Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 16:33, реферат
2000 жылдан бастап Қазақстан елеулі экономикалық өсу кезеңін өткеруде. Мұндай өсудің екі басқы катализаторы экономикалық реформалар мен басым бөлігі энергетикалық секторда шоғырландырылған шетелдік инвестициялар болып табылады. Шикі мұнайдың экспорты айтарлықтай өсті және Қазақстан бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының арасында Ресейден кейінгі екінші мұнай өндіруші болып табылады. Қазақстанның Каспий аймағында шикі мұнайдың ірі дәлелденген қорлары бар. Бритиш Петролеумның статистикалық деректеріне сәйкес көміртектерінің расталған қорлары құрылықта да, және теңіз қайраңында да 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 5,5 млрд. тонна (40 млрд. баррель) шегінде бағаланады.