Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 20:21, курсовая работа
Бүгiнгi таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргi тәуелдiлiгi Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттiк кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгiн төмендету мәселесi.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер:
1) мұнай секторы ұйымдарының тікелей салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; пайдалы қазбаларды өндіру салығы, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлестер; экспортқа рента салығы;
өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны үшін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
3. Шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар мұнай секторы ұйымдарына жатады.
Кезекті қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді.
4. Материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы құралдарына орналастырудан құралады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін республикалық бюджетке кепілді трансферт түрінде;
2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
2. Материалдық емес активтерді қоспағанда:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
3) тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кірістілігінің жоғары деңгейін;
4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастырылады.
3. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жеке және заңды тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланыла алмайды.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады
Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:
1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы туралы 2009 жылғы есеп туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 985 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы туралы 2009 жылғы есеп бекітілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты 2009 жылғы 31 желтоқсанға 4 500 703 126 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза активтері 4 009 528 878 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.
2009 жылы Ұлттық қорға 1 378 100 414 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1 371 362 802 мың теңге, оның 467 377 170 мың теңгесі (3 329 148 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын оперциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 6 083 054 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 654 091 мың теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер – 919 317 487 мың теңге.
Ұлттық қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2 898 030 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы № 189 Заңына сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 843 100 000 мың теңгенің 843 100 000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 100 % құрады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 777 Жарлығына сәйкес 2009 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі өсу деңгейін болдырмау және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін мақсатты трансферт түрінде жоспарланған 347 900 000 мың теңгеден 261 500 000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 72,2%-ын құрады.
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызмет ету механизмін талдау
2.1 Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау
Мұндай қорлар қаражатын пайдаланудың әртүрлi бағыттары бар - республикалық бюджетке түсетiн тұрақтандыру трансферттерi, сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кiрiстiң бөлiгiн халық арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және т.б.
Сол сияқты балама ретiнде мұнай ақшасын халық арасында бөлудiң мүмкiндiгi де қаралды. Алайда, бiрқатар кейбiр себептерге байланысты мұндай тәсiл бүгiнгi таңда тиiмдi бола қоймайды.
Бiрiншiден, елге мұнай долларының артық ағылуы ақша массасының ұлғаюын тудырды, ол инфляцияның өсуiне түрткi болады және ұлттық валютаның нығаюына әкеп соғады. Бұл отандық өндiрушiлердi бәсекеге қабiлетсiз етедi және бағасы арзандаған импорттық өнiмге сұранысты қайта бағдарлауға әкеп соғады. Бұл ретте, егер "саудасы қызған" секторда (тұтыну тауарлары, жабдық) жоғары сұраныс импортпен қанағаттандырылатын болса, онда елдiң iшiнде өндiрiлетiн "саудасы жүрмейтiн" сектордың тауарлары мен қызметтерi (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер, денсаулық сақтау) әкелiне алмайды, ол бағаның күрт өсуiне әкеп соқтырады.
Екiншiден, мұнайдың бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығына ұшырайды және әлеуметтiк мiндеттемелер бойынша тиiстi деңгейде есептесе алмайды. Ұлттық қордың болуы Қазақстанның фискальдық тұрақтылығына ықпал етедi, ал Ұлттық қорда қаражат жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықты тең бөлу қағидатына сәйкес келедi.
Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепiлдiк берiлген трансферттi қамтамасыз етуге және басқарумен аудитке байланысты шығыстарды қаржыландыруға жiберiлетiн болады. Бұл ретте Ұлттық қордан мұнай емес сектордан түсiмдердiң төмендеуi салдарынан ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға деген шығыстардың өсуiн қаржыландыру үшiн қосымша қаражат алынбауы тиiс, ал ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға деген шығыстардың өсуi көзделген шектеулердi ескере отырып, тапшылықты қаржыландыру шеңберiнде қарыз алу есебiнен жабыла алады.
Ұлттық қорды басқару кезiнде инвестициялық операциялардың негiзгi мақсаттары:
- Ұлттық қор активтерiнiң сақталуы;
- Ұлттық қордың активтерi өтiмдiлiгiнiң жеткiлiктi деңгейiн ұстап тұру;
- тәуекелдiң қалыпты деңгейi жағдайында ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерiнiң кiрiстiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
- Ұлттық қор активтерiнiң ұйымдық құрылымы Ұлттық қордың мақсаттарына сәйкес айқындалады.
- Ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерiнiң кiрiстiлiгiн қамтамасыз ету кiрiстiлiктiң қысқа мерзiмдi ауытқуын көздейдi.
Ұлттық қордың активтерiн басқару алдыңғы қатарлы практикаларды пайдаланумен осындай қорларды басқарудың әлемдiк тәжiрибесi ескерiле отырып және әлемдiк қаржы нарықтарының конъюнктурасы ескерiле отырып жүзеге асырылуы тиiс. Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады .
Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды .
Ұлттық қордың активтерiн орналастыру Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қаржы құралдарына жүзеге асырылуы тиiс. Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес - материалдық емес активтердi қоспағанда, Ұлттық қорды тиiмдi пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейтiн Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк кеңес органы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің функциялары:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тұтас алғанда, Ұлттық қордың активтерiн басқару саясаты консервативтiк болып қалады. Сонымен қатар, Ұлттық қордың қаражатын басқару кезiнде инвестициялық операциялардың негiзгi мақсаттары сақтау, өтiмдiлiктiң жеткiлiктi деңгейiн ұстау, тәуекел деңгейi орташа болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада кiрiстiлiктi қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық қор активтерiнiң ұйымдық құрылымы оның мақсаттарына сәйкес айқындалады.
Ұзақ мерзiмдi перспективада Ұлттық қор активтерiнiң кiрiстiлiгiн қамтамасыз ету кiрiстiлiктiң қысқа мерзiмдi ауытқуын көздейдi. Ұлттық қордың активтерiн сенiмгерлiк басқаруды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi, қызметiн жалпы үйлестiрудi Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес жүзеге асырады.