабылдануы мүмкін. Олар қатысушы депутаттардың  көпшілік дауысымен қабылданады.

Ашық парламенттік тыңдаулардың кепілдемелері  тек тиісті Палаталардың және Парламенттік тыңдауларға қатысқан мемлекеттік  органдардың өкілдері үшін ғана тағайындалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

2.«Қазақстан Республикасының конституциялық  құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004  жыл.

3.«Қазақстан  Республикасының Конституциясы»  Астана 2007 жыл.

4.«Салыстырмалы  құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының Парламенті