Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 20:21, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргi тәуелдiлiгi Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттiк кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгiн төмендету мәселесi.

Файлы: 1 файл

улттык кор курсовая.doc

— 207.50 Кб (Скачать)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Бүгiнгi таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргi тәуелдiлiгi Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттiк кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгiн төмендету мәселесi.

Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.

Бюджет түсiмдерiнiң елеулi бөлiгi табиғи ресурстардың экспортынан түскен түсiмдер есебiнен қалыптасатын және қолайсыз конъюнктура жылдарындағы шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру қорлары мен болашақ ұрпақ қорлары басқа елдерде де жұмыс iстейдi. Қазақстанда Ұлттық қорды құру кезiнде шетелдiк осы тәжiрибе пайдаланылды.

Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өстi. Сонымен қатар, көмiрсутегiн қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық бәсеке қабiлеттiлiгiн төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.

Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі қордың құрылуы мен пайдаланылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамалық актілер, Президент, Үкімет және Ұлттық банк актілері мен басқа да нормативтік-құқықтық актілермен реттелуінде және Ұлттық қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің есеп-шотында шоғырланған қаржылық активтердің жиынтығын құрауында.

Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәнін қарастырып, талдау Құлпыбаев С., Сауранбек Ж.,  Ілиясов Қ.Қ. сияқты қаржыгерлердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған,

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының экономикадағы маңызы, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т.б. Жалпы бұл курстық жұмыс Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаншалықты қоғамдық өмірде және еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратыны.

Қойылған мақсатқа байланысты курсық жұмыстың міндеттері келесідей:

1.             Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн қарастыру;

2.             Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруын талдау;

3.             Ұлттық қордың басқарылуын қарастыру;

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасынын Ұлттық қоры

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. курстық жұмыста қарастырылатын период 2009-2011 жылдар.

Жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік авторлардың жұмыстары, мерзімді басылым, нормативті-құқықтық актілер, ресми интернет сайттары қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1     Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері

1.1    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен функциялары

 

 

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.

Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанада, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын, тәуекелдің қалыпты деңгейінде Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қаматамасыз етеді және әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада неғұрлым жоғары табыстылыққа қол жеткізу мақсатында әлемнің дамушы елдерінде айналысқа түсетін борыштық та, үлестік те қаржы құралдарына инвестицияланады.

Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтерінің өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілделінген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады және жоғары кредит рейтингі бар елдердің ақша рыногының жоғары өтімді сенімді активтеріне инвестицияланады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар қаржы нарықтарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты сақтанпаздық болжауды негіздей отырып белгіленеді.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттдің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйысдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бектілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:

1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу;

3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.

Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

1. тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылына бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдердің арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін.

Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды.

2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер түрінде;

              3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.

              Бүгiнгi таңда Ұлттық қор жинақтарын қалыптастырудың және оның активтерiн басқарудың қолданыстағы тетiгiндегi негiзгi проблемалар мыналар болып табылады: шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтық түсiмдер бойынша республикалық бюджеттi жоспарлау кезiнде бағаны анықтау тетiгi үнемi нақты көрiнiстi көрсете бермейдi. Болжамданған "базалық" баға (баррель үшiн 19 АҚШ доллары) республикалық бюджетте қалдырылатын және Ұлттық қорға жiберiлетiн шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салықтардың оңтайлы бөлiнуiн белгiлемейдi. Оның үстiне, "базалық" бағаны ескере отырып есептелген республикалық бюджетке есептеулердiң мөлшерi сату көлемiн өзгертуге, амортизациялық аударымдарға және салық салынатын пайдаға әсер ететiн өзге де жағдайларға байланысты өзгеруi мүмкiн. Осыған байланысты республикалық бюджетке түсетiн мұнай түсiмдерiнiң жыл сайынғы көлемiне қатысты тұрақтылық болмайды.

       Қазақстан Республикасының Yкiметi Ұлттық қорды қалыптастыратын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн бекiттi, ол кәсiпорындарды тiзбеге енгiзу және одан шығару бойынша бiрнеше рет өзгерiстерге ұшырады. Бұл факт Ұлттық қорға аударылатын түсiмдер мөлшерiн айқындаудың тұрақты болмайтынын көрсетедi. Бұл ретте, тiзбе басынан-ақ және қазiр де мұнай секторының барлық кәсiпорындарын қамтымайды. Республикалық бюджеттi жоспарлау және атқару кезiнде кiрiс бөлiгiне салық бiр кәсiпорындар бойынша базалық орта бағаны ескере отырып, тiзбеге енгiзiлмеген басқа кәсiпорындар бойынша iс жүзiнде қалыптасқан баға бойынша түседi.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры