Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 15:28, реферат
Су адам және жануарлар денесінде қажетті түрде кездесетін құрамды бөлік. Ересек жануарлардың жалпы массасының 45-70%-і, ал адам мен жануарлар эмбриондарының 97%-і судан тұрады. Сондақтан да, денедегі судың өзгеруі организмге тікеле әсер етеді. Егер денедегі судың 10-12%-і жоғалса, организм әлсірейді, дене дірілдейді, шөлдеу пайда болады. Ал су мөлшерінің 20-25 % азаюы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Кейбір жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар т.б.) тек суда өмір сүреді.
Кіріспе
1. Қазақстандағы су қоры
1.1. Су- тіршілік көзі
1.2. Су ресурстары
1.3.Тұщы судың қоры
2.Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорау
2.1.Судың ластануы
2.2.Судың мұнай және тағы басқа заттармен ластануы
2.3.Ластанған суларды тазарту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Созақ жерінде сонау жетпісінші жылдардан бері уран өндіріледі. Уранды жер қойнауынан алу үшін алдымен, қышқылды сумен араластырып ерітіп барып, уранды жоғарыға сорып шығарады, Отыз жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатқан уран өндірісінде талай апаттар болды. Жұмыс барысында техникалар істен шығады немесе уранды тасымалдау кезінде әр түрлі ақаулар шығуы мүмкін. Кейде уран қосылған сұйық ерітінділер жер асты суларына қосылады да, ауыз судың құрамы уранмен уланады.
Аудан аумағында малмен күндерін көріп отырған қазақтар радиоактивті су ішіп отыр. Салыстырып қарасақ, олардың жағдайы Семей полигоны маңайында тұратындардан да жаман. Мемлекеттің бірінші байлығы – халық, не істелсе де, не нәрсе өндірілсе де, адамның, халықтың игілігі үшін істелуге тиіс. Сондықтан, алдымен Созақтағы 5 мың халықты экологиясы бүлінбеген басқа аймаққа көшіріп барып, уран байытуды әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.
Қазақстанның жер асты су қоры мол. Біз елдегі ауыз су проблемасын өзіміз жасап отырмыз. Гидрогеологтарымыз республика бойынша, тәулігіне 17 мың текше метр су беруге мүмкіндігі бар, 494 жер асты су көздерін баяғыда тауып қойған. Мәселе сол суды жер бетіне шығарып, халыққа жеткізуде. Мысалы, Қызылорда облысында су тапшы дейміз, қате пікір. Жер асты суын 120-150 метр жерден шығаруға болады. Суы да жақсы, жері де жұмсақ, Алматының тас араласқан жерін бұрғылаудан Қызылорданың құмын бұрғылау 5 есеге оңайға түседі. Тек қаржы керек.
Дүние
жүзінде жыл сайын шамамен 5 миллион
адам ауыз сумен тарайтын әр түрлі
аурулардан көз жұмады екен. Бұл
әлемнің шартарабында болып жатқан
соғыстар мен қақтығыстарда қаза
болғандардың санынан 10 есе көп, сондықтан
ауыз су мәселесіне ат үсті қарауға болмайды.
Республикамызға гидрологиямен тікелей
айналысатын, оның жұмыстарын үйлестіріп,
жүйелі түрде жұмыс істейтін мемлекеттік
құрылым керек.
2.Су ресурстарын
тиімді пайдалану
және қорау
2.1.Судың
ластануы
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
2.2.Судың мұнай және тағы басқа
заттармен ластануы
Су қорларының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер ететін құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Оған: целлюлоза- қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия заводтары, мал шаруашылығы өнімдері- жүнді, теріні өңдейтін заводтар т.б. жатады. Тек қана Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындары тәулігіне 168,8 мың текше ластанған суды өзендер мен көлдерге жібереді.
Су қорына аса қауіп туғызатындар мұнай, фенол, пестицидтер, түсті металдардың күрделі химиялық қосылыстары.
Әсіресе, мұнайдың суларды ластаудағы зияны шексіз. Себебі оның құрамында әр түсті зиянды нәрселер көп. Жаңа мұнай- газ көздерін игеруге байланысты мұнай тек ғана суларды емес, бүкіл ортаны ластайтын өте қауіпті нәрсеге айналып отыр. Мұны Каспий манында орналасқан мұнай- газ байлықтарын игеруден анық көруге болады. Орал облысындағы Қарашығанақ, Атырау облысындағы Теңіз мұнай- газ байлықтарын игеруге кезінде көптеген жердің ластанғаны байналады. Бұл жерлер ауыл шаруашылықтық маңызы бар, көп жыл өнім беріп келе жатқан массивтер. Мысалы, Қарашығанақта жер асты мұнай газының қысым күшімен аталып кету нәтижесінде, оның айналасында бірнеше грифон пайда болған. Атырау облысында Теңіз мұнайы бір жыл бойы жанып айналасындағы ауылдарға зиян келтірді.
Мұнай
су көздерін жұқа пленкамен жабады
да, оған оттегінің өтуіне кедергі
жасайды. Оттегі болмағандықтан тірі организмдер
қырылады. Қазіргі кезде сулардың
мұнайдан шегетін зияны ұшан- теңіз.
Біздің республикамыздың Орал, Ақтөбе,
Атырау, Маңғыстау облыстарында мұнай-
химия өнеркәсібі, жаңа кәсіпорындарының
ашылуына байланысты тез қарқынмен дамып
келеді. Егер бұл өндіріс орындарын пайдалануда
экологияны сақтаудың барлық жолдары
пайдаланылмаса, ол ауа бассейінінің ғана
емес, су, жер ресурстарына да үлкен зиян
келтіретін болады. Мысалы, химия өнеркәсібінің
өнімі- кір жуғыш синтетикалық ұнтақтың
суда аз мөлшерінің болуының өзі судың
дәмін өзгертеді, суды көбіктендіреді.
2.3.Ластанған суларды тазарту жолдары
Ластанған суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады.
Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.
Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақмартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.
Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.
Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса- олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі практикаға енген жоқ.
Әрине суларды тазартудың бұдан басқа да жаңа әдістері алға қарай шығуы мұмкін. Бірақ, қаншама жетілдірілген әдістер шыққанымен, ластанған суды мүлтіксіз бұрыңғы қалпына келтіру мүмкін емес.
Суларды тиімді пайдалану және олардың тазалығы сақтауда республикамызда көптеген жағымды тәжірибелер бар. Әсіресе, көп жылдар бойы суармалы егіншілікпен шұғылданып келе жатқан аудандардың пайдалы істерін пайдалана білген жөн.
Енді
еліміздегі су қорын сақтау мен дамытуға
қатысты не тындырылып отыр дегенге
келейік. Бұл орайда алдымен, 2002 жылы
Үкімет қаулысымен еліміздегі су қоры
мен су шаруашылығы саясатын дамытудың
2010 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданғанын,
ол бойынша еліміздегі су қорын сақтау
мен үнемді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы
саясатының ұзақ, орта және жақын мерзімдерге
арналған бірқатар жоспарлары түзілгенін
айта кеткен жөн. Осы орайда өткен маусым
айының басында Қазақстанның суда жүзетін
құстардың негізгі тіршілік көзі саналатын,
халықаралық маңыздағы саз-батпақты жайылымдықтар
жөніндегі Рамсар конвенциясына қосылуының
Үкімет тарапынан заңдастырылуының маңызы
зор десек болады. Яғни осы қосылу арқылы
енді елдегі жоғарыдағыдай жайылымдықтарға
халықаралық деңгейде мән беріліп, фаунасы
мен флорасын сақтауға үлкен септігі тиюі
тиіс. Дегенмен де, сөз басында айтып кеткендей,
жобасы жаңа жасалып жатқан Ұлттық жоспардың
директоры және Су қорлары жөніндегі құзырлы
комитет төрағасы Әмірхан Кеншімовтің
айтуынша, бүгінге дейін Қазақстандағы
су қорлары жөнінде жүйелі түрде бағдарлама
жасалмапты. Терең зерттеуді қажет ететін
бұл күрделі мәселе енді ғана қолға алынып
отыр екен. Ендеше, Қазақстанның аграрлы
ел екенін, қазірдің өзінде судың ең көп
тұтыну үлесінің: 76,5 пайызы ауыл шаруашылығына
тиесілі екенін еске тұтсақ, бізге суға
қатысты саясатта сақ болмасқа әрі асықпасқа
болмайды.
Қорытынды
Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықаралық іс екенін ұмытпауымыз керек. Су бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Халық даналығы- «Су ішетін құдығына түкірме, кейін одан су ішерсің»- дейді. Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану, сақтай білу баршамыздың абыройлы борышымыз.
Осыған орай су және басқа табиғат ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар қарарлар мен қаулылар да баршылық. Солардың ішінде соғы жылдары жарық көрген Каспий теңізін, Еділ, мен Жайық өзендерін, Балтық пен Қара теңізді, Байқал көлін қорғау жөніндегі қаулылардың маңызы ерекше.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- судың мұнай және тағы басқа заттармен ластануын зерттеуі.
Бұл жұмыста су қоймаларының негізгі түрлері көрсетілген. Су ресурстары және олардың ластануы топтары.
Төртінші
бөлімде ластанған сулар қалай механикалық,
химиялық, биологиялық түрлерімен тазартылу
жолдары көрсетілген.
Информация о работе Қазақстанның су қоры және оны тиімді пайдалану