Қазақстанның су қоры және оны тиімді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 15:28, реферат

Краткое описание

Су адам және жануарлар денесінде қажетті түрде кездесетін құрамды бөлік. Ересек жануарлардың жалпы массасының 45-70%-і, ал адам мен жануарлар эмбриондарының 97%-і судан тұрады. Сондақтан да, денедегі судың өзгеруі организмге тікеле әсер етеді. Егер денедегі судың 10-12%-і жоғалса, организм әлсірейді, дене дірілдейді, шөлдеу пайда болады. Ал су мөлшерінің 20-25 % азаюы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Кейбір жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар т.б.) тек суда өмір сүреді.

Оглавление

Кіріспе
1. Қазақстандағы су қоры
1.1. Су- тіршілік көзі
1.2. Су ресурстары
1.3.Тұщы судың қоры
2.Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорау
2.1.Судың ластануы
2.2.Судың мұнай және тағы басқа заттармен ластануы
2.3.Ластанған суларды тазарту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Қазақстанның су қоры және оны тиімді пайдалану.doc

— 91.00 Кб (Скачать)
 
 
 
 

Тақырыбы: «Қазақстанның су қоры

  және оны тиімді  пайдалану»

 

                                   Орындаған: Тлекова С.

                                    Тексерген: Айдарбаева Г.Б

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖОСПАР 

Кіріспе

1. Қазақстандағы су қоры

    1.1. Су- тіршілік көзі

    1.2. Су ресурстары

    1.3.Тұщы  судың қоры

2.Су  ресурстарын тиімді  пайдалану және  қорау

    2.1.Судың ластануы

    2.2.Судың мұнай және тағы басқа заттармен ластануы

    2.3.Ластанған суларды тазарту жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр. Су- баға жатпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі- барлық органикалық өмірдің негізгі екені белгілі.

      Су  адам және жануарлар денесінде қажетті  түрде кездесетін құрамды бөлік. Ересек жануарлардың жалпы массасының 45-70%-і, ал адам мен жануарлар эмбриондарының 97%-і судан тұрады. Сондақтан да, денедегі судың өзгеруі организмге тікеле әсер етеді. Егер денедегі судың 10-12%-і жоғалса, организм әлсірейді, дене дірілдейді, шөлдеу пайда болады. Ал су мөлшерінің 20-25 % азаюы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Кейбір жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар т.б.) тек суда өмір сүреді.

      Ауа райы өте ысыған кезде (температура 35-40 С-ға жеткенде), адамдар мен жануарлар денедегі судың азаюйын ауыр сезінеді. Бұл жағдайда организмге керекті су мөлшері 2-3 есе өседі. Судың организмге жетпеуі ас қорыту процесінің бұзылуына, қандағы судың азаюын әкеліп соқтырады.

      Сондықтанда, сапалы тұщы судын болуы- адамның  денсаулығы мен жануарлардың өсуі олардың  өнімділігін көтерудегі басты шарттың  бірі.

     Халық шаруашылығында қажетті тұщы су көзі тек қана адамдар мен жануарлардың ішуі үшін емес, жер суаруда да, өнеркәсіпті дамытуға да, барлық технологиялық процестерді жүзеге асыруда да пайдаланылады.

      Дүниежүзілік  су қорларының ластануы бүкіл адамзат  қауымын аландатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. 
 
 
 

1. Қазақстандағы су  қоры

    1.1. Су- тіршілік көзі

     Ерте  заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер  үсті суларымен қоса, арнайы ұңғылар  орнату   арқылы,   жерасты  сулары  да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты  сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі  суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.

     Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға    сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты  су  қоры  бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.

     Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің  алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік,  Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған   жерасты      су қорларын халық шаруашылығының      қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып     келсе,     кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің   жалпы пайдалану мерзімінө (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын  пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.

     Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы “Ауыз су” талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін.

   Тұрғындарды   сапалы   ауыз   сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығьш сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған төмендегідей техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:

  • су пайдалану жүйелерінің маңызын және сенімділігін арттыру;
  • су тазартқыш станцияларында су өңдеу технологиясын жақсарту;
  • суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;
  • су  пайдаланудағы  нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.

   Қазіргі кезеңде халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы талаптан көп алшақ. Оны жетілдіру үшін ең алдымен жеке, немесе ұжымдық мақсатта пайдаланатын су қабылдағыштарының (водозабор) жұмысын жалпы және ішкі бақылауды қамтамасыз ету керек. Ол үшін су қабылдағыштардың, немесе су көтергіш ұңғылардың (скважина) арнайы рұқсат құжатынсыз пайдаланылуын тоқтату керек. Ондай құжат Республика Үкіметімен жасалынатын шарт және «Арнайы су пайдалану Рұқсаты» болып саналады.

Шарт  мынадай жағдайларда жасалады:

  1. Мекеме мен тұрғындардың қажеті үшін өндірілетін жерасты суларының өндіру мөлшері тәулігіне 50 мың текше метрден асатын болса;
  2. Жерасты сулары шөлмектерге және басқа да ыдыстарға құйылып, оларды сату коммерциялық пайда көзіне айналса;
  3. Емдік қасиеті бар жерасты суларын пайдаланғанда;
  4. Температурасы жоғары жерасты сулары жылу және ыстық су көздері ретінде пайдаланылғанда.

Жерасты суларын “Арнайы  су пайдалану Рұқсатын” алу арқылы пайдалану мынадай жағдайда іске асырылады:

  1. Ауызсу және тұрмыстық-шаруашылық мақсатына және ыстық су көздері ретінде, құрамындағы минералдарды ажыратып алу мақсатында және жайылымды жерлерді суаруға пайдаланылатын жерасты суларын өндіру мөлшері тәулігіне 50 мьң гектар текше метрден кем болса;
  2. Жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар, мұнай   мен   газ өндіру  барысында жерасты ажыратылатын жерасты суларын пайдалану үшін, азаматтық және өндірістік құрылыс салуда, суармалы жерлерді қүрғатудағы ажыратылатын және жер қойнауын ластандыратын ошақтарды жою немесе қоршау барысында ажыратылатын жерасты сулары пайдаланылғанда;
  3. Өндірістік су қалдықтарын, коммуналдық-түрмыстық,  дренаждық әрекеттерден пайда болатын  жуынды суларды жер қойнауына жіберу үшін және су мен газды жердің сулы  қатпарына күшпен тарату үшін.

                                   

 1.2.Су ресурстары

     Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше.Сусың жер бетінде тіршіліктің  болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су- өмір нәрі» деп бекер айтылмаған. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қант, онсыз тіршілік процесі жүрмейді. Планемамыздағы мұхиттардың, өзен, қол, теңіздердің, мұздақтардың, жер асты және ауа суларының басын қосып гидросфера дейді. Сұйқ судың құрамында біраз ерітінді заттар болады. Олар қозғалмалы су арқылы тасымалданып тұрады. Су атмосферамен, тау жыныс тарымен және организмдермен үзіксіз қарым- қатынаста болады. Бұл кезде көптеген химиялық элементтердің әлгі заттардың арасында алмасуы жатады. Су жер шарындағы ауа райын өзгеріп отыратын негізгі күш. Бұл процесті су буының ролі күшті. Атмосферадағы бу күшінде болатын су негізінен мұхиттардың булануынан құралады. Ауыл шаруашылығының суды қаншалықты мол жұмсайтындығына мынадай мысал келтіруге болады: 1 тонна бидай өсіру үшін вегетациялық дәуірінде 1500 тонна, 1 т күрішке- 7 мың, т, 1 т.мақтаға- 10 мың су жұмсалады. Бір құты консервіленген көкөніс дүкенге түскенге дейін 40 л. Су жұмсалады. Бір адамға нететін тағамдар жасау үшін 6 м3 су керек екендігі есептелді.

     Жер шарының су қорын мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты және атмосфера суы құрайд. Оның мөлшері шамамен 1,5 млрд км3. Жер шарында,ы барлық судың 94,2%  тұзды су. Ол жер көлемінің 70 % -алып жатыр.

     Аралдың тартылып бара жатқаны ешкімге құпия  емес.

     Егер  Арал деңгейі 1 метр төмендесе ауданы 10 % ауалды. Соңғы жарты ғасырдан аз- ақ астам уақытта. Аралдың оңт- шығыс етегінен 300 арал пайда болған. Амударияның құяр тұсы соңғы 30 жылда теңізге қарай 20 км сұғынып кеткен. Мұндай құбылысты Сырдарияның құяр сағасынан да байқайға болады. Егер адам баласы тағдырына тікелей араласпаса Аралтеңізінен айрылып қалуымыз мүмкін.

     Елайда  мұның бәрі ірі су айдындарының күннен- күнге тартылуына себепші болып  отыр.

     Сондықтан жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын қорғауды да естен шығаруға болмайды.

     Ластану- су тапшылығының негізгі бір себебі. Өндірістердің, тұрмыстық мекемелерді  тазаланбаған суларын таза су аалабтарына  құюынан ластанады. Егістікке себілген ұлы химикаттар мен тыңайтқыштар сумен жуылып, су алқаптарын ластайды.

     Ұсақ  өзендерді сақтау үшін су қорғау аймақтарын құрудың мәні зор. Су қорғау аймағы деп, белгілі бір ауданды судың  ластануына, азаюына қарсы арнайы ереже қабылданған жерді айтады. Ереже бойынша тыңайтқыштар мен  улы химикаттар, өндірістің пайдаланылған суларын, тұрмыс қалдықтарын төгуге тыйм салынады. Өзен жағалауында ағаш және бұта тектес өсімдіктер өсірілуі тиіс. Өсімдіктер өзеннің табиғи қалқаны, олар өзен жағасын эрозиядан, ластанудан қорғайды және су ағысын реттейді.

     Сондақтан да су жағалауларын жасыл келекке айналдыруымыз керек. Және де суды қорғау әрбір пенденің өз өмірі үшін жасалатын іс. 

                                  1.3.Тұщы судың қоры

     Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға  пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама  мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз.  
Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын мен “нәзік ресурс” деп айтар едім. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жер асты сулары уран өндірудің технологиясына байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге орасан зиян келтіріп, шығынға батырады. Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи таза суды жарамсыз етіп отыр.

     ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде 1,1 млрд жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің 2,7 млрд тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады. Осы күннің өзінде кейбір қыс болмайтын, экватордың маңайындағы елдерді су тапшылығы экономикалық жағынан титықтатып, кедейшілікке, саяси тұрақсыздыққа итермелеп отыр. Осындай себептерден келіп, бұрыннан тату отырған көршілес мемлекеттердің бір-біріне көз алартулары шығады.

Информация о работе Қазақстанның су қоры және оны тиімді пайдалану