Қазақстанның мұнайгаз секторы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 16:33, реферат

Краткое описание

2000 жылдан бастап Қазақстан елеулі экономикалық өсу кезеңін өткеруде. Мұндай өсудің екі басқы катализаторы экономикалық реформалар мен басым бөлігі энергетикалық секторда шоғырландырылған шетелдік инвестициялар болып табылады. Шикі мұнайдың экспорты айтарлықтай өсті және Қазақстан бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының арасында Ресейден кейінгі екінші мұнай өндіруші болып табылады. Қазақстанның Каспий аймағында шикі мұнайдың ірі дәлелденген қорлары бар. Бритиш Петролеумның статистикалық деректеріне сәйкес көміртектерінің расталған қорлары құрылықта да, және теңіз қайраңында да 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 5,5 млрд. тонна (40 млрд. баррель) шегінде бағаланады.

Файлы: 1 файл

Қазақстанның мұнайгаз секторы.docx

— 17.25 Кб (Скачать)

                   Қазақстанның мұнайгаз секторы

        2000 жылдан бастап Қазақстан елеулі экономикалық өсу кезеңін өткеруде. Мұндай өсудің екі басқы катализаторы экономикалық реформалар мен басым бөлігі энергетикалық секторда шоғырландырылған шетелдік инвестициялар болып табылады. Шикі мұнайдың экспорты айтарлықтай өсті және Қазақстан бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының арасында Ресейден кейінгі екінші мұнай өндіруші болып табылады. Қазақстанның Каспий аймағында шикі мұнайдың ірі дәлелденген қорлары бар. Бритиш Петролеумның статистикалық деректеріне сәйкес көміртектерінің расталған қорлары құрылықта да, және теңіз қайраңында да 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 5,5 млрд. тонна (40 млрд. баррель) шегінде бағаланады. 
 
Қазақстанда солтүстік аймақты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін Павлодарда, батыс аймақта Атырауда және оңтүстік аймақта Шымкентте есепті қайта өңдеу қуаты жылына 21,0 млн. тоннаны (шамамен алғанда күніне 427 мың баррель мұнайды) құрайтын үш ірі мұнай өңдеу зауыты бар. 
 
2008 жылы бұл үш мұнай өңдеу зауыты бірлесіп шамамен алғанда 13,5 млн. тонна шикі мұнай өңдеді. Павлодардағы МӨЗ шикі мұнайды негізінен алғанда батыс-Сібірден алады, АМӨЗ тек Қазақстанның батыс аймағынан отандық мұнайға жұмыс істейді, ал Шымкенттегі МӨЗ қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік аудандарының мұнайын пайдаланады. АМӨЗ оған отын бойынша қолданылып жүрген Еуропалық стандарттарды қанағаттандыру үшін мүмкіндік беретін бірқатар қосымша қуаттарды пайдалануға қосу үшін жетілдіру процесінде.  
 
Қазақстан газдың нетто-экспортшысы болып табылады. Қазақстандағы газ қорларының басым бөлігі елдің батысында Каспий теңізінің маңында. Шамамен алғанда 25% дәлелденген қорлар Қарашығанақ кен орнында орналасқан.

Мұнай тасымалдау

Қазақстанның  географиялық жағдайы көрші елдер арқылы өтетін мұнай құбырларының инфрақұрылымы халықаралық рыноктарға шығуға мүмкіндік беретіндіктен көмірсутектері қорларын пайдалануда маңызды рөл атқарады.  
 
2001 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан КҚК мұнай құбыры басты экспорттық артерия болып табылады. Оның ұзақтығы 1510 километрді құрайды. Ол Теңіз кен орнынан бастау алады, Ресейдің аумағы арқылы өтеді және Қара теңіздегі Ресейдің Новороссийск портының маңындағы КҚК теңіз терминалында аяқталады.  
 
ӨАС құбыр желісі Атырау және Маңғыстау аймағындағы мұнай кен орындарының мұнайын Ресейге тасымалдау үшін қызмет етеді. Құбыр желілері жүйесінің ұзақтығы Қазақстанның оңтүстік-батысындағы Өзеннен бастап Каспийдің Атырау портына дейін шамамен алғанда 1232 километрді құрайды. Одан кейін құбыр желісі Ресей аумағы арқылы өтеді және Самарада ресейлік «Транснефть» жүйесімен қосылады. 2002 жылдың маусымында Қазақстан Ресеймен мұнай транзиті туралы 15 жылға арналған шартқа қол қойды. Бұл шартқа сәйкес Қазақстан Ресейдің құбыр желісі жүйесі арқылы жылына кемінде 17,4 млн. тонна шикі мұнайды (күніне 350000 баррель мұнайды) экспорттайтын болады.  
 
Ұзақтығы 1767 километрді құрайтын Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр желісі шикі мұнайды Бакуден (Әзербайжан) Түріктің Жерорта теңізінің жағалауындағы Джейхан портындағы жаңа теңіз терминалына жеткізуге мүмкіндік береді және Каспий мен Жерорта теңіздерінің арасындағы алғашқы тікелей құбыр желісі байланысы болып табылады. 2010 жылға қарай Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр желісі 50 млн. тонна (күніне 1,0 млн. баррель) мұнай тасымалдайтын болады. Құбыр желісінің құрылысы 2005 жылдың мамырында аяқталды және ол 2006 жылдың шілдесінде пайдалануға қосылды. Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр желісі Каспий теңізінің әзербайжандық секторындағы Азери-Чираг-Гюнашли кен орындарының өнімдерін айдамалау үшін пайдаланылатын болады деп ұйғарылған еді, алайда, құбыр желісі толық пайдаланылмаған өткізу қабілетіне ие екендігіне байланысты ол Каспий теңізі бойынша танкермен Қазақстаннан Бакуге жеткізілетін шикі мұнайды тасымалдау үшін де пайдаланыла алады.  
 
2005 жылдың желтоқсанында Қытай мен Қазақстан Атырау-Душанцы құбыр желісінің бір бөлігі болып табылатын ұзақтығы 614 миль Атасу-Алашанькоу құбыр желісі учаскесін пайдалануға енгізді. Атырау-Алашанькоу құбыр желісінің бастапқы өткізу қабілеті кейін 20 млн. тонна/жылға (күніне 400 мың баррель мұнай) дейін жоспарлы арттыру арқылы 10 млн. тонна/жылды (күніне 200 мың баррель мұнайды) құрайды.

Информация о работе Қазақстанның мұнайгаз секторы