Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 20:21, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргi тәуелдiлiгi Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттiк кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгiн төмендету мәселесi.

Файлы: 1 файл

улттык кор курсовая.doc

— 207.50 Кб (Скачать)

Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттердің, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және де өндеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өндеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауыл шаруашылық мақсаттарындағы жер учаскерлерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетліген ресми трансферттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қорыта келсек, бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Оның өзінің мәні жағынан алып қарастыратын болсақ, бюджеттен тыс қорлар - бұл, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестілік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны болып табылады.

Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық қор - мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болады,яғни оны Үкімет Ұлттық банккке шоғырландырады. Оны маңызы өте зор болып келеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор дүниежүзілік бағалардың тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады және де мемлекеттің тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Оның болашақ ұрпақтарға қорланымды және сыртқы факторлардан қорғануға, яғни бір сыртқы келеңсіз жағдайларға байланысты қаржы резервтерін шоғырландырады.

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.

Ұлттық қордың активтерiн орналастыру Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қаржы құралдарына жүзеге асырылуы тиiс. Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес - материалдық емес активтердi қоспағанда, Ұлттық қорды тиiмдi пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейтiн Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк кеңес органы.

Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10% ), сондай - ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсуі көлемі болып табылады.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару да керек. Бұл жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағылар оны жүзеге асырады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры әлеуметтік- экономикалық дамуында үлкен рөль ойнайды. Мемлекеттің қазынасын сақтау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1.      Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев. Қаржы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы: 2009

2.      Қаржы – қаражат -№5,2010

3.      Хабаршы /вестник. Экономика сериясы. №5(45) 2010ж.

4.      Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе» туралы заңы, 1 сәуір 2011 жыл

5.      Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген «Қазақстан Республикасының бюджеттік жобасы» туралы заңы, 14 ақпан 2011 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

Қосымша-1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн

сенiмгерлiк басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкiнiң таза активтерiндегi өзгерiстер туралы

есептер (мың теңге)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерiндегi өзгерiстер

Сомасы

2010 жылғы 1 қаңтардағы сальдо

527 917 412

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен түскен түсiмдер

  

Таза кiрiс

  

Валютаны қайта бағалаудың активтердiң бастапқы сальдосына әсерi

  

Валютаны қайта бағалаудың таза кiрiске әсерi

152 839 430

 

41 839 157

 

  

(52 052 320)

 

  

(4 002 755)

2010 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

666 540 924

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен түскен түсiмдер

  

Таза кiрiс

  

Валютаны қайта бағалаудың активтердiң бастапқы сальдосына әсерi

  

Валютаны қайта бағалаудың таза кiрiске әсерi

369 258 276

 

24 249 500

 

  

19 329 687

 

  

(456 140)

2011 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

  1 078 922 247

 

Қосымша-2

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы

2009 жылы

2008 жылы

1

2

3

Активтер

 

 

Ақша және оның баламалары

200 429 000

49 161 183

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

 

 

 

 

3 536 888 162

 

 

 

 

3 258 923 673

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

276 814 215

 

Туынды қаржы құралдары

1 568 264

4 901 962

Дебиторлық берешек

2 543

1 259 171

Активтер жиыны

4 015 702 184

3 314 245 989

Міндеттемелер мен таза активтер

 

 

Туынды қаржы құралдары

1 956 773

2 466 448

Кредиторлық берешек

4 216 533

2 408 017

Міндеттемелер жиыны

6 173 306

4 874 465

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

 

 

4 009 528 878

 

 

3 309 371 524

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

лапнап

30

 



Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры