Қазақстан қор биржасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:12, лекция

Краткое описание

Қазақстан қор биржасының (KASE) негізі 1993 жылы қаланған. Айналымында акциялар, корпоративтік облигациялар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары мен шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар, вексельдер, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен автоматтық және тікелей репо инструменттері, шетел валютасы бар Орталық Азияның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Қазақстан қор биржасы.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

Қазақстан қор биржасы

Қазақстан қор биржасының Президенті - Дамитов Қадыржан Қабдошұлы  

Қазақстан қор  биржасының (KASE) негізі 1993 жылы қаланған. Айналымында акциялар, корпоративтік облигациялар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары мен шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар, вексельдер, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен автоматтық және тікелей репо инструменттері, шетел валютасы бар Орталық Азияның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады.

Қазақстан қор  биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен әр түрлі қаржы инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.  

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті республикамыздың бес өңірінде биржалық сауданың дамуы мәселелері бойынша семинарлар өткізуде. 

Кезекті семинар  Жамбыл облысының Тараз қаласында 28 қазанда өткізіледі. 

Семинарларды  «Атамекен» Одағы қоса ұйымдастыруда  және оларға мүдделі мемлекеттік  органдардың, одақтардың, қауымдастықтардың, тауар биржаларының қатысуымен өтуде. 

Республиканың бизнес-қоғамдастығы үшін тауар биржаларының қызметі тақырыбы аса өзекті, оның ішінде: биржалық үдерістер бойынша нормативті құқықтық актілер, оларды ұйымдастыру, тауар қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері мәселелері. 

Биржа

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.

Чикаго тауар биржасы

Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы  Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Мазмұны 

[жасыр

  • 1 Биржа түрлері
    • 1.1 Тауар Биржасы
    • 1.2 Қор Биржасы
    • 1.3 Валюта Биржасы
    • 1.4 Еңбек Биржасы
  • 2 Биржа Айналымы
  • 3 Биржа Бағасы
  • 4 Биржа Дағдарысы
  • 5 Биржа Делдалдары
  • 6 Биржалық Алым
  • 7 Биржалық үрей
  • 8 Биржалық баж
  • 9 Биржа дүрлікпесі
  • 10 Биржалық мәмілелер
  • 11 Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу] Биржа түрлері

[өңдеу] Тауар Биржасы

Тауар Биржасы  сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі  бір тауарларды сатып алу мен  сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер — астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар Биржаларына: Лондон халықаралық Биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), Токио тауар Биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металл Биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), Нью-Йорк тауар Биржасы (алюминий, алтын, т.б.), Орталық Америка тауар Биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.

[өңдеу] Қор Биржасы

Қор Биржасында жергілікті өкімет органдары мен  мемлекеттік емес компаниялар шығаратын  құнды қағаздар жөнінде мәмілелер  жүргізіледі. Қор Биржасында жасалатын  мәмілелер кассалық (сатып алынған  құнды қағаздар ақысы 2 — 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.

[өңдеу] Валюта Биржасы

Валюта Биржа  — валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын  қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта Биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.

[өңдеу] Еңбек Биржасы

Еңбек Биржасы  — жұмыс күшін жалдау кезінде  кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекет мекеме. Мемлекет еңбек Биржалары арқылы еңбек пиасасына ықпал етеді. Еңбек Биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т.б. Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді:

  1. саудагерлер еркін сауда жасайтын пиаса түріндегі ашық Биржа, ол көбіне мемлекет бақылауында болады;
  2. өз мүшелері ғана сауда жасайтын томаға-тұйық корпорация ретіндегі Биржалар, олардың ісіне мемлекет көп араласа бермейді.

    Биржаға мүше болу үшін мүліктік цензды қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша дауысқа түседі, жарнасы төленеді. Биржа мүшелері биржа делдалдары және дилерлер болып бөлінеді. Көпшілік қауым Биржа операцияларына делдалдар арқылы қатысады. Биржа комитеттерінің бағалау комиссиялары сатылған құнды қағаздар саны мен нарқы жөніндегі мәліметтерді күн сайын биржа бюллетендерінде жариялап отырады. Қазақстанда Биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор Биржалары шапшаң дамыды.[1]

[өңдеу] Биржа Айналымы

Биржа Айналымы — белгілі бір кезеңде биржада  жасалған мәмілелер көлемі. Ол сатылған тауарлар мен құнды қағаздар бағасының  сомасымен айқындалады. Сатылған тауарлар мен құнды қағаздардың мөлшері Биржа Айналымының көрсеткіші болып табылады. Биржа айналымы бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды. Бүгінде халықаралық Биржа айналымы, әсіресе, биржалық тауар айналымы сан және сапа жағынан өсуде.

[өңдеу] Биржа Бағасы

Биржа Бағасы —  биржа мекемелері жасалған келісімдерді ескере отырып белгілеген құнды қағаздар (акциялар мен облигациялар) мен тауарлар бағасы. Бұл — биржада болып жатқан өзгерістердің бір көрсеткіші бола отырып, құнды қағаздар мен биржа тауарларына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын белгілейді. Кейде мұнда әдейі жасалатын сұраныс пен ұсыныстың немесе жалған келісімдердің салдарынан үлкен шатасушылық, алданушылық та болады. Құнды қағаздардың бағасын белгілегенде, кейде биржада жасалған келісімдер ғана емес, одан тыс жасалған келісімдер де есепке алынады. Кейбір биржалардың бюллетендерінде құнды қағаздар мен биржа тауарлары айналымының сомасы да көрсетіледі. Биржа бағасы өте құбылмалы, тіпті бір күн ішінде сан рет өзгеріп отырады. Ол туралы ақпараттар арнайы биржа бюллетендерінде жарияланады, дисплей арқылы да беріледі.

[өңдеу] Биржа Дағдарысы

Биржа Дағдарысы  — экономикалық дағдарыстың немесе ерекше бір саяси жағдайлардың салдарынан құнды қағаздар (акция, облигация) биржасында дағдарыстың орын алуы. Мұнда құнды қағаздардың курсы шұғыл төмендейді және оларды шығару азаяды. Экономикалық дағдарыстар кезінде акцианың қоғамдардың пайдасы кемиді және дивиденд төмендейді, ол акциялардың құнсыздануына әкеліп соғады. Дағдарыс кезінде нақты ақшаға мұқтаж болатындықтан, құнды қағаздарды биржада көптеп сата бастайды, мұның өзі оларды мүлде құнсыздандырып жібереді, ал өнеркәсіп өндірісі мен сауданың кемуі күрделі қаржы жұмсауды азайтады, тіпті тоқтап та қалады, нәтижесінде кәсіпорындардың облигация шығаруы кемиді. Экономикалық дағдарысқа байланыссыз да (мысалы, соғыс кезінде) құнды қағаздардың курсі құлдырауы мүмкін.

Информация о работе Қазақстан қор биржасы