Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:12, лекция
Қазақстан қор биржасының (KASE) негізі 1993 жылы қаланған. Айналымында акциялар, корпоративтік облигациялар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары мен шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар, вексельдер, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен автоматтық және тікелей репо инструменттері, шетел валютасы бар Орталық Азияның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады.
Биржа Делдалдары — қор, валюта биржаларында делдалдық қызмет атқаратын адамдар немесе фирмалар. Биржа делдалдары белгілі бір салаға маманданады және олар жасасатын келісім, акция курсі, т.б. жөніндегі деректерге қанық болады. Биржалардың көпшілігінің жарғысы бойынша Биржа делдалдары өз есебінен келісім жасасуға және меншігіндегі бағалы заттарды сатуға құқығы жоқ. Бірақ олар бұл ережені іс жүзінде ұстана бермейді. биржа делдалдарын, әдетте, биржа комитеттері тағайындайды, ал кейбір елдерде (мысалы, Францияның қор биржасында) үкіметтің арнайы қойылған қызметкерлері орындайды. Қор биржасындағы Биржа делдалдары, негізінен, делдалдық конторлар немесе фирмалар түрінде болады. Олардың биржада жасалып жатқан келісімдерді көрсетіп тұратын экранмен жабдықталған залы және клиенттердің пайдалануына берілетін телефон қондырғылары орнатылған бөлмелері мен өз бухгалтериясы бар. Биржа делдалдарының арасында қаржы капиталының конторлары басты рөл атқарады. АҚШ-та жаңа құнды қағаз шығаруда басты рөл атқаратын “Морган, Стэнли энд компани” эмиссиялық банкир үйі өзінің негізгі қызметінен басқа құнды қағаздармен келісім жасасатын Биржа делдалдары міндетін де атқарады. Биржа мүшесі болып саналатын Биржа Делдалдарынан басқа ресми түрде тіркелмеген маклерлер де болады. Биржа делдалдары өзінің делдалдық қызметі мен берген кеңесі үшін ақы алады. Оны жасасқан келісімнің сомасына қарай белгілі бір мөлшерде биржа комитеттері белгілейді.
Биржалық алым — биржа комитетінің құнды қағаздарды сатып алушыдан биржа келісімін жасауына берілген құқық үшін жинайтын ақшалай алымы. Әдетте, сату бағасының 2 %-і көлемінде алынады.[2]
Құнды қағаздар бағамының (ең алдымен ақциялардың) күрт, апатты түрде түсіп кетуімен сипатталатын биржалық күйзелістің барынша ең бір өткір кезеңі. Биржаны үрей кеулеген кезде, құнды қағаздар ұсынысы күрт күшейіп, оларға деген сұраныс та бірден төмен құлдырайды. Биржалық үрей, әдетте, басталып келе жатқан экономиқалық дағдарыстың немесе бұған дейінгі биржалық дүрлігудің заңды нәтижелері болып табылады.
Биржа комитетінің биржа мәмілелерін жасау құқы үшін биржа мүшелері мен оған қатысушылардан алынатын төлемі.
Өз болмысы бойынша объективті экономиқалық негізі жоқ, құнды қағаздар бағамы мен қор биржасындағы жалпы айналымды жасанды түрде қолдан көтеру. Биржа дүрлікпесі құнды қағаздарға дүрліге сұраныс жасаумен сипатталып, алыпсатарлық, операциялардың мөлшері бірден ұлғаяды, жалған капиталды жасанды жолмен «ұлғайту» орын алады. Егер биржалық операциялардың қатысушылары экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін недәуір асыра бағалайтын болса, биржа дүрлікпесінің заңды нәтижесі міндетті түрде биржалық үрей мен күйреуге апарып соқтырады. Бұл өз кезегінде қор құндылықтарының рыногын қайтадан белгілеуге әкеліп соғады.
Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының зандары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық, жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер.
Биржалық мәмілелер осы мәмілелердің жасалғандығын растау үшін биржа беретін құжаттармен рәсімделеді.
Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері
Несие жүйесінің негізгі буынын
─ банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі
банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет
пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар
мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің,
мектеп пен ауруханалардың және халықтың
уақытша бос ақшаларын шоғырландырып,
оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады.
Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие
беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан
алуан операцияларды жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды
деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк»
деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық,
«айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді
білдіреді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен
төмендегідей топтастыруға болады:
• Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту,
жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
• Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға
несие беру, бағалы қағаздармен операция
жүргізу;
• Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі
шаруашылық субъектілердің төлемайналымы
жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу
жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал
және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік
туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару.
Банк клиентін тек жинаған уақытша бос
ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай,
сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді
шығарумен де несиелейді;
• Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты
банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес
болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін
эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте,
орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің
негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін
шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша
белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп,
эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің
екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары
деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының
да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ
эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық,
инвестициялық, инновациялық, ипотекалық
және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін
үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі
банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет
түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің
екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын
шоғырландырумен маманданады, яғни олар
облигация, акция және басқа бағалы қағаздар
шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ
мерзімге қарызға береді. Инвестициялық
банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды
өңдеуді және оны игеруге несиелейді.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын
мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге
несие береді. Олар ипотекалық облигация,
акция және басқа бағалы қағаздарды сату
арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк
жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында
ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер
және банк қызметі туралы» Заңынан бастау
алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі
банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі
банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және
төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық
банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық
банктердің алатын орны өте зор. Олардың
міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының
үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп
мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу,
халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай
жасау болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын
қызметтері:
• Ақша қаражаттарын шоғырландыру және
тарту;
• Несие беру;
• Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын
жүргізу;
• Төлем құралдарын шығару,
• Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды
ұйымдастыру;
• Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін
басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);
• Клиенттерге кеңес беру.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың
олардың атқаратын операциялары анықтайды.
Коммерциялық банктердің операциялары
негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив
(қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы
бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді
операциялар.
Банктің пайда болуы, мәні және түрлері
Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең
алдымен Италиядағы ортағасырлық айырбаспен
айналысушылар қызметінен іздестірген
жөн.
« Банк» ұғымы Италияның « banco » (« аыйрбас
орны », « ақша столы») деген сөзден шыққан.
Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда
1407 ж. Генуяда пайда болған. ХІІ ғ. Италияда
алғашқы вексель пайда болды
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі
банктік мекемелерді қарастырудан бұрын
бізге « банк» және « банктік қызмет »
ұғымын білу қажет. Әлемдік тәжирібеде
банктік қызмет деп банктің басты кәсібі
қызметтерін, депозиттер қабылдау және
қарыз беруді түсінеді.
Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда;
Белгияда, Грецияда, басқа елдердің банктері
туралы заңдарында бекітілген, Ал, Германия
мен Францияда банк немесе несиелік мекеме
деп , өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы
қағаздармен сауда-саттық, лизингтік және
басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын
кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ
оларды банктік емес мекемелерге депозиттер
қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру
кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тиым
салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде
несиелік жүйеге мекемерлерді жатқызуда
либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін
кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің
депозит қабылдауға лицензиясы болса,
оларды банктер қатарына жатқызады.
ҚР Президенттінің « ҚР банктер және банктік
қызмет тіралы » заң күші бар Жарлығының
бір- бабында, банктің ресми мәртебесі
Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен,
әділет Министрлігінің банк ретінде заңды
тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізумен
және банктік операцияларды жүзеге асыруға
берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының
болуы мен анықталады.
Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік
ресми мәртебесі болмаса
« банк» деп аталуға тиіс емес.
Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді,
бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте
өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол
тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың
ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын
өндіреді.
Банктер немесе сондай институттар өте
ертеректе пайда болған. Египетте банктік
операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700
ж. жүзеге асырылған.
Бактердің бастапқы қызметі төмендегі
делдалдық болған. Осындай делдалдық нәтижесінде
банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін
қызмет етуші капиталдарға айналдырады.
Банктер ең алдымен орталық және коммерциялық
банктер болып бөлінеді.
Орталық банк- бірінші деңгейдегі мемлекеттік
банк, кез келген елдің ол мемлекеттік,
халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына
тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты
болып табылады. Орталық банк- бұл «банктердің
банкі» Ол заңды және жеке тұлғалармен
опрециялар жүргібейді, оның клиенттеріне
коммерциялық банктер мен басқадай мекемелер,
үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық
банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау
мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік
жүйенің қалған буына Орталық банк несиелік
және ақшалай операциялар, рыноқтың әртүрлі
секторлары, несие-қаржы қызметтерінің
өзара байланастарында байқалатын жанама
әрекет етеді.
Коммерциялық банктер – қарыз капиталы
нарығынан әр түрлі секторларында қызмет
ететін көп қызметті мекемелер болып табылады.
Олар кәсіпкерлік тәжирибесінде белгілі
бір көптеген қаржылық операцияларды
орындайды. Коммерциялық банктер кез келген
елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі
, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің іскерлер мен миллиондаған
жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра
отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып
қала береді Коммерциялық банктер қарыздық
және инвестициялық операциялар арқылы
өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Банктер- атқаратын қызметерінің ерекшеліктеріне
байланысты екі негізгі типке бөлінеді:
эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық – айналысқа ақша белгілерін
эмиссиялау (шығару) құқығы берілген Оралық
банктер. Кейбір елдерде оларды ұлттық,
халықтық, резервтік деп атайды. КСРО да
ондай банк Мемлекеттік деп, ҚР – ҚР Ұлттық
банкі деп аталады. Орталық банктің басты
міндеті- айналысқа ақша шығару, банктер
арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің
эмиссиялық, несиелік және есеп айырысу
қызметтерін басқару болып келеді. Ол
екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғары
буыны болып табылады. Мемлекет эмиссиялау
құқығын тек бір ғана банкке (Орталыққа)
береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын
бірнеше банке беруден елдегі ақша айналымын
реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа
банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты
иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты
ақшадан, бюджетті қаражаттардан тұрады.
Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек
көрсетуге және олар қызметтеріне жетекшілік
етуге мүмкіндік береді. ҚР эисссиялық
банк- Ұлттық банк. Ал қалған банктер ,
оның ішіндегі коммерциялық банктер- эмиссиялық
еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша
шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиенттерін
шаруашылық қызметеріне қызмет көрсетуге
байланысты есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерменен айналысады.
Олардың ішінде ең маңыздысы: уақытша
бос ақшалай қаражаттар, халық жинақтары
мен қорларын тарту; несиелеу; қолма-қол
ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар және т.б.
Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер
белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес
операцияларды жүзеге асыра отырып , үнемі
қызмет аумағын кеңейтеді және клиенттерге
көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын
арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер.
Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз
клиенттеріне бір- екі қызмет түрін көрсетуге
бағытталған, маманданған банктер бар.
Банктердің мамандануының басқа типі
белгілі бір клиенттер категорияларына
ғана( мысалы, биржалық, коммуналдық банктер)
қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандануы
тиіс.Банктердің фукционалдық мамандануы
бір шама анық бейнеленеді, себебі ол міндетті
түрде банк қызметінің сипатына ықпал
ете отырып, актифтер мен пассивтерінің
қалыптасу, кілиеттерімен жасауды ұйымдастыру
ерешеліктерін анықтайды. Ондай типтерге
инвестициялық және иновациялық, ипотекалық
жинақ банктері және т.б. жатады.
Банк жүйесі. Ақша-несие саясатының түрлері,құралдары, мақсаты.
Нарық жағдайында
банк жүйесі екі деңгейде
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға
шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін
сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті
резервтері банктер арасындағы шот айыру
ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық
ақша нарығында сатушы және сатып алушы
қызметін орындайды және шет мемлекеттердің
және банктерінің істерін үйлестіреді.
Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие
саясатын қалыптастырады және жүзеге
асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін
қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық
банк пен коммерциялық банк операцияларының
және банктен тыс секторлардың шешімдері
нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының
өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына
және мультипликаторға әсер ету арқылы
қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі
коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде
несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие
саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын
орган болып табылады. Қазақстан ұлттық
банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты:
ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді
көздейді.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие
саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын
орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық
банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты:
ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді
көздейді.
Ақша-несие саясаты.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие
саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын
орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық
банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты:
ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді
көздейді.
Ақша-несие- бұл айналыстағы ақша жиынын,
несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге,
жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие
саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі- Ұлттық банк болып табылады.
Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк
тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы
қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының
жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие
саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша несие саясаты;
2) экспанциялық ақша несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты –
екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң
шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің
деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар
жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие
беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы
ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен
және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне
байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы
ақша-несие саясатының басты көздеген
бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Пайыз саясаты.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша
ресми қаржыландыру мөлшерлемесін, сол
сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін
белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына
несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция
деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік
ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын
аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне
әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайцз саясатының басты мақсаты –
айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып,
несиеге деген сұранысты азайту, соның
нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның
өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып
табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі,
шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз
кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек,
жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе
белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне
қол жеткізуге тиіс.