Қазақстан азамат соғысы жылдарында

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 20:59, реферат

Краткое описание

1917 жылғы Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әртүрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контр-революциялық бүліктерді батыл да шұғыл тасып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау)қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты.

Оглавление

1.Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы
2. Антикеңестік күштер
3.Әскери коммунизм саясаты
4. Кеңестерге қарсы күрес
5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

азамат согысы.docx

— 63.06 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

                                          Қазақстан тарихынан

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан  азамат соғысы жылдарында

 

 

 

 

                                                                      Орындаған:

                                                                      Тексерген:

 

 

                                  

 

                                    Өскемен,2012

 

                                                    Мазмұны

 

1.Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы

 2.  Антикеңестік күштер

3.Әскери коммунизм саясаты

4. Кеңестерге қарсы күрес

5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1917 жылғы Қазан революциясының  жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің  қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әртүрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контр-революциялық бүліктерді батыл да шұғыл тасып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау)қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контр-революциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады. 
1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алаш ордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес үкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы күресте ақгвардияшылар казак станицалары мен орыс селоларындағы бай-құлақ элементтеріне сүйенді, жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктерден қолдау тапты. 
1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттердің көмегімен Сіібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактандан құралған корпустың Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығрып, Сібір мен Оралдың темрі жол бойындағы бірқатар қалаларын басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа ды елді мекендерді жаулап, ондағы кеңес өкіметнің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жердегі кеңес өкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, Пю Салов және тағы басқаларын азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Уушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп, интервенттер мен ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды. 
1918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі казак-орыс станицаларында Кеңес өкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу облыстық атқару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды. Атаман Анненковтың дивизиясына және басқа да әскери бөлімдерге қарсы кескілескен ұрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар тұрғындарының ақ гвардияшылармен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында «Черкасск қорғанысы» - деп аталды. 
Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес өкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды. 
Кеңес елі үшін еңбасты майдан – Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылдың 2 маусымында Орынбор қаласынан Қызыл армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Осыған орай Ақтөбе майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т.б. қалаларда құрылған отрядтар көмекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК-нің 1918 жылғы 29 мамырда қабылданған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Х. Чурин, Ж. Сәрсенов, Х. Ишанов, Б. Жәнікешев т.б. қызмет етті. Сол жылдың қараша айында Ақтөбе майданына Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. 
2.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі баолық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, қызыл армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс,Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» сачсаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алында, Бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауды көбейтуге Қызыл Армияны, жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді. 
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. 
1918 жылы күзде 1 және 4 Қызыл армия бөлімдері шабуылға шығып, Бугурслан, Бұзылық, Қазан, Александров-Гайды босатып, Орынбор мен Орал қалаларына жақындады. Сөйтіп, Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылдың 22 қаңтарында Орынборда, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан және Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 
1919 жылы көктемде М.В. Фрунзе басқарған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал В.И. Чапаев басқарған 25 дивизия оңтүстік-батыс аудандарында соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Қазақстанда Колчак тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. 1918жылы желтоқсан айының аяғында Ә. Жанкелдин, А. Иманов және Ырғыз отрядының біріккен күшімен Торғайда кеңес өкіметі қалпына келтірілді. Бұл кезде Ақмола, Семей облыстарында да партизандық қозғалыстар өрістеді. Павлодар, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизандар қозғалысы кең өріс алды. Тарбағатай мен Алтайдың «Тау қырандары» отрядтарының қозғалысы, Жетісудағы Черкасск қорғанысы Қазақстандағы азамат соғысы тарихында елеулі оқиға болды. 
1919 жылдың жазында қызу шайқастардың барысында Колчак Армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінді. Колчактың «Оңтүстік армиясы» Түркістан майданының қызыл әскер бөлімдері 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында құртып жіберді. 
Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына септігін тигізді. 1919 жылы шілдеде қоршауда қалған Орал қаласы азат етілді, 1920 жылы 5 қаңтарда Гурьев (Атырау), ал 8 қаңтарда Доссор мұнай кәсіпшілігі жаудан тазартылды. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мұндағы ақтардың қарсылығын тезірек басуға мүмкіндік береді. 1920 жылдың көктемінде Үржар, Арасан станицалары, атаман Анненковтың штабы орналасқан Үшарал поселкісі босатылды. 29 наурызда Қапал бекінісі құлаған соң Абакумовка, Ақсу, Сарқант және басқа да станицалар азат етілді. Атаман Анненков және оған қосылған Дутов басқарған ақ гвардияшылардың қалдықтары Синьцзянға қашты. Нәтижесінде 1920 жылғы наурыз айында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды. 
Қазақстан жеріндегі ірі-ірі соғыс қимылдары М.В. Фрунзе, М.Н.Тухачевский, В.И.Чапаев сияқты белгілі әскери қолбасшылар, И.П. Белов, И.С. Кутяков, А.Имановт.б секілді талантты қызыл әскер командирлері басшылығымен жүзеге асырылды. 
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. 1920 жылғы 12 маусымдағы Верныйдағы бүлік соның көрінісі еді. Бүлікті басуды іске асырғандар арасында Д.А.Фурманов, И.П.Белов, Ғ.Мұратбаев, Б.Шагабудинов, т.б. болды. 
3.Қызыл Армия бөлімдері жұмысшылардың деревня мен ауыл-село кедейлерінің белсене қолдауымен қысқа мерзімде контрреволюциялық бүліктердің бәрін жойды. Қазақстанда жаңа өкімет орнатудағы күресі жеңіске жетті. 
1920 жылы 17 тамызында РКФСР Халық Комиссалары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 
1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссалары кеңесі М.И.Калинин мен В.И.Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасын құру туралы» Декрет қабылдады. 
1920 жылы 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қаз. АССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызықл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекіттіі. С.Меңдешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньченковичті бас етіп Халық Комиссалары Кеңесін (ХКК) сайлады

Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысыныңарасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.

Антикеңестік  күштер


Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа  Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.

  1. жылы 1(14) қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлерВерный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.
  2. жылы жазға қарай кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды. 

Ақ гвардияшылар коммунистерді, белсенді кеңес қызметкерлері мен оларды жақтаушыларды қатаң жазалады. Мәселен, К. Сүтішев, И. Дубынин, П. Калюжная, Г. Ыдырысов, К. Шұғаев, И. Салов және т.б. көптеген адамдар қаза тапты. Өскемен Кеңесінің басшысы Яков Ушановты кеменің оттығына тірідей жағып жіберді.

Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады.

22 шілдеде Жетісу облысы атқару  комитетінің қаулысымен Жетісу  майданы әскерлерінің штабы құрылды.  Алайда облыстың біріккен қарулы  күштері ақ гвардияшыларға соққы  бере алмады. Қызыл гвардия отряды  командир И. Мамонтовтын қайтыс  болуына байланысты Абакумов  станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.

1918 жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.

Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық  ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті  майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті  тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі  туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты  деп аталатынэкономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.

«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» . алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.

Әскери  коммунизм саясаты


«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда  да іске асырылды. Қазақстанның революция  орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің  едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне  тән ерекшелігі және басқа факторлар  өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты  өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды..

Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда  болды.

Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған  Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.

Қазақстанның көптетен өңірлерінде  Азамат соғысының етек жайып, Кеңес  өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда  атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.

Азамат соғысының барысы саяси  шешімдерді қарулы күштердің қимылымен  бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде  қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілказақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы  жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін  жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.

1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі  жергілікті жерлерде нақты билікке  қол жеткізу үшін біркатар  декреттер қабылдады, соған сәйкес  Алаш автономиясыныңаумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.

1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен  «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда  Уақытша үкіметтің қаулысымен  енгізіліп, оны Кеңес өкіметі  жойып жіберген земстволық мекемелер  қайта қалпына келтірілді».  Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресей үкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.

Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды  мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында  саяси жағдай әр түрлі еді. Алаш қайраткерлерінің басқа саяси күштерге қатынасы да түрліше қалыптасты. Бөкейханов пен  онын айналасындағылар бұл жағдайларды  толықтай есепке алды. Семейде Кеңес  өкіметі құласымен осында келген Ә.Н. Бөкейханов жаңа жағдайда қимыл  жасау тактикасы туралы нұсқау берді. Облыстар мен уездердегі өз әріптестеріне  тапсырыс берген нұсқауларының мәтіні Алаш көсемінің мәселеге әр қырынан келгендігін көрсетеді. Мәселен, Орынбордағы Торғай облыстық Алаш комитетінің басшысы Сейітқазым Қадырбаевқа жіберілген жеделхатта былай делінеді: «24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Басқа облыстарда да тізе қоса отырып жұмыс істейміз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Олардың мүшелері земстволық мекемелерден құралсын. Уездік бөлімдер 3—5 адамнан тұрады, олардың біреуі қазақ милициясына қатысты істерді жүргізеді. Екіншісі ақша қаражатын жинаумен айналысады. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды.

Алашорда саясат және мәдениет саласындағы қазаққа қатысты істерді жүргізеді. Қазақ халқы үшін Алашордадан басқа өкімет жоқ. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Семейлік жігіттер Алтай губерниясындағы ұрыстан жеңіспен оралды... Дутовпен және Ахмед-Закимен (Валидимен) байланысыңыздар, Түркістанды большевиктерден азат ету үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бұл мәселеде Алашорда Дутовпен және Ахмед-Закимен бірдесе әрекет етеді.

Әлімхан (Ермеков. — авт.), Ахмет(Байтұрсынов. — авт.) және Мырзағазы (Есболов. —  авт.) Омбыдағы Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуде. Большевиктер құйыршықтарына ешқандай аяушылық болмасын! Алашорда төрағасы Әлихан (Бөкейханов)». 

Алаштың Орал облыстық комитетінің басшылығына Ә. Бөкейханов қосымша мынадай ұсыныс жасады:«... он жетінші, он сегізінші жылдардың салығын жинауға дереу кірісіңіздер, атты милицияға адам тартыңыздар, бірінші кезекте еріктілерді алыңыздар... милиция құрамын жасақтау жеделхатты алған күннен бастап үш апта ішінде аяқталуға тиіс».  Омбы, Зайсан, Өскемен, Көкпекті, Қарқаралы, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Баянауылдағы Алаш комитеттеріне келетін болсақ, олар мұнымен қоса қазақ халқынын өкілі міндетін мойнына алып, «Сібірлік уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. 

Алайда ұлттық автономия идеясы большевиктер тарапынан кеңестік тұғырнама  мен таптық принцип тұрғысында ғана қолдау тапты. Басқа саяси күштердің  бәрі бұл идеяның шешімін Бүкілресейлік  Құрылтай жиналысының еркімен байланыстырды.

Кеңестерге  қарсы күрес


Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы  күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда үкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. II Бүкілқазақ съезінің шешімдері мен Алаш бағдарламасының жобасы ұлттық автономияның құрылуын қарастыра отырып, шын мәнінде конфедерациялық демократиялық республика идеясынан келіп шықты. Большевиктік емес барлық саяси партиялардың бағыт-бағдарына келетін болсақ, кейбіреулері федерацияның қажеттігін үстірттен ғана мойындаса да, іс жүзінде унитарлық мемлекеттің жақтастары болып қала берді.

Екіншіден, желтоқсан съезі автономия туралы шешім қабылдай отырып, мемлекеттік күйреуіне, тоқырауға тұтастай бетімен кетушілікке (анархия) алып келген елдегі жағдайға берілген саяси бағаны басшылыққа алды. Большевизм осы анархиямен теңестірілді. Большевиктер билігін құлатып, кадет-әсерлер үкіметін орнату ақгвардияшылардың есебі бойынша олар анархия мен бүліншілікке тоқтау салады, соған сәйкес автономия идеясы қажет емес деп есептеді. Үшіншіден, облыстық және уездік орталықтарға алашордалық басқару органдарын құру туралы жеделхаттарын жібере отырып, Ә.Н. Бөкейханов пен оның жақтастары өздерінің қолданып отырған шараларының уақытша сипат алатынын көрсетті. Төртіншіден, жеделхаттарда биліктің ұлттық органдары «жергілікті земстволық қалалық өзін-өзі басқару ісіне араласпайды». өз қызметін тек қазақтар арасында ғана жүзеге асырады делінді. Елде бір орталықтан баскарылатын билік органы болмады. Ақмола мен Семей облыстарында Сібір үкіметімен қатар Сібір қазақ әскерінің билік аппараты да қызмет етті. Оралда Орал қазақ әскери билігі мен Алашорда үкіметі орнады. Жағдай былайша өрбіді: Заңдылық пен билік қала мен поселкелерде бір түрлі, станицаларда екінші түрлі, ауылдарда үшінші түрлі әрекет етті. Ұлт өкілдері аралас елді мекендерде, ондайлар аз болмайтын, адамдардың қандай да болсын бір билікке бағынудан бас тартқан кездері жиі болып тұрды, олар өзіміздің өкіметіміз бар дегенді алға тартты.

Информация о работе Қазақстан азамат соғысы жылдарында