Қазақстан азамат соғысы жылдарында
Реферат, 07 Октября 2012, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
1917 жылғы Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әртүрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контр-революциялық бүліктерді батыл да шұғыл тасып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау)қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты.
Оглавление
1.Өлкеде азамат соғысының басталуы және оның барысы
2. Антикеңестік күштер
3.Әскери коммунизм саясаты
4. Кеңестерге қарсы күрес
5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Файлы: 1 файл
азамат согысы.docx
— 63.06 Кб (Скачать)Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның
кеңестік өңірлерінде Қызыл армия
бөлімдерін құру едәуір табысты өтті.
Қызыл армия қатарына орыстарме
1919 жылы Степан Разин атындағы
алғашқы орынборлық қазақ
Ақ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар және басқалар да қатысты.
Қазақстан аумағында ак гвардияшылар
басып алған жерлерде партизандық
қозгалыстар мен халық
- жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында майдандардағы оқиғалар, әрине, ақтардың пайдасына қарай epic ала қоймады. Ақ гвардияшылардың аса қуатгы күші — қайта топтастырылған және қосымша күштермен нығайтылған А. Колчак әскері Орынбор мен Орал қазақтарына дер кезінде көмек көрсете алмады, осы себептен Қызыл әскерлер екі қазақ әскерінің
де әкімшілік орталықтарын басып
алып, бүкіл Орынбор—Ташкент магистра
- жылы наурызда Шалқар стансасында Кеңес комиссары Ә. Жангелдинмен кездескен А. Байтұрсынов Мәскеуге жүріп кетіп, онда Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариаты Қазақ бөлімінің құрамына енгізілді.
Алашорда көсемдерінің жағдайы 1919
жылы көктемде бірқатар себептерге байланысты
мүлде күрделеніп кетті. Колчактык
режим шын мәнінде монархиялық
билікті қайта орнатуды көксеушілердің
диктатурасы болды. Ол 1918 жылы қарашада
билікке келген бетте Сібір мен
Қазақстанның солтүстігінде Кеңес
өкіметін құлатуда көрнекті рөл атқарған
әсерлерге қарсы жазалау
1919 жылы наурызда тұтқынға
Ақтар режимі Алашордаға сенімсіздік
білдірді, кейде жаулық пиғыл танытып
қауіп төндірді, сөйтіп одақтасының
мүлде түңілуін тудырып қана қоймай,
оған ұлттың өз тағдырын өзі анықтау
проблемасын шешудің басқа
Екі оттың ортасында қалған үш елдің шешімі
Екі оттың (Кеңестер мен ақтар қозғалысының)
ортасында қалған Қазақстан мен Татарстан және Башқұртстан ұлттық-демократиялық қозғалысы
Мен Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановқа хат жаздым... Онда мына төмендегілерді айттым: «Жақын күндері кеңестер жағына өтпекпіз... Сіздер олардың жағына өту амалсыз шара екенін білуге тиіссіздер. Оған бізді Колчакка деген шексіз өшпенділік итермелеп отыр... Біз өзіміздің ұлттық принциптерімізге, Алашорда үкіметімен келісімдерімізге адал күйімізде қаламыз. Өздеріңіз білесіздер, Кеңестермен бейбіт келісімге қол жеткізуге сенім жоқ, олардын айтқан сөзіне сенуге болмайды».
Алашорда көсемдерінің амалсыз Кеңес өкіметі жағына шығу қажеттігі жөнінде Зәки Валидимен ниеттес болғаны айқын байқалады.
Ұлттық қозғалыс көсемдері трагедиясының мәні, басқа түскен қос ауыртпалықтың қайсысының қасіреті аздау көрінгенін амалсыз тандауында жатыр.
Сол кездегі елдегі аса күрделі саяси жағдай Алаш қайраткері А. Байтұрсыновтың көздеген ойының жүзеге асуын аса күрделендіріп жіберді. Солай бола тұра, оның көрсеткен үлгісі босқа кетпеді. Кеңес өкіметі қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құруға әзірлік жасау жөнінде шешімге келді. Ә.Т. Жангелдин кейін айтып кеткендей, большевизм жағының және Алашорданың өкілдері, яғни тең дәрежедегі ұлттық қайраткерлер ұсынған бұл органды Мәскеу оң қабылдады. 1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ. - К.Н.) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» («Казревком») құру туралы декретке қол қойды.
Казревком құрамына С. Меңдешев, А. Байтұрсынов, С. Пестковский (төраға), кейінірек Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, В. Лукашев, К. Сидоров және басқалар енгізілді.
Казревком төрағасының орынбасары
ретінде А. Байтұрсынов «Жизнь национальностей»
(«Ұлттар өмірі») газетіне «Революция
және қазақтар» деген мақала жариялап,
онда Алаштың басшылығы мен
Қазақтарда өмірдің өзі
А. Байтұрсыновтың бастамасы бойынша Казревком 1919 жылдың жазы мен күзі аралығында Алашорданың басқа мүшелерінің Кеңес өкіметі жағына өту, бұл отудің шарттары, сондай-ақ алаш қозғалысына қатысушыларға тұтастай рақымшылық жасау туралы мәселені бірнеше дүркін талкылады.
1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың
басында белгілі болғанындай,
А. Байтұрсынов пен оның
- өз атынан немесе басқа да барлық қазақтармен бірге Кеңес өкіметін сөзсіз мойындайтынын білдірген өтініші;
- ақ гвардияшыл қазақтарға барлық көмек беру түрлерін дереу тоқтату және қырғыз (қазақ) даласында жасырынып жүрген ақ гвардияшыларды Кеңес өкіметіне ұстап беру;
- бейбіт халықты тонап, қалыпты өмір сүруге кедергі келтіретін ақ гвардияшыларды түбірімен жою ісінде Кеңес әскеріне көмектесу».
Сол кезде, қарашада, Түркістан майданының
саяси бөлімі Алашорданың Батыс
бөлімшесінің отрядтары үшін «Кеңес
өкіметіне сенімсіздік
Шығыс Майданда Колчактың негізгі
күшінің талқандалуы Батыс, Сол
Азамат соғысының ең соңғы майданы — Солтүстік Жетісу майданы 1920 жылы наурызда жойылды. Қазақстан аумағында біртіндеп Кеңес билігі қалпына келтіріле бастады. Осындай жағдайда, әсіресе 1919 жылдың ортасынан бастап жекелеген қайраткерлер, олардың қатарында Алашорда қосемдері де Кеңес өкіметі жағына өте бастады, оған Кеңес өкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларға кең көлемде қайырымдылық жасағаны өз әсерін тигізді, алаш полктерінде толқу туғызып, ондағы жігіттер «халық милициясы» қатарынан кете бастады. Бұл үрдіс Кеңес өкіметі жағына А. Байтұрсынов пен оның жақтастары өткеннен кейін жаппай сипаталды.
Алаш белсенділерінің Кеңес өкіметі жағына шығуымен оларды алда тағы бір трагедиялы белес күтіп тұрды. 1920 жылы қаңтарда 59-дивизияның ерекше бөлімі Семейде Ә.Н. Бөкейханов пен Алаштың облыстық басшыларының үш мүшесін тұтқынға алды. Тұтқындау Ақмола облысының бірқатар қаласында да орын алды. Казревком басшылығы Алашорда белсенділеріне күш қолдануды тоқтатуды өқтініп Омбыға бірнеше рет хат жолдауға мәжбүр болды.
Қазақстанның батысында да іс оңды
болмады. Казревком құрған комиссия
(С. Мендешев, Иванов) Алаш белсенділерінін
жағдайын зерттеп шығып, қызыл қазақтар
мен алашордашылар бірігіп
Комиссия пікірі 1920 жылғы наурыздағы Казревком қаулысына негіз етіп алынды. Онда былай делінді: «Жолдас Бегімбетовтың баяндамасын тыңдап және құжаттармен танысып, Алашорданың Батыс бөлімшесінің жауапты басшыларымен қазіргі жағдайға байланысты олардың біртіндеп Кеңес өкіметі жағына шығу жағдайы мен мезгілі жөнінде алдын ала сөйлесіп алып, сондай-ақ Алашорданың Батыс бөлімшесінің бірқатар жауапты қызметкерлері Орал облысында Орал қазақтарымен және басқа да буржуазиялық қоғамды жақтаушылармен бірлесе әрекет етіп отырғандарын ескеріп, рақымшылық жасалғанына қарамастан, бұдан былай олардың қырғыз (қазақ) аумағында қалуы жергілікті жерлерде қазақтарды кеңес құрылысына тарту ісіне зиянын тигізері анық; екінші жағынан, олардың кейбіреуі қылмыскер болуы да мүмкін, ондай жағдайда олардың қылмысты іс-әрекеттерінен зардап шеккен халықтың Кеңестік сотқа жүгінетінін ескеріп, Ревком қаулы етті:
- Қырғыз (қазақ) өлкесінде Кеңес өкіметі мықтап орнығып алғанынша, Алашорда ұлттық үкіметі Батыс бөлімшесінің жауапты басшылары қазақтың еңбекші бұқарасынан аластатылсын.
- Жанша Досмұхамедов,
- Халел Досмұхамедов,
- Иса Көшкінбаев,
- Кәрім Жәлелов,
- Берікқали Атшыбаев Мәскеуге немесе басқа орталық губернияларға жіберілсін.
- Алашордалықтардың барлық дүние-мүліктері, қазыналық немесе жеке меншік болсын, ай жерде екеніне қарамастан, бұдан былай ревкомның ерекше нұсқауы шыққанша тіркеуге алынсын, ревком мүлікке жауап беретін бірден-бір құзырлы орган болып табылады.
- Алашорда үкіметін және соған қарасты барлық органдарды біржолата таратудан туындайтын барлық мәселелерді Ревком жақын арадағы мәжілісінде шешсін, газет арқылы халыққа жария етілсін, онда Ревком мен Алашорданың арасында ешқандай келісімнің болмағаны, алашордалықтардың дербес құқықтарына қол сұқпау және бұрынғы саяси сипаттағы іс-әрекеттері үшін рақымшылық жасау өз күшін сақтайтыны айтылсын.