Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 23:56, доклад
Сыртқы маңызды саяси оқиғалардың арасынан еліміздің 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) кіргендігін, Европадағы қауіпсіздік және әріптестік Ұйымына (ОБСЕ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына (ЮНЕСКО), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) мүше болуы, өзге де кеңес дәуірінің мемлекеттерімен ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қоюы (ДКБ), Азиядағы сенімді өзара қарым-қатынас және шаралар қабылдау жөніндегі Кеңес құру бастамашылығын көтеру (СВМДА)атап өткен жөн.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕЙТИНГІ
АВТОРЫ: ADMIN. КҮНІ: 02.10.2012. САЯСИ РУБРИК
Ағымдағы жылы Қазақстанның жаңа тәуелсіз және толық құқықты халықаралық қатынастар субъектісі ретінде әлемдік сахнаға шыққанына тура 20 жыл болды.
Сыртқы маңызды саяси оқиғалардың арасынан еліміздің 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) кіргендігін, Европадағы қауіпсіздік және әріптестік Ұйымына (ОБСЕ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына (ЮНЕСКО), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) мүше болуы, өзге де кеңес дәуірінің мемлекеттерімен ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қоюы (ДКБ), Азиядағы сенімді өзара қарым-қатынас және шаралар қабылдау жөніндегі Кеңес құру бастамашылығын көтеру (СВМДА)атап өткен жөн.
Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың жетекші қатысушысы, сонымен қатар, әр түрлі мемлекетаралық және интеграциялық жобалардың бастамашысы ретінде маңызды рөл атқарады. Біздің Қазақстан тарихындағы салтанатты жетістігі және оның саяси салмағы мен беделін сыртқы әріптестерінің жалпылай мойындауының айғағы еліміздің 2010 жылы ОБСЕ төрағалық етуі болды.
Сонымен бірге Қазақстаннның кез келген халықаралық бастамашылығы тек республикаға ғана емес, ең алдымен оның азаматтарына да саяси және экономикалық тиімділік әкелетіндігін түсіну қажет. Әсіресе бұл бүгінгі күні республикамыз Ресей және Беларусиямен бірлесе отырып 2015 жылы Евразиялық экономикалық одақ құру бағытында интеграциялық жобаларды жүзеге асыру кезінде өзекті болып отыр. Сәйкес үрдістер едәуір ауыр өтуде және қазақстандық қауымдастықтардың ішкі және топтар арасындағы әр түрлі мағынадағы қайшылықтар туындатады. Осының бәрін, Қазақстан басшылығы алдағы уақыттағы республиканың сыртқы саяси бағытын белгілеуде екіжақты, сондай-ақ көп жақты әріптестік құру шегінде ескерілуі қажет.
Осыған орай, «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі осы жылдың қыркүйегінің екінші жартысында Қазақстанның әр түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарға қатысуның саяси, экономикалық және де өзге де тиімділігіне қатысты максималды объективті бағасын алуға бағытталған рейтингтік зерттеу жүргізді.
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ең алдымен, зерттеуге енген халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарға Қазақстанның қатысуының ұлттық мүддеге сәйкестігі сауалнамаға қатысушылардың бағалауы бойынша орташа жоғарылықты көрсетеді (4 балл). Бұл еліміздің аталған ұйымдарға қатысуы ұлттық мүдделерге максималды сәйкес келетіндігі туралы куәлендіреді.
Осыған қарамастан осындай сәйкестіктер лидерлерінің бестігіне енгендер:
Заманауи әлемдік тәртіп жағдайында БҰҰ оған енген елдермен арадағы қарым-қатынаста төреші рольін атқаруға көп күш жұмсайды және оның шешуші мақсаттары мен міндеттері формалды сипат алады, ол әлемдік қаумыдастықтың қызметінің барлық аспектілерін қамтитын ауқымды көлемдегі бірден бір ұйым болып қала бермек. Қазақстан үшін БҰҰ өзіне қажетті мәселелерді көтеру және халықаралық деңгейде өзін тиімді бағыттау үшін жақсы алаң болып табылады.
Қазақстан ШОС және ОДКБ, ең алдымен, оның ұлттық қауіпсіздігінің әлеуетті кепілі, ол өз кезегінде республиканың ұлттық мүддесін қорғаумен байланысты тұрғыда.
ТЮРКСОЙ Қазақстан үшін өзге түркі тілді елдермен өз ара қарым-қатынасты қамтамасыз етудің шешуші тетігі болып табылады. Ол өзінің саяси толықтыруын 2009 жылы дұрылған Түркі тілдес мемлекеттердің әріптестік Кеңесі тарапынан алды.
Сонымен, Кеден одағы және БЭК келсек, еуразиялық интеграция үрдісі шегінде барлық күрделі және әр түрлі сәттердің тоғысуын пікір білдірушілер Қазақстанның аталған ұйымға қатысуын оның ұлттық мүддесіне қайшы келетінідігіне қарай бұрмалады.
Қазақстанның ұлттық мүддесіне аз әсер ететін ұйымдар — Солтүстік атлантика шартының аясындағы Ұйымы (НАТО), Евро-Атлантикалық әріптестік кеңесі және «Бейбітшілік үшін Әріптестік» бағдарламасы (4,35 балл), сондай-ақ Экономикалық әріптестік ұйымдары (ЭӘҰ) (сәйкес 4,5 балл).
10 азиялық мемлекеттен құрылған ЭӘҰ өңірлік сипаты, оның шегінде мемлекет аралық әріптестік үшін мәселелердің салыстырмалы аздығының тізбесінің осы ұйым тарапынан Қазақстан үшін қандайда бір ауқымды тиімділікті анықтауға мүмкіндік бермейді. НАТО институттарына қатысты, осы әскери-саяси блокқа Қазақстанның толық құқықтық мүшеліксіздікке ұсынылуы өзінің ұлттық мүдделеріне оның тарапынан маңызды қолдау таппайды. Одан басқа Қазақстанның сыртқы саясатындағы Ресей мен Қытайдың пайдасына басымдылығы оның НАТО-мен өзара қарым-қатынасын шектейді.
Қарастырылып отырған халықаралық және мемлекетаралық ұйымдардың бірде бірі Қазақстанның ішкі саясатына елеулі әсер етпейді. Сондықтанда, респонденттердің бағалары 5 және одан жоғары балл деңгейінен шыққан жоқ.
Осыған қарамастан, респонденттер Қазақстанның ШОС және ОБСЕ қатысуы контекстінде тиімділіктің барлығын аңдатты(сәйкес 4,39 және 4,29 балл). Осы кезде, осы халықаралық ұйымдар өз құрамы күшінде және өз қызметі сипатында республикадағы ішкі саяси үрдістер үшін тікелей кері әсер етеді. ШОС өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және осыған байланысты қатысушы-елдердегі саяси тұрақтылықты, «түсті революциялардың» орын алмауына мүдделі. Сондай-ақ, соңғы уақытта осы ұйымның ақпараттық қауіпсіздікке назар аударатындығы жайдан-жай емес. ОБСЕ Қазақстанда демократияның дамуына қолдау көрсету және азамат бостандығы мен құқығының сақталу жағдайларын жақсарту тарапынан көзқарасын өзгертпейді.
ЭӘҰ мен НАТО институтарына Қазақстанның қатысуы ішкі саясатқа аз тиімділігін тигізеді (2,76 және 2,85 балл). Осыларға қарап, осы халықаралық ұйымдардың жалпы қызметінің ерекшелігі және олардың жұмысына салыстырмалы түрде Қазақстанның қатысуы ЭӘҰ мен НАТО оның ішкі саясатына әсер етуіне мүмкіндік бермейтіндігі мәлім.
Сыртқы саясат саласында Қазақстанның БҰҰ-на (5,68 балл),ШОС-қа (5,4 балл) және ОДКБ-ға (5,11 балл) қатысуы жеткілікті тиімділік береді. Сыртқы саясатта ЭӘҰ мен ТЮРКСОЙ өзінің қатысуынан Қазақстан аз басымдылыққа ие (сәйкес 3,32 және 4,17 балл). Бұл жағдай осы халықаралық ұйымдардың экономикалық және мәдени мәселелерге қатысты қызметтерінің сипатымен түсіндіріледі.
Көпжақты форматта экономикалық әріптестік в Қазақстан үшін максималды тиімділікті көрсеткені, оның Евразиялық экономикалық қауымдастық шегіндегі қатысуы (ЕврАзЭК) (4,85 балл) және Кеден одағы / БЭК (4,71 балл). Көріп тұрғандай, осы жағдайда сөз Ресей және Беларусьпен бірлескен интеграциялық жобалар туралы сөз болып отыр. Бұл тенденция әсіресе осы елдермен Қазақстанның келтірілген тауаралмасу көрсеткішінің ресми статистикалық жиынтығында көрініс алады. ЭӘҰ сәйкес рейтингте үшінші орынды иеленді (4,19 балл).
Қауіпсіздік саласындағы әріптестік мәселелері бойынша лидерлер үштігіне тағы да ОДКБ (5,37 балл), ШОС (5,06 балл) және БҰҰ (4,76 балл) енді.ОДКБ лидерлік бағыты көбінде Шұғыл әрекет етуде ұжымдық күш (КСОР) тарапынан өзінің жауапкершілікті өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі оның нақты құралдарының бар болуымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, осы жылдың маусым айында қарастырылып отырған ұйым мүшелігінен Өзбекстанның шығуы респонденттердің осы бағалауына іс жүзінде әсер етпеді.
Осы рейтингте екінші орында ШӘҰ тұруы, ең алдымен, оның жалпы әлеуеттілігі мен Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының болуынан емес (РАТС), осы ұйымның Қытай мен Ресейдің екі жақты өзара қарым-қатынастар шегінде Қазақстанға көлемді қауіпсіздік кепілін беруге дайын екендіктерін көрсетумен түсіндіріледі.
БҰҰ, өзінің ауқымды деңгейіне және өкімдігінде бебітшілік орнату сияқты, бебітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қолдау үшін маңызды құралы бар болғандығына қарамастан сарапшылар ОДКБ мен ШӘҰ-нан кейін үшінші орынды ұйғарды. Бұл Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өңірлік тетіктерін қалайтындығын білдіреді.
Осы қарастырылып отырған халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарының, сол немесе өзгелерінің қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесімен байланысты, соңғы орынға ие болғаны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) (3,91 балл). Бір жағынан, ТМД қызметті жүзеге асыру үшін Қорғаныс министрлері Кеңесі, Біріккен ҚӘҰ жүйесі және Терроризмге қарсы орталық тәрізді құралдарға ие. Екінші жағынан, ТМД өзінің бұрыннан номиналды қалыптасқан және оның құрамына кіретін президенттер клубы қалпында нақты әрекет етеді.
Мәдени-гуманитарлық әріптестік саласында Қазақстан үшін тиімділік тұрғысынан Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) (5,52 балл) және ТЮРКСОЙ (5,27 балл) көшбасшылар болып табылады.
Жалпы қорытындылары мен тұжырымдамалары
Зерттеліп отырған халықаралық және мемлекетаралық ұйымдармен Қазақстанның әріптестікте болуының орташа бағалау индексін ескере отырып жалпы сипаттамасында біздің еліміз үлкен тиімділік алатындары:
ТМД осы сәйкес ұйымдардың тізбеге ілігуі барлық қарастырылып отырған бағыттар бойынша, қауіпсіздік саласын қоспағанда, оның бағасы орташадан төмен деңгейге түспегендігімен түсіндіріледі (4 балл). Сонымен бірге, мәдени-гуманитарлық желі бойынша Қазақстанның ТМД өзара қарым-қатынаста болуы салыстырмалы түрде жоғары бағада екендігін атап өткен жөн (4,63 балл), ең алдымен, бір-бірінің аумағында ТМД қатысушы-елдер азаматтарының кедергісіз қозғалу факторын ескергенде.
ОБСЕ жоғарыда аталған бағыты, ең алдымен, осы ұйымға Қазақстанның төрағалық ету үшітігі жұмысының 2009-2011 жж. аяқталуы, халықаралық деңгейдегі республика басымдылығының өзге сыртқы саяси әріптестіктерге қарай ойысқанымен байланыстыруға болады.
ОБСЕ-мен Кеден одағы және БЭК интеграциялық құрылуы бір деңгейде болуы орынды. Дегенменде, оларға қатысу бүгінгі күні Қазақстанның сыртқы саяси және сыртқы экономикадағы шешуші бағыттарының бірі болып отыр. Соған қарамастан, Кеден одағы және БЭК шегінде сауда-экономикалық мәселелерде біздің ел үшін оң шешімдер байқалмайды. Сонымен бірге Ресейдің Евразиялық парламент құру ұсынысына қатысты Қазақстанның кейбір танымал ресми тұлғаларының сыни пікірлер білдірулері де көрсетіп отыр.
Жалпы рейтингте өте төмен орын алғандары:
Соңғы жағдайда, бірқатар саяси факторлар қатарында СВМДА беделді және Азияның барлық елдерін біріктіретін ұйымдар деңгейіне көтерілген жоқ және өзінің белгілеген мақсаттары мен міндеттерін орындауға әлі қауқарсыз.
Тұтас алғанда, осы зерттеудің нәтижелері келесі қажеттіліктерді анықтады:
«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі осы рейтингтік зерттеу нәтижесі қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен назарға алынатындығына және алдағы уақытта әр түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдармен саясат құру үрдісінде пайдасы болуына үміт артады.