Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 20:21, курсовая работа
Бүгiнгi таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргi тәуелдiлiгi Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттiк кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгiн төмендету мәселесi.
Ұлттық қордың активтерiн орналастыру шетелдiк қаржы нарықтарында айналымдағы және Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен материалдық емес активтердi қоспағанда, Рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiне қосылған қаржы құралдарында жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте шектеулер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн сатып алынған, Ұлттық қор активтерiнiң құрылымында ескерiлетiн қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi 2011 жылдың аяғында 1078922247 мың теңгенi құрады, жылдық өсiм 61,8% құрады. Активтердiң ұлғаюына, негiзiнен, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдар көлемiнiң 369258276 мың теңге сомасында (2010 жылғы түсiмдер көлемiнен 2,4 есе көп) өсуi есебiнен қол жеткiзiлдi (1-қосымша).
Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2009 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 919 317 487 мың теңгені құрады.
Ұлттық қордың басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2009 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді (2-қосымша)
2.2 Ұлттық қорды басқару
Рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп Үкімет айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығының өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қортындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры» туралы жарлығымен қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігі анықталған.
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің құрамын құрады;
2) қор мәселелері жөнінде Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
4) ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
5) Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
2) Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
3) Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
4) қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) қорды қалыптастыру және пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
6) қордың қызметімен байланысты өзге өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1) қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;
2) инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
3) Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;
4) сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне
Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс - әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық акктивтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық – кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді.
Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп даусымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіретіндер:
Қазақстан Республикасының Президенті ;
Премьер - министрі ;
Сенаттың төрағасы ;
Парламент мәжілісінің төрағасы;
Президент Әкімшілігінің басшысы;
Ұлттық банктің төрағасы;
Премьер – министрдің орынбасары ;
Қаржы министрі;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1) Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап- жасау;
2) қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап-жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей Президентке бекітуге табыс етеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті мыналарды кіріктіруі тиіс:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық
қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызмет туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде жүргізіледі және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2.3 Ұлттық қордың жалпы нарықтық құны
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Ұлттық қор қызметі туралы 2008 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің өсімі 2009 жылғы 57,5 %-дың орнына өткен жылы 76,6% құрды. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионнан 3662,7 миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді. Мұндай коньюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып отыр.
Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметінің барлық жылдары ішінде 4,23%- ға бағаланады.
2010 жылы Ұлттық қор активтерінің падалылығы 8,69%құрды, өткен жлы 222,8 миллион доллар мөлшерінде инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге тұрақтандырушы портфелдің пайдалылығы 1,87% - ға тең болды, ал қордың негізгі бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98 % пайдалылық берді.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық коньюнктурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10% ), сондай - ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсуі көлемі болып табылады. Сөйтіп бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.
Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен – геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.
Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:
1. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің барлығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуіне байланысты айқындалатын респбликалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
2. республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өндеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
3. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
4. ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскерлерін сатудан түсетін жергілікті бюджеттің ресми трансферттер;
5. қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер;
Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.
Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру мен өндеу болып табылатын заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер- шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:
корпорациялық табыс салығы;
қосылған құнға салынатын салық;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
роялти ;
жасасқан келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі.
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.